Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі


Схожі
Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің...
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі...
Диссертация 2010 жылы «28» қазанда сағат 14-00-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Диссертация 2010 жылы «28» қазанда сағат 14-00-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі...
2010 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру...
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі...
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министірлігі...
Диссертация ның...



страницы: 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
повернутися в початок



Пәннің аталуы

^ Математиканың бастауыш курс негіздері

Қысқартылған атауы

МВКN 2210

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 3/4

Оқытушының Т.А.Ә.

Алиева К.С.

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-15; ОСӨЖ-15; СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -45

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2/1

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Жалпы ұғымдар: жиын және олармен жүргізілетін амалдар, математикалық ұғымдар мен дәлелдеулер, сәйкестіктер мен қатынастар. Теріс емес бүтін сандар қатынасы: натурал сандар жүйесін аксиоматикалық құру. Теріс емес бүтін сандардың жиындық-теориялық мағынасы және олармен жүргізілетін амалдар, есептеу жүйесі, теріс емес бүтін сандардың бөлінгіштігі. Оң рационал сандар және нақты сандар. Теңдеу. Теңсіздік. Функциялар. Шамалар мен өлшеулер.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Жиындар, берілу тәсілдері. Эйлер-Венн диаграммалары. Жиындарға қолданылатын амалдар. Графтар. Сәйкестіктер. Математикалық логиканың негіздері. Комбинаторика элементтері. Натурал сандар. Теріс емес бүтін сандар. Санау жүйелері. Сандардың бөлінгіштігі. Бүтін сандар. Рационал сан-дар. Нақты сандар. Комплекс сандар. Арифметикалық есептеулер техникасы. Математикалық өрнектер. Теңдік және теңсіздік. Теңдеулер. Теңсіздіктер. Функциялар. Планиметрия. Стереометрия. Қарапайым геометриялық салулар. Геометриялық мазмұнды есептер. Шама және оны өлшеу барысы. Кесіндінің ұзындығы. Фигураның ауданы. Дененің көлемі (сыйымдылық). Бұрыштың шамасы. Масса. Уақыт. Шамалар арасындағы тәуелділік. Ықтималдақтар теориясы. Математикалық статистика. Бақылау нәтижелерін өңдеу. Есеп. Стандартты емес және қызықты жаттығулар.

^ Практикалық сабақтар: Сәйкестіктер. Графтар. Комбинаторика элементтері. Теріс емес бүтін сандар. Санау жүйелері. Сандардың бөлінгіштігі. Бүтін сандар. Рационал сандар. Нақты сандар. Комплекс сандар. Есеп және оны шығару барысы. Стандартты емес және қызықты жаттығулар. Алгебра элементтері. Геометрия элементтері. Шамалар және оларды өлшеу. Ықтималдақтар теориясының элементтері.

Оқу жұмысының нәтижелері

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді игеру қажет:

Арифметикалық материалдардың, алгебра мен геометрия элементтерінің теориялық негіздерін; Теорияны аксиоматикалық әдіспен құруды; Сандарға қолданылатын амалдардың қасиеттері мен заңдарын, сандардың бөлінгіштік белгілерін, шамалардың өлшем бірліктері арасындағы қатынастарды білулері тиіс. Сандарға амалдар қолдану және есептеулер жүргізе алуды; Есептерді арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығаруды; Бір айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді, екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешуді; Қарапайым функциялардың графиктерін салуды; Теріс емес бүтін сандармен ауызша және жазбаша есептеулер жүргізуді және оларды негіздей алуды; Есептер шығару барысында шамалар арасындағы тәуілділіктің түрін тағайындауды;







Пәннің аталуы

^ Бастауыш мектепте шетел тілін оқыту теориясы мен технологиясы

Қысқартылған атауы

BMShTOTT 2308

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Алимжанова Фатима Баймановна

Доцент/оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орыс тілінде, шет. тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

КП міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Лекция 15, Практикалық-15; ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

^ Пәннің мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне ағылшын тілін оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс –тәсілдерін меңгерту.

Мазмұны

Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың теориясы мен технологиясы мынадай білімдерді қамтиды:

-ағылшын тілін оқытудың теориясы мен технологиясы-ғылым;

-бастауыш сыныптағы ағылшын тілі-оқу пәні;

-сауат ашу әдістемесі;

-фонетиканы оқыту әдістемесі;

-сөзжасам және грамматиканың әдістемесі;

-орфографияны үйрету әдістемесі

-тіл дамыту әдістемесі.

Оқу жұмысының нәтижелері

Ағылшын тілін оқыту теориясы мен технологиясынан студенттер білуі тиіс:

-ағылшын тілін оқыту әдіс-тәсілдерін

-бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқытудың жоспарлауды және күнтізбелік жоспар жасауды

-сабақта қосымша жұмыс түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ребустар, т.б). жүргізуді

-сабақ беруді

-сабақта қолданылатын көрнекіліктерді жасауды

-оқулықтарды талдауды және сызбамен көрсетуді

-пікір айтуды

-әдістемелік папка жасауды үйренуі тиіс.





Пәннің аталуы

^ Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы

Қысқартылған атауы

BMIOTT 2309

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Жетпісбаева Г.О

Доцент/оқытушы

п.ғ.к.

Жұмыс тілі

қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

КП міндетті компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-15, ОСӨЖ-30; СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75

Кредиттер/ сынақ бірліктері

2

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер:

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы негіздері. Бастауыш мектепте ақпараттық- коммуникациялық т ехнологияны қолданудағы негізгі бағыттар. Бастауыш мектептегі оқушыларға информатиканы оқытудың мазмұны мен технологиясы. Бастауыш м ектепте информатика курсын оқып-танудыңмүмкіндіктері мен болашағы: информатиканың пропедевтикасы, келешегі мен жетілдіру курстары.

Мазмұны

Дәрістер. Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері. Информатиканың бастауыш сыныптарда оқытылатын басқа пәндермен байланысы. Бастауыш сыныптарда информатика пәнін жоспарлау. Информатика сабағында ынтымақтастықты ұйымдастыру. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың құралдары. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқытудың әдістері.Бастауыш сыныптағы қазіргі заманғы информатика сабақтарына қойылатын талаптар. Информатика сабағына дайындалу және әдістемелік тұрғыдан талдау.Бастауыш мектепте информатикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Информатикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялар курсына оқытудың технологиясы:Ақпарат және оның түрлері. Ақпараттың тасымалдау схемасы. Адам өміріндегі ақпараттың мағынасы. Ақпаратты ұсыну тәсілдері.Ақпараттармен жұмыс: іздеу, таңдау, түрлендіру, сақтау, ұсыну, қолдану. Ақпараттық технология құралдары. Қолданушылық курсына оқытудың технологиясы: Компьютер сыныбындағы жұмыс ерекшеліктері. Компьютер және оның бөліктері.Компьютерден ақпаратты алу. Компьютерде ақпаратты сақтау. Программаларды жұмысқа қосу."Раіnt" графикалық редакторында жұмыс жасау. "WordPad" мәтіндік редакторында жұмыс жасау.Калькулятормен жұмыс жасау. Алгоритмдік курсқа оқытудың технологиясы. Іс-әрекет. Кері іс-әрекет. Логика. Модель. Заңдылықтар және олардағы қатені іздестіру. Жиын және оның берілу тәсілдері. Жиындарының қиылысуы және бірігуі.

^ Зертханалық жұмыс. Бастауыш мектептегі информатика сабақтарының ерекшеліктері. Дербес компьютердің құрылғылары. Пернетақтамен жұмыс.

WINDOWS операциялық жүйесі, оның негізгі обьектілері. Терезелермен жұмыс. WINDOWS жүйесінің стандартты программалары. Блокнот және WordPad программалары. Файлдар жүйесін ұйымдастыру. "Paint"графикалық редакторы. ЭЕМ-да есептер шығару-оқытудың негізгі құралы. Информатика кабинетінің жабдықталуы. Антивирустық программалармен жұмыс. Word мәтіндік редакторында кесте құру, оны өңдеу және форматтау. Excel электрондық кестесінде кесте құру, оны сақтау. Интернет желісі, интернет желісімен жұмыс істеуге үйрету. Электрондық пошта. MS PowerPoint программасы. Презентациялар құру. Презентацияларды безендіру. Бастауыш мектептегі информатика пәнінен қойылатын бағалар нормалары.

Оқу жұмысының нәтижелері

Студенттердің бастауыш сыныптарда ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерін, бастауыш сыныптардың оқу процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері туралы түсініктері қалыптасады. Информатиканы оқытудың және бастауыш сыныптардың оқу процесінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың жалпы әдістемелік принциптерін, бастауыш сыныптардың оқу процесінде программаларды пайдалана алады



^ 3-курс

5-семестр


Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

SAYa2107

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Байқонысов Е.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖБП міндетті компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Саясаттану» курсын оқып үйретудің қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орнының түлегі білу қажет:

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.

Мазмұны

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

^ Семинарлық сабақтар Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты

Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар

Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.




Пәннің аталуы

^ Бастауыш мектепте қазақ (орыс) т. оқыту теориясы мен технологиясы

Қысқартылған атауы

BMK(O)TOTT 3214

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Жораева С

Доцент/оқытушы

п.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, ОСӨЖ-45; СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -120

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазіргі қазақ тілі, Балалар әдебиеті

Білім беру мақсаттары/ құзіреттіліг

«Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәні – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Әліппе» , «Әдебиетті оқыту», «Қазіргі қазақ тілі грамматикасын» оқыту әдістемесінің теориясынан жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы оқу пәні ретінде. Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Бастауышта қазақ тілін оқытудың мазмұны. Қазақ тілінен мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі орта мектеп бағдарламаларын талдау. Қазақ тілін бастауыш мектепте оқыту әдістері. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілінен бастауыш сыныптар үшін жасалған оқу-әдістемелік топтама. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуды ұйымдастыру формалары. Балаларды қазақ тілін оқуға дайындау. Қазақ тілін оқытудағы сабақтастық байланыстар. Қазақ тілінен берілген білім, білік, дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптар. Білім, білік, дағдыларды тексеру және бағалау. Бақылау түрлері және қазақ тілін оқыту нәтижелерін диагностикалау. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың технологиясы. Сауат ашү технологиясы: Сауат ашу технологиясының мектептегі оқу-тәрбие жүмысының жалпы жүйсіндегі маңызы, сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негіз және психофизиологиялық негізі. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы. Олардың дайындығын зерттеу өлшемі. Сауат ашуды оқыту процесі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең. Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Бастапқы окуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу. Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу үлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар. Жазудың дұрыстығын тексеру. Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. Сауат ашуға арналған оқу - әдістемелік топтама жасау.Әдебиеттік оқу технологиясы: Оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеттері. Бастауыш мектепке арналған әдебиеттік оқу топтамасы. Әдебиеттік оқудың түрлері. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс жасаудың әдебилік және психолого-педогогикалық негіздері. Оқушылардың көркем шығармаларды қабылдау ерекшеліктері. Кіші жастағы оқушыларды шығарманы оқуға және сонымен жұмыс жасауға үйрету. Оқу сабақтарындағы шығармашылық жұмыстар: толық, ықшам, іріктеп сөзбен айту, сурет салу, диафильм жасау, драмалау т.б Өздіктерінен жұмыс жасау. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқудың технолоғиялық ерекшеліктері. Оқу сабақтарының типтері, құрылымы, ерекшеліктері. Фонетика. сезжасам және ғрамматиканы оқыту технолоғиясы: Кіші жастағы окушыларға ғрамматиканы оқытудың мәні және оның оқу-тәрбиелік міндеттері. Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың әдістемелік негіздері. Грамматикалық ұғымдардың мәні. Оларды ұғыну қиындықтары. Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы. Сөздің морфемалық қүрамын оқыту. Морфема және орфография жаттығуларының өзара байланысы. Морфология- тіл ғылымының бөлімі. Бастауыш мектепте сөз таптарын оқытудың әдістемелік негіздері. Басауыш сыныптарда морфологияны оқудың қиындықтары және оны жеңу жолдары. Сөз таптарын оқыту барысындағы тіл дамыту жұмыстары. Қазақ тілінің синтаксистік жүйесі. Бастауыш мектепте синтаксис пен тыныс белгісінен қарапайым мағлұматтар беру, оларды оқыту әдіс-тәсілдері. Орфографияны оқыту технологиясы: Орфография әдістемесіндегі грамматикалық және грамматикаға қарсы бағыттар. Орфографиялық дағды қалыптастыру. Орфография жұмыстарының түрлері және оларды жүргізу. Қазақ тілінен қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және оларды қолдану жолдары. Тіл дамыту технологиясы: Тіл дамытудың мақсат-міндеттері мен жолдары. Сөйлеу туралы үғым және оны дамыту. Сөйлеу әрекет ретінде.Онын түрлері мен қызметі. Оқушылардың сөйлеуіне қойылатын талаптар.Сөйлеу-ойлауды дамыту құралы. Сөздікпен жұмыс жасау. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту міндеттері. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Бастауыш сыныптағы сабақ құрылымына казіргі көзқарастар. Сабаққа дайындық және оны жоспарлау. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарына әдістемелік талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, оны өткізуі және талдауы барысындағы еңбегін ғылыми ұйымдастыру. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілінің сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технолоғиясы. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы. Сыныптан тыс сабақ түрлері. Оқушылардың өздік шығармашылық әрекеттеріне жетекшілік. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдері.

^ Практикалық сабақтар: Бастауышта қазак тілінен білім берудің мемлекеттік стандарты. бастауыш мектепте қолдану. Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыс. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Сауат ашуды оқыту процесі. «Жазу үлгі» дәптерлерімен жұмыс. Оқу дағдысына сипаттама: саналы, дұрыс, шапшаң, мәнерлеп оқу. Сыныптан тыс оқу. Грамматика және сөзжасам жаттығулары. Бастауыш мектепте синтаксис пен тыныс белгісінен қарапайым мағлұматтар беруге байланысты жаттығу түрлері. Ауызша және жазбаша сөйлеу түрлері. Байланыстырып сөйлеу және оны дамыту. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, жоспар түзуі. Дәстүрлі емес және қызықты жаттығуларды орындау әдіс-тәсілдері. Курстық, дипдомдық жұмыстарды орындалуы

Оқу жұмысының нәтижелері

Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу мен қазақ тілін тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері. Бастауыш мектептегі тілді оқытуды теориясы мен технологиясының лингвистикалық және психологты-дидактикалық негіздері. Қазақ (орыс) тілдері мектептегі оқу пәні ретінде.. Сауат ашуға, оқуға оқытудың теориясы мен технологиясы. Грамматика мен орфографияны оқытудың теориясы мен технологиясы. Бастауыш сынып оқушыларының тіл дамытуға оқытудың теоряисы мен технологиясын. Қазақ (орыс) тілі бойынша сабақтан тыс жұмыс. Шағын комплектілі бастауыш мектептегі қазақ (орыс) тілдерін оқыту ерекшеліктерін меңгереді.




Пәннің аталуы

^ Бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы мен технологиясы

Қысқартылған атауы

ВММОТТ3215

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсабеков М.Ө.

Доцент/оқытушы

п.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер міндетті компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30, ОСӨЖ-45; СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -120

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Математика, математиканы оқыту әдістемесі

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Бастауыш сыныптарда математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы объектісі, пәні, міндеттері мен зерттеу әдістері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Математиканы оқыту мақсаттары мен міндеттерінің, мазмұнының, әдістерінің, ұйымдастыру түрлері мен тәсілдерінің жалпы сипаттамасы. Математиканың бастапқы курсын оқуға балаларды дайындау. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың технологиясы: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер,шамалар. Бастауыш мектептегі мәтінді арифметикалық есепетерді шешуді ОТТ-сы. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы. Математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру процесін ұйымдастыру. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктері.

Мазмұны

Дәрістер: Курстың объектісі, пәні, міндеттері, әдіснамасы, басқа пәндермен байланысы. Қазіргі сабаққа қойылатьн талаптар. Бастауыш сыньштарда математика сабағын қазіргі заман тұрғысынан кұру. Математика сабақтарына дайындалу, өткізу және талдау барысында мұғалімдсрдің еңбегін ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуга балаларды дайындау Математикадан оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесі. Бақылау түрлері және математиканы оқыту нәтижелерін диагностикалау.Әр сынып соңындағы математикадан оқушылардың білім, білік және дағдыларына, құзыреттілігіне қойылатын талаптар. Қарапайым түсініктер: заттарды санау; заттарды және олардың топтарын салыстыру; геомстриялық фигуралар; Практикалық әрекеттер (біріктіру, бөліп алу, құрастыру, бөліктерге бөлу, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеу); кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер. Нумерациялық ұғымдар: сан және цифр; есептік және реттік натурл сандар; ондық санау жүйесі. 10 көлеміндегі сандар; ондықтар; екі таңбалы сандар, үш таңбалы және көп таңбалы сандар; теріс емес бүтін сандар. Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері: амалдардың мән-мағынасы; математикалық символика; арифметикалық амалдардың компоненттері мен олардыц нәтижелері. Өзар кері амалдар, қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері; көбейтуді. Есептеу тәсілдері: ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліктері; арифметикалық амалдардың алгоритмдері Ауызша жэне жазбаша есептеу тәсілдерінің үйлесімділігі; бастауыш мектепте есептеу тәсілдерін қарастыру реті. Карапайым шамалар (ұзындық, масса, уақыт, аудан, көлем және т.б.); сан шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде; Жай және құрама есептер Жай есептің негізгі түрлері. Өзара кері есептер. Есептерді шешу тәсілдері. Есепті шешу кезендері және оларды орындау тәсілдері. Жай және кұрама есептерді шешуге үйрету тәсілдері. Есепті шешудің арифметикалық тәсілі. Есепті шсшудің алгебралық тәсілі. Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері, математика сабағымен байланысы. Оқушылардың өздік шыгармашылық іс-әрекетіне басшылық жасау. Стандартты емес және қызықты тапсырмаларды орьндау технологиясы. Таңдамалы курстар. Бастауыш сыныптарда математиканы тереңдетіп оқыту мүмкіндіктері. Математиканы бастауыш оқыту туралы ғылым.

Практикалық сабақ. Математика сабағының түрлері. Бастауыш мектептегі математика сабағының үлгілері, сабақты талдау. Дайындық кезеңінде математиканы оқыту кезінде балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Дайындық кезеңі сабақтары үзінділерін дайындау, өткізу жәнеталдау. Жаңа материалдарды оқытуға дайындық кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. («Теріс емес бүтін сандар нумерациясы» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Жаңа ұғым мен әрекет тәсілдерімен таныстыру кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Білім, білік жзне дағдыларды бекіту кезінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Есептеу тәсілдері» тақырыбы негізінде). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Оқыту нәтижелерін тексерумен байланысты оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру («Екі немесе одан да артық амалмен шығарылатын есептер», «Шамалар, шамалар үлестері» ұғымдарын оқып-үйрету барысында). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау. Сабақта оқушылардың ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты іс-әрекетті ұйымдастыру. «Алгебра және геометрия элементтері» тақырыптарын оқыту барысында). Сабақ үзінділерін дайындау, өткізу және талдау.

Оқу жұмысының нәтижелері

Математиканың бастапқы курсын оқуға балаларды дайындау. Математиканың бастапқы курсының негізгі тарауларын оқытудың технологиясы: сандардың концентр бойынша реті, арифметикалық әрекет, алгебралық және геометриялық материалдар, мөлшер мен бөлшектер, шамалар. Бастауыш мектептегі мәтінді арифметикалық есепетерді шешуді ОТТ-сы. Арифметикалық әрекетке негізделген жазбаша және ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру технологиясы. Математикалық білім, білік және дағдыларды меңгеру процесін ұйымдастыру. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытудың ерекшеліктерін меңгереді.




залишити коментар
Сторінка5/11
Дата конвертації04.03.2012
Розмір2.84 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт

страницы: 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
плохо
  1
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com

База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Реферати
Автореферати
Методички
Документи
Поняття

опублікувати
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх