«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің icon

«Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің


15 чел. помогло.
Схожі
Бастауыш, негізгі орта...
Білім мен ғылым саласында, мәдени мұра шеңберінде...
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы...
Н. О. Омашев
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі...
2010 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру...
Автор: доцент, т.ғ. к. Ахметова Н. К...
Лекция: 15
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі...
Қазақстан республикасы ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты...
Лекция 15 сағат...
«Қаланың жалпы орта білім беру сапасын жүзеге асырудағы қызмет жүйесі оқу үрдісі субъектілерінің...





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ

(Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін)


2-4 сыныптар


Бағдарлама авторлары:


Қабатай Б.Т Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мектепке

дейінгі және бастауыш білім беру теориясы

мен әдістемесі кафедрасының доценті, п.ғ.к.


Рахметова С. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мектепке

дейінгі және бастауыш білім беру теориясы

мен әдістемесі кафедрасының профессоры,п.ғ.д.,


Мадиева А.Т. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру

Академиясының жалпы орта білім беру ҒЗИ

аға ғылыми қызметкері





Алматы


2009

І. ТҮСІНІК ХАТ


1. «Әдебиеттік оқу» пәнінің нысаны. «Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнінің негізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиеттік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікті-сезімді түйсінуіне, тілін, қиялын дамытуға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің образдылығында екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне жетектеуге көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.


2. «Әдебиеттік оқу» курсының пәні. Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және сөйлеу білігін қалыптастыру, олардың адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, соған сай мақал-мәтел айта алу немесе мақал-мәтелдің мағынасын ашатындай оқиға ойластыру т.б.) қалыптасады. «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасы ҚР МЖБС (Астана, 2008) талаптарына сәйкес жасалды.

3. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты. Оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіру, оқушыны мәтінді тудырушы автордың көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу.


4. «Әдебиеттік оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиетттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

  • ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

  • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;

  • талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;

  • әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

  • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

  • оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;

  • кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.


5. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздерінің басты ұстанымдарына стандартта аталған базалық құзырет, түйінді құзырет, пәндік құзырет алынады. Осы айтылғандардан басқа «Әдебиеттік оқу» оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының, Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.

Оқу материалдары 2-4 сыныптардың барлығында бірдей қайталанатын тақырыптар түрінде беріледі. Олар маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша жүйеленеді. 1-сыныпты бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып, жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік касиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.

^ Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл, тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым – қатынасын байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің 2-деңгейінде оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.


6. «Әдебиеттік оқу» пәнінің мазмұндық желілері. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізгі қағидаларының 3 тармағына, бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 7 тармағына сәйкес «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу материалдары өзара логикалық байланысты негізгі білімдік желілерден тұрады:

  • тілдік деректер, заңдар мен ережелерді 2-4 сынып оқушылары ұсынылып отырған бағдарламаға сәйкес оқуы қажет;

  • сөйлеу қызметі және оның түрлері оқу қызметі мен күнделікті өмірдегі әртүрлі жағдаяттардағы айтылым мен жазылымды игеруде байқалады;

  • тілдің әлеуметтік-мәдени қызметі әдебиеттік оқу пәнін оқыту үдерісінде тұлғаны әлеуметтендірудің құралы ретінде жүзеге асырылады;

  • көркем әдебиет – тілдің жоғарғы көрсеткіші оқушылардың тілдің көркемдігін түсінуі мен бағалай білуінен көрінеді.

Мұның барлығы «Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұнында көрініс тапқан.


7. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесі

ҚР МЖБС (Астана, 2008) базистік оқу жоспарына сәйкес (Қосымша Б, Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім беру) әдебиеттік оқу пәні 2-3-сыныптарда бірінші жарты жылдықта аптасына 4 сағаттан, екінші жарты жылдықта аптасына 3 сағаттан, 4-сыныпта аптасына – 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:

2-сыныпта – аптасына 3,5 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы -112 сағат;

3-сыныпта – аптасына 3,5 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы - 112 сағат;

4–сыныпта – аптасына 3 сағат, жылына оқу аптасы – 32, барлығы - 96 сағат.

Бастауыш білім беру деңгейінде барлығы – 320 сағат.


8. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнының вариативті бөлігі. «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын толықтыруға, оқушының пәні бойынша білімін көтеруге, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек білу үшін оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мәселен:

2-сыныпқа: «Ертегілер еліне саяхат»;

3-сыныпқа: «Ұлттық шешендік өнер», «Сөздер сөйлейді»;

4-сыныпқа: «Фантастикалық әлем», «Өлең - сөздің патшасы», т.б.


ІІ. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ ЕКІ ЦИКЛІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕН КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР


Оқу пәні бойынша білім берудің күтілетін нәтижелері бастауыш білім берудің деңгейлері бойынша оқудың 2 циклына сәйкес белгіленген білім беру мақсаттарына сай құрылған.

Бастауыш білім берудің әр циклы білім алушылардың белгіленген деңгей бойынша оқу жетістіктерін оқу процесінде ұйымдастыруға бағытталған:

Оқу жетістіктерінің І деңгейі – 1-2-сыныптардан кейін;

Оқу жетістіктерінің ІІ деңгейі – 3-4-сыныптардан кейін.

Оқушылардың барлық білім салаларында екі деңгей бойынша оқу жетістіктері ҚР МЖБС (Астана, 2008) түйінді құзіреттерге: ақпараттық, коммуникативтік және проблемалардың шешімін табу құзіреттеріне сәйкес белгіленген.


^ Оқу жетістігінің бірінші деңгейі бойынша (1,2-сыныптардан кейін) оқушылар мыналарды біледі:

  • Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері туралы қарапайым түсінігі бар: мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады; оқылған шығармадағы негізгі ойдың басталуын, жалғасуын және аяқталуын таба алады;

  • Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын көлемдегі мәтіндердің түрлерін жағдайға сәйкес пайдаланады: мәтіндегі оқиға желісі туралы практикалық түсінігі болады;

  • Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: өз ойын ауызша және жазбаша білдіруге тырысады; табиғат құбылыстарын суреттеуге қажетті сөздік қорды игереді.

  • Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау құралы ретінде ана тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: мұғалім әңгімесін, қатарластарының сөзін, пікірін түсінеді және бағалай алады; балаларға арналған радио, телехабарлардағы айтылған мәселелерді ұғады.

  • Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады: мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелі және хабарлы сипатта шағын мәтіндер құрастырады.

  • Қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың қарапайым тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаның аяқталмағандығын, жалғастыруға болатындығын түсінеді; мәтіндегі белгілі мен белгісіз жағдаяттарды ажырата алады;

  • Кез келген жағдаяттарды қарапайым талдау, бағалау және шешу үшін сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасы тұрғысында баға береді; екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыра біледі.

  • Кез келген жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін қарапайым сөйлеу дағдыларын пайдаланады: танысу, құттықтау, алғыс айту, сәлемдесу сияқты қарапайым этикеттік диалогтарға қатысады; мәтін кейіпкерлеріне, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жаза алады.



^ Оқытудың II циклынан кейінгі күтілетін нәтижелер (4-сынып):

  • Қажетті ақпаратты алу мен таңдаудың тәсілі ретінде сөйлесім түрлері туралы қарапайым түсінігі бар: мысалдағы аллегорияны түсінеді; өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алады; шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын түсінеді;

  • Кез-келген жағдайда ақпаратты беру мен қабылдау үшін шағын көлемдегі мәтіндердің жағдайға сәйкес пайдаланады: қажетті ақпарат табылған тілдік материал және мазмұнына сай мәтінді саналы түрде оқиды (жылдамдық есебінсіз); қосымша ақпарат көздерін (түсіндірме сөздіктерді, балаларға арналған энциклопедияларды, кітаптар мен сайттарды т.б.) өз беттерінше пайдалана алады;

  • Оқу және өмірлік жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін сөйлесім әрекетін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі: оқыған шығармалар негізінде хабарландыру мәтінін, нұсқаулар мен жаднама (8-10 сөйлемнен тұратын) құрастыра алады; ғылыми-танымдық және публицистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметтерді таба алады және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелейді;

  • Қоршаған ортаны тану мен қарым-қатынас жасау құралы ретінде ана тілі мен басқа тілдердің маңыздылығын біледі: оқылған мәтінге жоспар құрады; мәтін бойынша өздері сұрақтар қоя алады; мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқи алады; мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.

  • Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады: табиғат құбылыстарын суреттеуге және өмірлік жағдаяттарға қажетті сөздік қорды игереді; мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысады. 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелей алады.

  • Қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың қарапайым тәсілдерін біледі: оқылған мәтіндегі оқиғаны өз бетінше әрі қарай жалғастыра алады; мәтіндегі белгілі мен белгісіз жағдаяттарды ажырата алады; оқылған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінеді;

  • Кез келген жағдаяттарды қарапайым талдау, бағалау және шешу үшін сөйлеу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді: көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алады; таныс мәтіндегі оқиғаға, оқиға кейіпкерлерінің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіре алады;

  • Кез келген жағдаяттарда проблемаларды шешу үшін қарапайым сөйлеу дағдыларын пайдаланады: оқуда және күнделікті қарым-қатынаста тілдік этикет нормаларын (сәлемдесу, қоштасу, алғыс айту) игереді; ата-анасына, жақындарына, ұстазына, достарына алғыс хат жаза алады. таныс мәтіндегі (монологты) кейіпкерлер арасында 7-8 сөйлемнен тұратын диалог құра алады;


^ III. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

3.1. Оқытудың екі циклының әрқайсысына арналған базалық мазмұн бөліктеріне сипаттама

Пәннің базалық мазмұны төмендегідей тақырыптарда қамтылады:

1. Кел, балалар, оқылық!

Оқу - балалар үшін басты еңбек. Оқудың пайдасы. Мектептегі оқудың басталу кезеңі- күз мезгілі. Күзгі табиғат сипаттары, еңбек түрлері. Мектептегі өмір. Ұстаздар мен құрбылар арасындағы қарым-қатынас. Қазақстандағы алғашқы оқу мен бүгінгі өмір. Бәріне білім керектігін үндейтін өлеңдер мен әңгімелер. Ғылым мен техника жаңалықтары сөз болатын ғылыми-танымдық шығармалар.

^ 2. Ыстық қой, шіркін, туған жер!

Тәуелсіз Қазақстан- біздің Отанымыз. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұландары. Еліміздің мемлекеттік рәміздері. Елді, жерді сүю, туған жер байлықтарын ысырап етпеу-ұрпаққа аманат. Туған жер суреттері. Пейзаждық сурет пен мазмұнның идеялық бірлігі. Тілге құрмет- елге құрмет.Тілі ойнақы, түсінікті, айқын, әсерлі, әрі қысқа азаматтық лирика.


^ 3. Ерте, ерте, ертеде...

Ертегілер- халық даналығының ғажайып туындысы. Ертегілердегі халық қилы, арманы, даналығы.Ертегілер – балаларды қиялдауға, жақсылықтан үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрететін танымдық, тәрбиелік мәні күшті құрал.

Аңыздардың ертегілерден айырмашылығы. Халық үшін қызмет еткен, тарихта болған адамдардардың ел намысын қорғаған әр алуан істері. Балалар түсінігіне жақын, аңыздардағы күлкі туғызатын қызықты оқиғалар.

Шешендік сөздер – замана ағымына қарай ұсынылатын мораль, этика, ұлттық педагогика мұраттарынан туындаған халықтық ой-толғамдар, қанатты сөздер, өсиеттер, тілек баталар,нақылдар.

Батырлар жырындағы батырдың жаудан өз елін қорғауы, ерлік жорықтары.

Халық шығармаларының жазылу стиліндегі ерекшеліктер, балаларды таапқырлыққа баулудағы ролі.


^ 4. Шынықсын денеміз

Салауатты өмір салты. Тазалық – денсаулық кепілі. Спорттық қысқы балалар ойыны, қызыққа толы іс-әрекеттері. Қысқы табиғат сипаттары. Балалардың үлкендер еңбегіне қатысуы,еңбекті бағалауы. Қысқы мейрамдар.

^ 5. Ата жолы – үлгі маған

Балаларға арналған шығармалардағы ел басынан өткен тарихи кезеңдердің суреттелуі. Тарихи тұлғалардың тағылым аларлық істері. Отаншылдыққа тәрбиелеу. Ұлы адамдары бар өз халқына мақтаныш сезімін туғызатын шығармалар.


^ 6. Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі

Үлкенді, ата-ананы сыйлау- ұлттық дәстүр. Достық, жолдастық тақырыбы. Сөз құдіреті арқылы баланың азаматтық, адамгершілік келбетінінің қалыптасуына әсер ету. Эстетикалық-педагогикалық мәні жоғары, балалардың мінез-құлықтары, іс-әрекеттері суреттелген шығармалар (өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер т.б.).


^ 7.Табиғат – менің өз үйім

Табиғат – адам – қоғам арақатынасы. Табиғат әлемі суреттелген шығармалардағы көркем ой – экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғау мәселесі. Табиғаттың тылсым сырлары, құпиялары. Табиғат апаттарынан қорғану. Жазғытұрғы жайдарлы табиғат суреттері арқылы балаларды әсемдікті, сұлулықты көре білуге, бағалауға үйрету.


^ 8. Біздің тілегіміз – достық

Балалар әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбы. 9 мамыр – Жеңіс күні. Соғыс және бейбітшілік. Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт тынысы: көп ұлтты республикадағы ұлттар арасындағы достық қарым-қатынас. Бүкіл әлем балаларының тілегі – достық.


Әдебиет теориясынан оқытудың бірінші циклында халық ауыз әдебиеті жанрлары жөнінде, өлеңнің ұйқасқа құрылатыны, ақынның көңіл-күйі туралы, мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұмат беріледі.

Оқытудың екінші циклында әдебиет теориясынан алдыңғы сыныптарда өткен халық ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары (ертегі, аңыз, наным-сенім өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) туралы ұғымдар дамытылып, олардың басты белгілері, мысал, әңгіме туралы ұғым, шығарманың тақырыбы, идеясы, сюжеті туралы қарапайым түсініктер, теңеу, эпитет, кейіптеу қолданысы, олардың анықтамалары, кейіпкерге мінездеме, портрет, диалог, монолог, пейзаж туралы балалардың түсініктеріне сай анықтамалар беріледі.


3.2. Сағат санын көрсете отырып, сынып бойынша білімнің базалық мазмұнын бөлу

2-СЫНЫП

Барлығы – 112 сағат


Кіріспе сабақ. «Әдебиеттік оқу» пәні туралы түсінік беру. Сынып бойынша пәнді оқытудың мақсат, міндеттерімен таныстыру – 1 сағат.


І. КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ! – 16 сағат.

Ахмет Байтұрсынов. «Мен қалай оқуға бардым?» әңгімесі. Оқуға құштарлық туралы. Әңгіменің негізгі ойы. Әңгіме туралы ұғым. Жазушы туралы түсінік. – 1 сағ.

Өтебай Қанахин «Ақ бидай» ертегісі. Ертегі арқылы оқушыларды нанады қадірлеуге тәрбиелеу. – 2 сағат.

Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» мемуарлық шығармасынан үзінді. Оқушыларға еліміз тарихындағы алғашқы оқу туралы әңгімелей отырып, автордың өмірін үлгі ету. Мемуарлық шығарма туралы практикалық түсінік беру. – 1 сағат.

Өтірік өлеңдер: «Жүк артып инелікке ерте көштім», «Тазша бала» өлеңдерінің танымдық, ойнақылық мәні. Ұшқыр ойлауға, тапқырлыққа баулуы. Ақыл-ойды тәрбиелеудегі маңызы. – 2 сағ.

^ Мысалдар: А.Тоқмағамбетов «Бидай мен қаңбақ». Мысалдың негізгі ойы – мақтаншақтық, өркөкіректік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру, т.б. мысалдар. – 2 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ5 сағат. Төмендегі өлеңдерден таңдау бойынша сұрыпталады:

Ыбырай Алтынсарин. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі. Ақынның оқу-білімді насихаттауы. Өлеңнің негізгі ойы. Өлең туралы ұғым. Ақын туралы түсінік.

Iлияс Жансүгіров. «Күн шыққанда» өлеңі. Өлеңнің оқу-білімді үңдеуі.

^ Абай Құнанбаев. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. Өлеңнің өнер-білімге арналуы. Нақыл-өсиеттік ерекшелігі. Шығарманың тәрбиелік мәні.

Ө.Тұрманжанов «Нан қоқымын шашпаңдар» шығармаларының күз мезгілімен байланысы, еңбекті сүю, нанды қадірлеу тақырыбы.– 3 сағ.

^ Несіпбек Айтов. «Мектеп», «Оқулық» өлеңдері. Өлеңнің мектеп өміріне арналуы. Негізгі ойы, танымдық, тәрбиелік мәні.

Жеңіс Қашқынов. «Ұнатам күзді мен» өлеңі. Күзгі табиғат суреттері. Күз байлығы туралы. Ақын сезімінің көрінісі. Өлеңнің танымдық мәні.

Қ.Сатыбалдин. «Алтын күз» өлеңі. Өлеңнің күз мезгіліне арналуы.

^ Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


ІІ. ЫСТЫҚ ҚОЙ, ШІРКІН, ТУҒАН ЖЕР! – 16 сағат.

^ Жүсіпбек Аймауытов «Қартқожаның туған жері». Жазушының «Қартқожа» романынан келтірілген үзіндіні оқыту арқылы оқушыларды туған жерін сүюге баулу. – 1 сағат.

Н.Ғабдуллин «Алтын бесік». Мәтіннің негізгі ойы «Туған жерге туың тік» деген нақыл сөзге құрылғанына назар аудару. Мәтіндегі жазушы тілін пайдаланып, оқушыларға өз туған өлкесі туралы әңгіме айтқызу – 1 сағ.

Шешендік сөздер: Қазыбек бидің «Не қымбат?» және Төле би, Әйтеке бидің тәрбиелік тағылымы мол тапқыр сөздері. – 2 сағ.

^ Арнау-тілек өлеңдері: «Сауысқан», «Бақа», «Бұлтқа», «Ауылың қайда?» сұрамақтардың және «Қарға» арнау-тілек өлеңдерінің бала түсінігіне, сезіміне сай, жеңіл құрылатындығы. Өлеңдердің көңіл көтеру, әзіл-қалжың, ойын мақсатында жырлануы. Баланың айнала қоршаған ортаға, табиғат құбылыстарына, жан-жануарға көзқарасын білдіруі.– 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ9 сағат. Төмендегі өлеңдерден таңдау бойынша сұрыпталады:

Мұқағали Мақатаев. «Отан туралы» Отан сүйгіштікке тәрбиелеуі. Ақынның
суреттеу тәсілі. – 2 сағ.

Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем» өлеңі. Туған елге, Отан сүйгіштікке тәрбиелеудегі мәні. – 1 сағ.

^ Ф. Оңғарсынова «Білім керек бәріне». Байлықтың ең үлкені білім екендігін ашу. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Осы тақырыптағы басқа өлеңдермен салытыру – 1 сағ.

^ Мұзафар Әлімбаев «Қазақстан байрағы» өлеңі. Өлеңнің ел рәміздеріне арналуы, танымдық, тәрбиелік мәні. – 1 сағ.

Қадыр Мырза Әли. «Ана тілі» өлеңі. Өлеңнің ана тілін сүюге арналуы. Ақынның өсиет сөзі. Тілдің маңызы туралы. Танымдық, тәрбиелік мәні. – 1 сағ.

^ Күлаш Ахметова. «Астана» өлеңі. Еліміздің жаңа астанасын мадақтау, ақынның мақтаныш, қуаныш сезімін білдіру.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.

^ Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


ІІІ. ЕРТЕ,ЕРТЕ, ЕРТЕДЕ... – 16 сағат.

Ертегілер: «Қасқыр мен түлкі», «Аңқау арыстан», «Емші қасқыр», «Қонжық пен көжек», «Құмырсқа мен көгершін», «Аққу-қаздар» т.б. хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ертегінің қиялға негізделуі. Ғажайып оқиғалардың орын алуы. Ертегі кейіпкерлерінің ғажап іс-әрекеттері. Оқиға мазмұнының арманнан туындауы. Ертегінің танымдық, тәрбиелік мәні.

Өлеңмен жазылған ертегілер: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» т.б.

Аңыздар: «Қожанасыр мен Алдаркөсе», «Үш сом» т.б. аңыз әңгімелердің халық тұлғаларының өміріне құрылуы. Аңыз кейіпкерлері – халық қамқоршылары. Аңыздың құрылымдық ерекшелігі. Аңыз әңгімелердің тәлім-тәрбиелік маңызы.

^ Тарауды қайталау.Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


ІҮ. ШЫНЫҚСЫН ДЕНЕМІЗ – 16 сағат.

Міржақып Дулатов. «Қыс» әңгімесі. Жазушының қыс мезгілін жеткізу ерекшелігі. Мәтіннің хабарлау түрінде жазылуы. Өткен өмір көрінісі. Мәтін түрлері туралы ұғым – 1 сағ.

Сәбит Мұқанов. «Боран» әңгімесі. Қысқы боранның суреттелуі, әңгіменің өткен өмірден алынғандығы, танымдық маңызы – 1 сағ.

^ Бердібек Соқпақбаев. «Ақша қардың әлегі» әңгімесі. Әңгіменің диалогтік үлгіде құрылуы. Оқиға туралы үғым. Әңгіменің тәлім-тәрбиелік маңызы – 1 сағ.

Т.Әбдірайымов. «Боранды күні» әңгімесі. Қысқы табиғатты суреттеуі. Тәлім-тәрбиелік мәні – 1 сағ.

Құрманбай Толыбаев. «Ненің тоны жылы» әңгімесі. Әңгіменің оқиға желісі. Кейіпкер туралы ұғым. Шығарманың құрылымдық ерекшелігі. Әңгіменің танымдық маңызы – 1 сағ.

М.Жұмаханов «Ләззат» әңгімесі. Әңгіме мазмұнының ерлікке, батырлыққа құрылуы, тәрбиелік маңызы – 1 сағ.

«Екі аяз» ертегісі. Ертегінің мазмұндық ерекшелігі, әңгімеден айырмаршылығы, тәрбиелік маңызы – 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ6 сағат.

Қадыр Мырза Әли. «Жұмыстың жылуы», Б.Ысқақов «Қыста қызық жұмыс бар» өлеңдері. Өлеңдердің тәлім-тәрбиелік маңызы.

Ғали Орманов «Аққала», С. Жиенбаев «Бізбен бірге» өлеңдері. Өлеңнің баланың қысқы ойын-ермегіне арналуы. Салауатты өмір салтына тәрбиелеудегі мәні.

Т.Молдагалиев «Қысқы орман», Н. Айтов «Қаңтар», Е.Ерботин «Тыста» өлеңдері. Өлеңдердегі қыс табиғатының суреттелу ерекшеліктері. Әсемдікке тәрбиелеудің маңызы.

^ Бердібек Соқпақбаев «Шынықсын денеміз» өлеңі. Өлеңнің салауатты өмір салтына бағытталуы, спортпен шұғылдануға тәрбиелеуі.

С.Бегалин «Ақша қар» өлеңі. Өлеңдегі қысқы табиғат суреттері. Әсемдікті, сұлулықты тануға тәрбиелеудің мәні..

^ Шәміл Мұхамеджанов. «Көңілді қыс» өлеңі. Өлеңдердің қысқы ойын түрлеріне арналуы. Ақынның суреттеу шеберлігі. Ақын сезімінің көрінісі.

Ескен Елубаев «Қысқа түндер ұзарды», Шеген Ахметов «Бұл қай кезде болады?» өлеңдері. Өлең мазмұнының танымдық маңызы. Өлең мен тақпақтың ерекшеліктері. Әнуарбек Дүйсенбиев. «Шырша жыры» өлеңі, Несіпбек Айтов «Аяз ата» өлеңінің мерекеге арналуы. Шаттық сезімнің көрінісі. Өлеңнің жаттауға жеңілдігі. Достыққа тәрбиелеудегі мәні. Ө. Ақыпбекұлы «Қыстың сыны», Ә. Асылбеков «Қыс» өлеңдері. Табиғатты суреттеудегі тіл ерекшелігі, танымдық мәні.

Қастек Баянбай «Сең», «Соңғы қар» өлеңдері. Өлеңнің қыс мезгілінің аяқталуына құрылуы, танымдық мәні.

^ Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


Ү. АТА ЖОЛЫ – ҮЛГІ МАҒАН – 12 сағат.

Қали Сапарбаев «Жас Фараби». Шығармалардың ұлы адамдар өміріне арналғандығы, мәтіндік, тәрбиелік мәні – 1 сағ.

^ Мұхтар Әуезовтің «Әбілмансұр» әңгімесіндегі Абылайханның бейнесі – 1 сағ.

Тұрсын Жұртбай «Қоңыр қозы», «Бала Мұхтар мен Абай» әңгімелері. Әңгімелердің танымдық, тәрбиелік маңызы – 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

Тұманбай Молдағалиев «Тоқтар батыр» – 1 сағ.

Бүркіт Ысқақов «Ұшты ракета аспанға» өлеңдері. Отансүйгіштікке тәрбиелеудегі ерекшелігі, танымдық маңызы – 1 сағ.

^ Аманхан Әлімов «Қажымұқан» өлеңі. Өлеңнің танымдық маңызы. Спортқа, ептілікке, күштілікке тәрбиелеудегі мәні – 1 сағ.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

^ Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


ҮІ ӘДЕПТІЛІК, АР-ҰЯТ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ – 12 сағат.

Бесік жыры: «Әлди, әлди, аппағым» атты бесік жыры. Жырдың халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне бағытталуы. Жырдың сәбиге арналуы. Ана әлдиіндегі арман-тілектің көрінісі. Жырдың танымдық, тәрбиелік мәні – 1 сағ.

^ Жүсіпбек Аймауытов «Қара торғай» әңгімесі. Әңгіменің танымдық-тәрбиелік мәні. Әңгіме туралы түсінік – 1 сағ.

Жәнібек Кәрбозин «Ұя», т.б. көктем суреті, шығармалардың табиғатты қорғауға, көркейтуге арналуы, тәрбиелік мәні. Әңгіменің негізгі ойы туралы ұғым – 1 сағ.

Б.Момышұлы «Ұяда не көрсең» әңгімесі. Әңгіменің танымдық-тәрбиелік мәні – 1 сағ.

^ Нұрқасым Қазыбеков. «Наурыз көже» әңгімесі. Шығарманың жаңа жыл мерекесіне арналуы. Әңгіменің танымдық мәні. Әңгіменің басталуы туралы түсіні . – 1 сағ.

Б.Соқпақбаев «Балапан торғай» әңгімесі. Әңгіменің танымдық-тәрбиелік мәні – 1 сағ.

Д.Қасенов «Өкініш» әңгімесі. Адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы – 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ (таңдау бойынша):

Спандияр Көбеев «Құстың ұясы», Жақан Смақов «Торғай ағаш қорғайды» өлеңдері. Өлеңдердің танымдық мәні, суреттеу ерекшелігі – 1 сағ.

А.Бақтыгереева «Ана сыйлаймыз», Ә. Ысқабаев «Анам қандай жақсы адам» өлеңдері. Өлеңнің мерекеге арналуы – 1 сағ.

^ Шәймерден Әлдибеков. «Көктем», Ш. Мұхамеджанов «Шуақ» өлеңдері. Көктем белгілерінің суреттелуі. Өлең шумақтарының мазмұны – 1 сағ.

О.Асқар «Құтты болсын, Наурыз!» өлеңі. Өлеңнің мерекеге арналуы, тәрбиелік мәні – 1 сағ.

Қасым Аманжолов. «Көктем» өлеңі. Өлеңдегі көктем бейнелерінің суреттелуі. Бейнелі сөздердің сипатталу ерекшелігі – 1 сағ.

^ Бейсебай Кірісбаев. «Біздің әулет» өлеңі. Өлеңнің отбасы мүшелеріне арналуы. Ақынның татулық, бауырмалдықты дәріптеуі. Өлеңнің танымдық мәні – 1 сағ.


Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету.– 1 сағат.

^ Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.

ҮІІ. ТАБИҒАТ – МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ – 12 сағат.

Төрт түлік жырлары: «Шопан атаға», «Сиыр», «Жылқы», «Түйе» жырларындағы халықтың тұрмыс-тіршілігінің көрінісі. Мал бағу кәсібіне баулу мен еңбексүйгіштікке тәрбиелеудегі мәні. Төрт түлікті дәріптеуге арналуы – 1 сағ.

^ Сәкен Сейфуллин. «Аққулы көлде» шығармасы. Мәтіндегі табиғаттың әдемі көрінісі. Баланың қиялын жетілдірудегі көркем сөздің құдіреті, т. б. – 1 сағ.

Міржақып Дулатовтың «Шілде» әңгімесіндегі табиғаттың сұлу суреті. Сипаттау мәтіні туралы түсінік – 1 сағ.

^ С. Омаров «Алтын киік» әңгімелері Шығармадағы жазғы суреттің берілуі. Хабарлау түрінде жазылуы. Өткен өмірмен байланысы. Танымдық мәні – 1 сағ.

Дәулет Қасеновтың «Найзағай» әңгімесінде табиғат апатынан қорғану мәселесінің суреттелуі – 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ (таңдау бойынша):

Жамбыл Жабаев. «Балалар, балалар» өлеңі. Өлеңдегі жаз мезгілінің көрінісі. Танымдық, тәрбиелік мәні – 1 сағ.

Қадыр Мырза Әли. «Қымыз», «Малта» – 1 сағ.

Ө. Тұрманжанов «Сүт ішсең» өлеңдері. Өлеңнің ұлттық тағам түрлеріне арналуы. ^ Шағын өлең-тақпақ туралы ұғым. Танымдық мәні – 1 сағ.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


ҮІІІ. БІЗДІҢ ТІЛЕГІМІЗ – ДОСТЫҚ – 12 сағат.

^ Ойын өлеңдері: «Саусақ санау ойыны», «Көз қарасу ойыны», «Айтыс ойыны» т.б. өлеңдердің баланы есептеуге, санауға үйретудегі мәні. Өлең мазмұнының ақыл-ой тәрбиесіне бағытталуы. Өлең құрылысының жеңілдігі. Өлең сөздерінің ойнақылығы - 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ (таңдау бойынша):

Қайрат Жұмағалиевтың «Таба нан» поэмасындағы ҰОС жылдарындағы тыл өмірінің ауыртпалығын сезінген баланың іс-әрекеті суреттелген үзінді – 1сағ.

Әбдікәрім Ахметовтың «Тырау-тырау тырналар» поэмасынан бала түсінігіне лайық үзінді – 1сағ.

^ Жұматай Жақынбаев. «Бейбітшілік болса» – 1сағ.

Қ. Жұмағалиев «Жеңіс күні» – 1сағ.

М. Қуанышбеков «Сен бақытты ұлансың» өлеңдері. Өлеңнің бейбітшілікті дәріптеуге арналуы. Өлеңнің мәні мен маңызы – 1 сағ.


^ Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету– 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.

Жылдық қорытынды қайталау – 1 сағат.


Барлығы – 112 сағат.

Оның ішінде:

пәнді оқытуға кіріспе – 1 сағат;

шығармаларды оқыту – 86 сағат;

сыныптан тыс оқу – 8 сағат;

тіл дамыту – 8 сағат;

шығарма жазу – 8 сағат;

қорытынды сабақ – 1 сағат.


3 –СЫНЫП

Барлығы – 112 сағат

Кіріспе сабақ. «Әдебиеттік оқу» пәні туралы түсінік беру. Сынып бойынша пәнді оқытудың мақсат, міндеттерімен таныстыру – 1 сағат.


^ 1. КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ! – 16 сағ.

Мағжан Жұмабаев «Ауылға келген мұғалім». Оқушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірін үлгі ету. Мәтіннің негізі ойы білім,оқу екендігіне назар аудару – 1 сағ.

^ С. Бегалин «Бала Шоқан». Оқушыларға Шоқанның өмірін үлгі ету. Белгілі балалар жазушысы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылы туралы мағлұмат беру – 1 сағ.

С.Кәкішев «Қайта қауышу». А.Байтұрсынов туралы естелік. Оқушылардың назарын естелік әңгіменің негізгі белгілеріне аудару – 1 сағ., т.б.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ4 сағат

Ы.Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Өлеңдегі ақынның балаларды өнер-білімге шақырған даусы. Өлеңнің құрылымына назар аудару – 1 сағ.

Ш.Құдайбердіұлы «Жас өтті тынымсыз». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Өлеңнің негізгі ойы жастарды оқу, білімге шақыру екендігін ашу – 1 сағ.

^ С. Торайғыров «Оқып жүрген жастарға». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Қазақ балаларын оқуға, білімге шақырған ақын даусын естірту. Өлең құрылымына назар аудару – 1 сағ.

^ Ф. Оңғарсынова «Білім керек бәріне». Байлықтың ең үлкені білім екендігін ашу. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Осы тақырыптағы басқа өлеңдермен салытыру – 1 сағ., т.б.


Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 2. ЫСТЫҚ ҚОЙ, ШІРКІН, ТУҒАН ЖЕР! – 16 cағ.

Сәбит Мұқанов «Көкшенің кеудесінде» Пейзаж туралы туралы практикалық түрде түсінік беру. Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Жазушының тіліне назар аудару. Теңеу, эпитет, кейіптеу туралы практикалық түрде түсінік беру – 1 сағ.

Н.Ғабдуллин «Алтын бесік». Мәтіннің негізгі ойы «Туған жерге туың тік» деген нақыл сөзге құрылғанына назар аудару. Мәтіндегі жазушы тілін пайдаланып, оқушыларға өз туған өлкесі туралы әңгіме айтқызу – 1 сағ.

С.Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Мәтіндегі негізгі ой «Әркімге өз туған жері ыстық» деген нақыл сөзге құрылғанына назар аудару. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Мәтінді сахналауға дайындау – 1 сағ.

Ғ.Мұстафин «Қарағанды». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Мәтіннің тақырыбы туралы қарапайым түсінік. Мәтін арқылы Қазақстанның кенді орындары туралы мағлұмат беру – 1 сағ.

Б.Момышұлы «Отан сүйер ұлан бол». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Мәтін арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу – 1 сағ.

М.Айымбетов «Күн күлше». Мәтіннің тақырыбы – күзгі еңбек түрі, тәрбиелік мәні- еңбек адамдарын құрметтеу – 1 сағ. , т.б.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ – 6 сағ.

Ө.Тұрманжанов «Туған өлкем». Оқушыларға өлеңдегі ақынның қуанышты, шаттық сезімін байқату. Лирикалық шығарма туралы практикалық түрде түсінік беру – 1 сағ.

М.Әлімбаев «Біздің Қазақстан». Өлеңнің негізгі ойы Отанға сүйіспеншілікке құрылғанына назар аудару. Өлеңді дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу – 1 сағ.

С.Асанов «Айналдым Отаным». Оқушыларға өлеңдегі ақынның Отанына деген ерекше мақтаныш сезімін байқату. Өлеңді әуезді – сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға төселдіру – 1 сағ.

Е.Өтетілеуов «Астана». Өлеңнің тақырыбы туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік екендігін ашу – 1 сағ.

Б.Ысқақов «Қазақ тілі». Өлең арқылы балаларды ұлттық дәстүр, мол байлық – тілімізді қадірлеуге, сақтауға шақыру. Өлеңді дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу – 1 сағ.

Қ.Аманжолов «Домбыра». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Қазақ халқының озық дәстүрлерін білгізу, сақтауға шақыру. Өлеңді дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу – 1 сағ.,т.б.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


4. ^ ЕРТЕ, ЕРТЕ, ЕРТЕДЕ... – 16сағ.

Ертегілер: (таңдау бойынша) «Үш ауыз ақыл сөз», «Жеті өнерпаз», «Ақылды етікші», «Жел мен Күн», «Батпан құйрық», «Жыл басы», «Төрт мезгіл», «Адам өмірі» «Ғажайып қойма», «Құмырсқаның қанағаты», «Егінші мен қасқыр», «Ажалдан құтқарған асыл сөз», «Құстар айтысы» (үнді ертегісі), «Алтын балта». Ертегілер туралы ұғымды дамыту.

Аңыздар: (таңдау бойынша) «Қорқыт туралы аңыз», «Асанқайғы», «Басқа пәле – тілден», «Күй құдыреті», «Өз үйім – өлең төсегім», «Алдар Көсе мен бай баласы», «Әнет баба туралы аңыздар». Аңыз туралы ұғымды дамыту .

^ Шешендік сөздер: (таңдау бойынша) «Төле бидің төрелігі», «Бала бидің білгірлігі», «Қазбек бидің шешендігі», «Бала Әйтекенің билігі». Шешендік сөздер туралы ұғымды дамыту .

Батырлар жыры: (таңдау бойынша) «Тайбурылдың шабысы», «Алпамыс батырдан үзінді», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр». ^ Батырлар жыры туралы түсінік .

Айтыс үлгілері: «Жұмбақ айтысы», «Жамбыл мен Бөлтіріктің айтысы». Айтыс туралы қарапайым түсінік ,т.б.


Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағ.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағ.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағ.


^ 5. ШЫНЫҚСЫН ДЕНЕМІЗ – 16 сағ.

Мұхтар Әуезов «Боран». Жазушы туралы қысқаша мәлімет беру. Мәтін арқылы қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін білгізу. Жазушының тіл көркемдігіне назар аудару – 2 сағ.

С.Шаймерденов «Қар». Теңеу туралы практикалық түрде түсінік беру., Оқушыларды жазушы тілін пайдалана отырып, қыс туралы әңгіме айтқызуға төселдіру – 1 сағ.

С.Сарғасқаев «Шаңғы жарысында». Мәтіннің негізгі ойы адамдар арасындағы қарым-қатынасқа құрылғанына мән беру, адал достыққа шақыру – 1 сағ.,т.б.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ – 5 сағ.

Абай Құнанбаев «Қыс». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Кейіптеу туралы практикалық түрде түсінік беру. Мәнерлеп оқуға баулу – 1 сағ.

^ Мағжан Жұмабаев «Аққала». Өлеңді пайдаланып, қысқы ойын түрлері туралы айту, спортқа баулу – 1 сағ.

М.Шаханов «Желтоқсан тағылымы». Өлеңді пайдаланып, оқушыларға ел басыанан өткен тарихи кезең туралы әңгімелеу – 1 сағ.

Т.Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». Тәуелсіздікті жырлаған, дәріптеген ақын үнін естірту. Өлеңді дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу – 1 сағ.

Ф.Оңғарсынова «Аяз ата». Жаңа жыл мерекесіне дайындық. Өлеңді мәнерлеп, жатқа айту – 1 сағ., т.б.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 5. АТА ЖОЛЫ – ҮЛГІ МАҒАН – 12 сағ.

А. Қыстаубаева «Сұлтан Бейбарыс». Тарихи тұлғалар туралы әңгімелей отырып, мәтін арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу – 1 сағ.

Қ.Жұмаділов «Дарабоз». Балаларға Қабанбай батырдың өмірін үлгі ете отырып, мәтін арқылы Отанды қорғауға дайын болуға шақыру – 1 сағ.

М.Жұмабаев «Ақанның өмірі». Тарихи тұлғалар туралы әңгімелей отырып, мәтін арқылы оқушыларды өнер адамдарын құрметтеуге шақыру – 1 сағ.

М.Әуезов «Абай қонақтары». Әңгімеге жоспар құру. Оқушыларға Абай өмірін үлгі ету – 1 сағ.

М.Сәрсекеев «Туған жердің тасы да танымал». Қаныш Сәтбаев туралы естелік. Оқушыларға ұлы адамдар өмірін үлгі ету – 1 сағ.

Ә.Қастеев «Мен өмірден үйрендім». Мәтіннің мемуарлық шығарма екендігіне назар аудару. Өнерді бағалауға үйрету – 1 сағ.

М.Танекеев «Қажымұқан». Мәтін арқылы оқушыларға әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мәлімет беру, спортты бағалауға, сүюге шақыру – 1 сағ.

Г.Дулатова «Ардақтап өтем әкемді». Міржақып Дулатұлы туралы естелік. Мәтін арқылы оқушыларға ел басынан өткен ауыр кезең туралы әңгімелеу – 1 сағ

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ5 сағ.

Ғ.Орманов «Ана». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Оқушыларды ананы құрметтеуге, сыйлауға баулу – 1 сағ.

Е.Өтетілеуов «Тоқтар– тұңғыш ғарышкер». Өлеңді пайдаланып, оқушылардың бойында өз ұлтына деген мақтаныш сезімін ұялату – 1 сағ.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 6. ӘДЕПТІЛІК, АР-ҰЯТ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ – 12 сағ.

Наурыз жырлары: жырда ұлттық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың, мерекелік көңіл-күйдің көрініс беруі - 2 сағ.

^ Ы. Алтынсарин «Әдептілік». Мәтіндегі негізгі ой «Иіліп сәлем бергенің – адамдықтың белгісі» деген нақыл сөзге құрылғанын түсіндіру – 1 сағ.

Ахмет Байтұрсынов Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. «Енші үлесу». Мәтін арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрді, салтты таныту – 1 сағ.

^ О. Бөкеев «Анна апайдың бақшасы». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Мәтін арқылы оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға шақыру – 1 сағ.

В. Сухомлинский «Нағыз адам». Мәтін арқылы балаларды ізгі қасиеттерге баулу – 1 сағ.

^ И.А. Крылов «Шегіртке мен құмырсқа» (аударған А.Құнанбаев). Мысалдағы қорытынды сөз еңбек ету, еңбексүйгіштік екендігін ашу. Мысал туралы қарапайым түсінік бер – 1 сағ.

А.Тоқмағамбетов «Бидай мен қаңбақ». Мысалдың негізгі ойы – мақтаншақтық, өркөкіректік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру – 1 сағ.

Ш.Смаханұлы «Бұлбұл мен тоқылдақ» Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Мысалдағы қорытынды ой маөтаншақтық сияқты жаман әдеттерден аулақ болу екендігін ашу – 1 сағ.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 7. ТАБИҒАТ – МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ – 12 сағ.

С.Сейфуллин «Ақсақ киік». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Табиғатты қорғауға шақырған ақын үнін естірту. Оқушыларды пікір таласқа шақыру – 1 сағ.

Л.Толстой «Шөптегі шық қандай болады?». Мәтіннің ғылыми-танымдық шығармалар қатарына жататынына назар аудару – 1 сағ.

С.Бегалин «Құралайдың салқыны». Сипаттау мәтіні туралы түсінікті дамыту – 1 сағ.

К.Ушинский «Төрт тілек». Мәтіндегі оқиға арқылы оқушыларға әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін білдіру – 1 сағ.

Ә.Қоңыратбаев «Киіктің айласы». Оқушыларға жан-жануарлар арасындағы «ақылды тірлік» туралы әңгімелей отырып, танымдық өрісін кеңейту – 1 сағ.

Б.Соқпақбаев «Балапан торғай». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Мәтін арқылы оқушыларды табиғатты сүюге тәрбиелеу – 1 сағ.

А.Сейдімбек «Түлкі түгінен жазған». Оқушыларға табиғат құпияларын білгізу. Көркем шығармаларды оқуға қызығушылықтарын арттыру – 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ4 сағ.

Б.Майлин «Жау, жау, жаңбыр». Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға төселдіру. Ақын тілін пайдаланып көктемгі жаңбыр туралы әңгіме айтуға баулу – 1 сағ.

^ И. Байзақов «Алтай аясында». Табиғат сұлулығын суреттеген ақын тіліне назар аудару. Өлеңді мәнерлеп оқуға төселдіру – 1 сағ.

Мұқағали Мақатаев «Айхай, көктем». Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. Өлеңді ақын сезіміне орай оқуға төселдіру.^ Кейіптеу туралы түсінікті дамыт – 1 сағ.

Қ. Мырза Әли «Қызыл кітап». Өлеңдегі ақынның даусы – табиғатты қорғауға шақыру екендігін ашу. Өлеңді түсініп оқу – 1 сағ.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 8 . БІЗДІҢ ТІЛЕГІМІЗ – ДОСТЫҚ – 12 сағ.

Төрт түлік жырлары: «Түйе», «Жылқы», «Сиыр», «Қой», «Ешкі», «Малдың баласын сүюі», Ә.Ахметов «Төрт түлік пен төрт жігіт». ^ Жыр туралы ұғымды дамыту. Малдың пірлері туралы түсінік – 2 сағ.

Ә.Нұршайықов «Ер жүрек қыз». Мәтін арқылы оқушыларға ел басынан өткен ауыр кезең туралы мәлімет беру, патриоттыққа тәрбиелеу – 1 сағ.

М.Ғабдуллин «Төлеген батыр». Оқушыларға Төлеген Тоқтаров туралы әңгімелей отырып, батырлыққа, өжеттікке баулу – 1 сағ.

^ С. Көбеев «Қайырымды бала». Жазушы туралы мәлімет. Мәтіннің баланы ізгілікке тәрбиелеудегі мәні – 1 сағ.

М.Дулатов «Жаз». Жазушы тілін пайдаланып, оқушыларды табиғат сұлулығын сипаттай алуға дағдыландыру – 1 сағ.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ2сағ.

Б.Ысқақов «Достық космодромы». Өлеңдегі бейбіт өмірдің жырлануы – 1 сағ.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

^ Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.

Жылдық қорытынды сабақ – 1 сағат.


Барлығы – 112 сағат.

Оның ішінде:

пәнді оқытуға кіріспе – 1 сағат;

шығармаларды оқыту – 86 сағат;

сыныптан тыс оқу – 8 сағат;

тіл дамыту – 8 сағат;

шығарма жазу – 8 сағат;

қорытынды сабақ – 1 сағат.


4 -СЫНЫП

Барлығы – 96 сағат


^ 1. КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ! – 12 сағат.

Жүсіп Баласағұн. Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. «Құтты білік» дастанынан келтірілген нақыл сөздер.

Ыбырай Алтынсарин. Торғай уезінде алғаш мектеп ашқаны туралы мәлімет (Ә.Сәрсенбаевтің «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» әңгімесі бойынша). Оның «Надандық» әңгімесінің танымдық тәрбиелік сипаты. Әңгіме туралы түсінікті дамыту.

^ Абай Құнанбаев. Ақынның балалық шағы туралы мәлімет (М.Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесі бойынша). Өнер – білім жайлы өсиет сөздері (отыз сегізінші, он тоғызыншы, отыз екінші, жетінші, он төртінші, он сегізінші сөздерінен үзінділер және түсініктер. Қара сөз туралы практикалық түсінік.

^ Спандияр Көбеев. Оның «Үміт сәулесі», «Орындалған арман» мемуарлық әңгімелері бойынша алғашқы ұстаздық қызметі туралы мәлімет. шығармаларының танымдық тәрбиелік мәні.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

Ш. Құдайбердиев. «Сен ғылымға», «Адамдық - борышың».

Ғұмар Қараш. «Жаңа шыққан жастарға».

Мағжан Жұмабаев «Қарағым», «Балалық шақ».

С.Торайғыров. «Асыл сөзді іздесең».

М.Дулатов. «Оян, қазақ!», «Азамат», «Жастарға».

С.Сейфуллин. «Ғылым».

Қадыр Мырза Әли «Күз».

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 2. ЫСТЫҚ ҚОЙ, ШІРКІН, ТУҒАН ЖЕР! – 12 сағ.

Ы.Алтынсариннің «Қарабатыр» ертегісінің танымдық, тәрбилік сипаты.

Сәбит Мұқанов. Өмірі туралы мәлімет. Жазушы әңгімесіндегі табиғат суреті: «Көкшенің көрінісі».

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

Әбу Насыр әл – Фараби. «Туған жер»

Махамбет Өтемісұлы «Туған ұлдан не пайда?», «Жайықтың бойы көк шалғын»

Қ. Аманжолов. «Туған жер»

М.Мақатаев. «Қайран, Қарасазым-ай!»

Қ.Жұмағалиев. «Туған өлкем»

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

^ Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


3. ЕРТЕ, ЕРТЕ, ЕРТЕДЕ... – 12 сағ.

Ертегілер: «Бозінген», «Алтын сақа», «Ғажайып бақ», «Өнеге», «Екі дос». Ертегінің түрлері: хайуанаттар туралы, қиял – ғажайып және шыншыл. Ертегілерден көрінетін халықтың арман – тілегі, даналығы.

^ Аңыз әңгімелер: «Асанқайғының Жерұйықты іздеуі», «Сағыныш сазы», аңыз әңгімелер туралы, олардың ертегілерден айырмашылығы.

Батырлар жыры: «Алпамыс батыр» жырынан үзінді, «Ер Тарғын» жырынан үзінді, «Бөген батыр» жырынан үзінді. Жырдағы қазақтың арманы: батырдың халыққа жасаған жақсылығы, ел бірлігі.

«Қыз Жібек» жыры. Жырдағы сұлу қыздың бейнесі. Көркемдік ерекшеліктері.

Айтыс. Айтыс туралы алғашқы мағлұмат. Айтыстың түрлері. Айтыс – халықтың күрделі шығармаларының бірі. Белгілі айтыс ақындары туралы: «Сүйінбай мен Тәті қыз», «Асаубай мен Құлтума».

Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, әдет – ғұрпына байланысты айтыс: «Иесі мен сиырдың айтысы».

^ Шешендік сөздер. Қазақ шешендерінің көрнекті өкілдері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым батыр, олардың өмірлері туралы мағлұмат және шешендік сөздері.

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 4. ШЫНЫҚСЫН ДЕНЕМІЗ – 12 сағ.

Махмұд Қашғари. Өмірі мен шығармашылығынан мәлімет. «Түркі тілдерінің жинағы» еңбегінен үзінді: «Жаз бен қыстың айтысы». Шығармалардағы табиғат суреті.

^ Мұқан Иманжанов «Жолдастар» әңгімесінің негізгі идеясы- адал және шынайы достық тақырыбы.

Асқар Тоқмағамбетов. Өмірі туралы мәлімет. «Мысық пен шыбын», «Құлақ пен тымақ» мысалдарындағы жазушының өткір тілі. Мысал туралы түсінікті дамыту.

Максим Дмитриевич Зверевтің «Суықторғай» әңгімесіндегі табиғат-адам тақырыбы.Сипаттау мәтіні туралы түсінікті дамыту.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

Төлеген Айбергенов «Аппақ қыс»

М.Шаханов «Ләззат».

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету– 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 5. АТА ЖОЛЫ – ҮЛГІ МАҒАН – 12 сағ.

М.Мағауиннің «Қазақтың хан сайлауы» әңгімесіндегі халықтың игі дәстүрі.

Міржақып Дулатовтың жазықсыз жала құрбаны болуы туралы А.Дулатовтың «Аяулы Жақаң» әңгімесі.

Сәкен Сейфуллиннің сталиндік репрессия құрбаны болғандығы жайлы Т.Кәкішевтің «Мәңгі жасар өмір» әңгімесі.

^ Бейімбет Майлин. Өмірі мен жазушылық қызметі туралы мәлімет. Жазушының ел басынан өткен ауыр кезең туралы әңгімесі: «Аш – жалаңаш». Халықтық дәстүрді дәріптеуі: «Айт күндері».

^ Мұхтар Әуезов. Жазушының өмірі мен шығармашылық қызметі жөнінде мәлімет. Жазушының табиғат пен кейіпкердің жан күйін байланыстыра суреттеу шеберлігі, «Жетім» әңгімесіндегі кейіпкердің көңіл күйі.

Сапарғали Бегалин «Қырдың жас түлегі»

Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар» әңгімесіндегі Т. Рысқұловтың бабалық шағының суреттелуі

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

К.Мырзабеков. «Боз бие немесе тың көтерген жыл».

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

^ Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


6. ӘДЕПТІЛІК, АР-ҰЯТ – АДАМДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ – 12 сағ.

Ыбырай Алтынсариннің «Шеше мен бала», «Надандық», «Салақтық» әңгімелерінде адамгершілік пен надандық, тазалық пен салақтық тақырыптарының ашылуы.Көркем шығармадағы негізгі ойдың дамуы, оқиға желісі, сюжет туралы түсінік.

^ Ахмет Байтұрсынов. Ақынның ағартушылық қызметі туралы мәлімет (Ә.Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» әңгімесі бойынша). Ақынның жазушылық сипатын танытатын «Қырық мысал» еңбегінен келтірілген «Аққу, шортан һәм шаян» мысалы. Мысал туралы қарапайым мағлұмат.

^ Сәбит Дөнентаев. Өмірінен мәлімет. С.Дөнентаев – сатиралық өлеңнің шебері. Оның «Ауырған арыстан», «Көзі тоймаған ит» мысалдарында өсек, жағымпаздық, ашкөздік сияқты қылықтрдың әжуа етілуі. Мысал туралы ұғым.

Ә.Асылбеков «Түлкі мен тиін», Ш.Смаханұлы «Көбелек пен Ебелек».

^ Бердібек Соқпақбаевтың «Компас», М.Иманжановтың «Жолдастар» әңгімелеріндегі балалардың іс-әрекеттері. Достық, жолдастық тақырыбының ашылуы О. Бөкей «Апамның астауы», А.Сейдімбек «Әйел – Ана». Баубек Бұлқышевтің «Ана» әңгімесіндегі жазушының анасына деген ыстық сезімінің суреттелуі.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

Ф.Оңғарсынова «Жылу», «Әже».

Ж.Смақов «Апаның тілін алса егер».

Н.Айтов «Алтын сөз».

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 7.ТАБИҒАТ – МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ – 12сағ.

Наным-сенім өлеңдері. Оның халық шығармасының бір түрі екендігі. Халық табиғатта ерекше бір сиқырлы күш бар, ол әрі қасиетті, әрі киелі деп санаған. Сондықтан сол күшке жалбарынған, өлеңмен арнау айтқан: «Күн жайлату», «Қазығұрт тауы» т.б. Бұл өлеңдердің танымдық мәні.

^ Жүсіпбек Аймауытовтың «Шөптегі шық» мәтініндегі табиғат көрінісі

Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» әңгімесіндегі балалар өмірінің суреттелуі. Шығарманың идеясы- табиғатқа ізгілік қатынасын қалыптастыру.

^ ӨЛЕҢ ӘЛЕМІНДЕ:

Абай Құнанбаев «Желсіз түнде жарық ай».

Шәкәрім Құдайбердиев «Жаз келер».

Сәкен Сейфуллин «Наурыз», «Бозторғай», «Аққу».

Ілияс Жансүгіров «Көктемде», «Түйе боздап», «Май», «Көкшетау».

Әбділда Тәжібаев «Құлыншағым», «Лағым».

Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер».

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.


^ 8. БІЗДІҢ ТІЛЕГІМІЗ – ДОСТЫҚ – 12 сағат.

Жамбыл Жабаев. Өмірі туралы мәлімет. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы: «Балама хат» өлеңі.

Баубек Бұлқышев. Майдандағы қазақ жасының дәптерінен.

Ғабит Мүсірепов шығармаларында қазақ анасының ұлттық бейнесі: «Ана құшағында».

^ Саин Мұратбеков. Соғыс кезіндегі балалар өмірі туралы: «Жусан иісі»

Шыңғыс Айтматов. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет. «Атадан қалған тұяқ» әңгімесіндегі жүректі шымырлататын, оқырманды тербеліске түсетін Әуелбек бейнесі. Шығармадағы ана мен бала арасындағы түсінушілік.

Әбді әл – Мәжид бен Желун. Жазушы өмірі туралы мәлімет. Араб халықтары әдебиеті өкілінің «Айша айтқан ән еді» әңгімесі. Тәуелсіздік жолындағы халық көтерілісінің сипатталуы.

^ Ханс Кристиан Андерсен. Дат жазушысының өмірінен мәлімет және оның «Қайтпас, қайсар қалайы солдат» ертегісі.

Э.Корр. «Садаконың қағаз тырналары» әңгімесіндегі Жер жүзінде бейбітшілік жасасын идеясының көрінуі.

Қайрат Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем»

Тарауды қайталау. Тіл дамыту – 1 сағат.

^ Шығарма жазуға үйрету – 1 сағат.

Сыныптан тыс оқу – 1 сағат.

Жылдық қорытынды сабақ – 1 сағат.


Барлығы – 96 сағат.

Оның ішінде:

шығармаларды оқыту – 71 сағат;

сыныптан тыс оқу – 8 сағат;

тіл дамыту – 8 сағат;

шығарма жазу – 8 сағат;

қорытынды сабақ – 1 сағат.


^ 2-4-сыныптарда сыныптан тыс

оқуға ұсынылатыншығармалардың авторлары:

1. Ауыз әдебиеті үлгілері: аңыздар, әр халықтың ертегілері, шешендік сөздер, эпостық жырлар, төрт түлік жырлары, өтірікөлеңдер, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, т.б.

2. Жазба балалар әдебиеті үлгілері:

Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ж.Жабаев, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев, Б.Момышұлы, М.Мақатаев, О.Бөкеев, Т.Айбергенов, С.Жүнісов, Ш.Смаханұлы, М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, М.Айымбетов, Н.Айтов, Е.Өтетілеуов т.б.

Орыс және басқа халықтар әдебиетінен В.Сухомлинский, К.Ушинский, И.А.Крылов, Л.Толстой, Ш.Айтматов т.б.


^ 3.3. Сынып бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар

2-сыныпты бітірген оқушы:

  • ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;

  • мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;

  • мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;

  • көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;

  • мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;

  • өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.

  • Мәтіннің негізгі ойын;

  • мәтіндегі оқиға желісін;

  • мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.

  • Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

  • оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;

  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

  • 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс

белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55

сөз оқуды меңгереді.

3-сыныпты бітірген оқушы:

  • ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш,

айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;

  • шығарма авторларын, олардың көзқарасын;

  • авторы арқылы шығармаларын атауды;

  • көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;

  • көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;

  • өлең жолдары мен шумағын;

  • шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.




  • Мысалдағы аллегорияны;

  • көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;

  • мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;

  • мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.

  • Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

  • ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;

  • жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-

мәтінге жоспар құруды;

  • мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды;

  • 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс

белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65

сөз оқуды меңгереді.


4-сыныпты бітірген оқушы:

  • халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, наным-сенім өлеңдері, тұрмыс-салт жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;

  • жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық шығарма, очерк, мақала, жарнамалық мәтін) ажырата алуды;

  • көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;

  • өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;

  • мәтіннен теңеу, кейіптеу, эпитетті таба алуды;

  • мәтінге жоспар құруды;

  • шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын;

  • шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

  • ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

  • мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.

  • Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;

  • көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;

  • мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;

  • мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

  • 4- сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды меңгереді.


^ IV. ОҚЫТУДЫҢ ЕКІ ЦИКЛІНІҢ ӘРҚАЙСЫСЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сөз өнерінде тек сыртқы объективті шындық қана емес адамның ішкі жан дүниесі суреттеледі. Адам факторы, оны зерттеп – зерделеу – әдебиеттің айнымас мақсаты, негізгі тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын адастырмас темірқазығы. Осы тұрғыдан алып қарағанда әдебиеттік оқу қоғамдық, тәрбиелік, эстетикалық категориялар тұрғысынан табиғат әлемін, қоғамдық құбылыстарды, жеке адамның рухани - психологиялық болмысын негізгі нысана етеді. Адам жаны диалектикасының ашылу дәрежесі сөз өнерінің интеллектуалдық және эстетикалық байлығының өлшемі болып қала береді.

Кез келген көркем мәтін бірнеше рухани шындықтың қиылысы ретінде қарастырылады: мәтінді тудырушы автордың көзқарасы мен сол мәтінді қабылдаушы оқырманның, бақылаушының, тыңдаушының ішкі жан дүниесі. Әдебиеттік оқуда қабылдаушы кішкентай оқырманды тәрбиелеу, мәтін арқылы оның сезіміне әсер ету, рухани дамыту басты назарда болады. Оқырманды тәрбиелеу ісі сауатты оқушы жағдайында ғана мүмкін болмақ.

«Әдебиеттік оқу» - 2 сыныптан басталатын пән. 1-деңгейде оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіруге, әдеби сауатын ашуға басты көңіл бөлінеді. Сауаттылықтың түпкі негізгі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлеріне (оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым) де осы сыныптарда үйрене бастайды.

Сауатты оқушы – кітап оқуға әдеттенген, кітапты өзін қоршаған әлемді білуге және оның өзін - өзі танудағы құрал ретінде пайдалануға дағдыланған адам; ол оқу техникасын меңгерген, оқығанын түсіне алатын деңгейге жетеді.

2 – сыныпқа келген оқушыларда «Әдебиеттік оқуды» ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады.Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады.

Бұл деңгейдің оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады.

«Әдебиеттік оқу» пәні 2-деңгейінде оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді.

4-сынып – бастауыш сатыдағы «Әдебиеттік оқу» мен жоғарғы сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» курсы арасындағы жетекші буын, жалғастырушы көпір. 4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» мазмұнын құруда жанрлық-ронологиялық ұстаным алынып, қазақ балалар әдебиетінің тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Балалар әдебиетінің бастау көзі – халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең– жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз ертегілері. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» – балалар әдебиетінің жазба нұсқасының алғашқы үлгісі. Балалар әдебиетінің жаңаша үлгіде өркендеп кемелденген тұсы Абай шығармашылығынан басталып, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. шығармашылығында жалғасып, бүгінгі күндері жаңа жанрлық түрлермен, үлгілермен толығып, дамып келеді.

Балалар әдебиетін тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруға жалпы әдебиет туралы ой қозғаған Ш.Уәлиханов зерттеулері, Ә.Диваев пен С.Көбеев, С.Торайғыров және басқа ағартушы демократтардың баспасөз беттеріндегі әдебиет мәселесіне арнаған мақалаларды, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Қаратаев, З.Ахметов, Қ.Жұмашев, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов т.б. зерттеулері мүмкіндік берді.

Осы орайда жалпы әдебиетімізбен бірге балалар әдебиетінің де қаз басып, қалыптасып кетуіне зор ықпал еткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров сияқты классиктеріміздің отызыншы жылдардағы ойранның құрбандығына айналуы, республикамыздағы зиялы қауымның жаппай дерлік жазалануы, отызыншы жылдарда әлемдегі ешбір елдің, ешбір халықтың тарихында болып көрмеген сұрапыл ашаршылықтың зардабын бүгін де қайталап айтуға әрі мәжбүрміз, әрі міндеттіміз. Сондықтан оқулықта осындай ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған шығармаларымен қатар олардың өмірлерінен нақты мәліметтер беріледі. Оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің тарихпен байланысын, үздіксіз дамуын, көркемдігін ұғындыру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері, әр дәуірдегі жазушылардың балаларға арналған шығармалары, сондай-ақ әлем әдебиетінің кейбір классикалық үлгілері сұрыпталып алынады.





Скачати 467,38 Kb.
залишити коментар
Дата конвертації29.03.2012
Розмір467,38 Kb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт

плохо
  30
не очень плохо
  2
средне
  2
хорошо
  7
отлично
  17
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com

База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Реферати
Автореферати
Методички
Документи
Поняття

опублікувати
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх