Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі


Схожі
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
повернутися в початок




Модуль аталымы

^ Жалпы психология

Молдульдің қысқаша аталымы


ZhP1206

Тақырыпша

ЖП пәні мен міндеттері, студент және оқытушы психологиясы, қарым -қатынас психологиясы, танымдық және оқу іс-әрекет психологиясы, психологиялық қызмет.

Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар


Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.

Семестр

1 семестр

Модульге жауапты


Арымбаева К.М.

Доцент/ оқытушы

п.ғ.к, доцент;

Жұмыс тілі

Казақ тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

БП Міндетті компонент

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс–30сағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–45 сағат, СӨЖ– 45 сағат

Еңбек сиымдылығы

135 сағат

Кредиты/ зачетные ед иницы

3


Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

^ Курс пререквизиті Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, жоғарғы матиматика, социология

Білім беру мақсаты/ хабардарлылық

^ Кур мақсаты мен міндеттері

Курстың мақсаты: Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру.

^ Курстың міндеті:

Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру.

Мазмұны

  1. ^ Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері. Психология пәні. Жалпы психологияның пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық қызметтері. Психологияның принциптері

  2. Іс-әрекетті психологиялық талдау. Психиканың пайда болуы және эволюциясы. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымның психологиялық ерекшелерін зерттеу.

  3. ^ Адам психикасының дамуы және пайда болуы. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы. Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Сананың нақты психологиялық сипатттамасы. Саналы бейненің құрылымы. Мидың психо – физиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, минимикалық, вербалды логикалық, психомоторлық.

  4. ^ Сезімдік таным психологиясы. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Қозғалысты ретеудегі түйсіктің ртөлі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде түйсіктің танымды еңбекке қарым – қатынаста дамуы. Синестезия.

  5. ^ Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы. Түйсік жөнінде жалпы түсінік. Түйсік түрлері. Түйсіктің атқаратын қызметі.

  6. Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік ьейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы ипаттамасы: обьектипті және субьектипті – бағдарлаушы бағыттар. Елестердің эмперикалық сипаттамалары: жалпылау, күңгірттену елестердің сезімдік заттық, сипаты есту, көру, иіс сипап сезу елестері, бірізді бейнелер. Эидетикалық бейнелермен түс көру.

  7. ^ Ойлау психологиясы. Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлаудың түрлері. Ойлау іс әрекетінің мотивациясының ерекшелігі. Аффекті мен интеллектінің бірлік принципі.

  8. Ес. Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрлысымен шарттануы.

  9. ^ Сөйлеу психологиясы. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.Ерікті, белсенді зейін. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары.

  10. ^ Эмоция психологиясы. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоцияның функциялары. Эмоцияның таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық қүбылыстардың түрлері.

  11. ^ Мотивация және эмоция психологиясы. Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы.

  12. Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

  13. ^ Тұлға құрылымы. Тұлға қүрылымы жайлы түсінік. Тұлға қүрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - түрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.

  14. ^ Тұлға және даралық. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. Мінез-тұлғаның дара-өзіндік және әлеуметтік-типтік бірлік ретінде. Темперамент - мінездің табиғи негізі ретінде. Қабілет туралы түсінік.

  15. ^ Тұлғаның әлеуметтік мінез -құлқы және дамуы. Әлеуметтік мінез - құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасының формасы ретінде көрінеді.

Оқу іс ірекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы


Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады.




Пән атауы

^ Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы

Қысқартылған атауы

ZhEFMG1208

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

1

Оқытушының аты-жөні

Рысбаева Ғ.А.

Доцент/ оқытушы

доцент м.а., б.ғ.к.

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

БП міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-15, практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбеккөлемі

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Мектептегі адам анатомиясы.

Білім беру мақсаты:

Жас ерекшелiктер физиологиясы және мектеп гигиенасы адамның денсаулығын сақтау, нығайту әдiстерi мен тәсiлдерiн, сондай-ақ организмнiң жас ерекшелiктерiн оқып –бiлуге арналған пән. Пәннiң мiндетi-салауатты өмiр сүру үшiн организмде жүрiп жатқан физиологиялық процестердiң мәнiсiн, мағынасын, мазмұнын ашып көрсету және реттелу механизмдерiн түсiндiру арқылы болашақ мамандардың ой-өрiсi, бiлiм ауқымы кеңейедi.

Мазмұны

^ Дәрістер: I.Жас ерекшелiктер физиологиясы және валеология мақсаты мен мiндеттерi, зерттеу әдiстерi

II. Жүйке жүйесiнiң физиологиясы, оның жас ерекшелiктерi.

Жүйке жүйесiнiң ақпаратты қабылдау, өндеу, өткiзу, түрлiше организм реакцияларын Ұйымдастыру және психикалық қызметтерiн атқару кездерiндегi ролi.

^ III. Жоғары жүйке әрекетi және оның жасқа сай ерекшелiктерi

И.М.Сеченов және И.П Павлов – жоғары нерв әрекетi туралы iлiмнiң негiзiн салушылар.Шартты рефлекс туралы iлiм. Олардың қалыптасу механизмi.

Баланың даму процесiндегi сөздiң сенсорлық және моторлық механизмiнiң тұрақтануы. Бiрiншi және екiншi сигналдар жүйесi, олардың өзара әрекеттесуiнiң жас ерекшелiктерi. Есте сақтау, эмоция, мотивация физиологиясы. Жоғары жүйке әрекетi типтерi, олардың пластикалығы.

^ IV. Тiрек – қимыл жүйесi, оның ерекшелiктерi.

Адам.буындардың құрылысы мен қызметi. Олардың иiлiстерi, олардың қалыптасуы мен функциональдық маңызы.Тұлға және қол –аяқ, ми сауыты сүйектерi және бет сүйектерiнiң дамуы. Ет жүйесi. Еттiң құрылысы мен қызметi, дәлдiлiгi мен жылдамдығының төзiмдiлiгiнiң жасқа сай ерекшелiктерi. Дене еңбегi шамасына әр түрлi жастағы организм реакциясының ерекшелiгi. Әр түрлi ет жұмысы кезiндегi шаршау және оның жас ерекшелiгi. Дене бiтiмi. Оның қалыптасуы, дене бiтiмiнiң дұрыс болуының маңызы. Көкiрек клеткасының деформациясы. Жалпақ табандылық. Дұрыс дене бiтiмiн єалыптастыруда жаттығудың, дене шынықтырудың ролi. Жиһаздарға, шеберханаларға қойылатын гигиеналық талаптар.

^ V.Қан физиологиясы. Қанның жас ерекшелiктерi.Қан айналу мүшелерi. Организмнiң iшкi ортасы: қан, Ұлпа сұйықтығы, лимфа.

Қанның жасалуы, тасмалдық, қорғаныстық т.б.функциялары. Қанның ұюы. Қан топтары. Қан аздық және олардың балалар мен жеткiншектердегi профилактикасы. Жүрек пен тамыр ауруларының профилактикасы. Жѕрек тамыр жѕйелерiн жаттыєтыру.

^ VI. Тыныс физиологиясы. Тыныс алу физиологиясыны» жас ерекшелiктерi.

Балалық кезеңдегi тыныс алу мүшелерiнiң құрылысы мен қызметiнiң ерекшелiктерi.

VII.Сыртқа шығару мүшелерiнiң жас ерекшелiктерi. Бүйрек қызметтерi. Терiнiң құрылысы мен қызметi.

Зәр шығару жүйесi. Бүйректiң құрылысы мен қызметi. Зәр шығару жүйесiн аурудан сақтандырудағы жеке бастың гигиенасының ролi.

Практикалық: Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық әдісті қолдану. Тамақ рационы мен режимін бағалау.Оқушы тамағын санау сипаты. Мектеп жерін және үйін гигиеналақ сипаттау. Оқу бөлмесінің (кластың) ауасын зерттеу. Оқу процессін гигиеналық бағалау. Оқу бөлмесінің жарықтығына және жиһаздарына қойылатын гигиеналық

талаптар. Сабақ кестесін бағалау. Оқушыллардың жоғары нерв әрекетін анықтау.

Оқу процесінің нәтижесі

Жас өспірімдердің физиологиясы мен гигаенасы жас ұрпақтарды тәрбиелеудің оларға жасына лайық білім берудің, ақыл - ойын дамытудың, еңбекке баулудың негізін меңгереді. Ол балалардың денесінің дұрыс дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алу, еңбек қабелетін күтейтеді, дене шынықтыру жолдарын, күн кетесі мен түрлі еңбек кестелерінің бала организміне тиімді түрлерін анықтайды.




Пән атауы

Қазіргі қазақ тілі

Қысқартылған атауы

ККТ1209

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

1/2

Оқытушының аты-жөні

Құдайбергенова М.

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-15, практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30/ практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбеккөлемі

90/45 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2/1 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Мектептегі қазақ тілі

Білім беру мақсаты:




Мазмұны

Дәрістер: Тіл біліміне кіріспе. Тіл білімі және оның салалары. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және онлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің құрылымы, оның жүйесі.

Фонетика. Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Фонетиканың зерттелуі. Салалары мен объектісі. Қазіргі қазақ тілі фонетикасындағы өзекті мәселслер.

Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар. Буын, оның түрлері. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Дыбыс үндестігінің орфография мен орфоэпияға қатысы. Орфоэпия, орфография, графика.

Лексикология. Сөз бен дыбыстың, сөз бен мағынаның және ұғымның өзара бірлігі мен айырмашылығы. Сөзге тән белгілер. Семасиология. Сөз мағынасының түрлері (тура және ауыспалы мағына, дексикалық, грамматикалық мағына, нақты және абстракт мағына, сөздің көп мағыналылығы, т.б.). Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. Бастауыш сыныпта оқытылатын лексикалық ұғымдар.

Ана тілімізге өзге тілдерден енген сөздер туралы мәлімет. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Көнергея сөздер, олардың түрлері (архиизм, историзм). Неологизмдер және олардың жасалу жолдары.

Қазақ тілі лексикографиясы. Сөздік жасау принциптері. Лингвистикалық сөздіктердің негізгі түрлері: "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі" т.б. Сөзжасам. Сөзжасам жүйесінің негізгі төсілдері. Морфемалар. Жалаң сөз. Күрделі сөз және оның түрлері.

Грамматика, оның объектісі. Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматиканың теориялық және практикалық мәні. Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен ара қатынасы. Сөз таптарының дербес сөздер, көмекші сөздер болып бөлінетіні.

Зат есім. Көмекші есім. Олардың зат есімдерше түрленетіні. Көмекші есімдердің қызметі. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. Етістіктің лексикалық-грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер. Бастауыш сыныпта оқытылатын сөз таптарының оқулықта берілу жайы және олардың оқыту.

Синтаксис. Синтаксис туралы жалпы түсінік.

Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің құрылысына қарай жай жане құрмалас сөйлем болатыны. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері.

Сөйлем мүшесі. Сөйлемнің түрлаулы мүшелері. Сөйлемнің түрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше және оның түрлері. Оқшау сөздер. Оқшау сөздердің түрлері, олардың орналасу тәртібі және тыныс белгілсрі.

Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар және оларды оқьпу. Бөгде сөз, оның түрлері. Емле және тыныс белгілері. Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың колданылуы.

Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті туралы түсінік. Тілдік норма, оның тіл мәдениетіне қатысы.

Практикалық: Тіл дыбыстары және оның түрлері;. Дыбыс үндестігі және олардын түрлері; Сөз мағынасы және оның түрлері; Омоним, антоним; Синоним және көп мағыналы сөздер;Фразеологизмдер, мақал- мәтелдер; Сөздердің қолданылу аясына қарай белінуі;Морфема және оның түрлері; Жалаң және күрделі сөздер; Зат есім. Сын есім. Сан есім;Есімдік. Етістік; Үстеу. Шылау. Еліктеу сөздер;Сөзтіркесі; Сөйлем мүшесі;Жай сөйлемнің айтылу мақсатына және құрылысына қарай бөлінетін түрлері; Құрмалас сөйлем, оның түрлері.

Оқу процесінің нәтижесі

Нәтижесінде тіл дыбыстары және олардың түрлерін; буынды және оның түрлерін; сөзге тән белгілерді және сөз мағынасының түрлерін; омонимдерді, антонимдер мен синонимдерді, фразеологизмдерді, олардың стильдік қызметін; сөздердің қолданылу аясына қарай бөлінетін түрлерін (көнерген сөздер, диалект, кәсіби сөздер, терминдер, неологизмдер); жалаң және күрделі сөздің морфологиялық құрамын; сөз таптарын және әр сөз табының түрлену жүйесін; сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін және сөз тіркесінің түрлерін; тыныс белгілерінің түрлеріп және олардың қойылатын орындарын білуі тиіс; сөз таптарына толық морфологиялық талдау жасауды; тыныс белгілерін дұрыс қоюды үйренуі тиіс.




Пән атауы

^ Жаратылыстану негіздері

Қысқартылған атауы

ZhN1211

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

1/2

Оқытушының аты-жөні

Тастанов Е.А.

Доцент/ оқытушы

доцент м.а., б.ғ. к.

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-15, практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30/ лекция- 15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбеккөлемі

90/ 45сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2/1 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Мектептегі география, өсімдіктану, жануартану, және оның экологиясы

Білім беру мақсаты:

Курстың мақсаты: болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін Дүниетану пәнін окыту үшін қажетті білім-білік, дағдымен қаруландыру.

«Өлкетану» тарауы студенттерді өз аймағының табиғатын зертеудің әдістері мен мазмұнымен таныстырады. Студенттерді өсімдіктер және жануарлар құрылысымен, әралуандылығымен таныстыру;

Өсімдіктер мен қоршаған орта арасындағы, өсімдіктер мен жануарлар арасындағы және жануарлар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты көрсету;

Өсімдіктер мен жануарлар мүшелерінде жүретін процестерді түсіну;

Өсімдіктер мен жануарлардың мақызын көрсету;

Жануарлар және өсімдіктер ресурстары, бірлестіктері мен оларды қорғау жолдарын керсету.

Мазмұны

^ Дәрістер: Кіріспе. Географиялық қабықтар - жалпы жертану пәні.

Жертанудың пәнінің мақсатты. Географиялық ғылымдар жүйесіндегі жертанудың алатын орны. Жер, Күн жүйесі және Жер ғаламшарының орны. Жердің ғаламшар ретіндегі жалпы сипаттамасы. Жер қозғалысы. Сұлба және карта. Географиялық карта және сұлба туралы түсінік.

Жердің ішкі құрылысы. Литосфера. Жер қыртысы, мантия, ядро жвне онда өтетін процестердің географиялық қабықшаның дамуы үшін маңызы. Литосфера. Жердің беткі қабатын өзгертетін ішкі процестер. Минералдар мен тау жыныстары. Жер бетінің рельефінін пішіндері (нысандары). Рельеф. Гидрасфера. Гидросфера туралы түсінік. Атмосфера. Атмосфера туралы үгым. Атмосферанын құрамы мен құрылысы. Тірі организмдер құрылысы Организм және орта Тірі организмлердің көп түрлілігі»

Оқу процесінің нәтижесі

Студенттер негізгі географиялық ұғымдармен танысып, географиялық қабықта өтетін негізгі процестерді зерттеуді үйреніп, географиялық объектілердің, құбылыстар мен процестердің өзара тығыз байланыста болатындығын, сондықтан табиғатты қорғау шараларының қажетті екендігін түсінеді. Сонымен қатар, курс барысында студенттер атластармен, карталармен, глобустармен теллуриймен, метеоқұралдармен, тау жыныстары мен минералдардың жиынтықтарымен жұмыс істеуді игеруі тиіс. Студенттер минералдар мен тау жыныстарын анықтауды және жыл бойы байқалатын атмосфералық (ауа райы) құбылыстарды сараптауды үйренуі тиіс.



2-семестр


Пән атауы

Қазақстан тарихы

Қысқартылған атауы

ҚТ1101

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

І

Оқытушының аты-жөні

Шакаева Мариям Жаңбырбайқызы

Доцент/ оқытушы

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбеккөлемі

135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы

Білім беру мақсаты:

^ Курстың мақсаты: Халықтық тарихи сананың қайта жаңғыруының негізгі болып табылатын еліміздің өткен тарихын кеңестік идеологиялық қасаңнан арылта отырып шындық тұрғысынан зерттеу және оқып-үйрену.

^ Курстың міндеттері: Болашақ мамандарды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу. Тарихи білім жас ұрпақты халқымыздың тарихы мен мәдениетінің бастауларымен сусындата отырып, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Бұл курсты оқыту барысында студенттерге нақтылы тарихи материалдарға методикалық талдауды игеруге және тарихи процестердің объективті заңдылығын ашуға көмектесу.«Қазақстан тарихы» пәнінде болып жатқан коннцептуалды өзгерістер және оның маңызын түсіндіру. Деректік материалдармен жұмыс жасау әдісін үйрету. Тарихи сананы қалыптастыру. Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру.

^ Курстың құрылымы: Қазақстан тарихын оқу нәтижесінде студенттер меңгеруге тиісті материалдар: қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері; Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер; қазақ хандығының құрылуы; қазақ хандығының әлеуметтік-саяси тарихы; Қазақстан Ресей империясының құрамында; Қазақстан азаматтық қарсыласық жылдарында; Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан; тәуелсіз Қазақстанның көп векторлық сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен бағыттары.


Мазмұны

^ Лекциялар: «Қазақстан тарихына» кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.

Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит (ерте тас ғасыры). Мезолит (орта тас ғасыры). Неолит (жаңа тас ғасыры). Энолит (мыстытас ғасыры). Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII-IХ ғғ.). Ерте мемлекеттік құрылымдар.Сақтар (Б.з.б. VII-III ғғ.). Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. ІІ- б.з.V ғ.ғ.). Ғұндар. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-Х ғғ.). Түрік қағанаты (552-603 жж.). Түркеш қағанаты (704-756 жж.). Қарлұқ мемлекеті (776-940 жж.). Оғыздар. Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Қимақ қағанаты (ІХғ. соңы -ХІғ. басы). VІ-Х ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы - XIII ғғ.).Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарақытай (1128-1213 жж.).

Найман мен кереит ұлыстары (ХПғ. басы - ХІПғ.). Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1224). XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен медениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХШ ғ.) Алтын Орда (1243 - XV ғ. ортасы). ХIV-ХVғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басы). Кешпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468жж.) Ноғай ордасы (Манғыт үйі) - XIV ғ. соңы - XV ғ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы - XVI ғ.). Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері ХV-ХVIII ғғ. Қазақ хандығы Қазақстанның XIV ғасырмен XVIII ғғ. бас кезіндегі мәдениеті.

Жаңа замандағы Қазақстан (ХVIII-ХХғғ.).Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы.Қазақстан мәдениеті. (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) .

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.). халық трагедиясы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз). Қазақстандағы ЖЭС Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы.

Қоғамдық-саяси ситуация. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.). Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысында Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД). Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Экономикалық даму. Қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты.

^ Практикалық сабақ: Қазақстан тарихына кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қола дәуірі және ерте көшпенділер. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Қазақстан орта ғасырларда. Қазақстанның ҮІ - ХІІ ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері. Қазіргі замандағы Қазақстан. Қазақстан өміріндегі социализм. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан территориясында мемлекеттік эволюция. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік өркендеуі. Қазақстан Республикасының суверенитеттік-этаптық даму. Қазіргі Қазақстанның негізгі даму ерекшеліктері. Қазақстанның ішкі экономикалық және ішкі саяси инициативасы және байланысы. Қазақстанның қазіргі этаптағы ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері.

Оқу процесінің нәтижесі

Қолдағы ақпараттармен салыстыра отырып өз халқының тарихында болған оқиғаларға анализ жасай білу, басты бағыттарды жіктеп, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, тарихтың барлық кезеңдері Қазақстанның өзге мемлекеттердің сыртқы саясатында алатын орны және өзара қалыптасып отырған қатынастары.

Тарихи білімін шығармашылық түрде қолдана білу, құндылықтары мен сенімін, гуманизмін көрсете білу, қазақ халқының және біздің республикада өмір сүретін барлық халықтардың тарихи мұраларын құрметтеу.




Пәннің аталуы

^ Шетел тілдері

Қысқартылған атауы

ShT1103-2103

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 2/3

Оқытушының Т.А.Ә.

Кафедра

Доцент/оқытушы

Кафедра

Жұмыс тілі

Шетел тілі / казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ Міндетті компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45./ Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Жоғары оқу орнында белгіленген бағытта жалпы білім беретін блоктың пәні ретіде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты шетел тілін ауызекі және тұрмыстық тіл ретінде меңгеру және шетел тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдану үшін мамандық тілі ретінде меңгеру болып табылады.

Мазмұны

Практкиалық: Шетел тілдерін меңгерудің жалпы еуропалық хабардарлығы бойынша (2001 ж.) шетел тілін оқып-білудің бастапқы және жетілген деңгейлерін игеру (А1, А2 және В1). Сөйлеу қызметінің басты түрлері мен формаларын игеру үшін фонетикалық және лексика-грамматикалық минимумдарын меңгеру. Фонетика: әріп және әріп тіркесін оқу мен айтудың негізгі ережелері. Тілдің орфоэпиялық нормалары. Сөйлеудің интонациялық-ырғақтығы бейнесі. Орфографиялық: тілдің дыбыс-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасамдық моделдер; базалық тілдің 3500 бірлік көлеміндегі лексикалық минимумы, сонымен қатар мамандық саласына сәйкес терминдер; қолданылу саласы бойынша лексиканың дифференциациясы. Грамматика: базалық тілдің негізгі грамматикалық жәнен мамандыққа жақын тілдің неғұрлым жиі кездесетін құбылыстары. Сөйлеу қызметінің түрлері мен формалары.

Оқу. А 1. Таныс есімдерді, сөздерді, сондай-ақ жай сөйлемдерді хабарландырудан, каталогтан, плакаттардан түсіну.

А 2. Күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым мәтіндер: жарнамалар, проспектілер, мәзірлер, кестелерден қысқа және жеңіл мәтіндерді, айтып бере алатын нақты мәліметтерді таба білу. Өзіндік жеке сипаттағы қарапайым жазбаны түсіну.

В 1. Жиі кездесетін сөздері мен конструкциялары бар күнделікті және кіші кәсіптік саладағы мәтіндерді түсіну. Өзіндік жеке сипаттығы жазбадан оқиға, сезім, ниет қалыбын түсіну.

Аудиториялау. А 1. Адамға, оның отбасына, тікелей қоршаған ортаға қатысты таныс сөздер мен жиі қолданыстағы мағынаны түсіну.

А 2. Адам мен оны қоршаған ортаға қатысты (мысалы, отбасы, сатып алу, жақын араласатын орта, жұмыс) жиі пайдаланылатын сөздер мен мағыналарды түсіну. Жалпы сипаттығы қысқа анонс пен жеңіл хабарларды түсіну.

В 1. Тұрмыстық тақырыптағы (жұмыс, оқу, демалыс және т.б.) түсінікті және әдеби нормаларды сақтап құрастырылған мағыналарды түсіну. Егер сөйлеу анық және баяу болса, радио және телехабардың, сондай-ақ өзіндік жекеге немесе кәсіптік қызығушылыққа қатысты бағдарламалардың көпшілігін түсіну.

Айту, Монолог. А 1. Тұрып жатқан жері мен таныстары туралы мәліметті жеңіл сөйлемдермен айтып беру.

А 2. Өзінің отбасы, өмірі оқуы, жұмысы және әр түрлі адамдар туралы айта білу.

В 1. Күрделі емес сөйлемдерді пайдалана, отырып өзінің көзқарастарын қысқаша баяндау және дәлелдей білу; өз пікірін айта от ырып, кітаптар мен фильмдердің мазмұнын бере білу.

Сұхбат. А. 1 Егер әнгімелесуші сіздің өтінішіңіз бойынша өз сөздерін ақырындап қайталап немесе өзінің ойын қайта түсіндіріп берсе, онда сұхбатқа қатысу. Қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға оқып жатқан тақырып шеңберінде жауап беру.

А 2. Белгілі бір тақырып немесе қызмет түрі шеңберінде тікелей ақпарат айырбасын талап ететін жай және күнделікті жағдайларда сөйлесе білу.

В 1. Оқып жүрген тілге қатысты мемлекеттердің біріне сапар шеккен кезде пайда болуы мүмкін қарапайым жағдайлардың көпшілігінде сөйлесе білу. Әр түрлі тақырыптағы сұхбаттарға дайындықсыз – ақ қатыса білу (мысалы, отбасы , бос уақыт, жұмыс, саяхат, т.б.).

Хат. А 1. Қарапайым сәлемдемелерді жаза (мысалы, құттықтау), бланкті толтыра және қонақ үйге тіркеле білу.

А 2. Қарапайым қысқа сәлемдемелер мен хабарламаларды, сонымен бірге жеке хаттарды жаза білу (мысалы, бір нәрсе үшін алғыс білдіру).

В 1. Таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға жеңіл байланыстырылған мәтінді, сонымен бірге толғаныс пен әсерлері туралы жеке хаттарды жаза білу.

Оқу жұмысының нәтижелері

Емтихан




Пән атауы

Информатика

Қысқартылған атауы

Inf 1105

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

1

Оқытушының аты-жөні

Кафедра

Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-30, лабораториялық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбеккөлемі

135сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер:

Білім беру мақсаты:

Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемдегі білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

Мазмұны

^ Дәрістер: Информатика негізі және есептеу техникасының архитектурасы мен программалық жабдықталуы. Алгоритмдер

Информатка пәні, объектілері және оның құрамдас бөліктері.Дискретизация түсінігі, тілдер – объектілерді және процесстерді бейнелеу әдістері. Суреттерді форматизациялау. Компьютерлік графика түсінігі. Информатиканың геометриялық түсінігі. Компьютерде акпаратты бейнелеу. Буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. Компьютедің жадысын ұйымдастыру. Командалар және адрестер жүйесін жүйесін ұйымдастыру. Ақпаратты сақтаудың техникалық құралдары. Жадыны басқару, мильтипроцессорлық есептеу жүйелері: есептеу процесі ажырату, программаларды ажырату, қабатты-параллельдік формалар, гипераудандар өрісі. Қазірг замандағы программалық құралдар. Программалау жүйесінің программалық, тілдік және информациялық жабдықталуы. Компиляторлар және интерпретаторлар. Стандартты программалар.

Программалауға кіріспе. Алгоритмдер (типтері, қасиеті, бейнелеу әдістері). Алгоритмдік құрылымдар. Программалауды үйрететін тілдерді шолу, жалпы бағыттағы программалау тілдері.

Негізгі алгоритмдер. Есеп шығарудың негізгі программалық нәтижелі схема. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Тізбектерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Деректердің ақпарттық құрылымдары туралы жалпы мағлұмат. Есепті тиімділеу. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері. Модульдік және құрылымдық программалаудың концепциясы. Объектіге бағыталған программаларды шолу.

Қолданбалы программалық жабдықтау. Ақпаратты өңдеу құралдары.

Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау .

MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану.

Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS

Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазу.

Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілері. Кестеаралық байланыс. Кесте құру режімдері. Сұраныс. Қалып түрлері. Есеп. MS Access-те беттермен жұмыс. Макрос және модульдер

Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point құжатының құрылымы. Слайд құру режімдері.

^ Компьютерлік желілер, желілік және телекомуникациялық технологиялар.

Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютердің желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру.

Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды, деректер тасымалдау әдістерін шолу. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері.

Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері.

Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: қысқа мінездеме, негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау технологиясы.

Практикалық: Санау жүйелері. Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару. Есептерді алгоритмизациялау. Сызықты, тармақты және циклдік алгоритмдер. Жүйелі программалық алгоритмдер. Архиваторлар, антивирустық программалар, утилиттер. Windows ОЖ орнату. Жұмыс үстелінде объектілерді құру, жою және қалпына келтіру. Мәтіндік редакторлар.MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану. MS Word-та диаграммаларды орнату. MS Word программасында формулаларымен жұмыс.

Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазуды қолдану. Windows жүйесіндегі EXCEL программасында диаграмма тұрғызу мүмкіндіктері. EXCEL программасының математикалық қосымшалары. Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілеріндегі кестеаралық байланыс. Кесте құру, сұраныс. Қалып түрлерін қолдану. Есеп беру. MS Access-те беттермен,макрос және модульдер құру. Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point-та слайдтар құру. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру. Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды қолданып, деректер тасымалдау әдістері. Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері.

Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: мінездеме және негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау.

Оқу процесінің нәтижесі

«Информатика» курсын оқу барысында студенттерде компьютерді жатық меңгеру және бағдарламалау тілдерінде есептерді шешу біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, информатиканың басты идеялары мен дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері баяндалады.

Әрбір зертханалық жұмыстар сәйкес тақырыпқа арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Келтірілген мағлұматтар түсініктемелер және оларға қажетті суреттермен жабдықталады.





Пәннің аталуы

1. Абайтану

Қысқартылған атауы

Aba1102

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ таңдамалы компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Мазмұны

Дәрістер: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай — ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Ақынның шығыс шайырларына қатысы. Абай — қазақ поэзиясындағы жаңашылдығы. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абайдың ақын шәкірттері. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның сыншылдық көзқарастары. Абайдың лирикасы. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. М.Мырзахметовтың зерттеуіндегі Абайтану мәселелері.

^ Семинар сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі.Абайдың ағартушылық қызметі. Әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым.Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері.Абайтану ілімінің тарихы.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері


Ауызша емтихан




Пәннің аталуы

2. М.Әуезовтің шығармашылық қызметі

Қысқартылған атауы

Aba1102

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ таңдамалы компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ әдебиеттану ғылымының дербес бір саласы болып қалыптасқан Мұхтартану ғылымы – бұл күндері жан-жақты дамыған, өсіп жетілген іргелі саланың бірі. М.Әуезов творчествосы жүйелі түрде оқытылып, терең мазмұнда таныту үлкен мақсатты көздейді. Ғасырлар бойы арманы болған азаттыққа енді ғана қолы жеткен өскелең ұрпағының санасына ұлы жазушының сан қилы өмір жолын, әлемдік деңгейге көтерілген шығармашылық сапарын оқыту арқылы ұлттық болмыс, тәрбиелік тағылым беру жүзеге асырылады. Әуезов мұрасы – ұлттың рухани байлығы. Мұхтартану курсының басты мақсаты айқын міндетінің бірі де осы рухани байлықты игеру, игілікке жарату болып саналады.

Мазмұны

Дәрістер: М.Әуезовтың «Абай Құнанбаев» монографиясы. Мұхтартану ғылымы және оның міндеті мен мақсаты. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі. Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармалары. М.Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар. Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. М.Әуезов романдарының жанрлық сипаты. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романының жазылу тарихы, романның тақырыбы. М. Әуезовтің драмалық шығармалары. Жазушының әңгіме жанры.

М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші. М. Әуезов және әлем әдебиеті. Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов туралы естеліктері.

^ Семинар сабақтар: М.Әуезов – Абайтанушы. Әуезов туралы сөз. Әуезов - ұлы суреткер .Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің әңгімелерінің әдеби прцестің дамуына әсері. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. Мұхтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме-повестеріндегі тарихи шындық. «Қилы заманның» жазылу тарихы, тағдыры. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романындағы дәуір шындығы. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.М. Әуезов туралы естеліктерге шолу. Әуезов және оның шәкірттері М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші.Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов және әлем әдебиеті. М.Әуезов шығармаларындағы жанрлық ерекшеліктері.



Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері


Ауызша емтихан




Пәннің аталуы

3. Абайдың әлем әдебиетінен алатын орны.

Қысқартылған атауы

Aba 1102

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ таңдамалы компоненті

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы университеттердің филология факультеттерінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін типтік оқу бағдарламасы негізінде XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті курсының құрамында оқытылады. Онда Абайдың өміpі мен шығармашылығы төңірегінде белгілі-бір дәрежеде кең мағлұмат беріледі.

Абайтану пәнін студенттердің игеру барысында алған білімдерін одан ары тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Сонымен қатар Абай шығармашылыгының зерттелуі, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Қазақ әдебиеттану ғылымы және Абай шығармашылығы. Ақынның әлем әдебиетіндегі орны. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетіндегі төл туынды.

М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. Абай жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі.Абайдың шығыс әдебиетіндегі «нәзирагөйлік» үлгісі. Абай және Батыс әдебиеті. Абайдың әлем әдебиетіндегі орны. Абай туралы пікір айтқан шетел ғалымдары мен ақын-жазушылары. Абай шығармашылығының әлем әдебиетіндағы орны. М. Әуезов – Абай есімін әлемге танытушы.

^ Семинар сабақтар: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. Абай жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. Гете және Абай. Абай туралы естеліктерге шолу. Абайдың түркі халықтары ақындарына ықпалы. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай және әлем әдебиеті. Абай шығармаларының маңызы. Абайтану ғылымының қалыптасуы. Абайтану ғылымын зерттеген қазақ ғалымдар. Мұхтар Әуезовке байланысты жазылған ғылыми еңбектер. Көркем әдебиеттегі Абай бейнесі. Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі. Абай шығармаларының жазушыға әсер ықпалы. Ақынның жазушылық, ғалымдық, қайраткерлік қызметі.


Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері


Ауызша емтихан




Пәннің аталуы

^ Тәрбие теориясы

Қысқартылған атауы


TT 1203

оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Куатова Ж.Ж.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Базалық компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Дидактика», «Педагогика тарихы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін – жаңа педагогикалық ойлауға бағыттайды. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, әдістері, құралдары және формалары жайлы теориялық білімдер мен оларды тәжірибеде қолдану іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің заңдылықтары мен принциптері. Тәрбие процесінде тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері,құралдары және формалары. Дүниеге көзқарас қалыптастырушы тұлғаның негізі. Ұжым тәрбие құралы.Отбасы тәрбиесі.

Практикалық сабақтар: Тәрбие –педагогикалық құбылыс. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері. Тұтас оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Бсатауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесі. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі. Отбасы -әлеуметтендіру мен тәрбиенің субьектісі. Тұлға және ұжым.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде жаңа тәрбие әдістерін,құраладарын меңгеру болашақ мамандарды бүгінгі күнде бiлiм жүйесiне қойылатын талаптар мен бiлiм берудiң бастауыш сынып мұғалімдерін жаңа мазмұнымен таныстырады, мектептегi тәрбие процесiн тәрбие әдістерін тиімді қолдану негізінде оқушы тұлғасын жан-жақты жарасымды қалыптастыру үрдісін басқару мен ұйымдастырудың формалары, әдiс-тәсiлдерiмен қаруландырады.

^ Емтихан (2семестр)



2-курс

3-семестр


Пәннің аталуы

^ Шетел тілдері

Қысқартылған атауы

ShT1103-2103

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Кафедра

Доцент/оқытушы

Кафедра

Жұмыс тілі

Шетел тілі / казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖБП міндетті компонент

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Жоғары оқу орнында белгіленген бағытта жалпы білім беретін блоктың пәні ретіде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты шетел тілін ауызекі және тұрмыстық тіл ретінде меңгеру және шетел тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдану үшін мамандық тілі ретінде меңгеру болып табылады.

Мазмұны

Шетел тілдерін меңгерудің жалпы еуропалық хабардарлығы бойынша (2001 ж.) шетел тілін оқып-білудің бастапқы және жетілген деңгейлерін игеру (А1, А2 және В1). Сөйлеу қызметінің басты түрлері мен формаларын игеру үшін фонетикалық және лексика-грамматикалық минимумдарын меңгеру. Фонетика: әріп және әріп тіркесін оқу мен айтудың негізгі ережелері. Тілдің орфоэпиялық нормалары. Сөйлеудің интонациялық-ырғақтығы бейнесі. Орфографиялық: тілдің дыбыс-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасамдық моделдер; базалық тілдің 3500 бірлік көлеміндегі лексикалық минимумы, сонымен қатар мамандық саласына сәйкес терминдер; қолданылу саласы бойынша лексиканың дифференциациясы. Грамматика: базалық тілдің негізгі грамматикалық жәнен мамандыққа жақын тілдің неғұрлым жиі кездесетін құбылыстары.

Сөйлеу қызметінің түрлері мен формалары.

Оқу. А 1. Таныс есімдерді, сөздерді, сондай-ақ жай сөйлемдерді хабарландырудан, каталогтан, плакаттардан түсіну.

А 2. Күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым мәтіндер: жарнамалар, проспектілер, мәзірлер, кестелерден қысқа және жеңіл мәтіндерді, айтып бере алатын нақты мәліметтерді таба білу. Өзіндік жеке сипаттағы қарапайым жазбаны түсіну.

В 1. Жиі кездесетін сөздері мен конструкциялары бар күнделікті және кіші кәсіптік саладағы мәтіндерді түсіну. Өзіндік жеке сипаттығы жазбадан оқиға, сезім, ниет қалыбын түсіну.

Аудиториялау. А 1. Адамға, оның отбасына, тікелей қоршаған ортаға қатысты таныс сөздер мен жиі қолданыстағы мағынаны түсіну.

А 2. Адам мен оны қоршаған ортаға қатысты (мысалы, отбасы, сатып алу, жақын араласатын орта, жұмыс) жиі пайдаланылатын сөздер мен мағыналарды түсіну. Жалпы сипаттығы қысқа анонс пен жеңіл хабарларды түсіну.

В 1. Тұрмыстық тақырыптағы (жұмыс, оқу, демалыс және т.б.) түсінікті және әдеби нормаларды сақтап құрастырылған мағыналарды түсіну. Егер сөйлеу анық және баяу болса, радио және телехабардың, сондай-ақ өзіндік жекеге немесе кәсіптік қызығушылыққа қатысты бағдарламалардың көпшілігін түсіну.

Айту, Монолог. А 1. Тұрып жатқан жері мен таныстары туралы мәліметті жеңіл сөйлемдермен айтып беру.

А 2. Өзінің отбасы, өмірі оқуы, жұмысы және әр түрлі адамдар туралы айта білу.

В 1. Күрделі емес сөйлемдерді пайдалана, отырып өзінің көзқарастарын қысқаша баяндау және дәлелдей білу; өз пікірін айта от ырып, кітаптар мен фильмдердің мазмұнын бере білу.

Сұхбат. А. 1 Егер әнгімелесуші сіздің өтінішіңіз бойынша өз сөздерін ақырындап қайталап немесе өзінің ойын қайта түсіндіріп берсе, онда сұхбатқа қатысу. Қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға оқып жатқан тақырып шеңберінде жауап беру.

А 2. Белгілі бір тақырып немесе қызмет түрі шеңберінде тікелей ақпарат айырбасын талап ететін жай және күнделікті жағдайларда сөйлесе білу.

В 1. Оқып жүрген тілге қатысты мемлекеттердің біріне сапар шеккен кезде пайда болуы мүмкін қарапайым жағдайлардың көпшілігінде сөйлесе білу. Әр түрлі тақырыптағы сұхбаттарға дайындықсыз – ақ қатыса білу (мысалы, отбасы , бос уақыт, жұмыс, саяхат, т.б.).

Хат. А 1. Қарапайым сәлемдемелерді жаза (мысалы, құттықтау), бланкті толтыра және қонақ үйге тіркеле білу.

А 2. Қарапайым қысқа сәлемдемелер мен хабарламаларды, сонымен бірге жеке хаттарды жаза білу (мысалы, бір нәрсе үшін алғыс білдіру).

В 1. Таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға жеңіл байланыстырылған мәтінді, сонымен бірге толғаныс пен әсерлері туралы жеке хаттарды жаза білу.

Оқу жұмысының нәтижелері

Емтихан



залишити коментар
Сторінка2/11
Дата конвертації04.03.2012
Розмір2,84 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
плохо
  1
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх