Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Схожі
Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің...
Диссертация 2010 жылы «28» қазанда сағат 14-00-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Диссертация 2010 жылы «28» қазанда сағат 14-00-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі...
2010 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру...
Диссертация ның...
Диссертация 2010 жылы...
Автореферат 2010 жылы таратылды...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі...
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)...



страницы: 1   2   3   4   5   6   7   8
повернутися в початок




Пәннің аталуы
^

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Қысқартылған атауы

ІҚМТЖ

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық сабақ

Семестр:

3 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Жапбарова Г, Сариева Т.

Доцент / оқытушы:

Доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Таңдау компоненті.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

^ ПС-15, ОБСӨЖ-15, СӨЖ-15

Еңбек сыйымдылығы

45сағ

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.

Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.

Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.

Студенттердің мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін ажырата білуге құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгерту. Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.

Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.

Мазмұны

Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.

Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ. Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты. Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар. Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар. Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады. Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы). Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау. Бұл оқу құралының мақсаты-қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар берілді. Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу. Ресми іс қағаздары мәтіннің коммуникативтік прагматикалық функциясы. Ресми іс қағаздарындағы жазу мәдениеті мен этикет формулалар. Іс қағаздарын жазудың жалпы тәртібі, іс қағаздарының үлгілері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру




^ Пәннің аталуы

Мектепке дейінгі педагогика

Қысқартылған атауы

MDP2201

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Жетпісбаева Г.О.

Доцент / оқытушы:




Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-45, практикалық-30, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизитер: «Педагогика», «Психология»


Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мектепке дейінгі педагогика пәні, мақсаты, міндеті. Мектепке дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу ерекшеліктері. Балабақшада оқыту - тәрбиелеу бағдарламасының дамуы. Сәби шақтағы балаларды оқыту және тәрбиелеу теориясы мен практикасы. Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеті.Ойыншықтар. Мектепке дейінгі балалардың коммуникативті әрекетін ұйымдастыру және әдістемесі. Еңбек әрекеті. Балабақша дидактикасы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу-танымдық әрекетінің ерекшеліктері. Баланы мектепке дайындау.Мектепке дейінгі ұйым мен мектептегі оқу тәрбие процессінің сабақтастығы. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы.

Мазмұны

Дәрістер: Мектепке дейгнгі педагогика пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогикалық зерттеу әдістері. Балалардың дамуы және тәрбиелеу. Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы. Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы. Сәби шақтағы балалардың дамуы және тәрбиелеу. Нәрестелік шақтағы балалар тәрбиесі. Екі және үш жастағы балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Ақыл-ой тәрбиесі теориясы және әдістемесі. Сенсорлық тәрбие. Адамгершілік тәрбиесі теориясы мен әдістемссі. Еңбек тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Экономикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойыны. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы. Балаларды мектепке дайындау. Мектепке дейінгі ұным және мектеп

Практикалық: Баланың өзін көрсетуге барынша ұмтылуы, оның «мені», өз қасиеттеріне зор ынта қоюы жиі байқалады блалардың өзіндік санасы мен өзін өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаы қайталайды. Бірақ бала неғұрлым есейген сайын оның мінез-құлқыдайын бағалардан көрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі.

Өз «менінің» бейнелері күрделі, әрі бір тектес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» де, қиялдағы «мен» де динамикалық «мен» де, көз алдына елестететін басқа да толып жатқан «мендер» бар.

Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Біреуі, өз талаптарының деңгейін өзінің жеке мүмкіндігімен өлшемдестіру. Бірақ баланың өмірлік тәжірибесінің аздығы мұндай өлшемді қиындатады. Ересектердің көзқарасы тұрғысымен қарағанда баланың қыйсынсыз көптеген қылықтары қауіпті сотқарлығы, даңғойлығы,-көзг түсіп, айаласына танылғыы келгеннен көрі өзінің батылдығын, өжеттігін тағы да басқа ерекшелктерін көрсеткісі келеді. Өзіне-өзі талда жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін өзі ашу осы адам өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланыста. Өзін-өзі талдауды қажетсінудің өзі дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты. Баланың «мен өзім» деген бейнесіндегі жағымды жағдайларды сезініп, з-өзіне ризашылықпен және сын көзбен қарауға тәрбиелеу қажет екені айтпаса да белгілі. Балалардың рухани және тәндік психологиялық дамуы кеңейтіп, өз құқылары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейтіп отыруымыз қажет.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді игеру қажет: мектепке дейінгі педагогика ғылымының зерттеу әдістерін; сәби шақтағы балалардың дамуы және тәрбиелеу заңдылықгарын; мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшеліктерін; мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың теориялық негіздерін; мектепке дейінгі педагогикадан меңгерген теориялық білімі ғылыми және практикалық мәселерді шешуге құзыреттілігі; мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекетіыің ерекшеліктерін білуі; жаңа сұранысқа сәйкес оқу-тәрбие процесін жүргізетін, әдіс-тәсілдерді түлендіретін; педагогикалық технологияларды меңгерген, кәсіби құзыреттілігі мол, кісілік келбетті маман болуы тиіс.




^ Пәннің аталуы

Бейнелеу өнері теориясы және әдістемесі

Қысқартылған атауы

БӨТжәнеӘ

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс , ОСӨЖ ,СӨЖ, Лаб. сабақ

Семестр:

3,4 ,5семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Копжасарұлы Е.

Доцент / оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент (МК)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс -15, Лаб. сабақ -30,СӨЖ -45сағат, ОСӨЖ -45сағат

Еңбек сыйымдылығы

135 -сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

3-кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан қоғамның көркемдік өмірі мен алғашқы қауым өнерінен бастап, қазіргі кезең өнер тарихымен таныстыру. Бейнелеу өнері түрлері мен жанрлары, әр дәуірдің көркемдік стилдерін анықтау Сұңғат мектептерінің шығармасын айыра білуге, суретшінің жазба мәнері мен өзіндік көркемдік мектептерді тани білуге үйрету.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың алдына қойған мақсаты оқу жұмысының төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асырылады: дәріс сабақтар, педагогпен бірлескен жұмыс студепнттердің өздік жұмыстары. Студенттер дәріс сабақтарында бейнелеу өнерінің теориялары, түрлері, жанрлары, әсерлі құрал тәсілдері, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу формалары, әдістері. мазмұны, міндеттері мақсаттарымен танысады.

Мазмұны

«Бейнелеу өнері теориясы және әдістемесі» пәні «Мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығындағы оқу жүйесінің негізгі пәндерінің бір болып табылады. Қазіргі заман талабы болашақ ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі мен көркемдік білімін жетілдіру кажеттілігін тудырып отыр. Сұлулық. қоғамдық тәжірибеде, адамдар қарым-қатынасында, олардың қажеттіліктерінде, эстетикалық көзқарастар мен коркемдік талғамдарына бірте-бірте еніп келеді. Осыған байланысты мектепалды жасындағы балаларға эстетикалық. тәрбие беру талабы өсіп отыр. Бейнелеу енері балаларға эстетикалық тәрбие беруді, шығармашылық тәжірибе мен балалардың эстетикалык козқарастарын қалыптастыруды, көркемдік шығармашылықтарын дамытуды көздейді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Өнердің негізінде көркемдік шындық көрсетілген, сондықтан да болашақтағы «Мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу» пәнінің мамандары адамдардың көркемдік бейнесін, олардың сезімін, ойын, көзқарастарын қалыптастыратын, оларды тәрбиелейтін , ой-өрістерін дамытатын, пәнді терең біліп бағалайтын маман болуы қажет.




^ Пәннің аталуы

Дүниетану теориясы мен әдістемесі

Қысқартылған атауы

DТА2209

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3,4,5

Оқытушының Т.А.Ә.

Сихымбаева С.М.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, лабораториялық -45, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиті ( курсты оқып үйрету үшін студент нені білу керек)

Табиғатты құраушы өлі және тірі табиғи элементтердің түрлерін. Өсімдіктердің түрлері, олардың маңызы, көптүрлілігін. Жануарлардың түрлері, олардың табиғаттағы орны, құрылысын, маңызын, экологиясын білу керек. Географиялық ұғымдарды, өлкетану жолдары мен түрлерін білу керек. Ауа, су, топырақ құрылымдары,олардың қасиеттерін білу керек.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Биосфера және оның шекаралары. Тірі организмдердің тіршілік ортасы. Жануарлар және өсімдіктер дүниесі тіралы жалпы түсінік. Адам және тірі организм. Жануралар мен өсімдіктердің табиғатта және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. Табиғатпен таныстырудың формалары мен әдістері. Балалардың дамуындағы қоршаған ортаның маңызы. Балаларға экологиялық тәрбие беру. Жер үлескесі мен тірі табиғат мүйісінің балаларды табиғатпен таныстырудағы орны, тәрбиешінің жетекшілігі. Мектепалды жастағы балаларды қоршаған ортамен таныстыру әдістемесінің ерекшелігі.

Мазмұны

Дәрістер:" Дүниетану теориясы мен әдістемесі "-ғылыми педагогикалық пән. Оның бастауыш білім беру жүйесіндегі орны. Лекциялық курста мемлекеттік білім беру стандарты, оқу бағдарламалары, қазіргі кездегі көп нұсқалық бағдарламалы оқулықтар талданады; оқыту әдістемелері оқытылады; әдістемелік тәсілдер, сабақ түрлері (кіріспе, аралас, заттық, қорытынды, топсеруен, ойын, сарамандық, пікірталас) пайдаланылады.

Семинар сабақтарда күнделікті сабақтар әдістемелері, сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстар талданады. Көпшілік жұмыстарды өткізу, ұйымдастыру және дайындау жұмыстары. Оқушылардың мұғалімнің көмегімен өз бетімен орындайтып тапсырмаларында бастауыш сынып оқушыларына қажетті такырыптар шығарылады. Онда сабақ түрлері бойынша әр түрлі сабақтардың кеңейтілген сабақ жоспарлары талданады.Окушы білім-білігін, дағдысын бағалаудың жолдары мен түрлері қарастырылады. Материалдық база, көрнекіліктер, тірі табиғат мүйісі, оны ұйымдастыру жолдары қарастырылады. Кіші комплектілі мектептер, олардың ерекшелігі талданады

Лабораториялық:Қоршаған ортамен таныстыру негізінде балаларға адамгершілік тәрбие беру. А.Я.Герд- жаратылыстану пәндерін оқытудың әдістемесін негіздеуші, табиғатқа өздігімен бақылау жүргізудің әдіс-тәсілдері, лабораториялық жұмыстар жүргізу, табиғатқа шығатын топсаяхаттың маңызы туралы.

Білімнің тәрбиелік, дамытушылық принципі. Экологиялық білім мазмұнын іріктеу мына принциптерге негізделеді: берілетін білімнің ғылымилығы, жас ерекшелік теріне сәйкестігі, түсініктілігі, жүйелілігі, бірізділігі және тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігі. Көрнекіліктің баланың ақыл - ойын дамытудағы, алға қойған мақсатқа жетудегі маңызы: сұрақтар беру, байқап зерттеп қарау, салыстыру, нысандардың байланысын, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын табу, түр - түсін анықтау. Бақылау кезінде әр жастағы топтарда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Табиғат, табиғат құраушы элементтердің бір-бірімен үйлесімділігін, табиғи құбылыстарының түрлері мен заңдылықтарын ажырата біледі. Географиялық аспаптармен, лабораториялық құралдармен жұмыс істеу дағдысын біледі. Оқу-тәрбие процесіндегі оқу формалырын ұйымдастыру түрлерін олардың әдістерін меңгереді. Экологиялық тәрбие түрлерін үйрету жолдарын біледі.Сабақтан тыс ұйымдастырылатын оқу түрлерін,ұйымдастыру жолдарын біледі. Сабақта қажетті көрнекіліктер классификациясын, көрнекіліктерді қолдан даярлау әдістемесін меңгереді. Шағын комплектелі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін,оны жүргізу әдістерін меңгереді.




^ Пәннің аталуы

Мектепке дейінгі балалардың қарапайым матем. түсініктерін қалыптастыру

Қысқартылған атауы

МDВКМТК2211

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Жетпісбаева Г.О.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық -45, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиті: «Педагогика», «Психология», «Информатика» және т.б. пәндермен тығыз байланысты.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнге сипаттама және курстың міндеттері. Мектепке дейінгі балалардың математикалық қарапайым түсініктерін қалыптастыру курсының теориялық негіздері. Мектепке дейінгі балалардың санау, есептеу ерекшеліктері. Бағдарламалық міндеттер. Санауға үйрету міндеттері, мазмұны және әдістемесі. Мектепке дейінгі балалардың заттың көлемі туралы түсінігін талыптастыру. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық фигура мен заттың формасы, кеңістік туралы түсінігін қалыптастыру әдістемесі. Балалардың уақыт туралы түсінігінің қалыптсатыру ерекшеліктері. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру жұмысын жоспарлау және есепке алу. Балаларды мектепалды даярлау ерекшеліктері. Балабақша мен бастауыш мектептегі математика сабағын оқытудың сабақтастығы.Балабақша менеджерінің математиканы оқытуға басшылығы.

Мазмұны

Дәрістер:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері және мазмұны. Басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі білім беру стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру мәселесі. Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары. Сан және санаудың даму тарихы. Санақ жүйесі және оның дамуы. Мектепте арифметикалық оқытудың тарихы мен әдістерінің дамуы (монографиялық және есептеу әдістері). Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы. Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға қосқан үлесі. Ф.Н.Блехердің балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру туралы бағдарламасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесі. 1950-1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда қара математикалық түсініктерін қалыптастыру мәсслелері жөніндегі педагогикалық-психологиялық ізденістер 1980-1990 жылдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру мазмұнының қалыптасуы. Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері. "Балбөбек" бағдарламасының құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің мазмұны. Сорос бағдарламасы - балалардың шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Мектеп жасына дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру. Оқытудың дидактикалық принциптері. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы. Қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер, ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы.

Практикалық: Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар).

Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар. 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері. 2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш көлеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру

сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету,.санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі. Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. . 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі. Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын санның шығуы.

Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау (санап aлy). Есептеу, есептеудің заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы.

Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруды ұйымдастыру формалары; мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың әдіс тәсілдерін дұрыс таңдай білуге дағдыландыру; қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру курсының теориялық негізін білуі; қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тиімді әдістерін пайдалануды; қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесін оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер түрін, оны тиімді қолдана алу біліктілігі; математикалық терминологияны дұрыс қолдана алу біліктілігі.




^ Пәннің аталуы

Педагогикалық шеберлік

Қысқартылған атауы




Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Куатова Ж.Ж.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Мамандыққа кіріспе», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Дидактика», «Тәрбие теориясы», «Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мұғалімдердің бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру.

Мазмұны

Дәрістер: Педагогикалық шеберлік, оның әлеуметтік мәні мен мазмұны. Кәсіби педагогикалық қызмет-педагогтік шеберлікті қалыптастыру негізі. Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде. Педагог сөзі ақпарат тарату және педагогикалық әсер ету құралы ретінде. Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас. Бастауыш сынып мұғалімдерінің өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы.

Практикалық сабақтар: Педагог шеберлігі, оның компоненттері. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде. Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы. Педагог техникасы. Өзіндік реттеу техникасының негіздері. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас. «Мұғалім-ата-ана»жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-қатынас. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салушы элементтердің бірі. Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі. Педагогтің өзара қызметтестігінің тәсілдері. Байқағыштық бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті. Өзін-өзі тәрбиелеу - бастауыш сынып мұғалімдерінің педагогтік шеберлігін қалыптастырудың бірден-бір жолы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Педагогикалық шеберлікті меңгеру болашақ мамандардың көз-қарастарын дамытуда, болашақ мұғалiм дайындауда оның деңгейiн есепке алу және педагогикалық мәдени қатынасты тәрбиелеу. Тiл жәрдемiн көрсету, педагогикалық қатынас негiзiн қалыптастыру.





залишити коментар
Сторінка3/8
Дата конвертації04.03.2012
Розмір2.42 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт

страницы: 1   2   3   4   5   6   7   8
плохо
  1
отлично
  1
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com

База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Реферати
Автореферати
Методички
Документи
Поняття

опублікувати
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх