Қазақстан республикасы ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты icon

Қазақстан республикасы ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты


1 чел. помогло.
Схожі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі...
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты бакалавриат мамандығЫ...
Курс: 3 Семестр: 5 Дәрістік сағат: 30 Семинар сағат: 15...
А оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтиханының...
Қазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты магистратура мамандығЫ:...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің...
Силлабус
Лекция: 30 сағат...
Лекция: 52
Лекция 45 сағат...




ҚР МЖМБС 7.09.107-2009





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

________________________________________________________________


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім


МАГИСТРАТУРА



МАМАНДЫҒЫ

6М010100 -

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ


СПЕЦИАЛЬНОСТЬ

6М010100 -

^ ДОШКОЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ И ВОСПИТАНИЕ


SPECIALITI

6М010100 -

PRE-SCHOOL TEACHING AND EDUCATION




^ ҚР МЖМБС 7.09.107-2009


Ресми басылым


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Астана

Алғы сөз


1 Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы мен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті ӘЗІРЛЕГЕН және ҰСЫНҒАН

2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы № 26 бұйрығымен ^ БЕКІТІЛДІ және ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 779 бұйрығымен бекітілген 6N0101 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру стандартының ^ ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ


4 Осы стандартта Қазақстан Республикасының 27.07.2007ж.
№ 319-III «Білім туралы» заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.1999ж. № 1290 «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын әзірлеу, бекіту және іске қосу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысының нормалары іске асырылған


5 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 20 мамыр 2008ж. № 18-02-01/3-0104 хатымен КЕЛІСІЛДІ





Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің рұқсатынсыз осы стандартты ресми басылым ретінде көбейтуге және таратуға болмайды.


Мазмұны


1

Қолдану саласы...................................................................................

1










2

Нормативтік сілтемелер......................................................................

1










3

Терминдер мен анықтамалар .............................................................

1










4

Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы....................................

2










5

Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар...........................

3










6

«6М010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның басты міндеттері .............................................................................................



4










7

«6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны ................................................................



4










8

Магистрлік білім беру бағдарламаларының шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар ........................................................


13










9

Магистратураның білім беру бағдарламасын орындағандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.........................................


16













А Қосымшасы (міндетті).....................................................................

18




Б Қосымшасы (міндетті)......................................................................

19



^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК

ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ

___________________________________________________________________


МАГИСТРАТУРА


МАМАНДЫҒЫ 6М010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

___________________________________________________________________ Енгізу күні 2009.09.01

^ 1 Қолдану саласы


Осы стандарт магистратурадағы білім беру бағдарламасы мазмұнының міндетті минимумына және оны бітірушілерді даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

Стандарттың ережелері барлық магистратура бойынша мамандар даярлау ұйымдарында олардың ведомстволық бағыныштылығы мен ұйымдық құқықтық нысандарына тәуелсіз қолдануы және сақталуы тиіс.

Стандартты, сонымен қатар мемлекеттік басқару, білім беру және ғылым ұйымдарын аттестаттау және лицензия беру комиссиялары, оқу-әдістемелік бірлестіктер, тапсырыс берушілер мен жұмыс берушілер пайдалана алады және ол магистрлерді дайындаудың сапасын саралауда негізгі құжат болып табылады.
^

2 Нормативтік сілтемелер



Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме пайдаланылған:

ҚР ЕР 40.1.01-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын құруға, мазмұндауға, рәсімдеуге, мазмұнына және белгілеуіне қойылатын жалпы талаптар;

ҚР МЖМБС 5.04.019-2008 Жоғары білім. Негізгі ережелер;

ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 Магистратура. Негізгі ережелер.


3 Терминдер және анықтамалар


Осы стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес сонымен қатар, бұл стандартта төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылған:

3.1 Кредит: Кәсіби магистратурадағы магистранттың өзіндік жұмысының 3 сағатымен, ал ғылыми және педагогикалық магистратурадағы

___________________________________________________________________

Ресми басылым

магистрантың өзіндік жұмысының 4 сағатымен әрбір аудиториялық жұмыстың академиялық сағаты сәйкестеледі.

^ 3.2 Оқытудың кредиттік жүйесі: Оқытушы мен білім алушының оқу жұмыс көлемін өлшейтін жинақы бірлік ретінде – кредитті пайдалана отырып, пәндерді меңгерудің бірізділігін білім алушының дара жоспарлауы мен таңдау негізінде оқыту.

3.3 Магистр: магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға тағайындалатын академиялық дәреже.

3.4 Магистрлік диссертация: Бекітілген үлгі мен белгілі бір пәндік кәсіби ғылым саласымен анықталған магистранттың өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін қорытындылау.

^ 3.6 Магистратураның білім беру (оқыту) бағдарламасы: Пәндердің тізбесі, оқу және ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмыстарының, кәсіби практика түрлері мен көлемі және оны бақылау түрлері арқылы айқындалған магистранттарды даярлау мазмұнының жалпы сипаттамасы.


^ 4 Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы


4.1 Магистратураның білім беру бағдарламалары ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан, магистратураның тиісті мамандықтары бойынша білім беру құқы және лицензиялары бар білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – мекемелер) арқылы жүзеге асады.

4.2 Магистратурада мамандар даярлау төмендегі талаптарға сәйкес іске асады:

  • осы стандарт негізінде;

  • Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының Жіктеуіші негізінде;

  • оқу-бағдарламалық құжаттары негізінде;

  • магистранттардың жеке жұмыс жоспары негізінде;

  • белгіленген тәртіпте бекітілетін басқа да құжаттар негізінде.

4.3 Магистратурада 6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша мамандарды даярлау екі бағытта жүреді:

  • бейіндік;

  • ғылыми және педагогикалық.

4.4 Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаға бейіндік даярлықта 6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумамандығы бойынша «магистр», ғылыми және педагогикалық даярлықта 6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады.

4.5 Осы стандарт ережелерінің негізгі мақсаты:

- магистранттар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру;

- магистранттардың өз бетімен оқу, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметін ынталандыру;

- «магистр» академиялық дәрежесін тағайындау туралы ҚР құжаттарының халықаралық білім беру кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында танылуын қамтамасыз ету.

4.6 Кәсіби қызметінің ауқымы

Магистратура бітірушілерінің кәсіби қызметінің ауқымы

бейіндік даярлық бойынша:

  • жоғары оқу орны;

  • педагогикалық колледж;

  • мектепке дейінгі ұйым;

ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

  • ғылыми-зерттеу институттары;

  • жоғары оқу орны.

4.7 Кәсіби қызметінің түрлері:

6М010100-Мектепке дйінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін орындай алады:

бейіндік даярлық бойынша:

- педагогикалық;

  • әдістемелік;

  • инновациялық;

  • әкімшілік-басқарушылық;

  • ұйымдастырушылық.

ғылыми және педагогикалық даярлық бойынша:

  • білім беру (педагогикалық);

  • ғылыми-зерттеу.

4.8 Оқу мерзімі

Магистратураның оқу бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы:

  • ғылыми және педагогикалық даярлауда 2 жылды;

  • бейіндік даярлауда 1,5 жылды құрайды.

4.9 Магистратурада білім беру үрдісін аяқтаудың негізгі өлшемдері (критерийлері) магистранттың:

  • бейіндік даярлықта 36 кредиттен кем емес;

  • ғылыми және педагогикалық даярлықта 47 кредиттен кем емес кредитті меңгеруі болып табылады.


5 Магистратураға түсушілерге қойылатын талаптар

5.1 Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

5.2 Магистратураға азаматтарды қабылдау тғртібі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының Типтік қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.


^ 6 6М010100-Мектепке дйінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның басты міндеттері


бейіндік даярлықта:

  • мектепке дейінгі білім беру аясы бойынша толыққанды терең білім мен біліктілігі мен сапалы педагогикалық білім беруде кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру;

  • терең педагогикалық кәсіби тұрғыда дайындау,мектепке дейінгі білімнің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік негіздерін зерттеу;

  • мектепке дейінгі білім беру саласында ғылыми-зерттеу және инновациялық әрекеттерге қажетті түйінді құзыреттілігін қалыптастыру;

  • жоғары этикалық, адамгершілік және құқықтық нормаларды, гуманистік мәдениетті игерту;

  • рыногының талаптарына бейімделуін қамтамасыз ететін сапалы басқару, ғылыми-әдістемелік білімді меңгерту;

  • жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және құрастыру-әдістемелік әрекетін дамыту;

  • мектепке дейінгі білімді сапалы басқару технологиясын, менеджментті меңгеру, шығармашылық әлеуетін дамыту.

Ғылыми және педагогикалық тұрғыда даярлықта:

  • теориялық, әдіснамалық, арнаулы пәндер әдістемесінен ғылыми деңгейде терең білімінің болуы;

  • деректануда магистранттың кәсіби біліктілігін қалыптастыру;

  • ғылыми зерттеулердің әдістемесі мен әдістерін терең меңгерту;

  • сапалы практикалық даярлығын жүзеге асыру;

  • тұрақты өздігінен даму және өздігінен жетілу қабілеттілігін қалыптастыру.


7 6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны


7.1 Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы әртүрлі білім беру мазмұнын анықтайтын оқу және ғылыми жұмыс, практика түрлерінен құралады, олардың өзара арақатынасын, өлшемі мен есебін көрсетеді.

Барлық жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығын есептеу игерген материал көлемімен жүзеге асырылады және кредитпен өлшенеді. Білім алудың алдыңғы деңгейлерінде игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтаушы кредиттік жүйесі жүзеге асады.

7.2 Оқу жылы жалпы мерзімі 30 аптадан тұратын академиялық кезеңдерден (семестрлер, триместрлер, кварталдар), аралық аттестаттаудан, қорытынды бақылаудан, практикалардан, демалыс және қорытынды аттестаттаудан тұрады.

7.3 Магистратурада оқыту тек қана күндізгі оқу түрі бойынша жүзеге асырылады.

7.4 Теориялық оқыту міндетті және таңдау компонентінен құралады. Міндетті компонент пәндерінің тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды көлемі осы жалпыға міндетті білім беру стандартымен анықталады.

Таңдауы бойынша пәндер тізімі мен оған сәйкес кредиттердің минималды (ең төменгі) көлемі тарих ғылымының жетекші бағыттарының, жұмыс берушілер мен еңбек нарығының сұранысына сәйкес жоғары оқу орнының шешімімен бекітіледі.

7.5 Магистратураның оқу бағдарламаларының мазмұны даярлық бағытына байланысты 1 кестеге сәйкес қалыптасады.


1 – кесте








^ Пәндер аты

Кредит көлемі

Магистрлер даярлау бағыттары

Ғылыми

және педагогика

лық

2 жыл

Бейіндік

1,5 жыл

1

2

3

4

1

Базалық пәндер (БП)

16

10

1.1

Міндетті компоненттер (МК)

9

5

БП

МК 01

Ғылым тарихы  мен философиясы

Философия және әдістеме ғылымдары философиялық білімнің саласы ретінде. өркениет пен мәдениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Ғылыми білімнің құрылымы. Ғылыми революциялар (төңкерістер). Ғылыми рационалдық. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінің ерекшеліктері. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылым. Қазіргі таңдағы ғылыми білімнің құрылымындағы жаратылыстану ғылымдары. Адам, тарих, мәдениет және қоғам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы. Нақты ғылымдардың өзекті философиялық мәселелері. Ғылыми істерді ұйымдастыру: өлшемі, сипаттамасы, эволюциялық теория құрылымы

2

1



1-кестенің жалғасы

1

2

3

4




мен принциптері. Қазіргі заманғы пәндік білімді ұйымдастыру эволюциясы. ХХ ғ. – ХХІ ғ. ғылымның этикалық аспектілері, ғылымға гуманитарлық сыни ретінде. ХХІ ғ. коммуникативті технологиясы және олардың қазіргі ғылымдағы орны. Постклассикалық емес ғылымдағы және адам туралы жүйелердегі ақпараттық үдерістердің орны. Жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық басқа да ғылым саласындағы магистрант мамандарға байланысты ғылымдағы қазіргі өзекті әдістемелік, әдіснамалық және философиялық мәселелердің орны.







БПМК 02

Шет тілі

Шет тілін С1 (тілдік емес мамандықтар) және С2 (тілдік мамандықтар), сонымен бірге LSP (арнайы мақсат үшін тілді игеру) халықаралық стандарт деңгейінде меңгеру. Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәліметтерді тыңдап қабылдау. Мамандық және қоғамдық-саяси мәселелер (баяндама, мәлімдеме, презентация, дөңгелек стол аясында сұхбаттасу, пікір-сайыс және т.б.) бойынша монологтық және диалогтық формада кәсіби деңгейде ауызша қарым-қатынас жасау. Магистранттың ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме (ғылыми мақала, тезистер, баяндама, аударма, рефераттау және аннотациялау т.б.) дайындау.

Халықаралық ынтымақтастыққа қатысты ресми құжаттардың формалары мен түрлерін (бірлескен бағдарламалар, жобалар, гранттар, ғылыми хаттар) безендіру дағдыларын дамыту. Түсіндірме және екі тілдік терминологиялық сөздіктермен, сонымен қатар мамандық бойынша анықтағыш әдебиеттермен жұмыс істей алу. Екіжақты жазбаша және ауызша аударма дағдысын дамыту.

2

2

БПМК 03

Менеджмент

Менеджмент қызмет түрі ретінде. ұйым түсінігі және түрлері. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы. Коммуникациялар және шешім қабылдау. Басқару функциялары: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. ұйымды стратегиялық басқару. Инновациялық менеджмент. Дағдарысқа қарсы басқару. Командалық менеджмент. Көшбасшылық, билік және ықпал ету теориялары. Компаниядағы келіспеушіліктерді басқару. Персоналды басқару. Еңбекақы төлеу және ынталандыру. Менеджердің этикасы және ұйымдық мәдениет. өндіріс басқару объектісі ретінде. Өндірісті оперативтік басқару. Сапаны басқару. Өнімділікті басқару. Менеджменттің тиімділігі.

-

1

БПМК 04

Педагогика


*Педагогика ғылым ретінде. Педагогиканың негізгі категориялары. Педагогика пәні мен міндеттері. Педагогикалық ғылымдардың жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Педагогикалық ғылымдардың тарихы.

Білім берудегі қазіргі парадигма. Педагогикалық ғылымдардың әдістемесі. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі. Жоғары мектептегі оқыту теориясы. Жоғары мектепте оқытудың қағидалары мен қозғаушы күштері. Жоғары білім берудің мазмұны. Жоғары мектептегі қазіргі заманғы білім беру технологиялары. Білім берудің оқу үдерісін кредиттік жүйесі негізінде ұйымдастыру. ЖОО-да оқытудыңәдістері мен белсенді үлгілері. Эдвайзер, тьютор мен офис регистратордың қызметтері. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша СӨЖ және педагогикалық бақылауды ұйымдастыру. Білім беру үдерісінде студенттердің ғылыми-зерттеужұмыстары. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу-әдістемелік материалдарды құрастыру технологиясы.

Жоғары мектеп маманды қалыптастыру мен тәрбиелеудің әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мғні мен негізгі бағыттары. Білім берудегі менеджмент.

3

-

БПМК 05

Психология

Психология бұл ғылым. Ғылым жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Оқыту үдерісіндегі адамның танымдық іс-әрекетінің психологиясы. Нарықтық экономика жағдайындағы білім беру үдерісінің гносеологиялық және онтологиялық мәселелері. Қазіргі заман талабына сай оқытудың сапасы мен тиімділігін арттырудың психологиялық құралдары мен әдістері. Келіспеушілік жағдайларда оқытуды басқару үдерісі. Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы. Келешектегі кәсіби іс-әрекет аясындағы жұмыскердің профессиограммасы менпсихограммасы. Іс-әрекет және бейімделу. Психология және еңбек іс-әрекеті. «Адам-машина-орта» жүйесінің психологиясының негізі. Эргономика және психология. Кәсіби іс-әрекет сенімділігінң мәселесі. Тұлғаның және тұлғааралық қарым-қатынастың психодиагностикалық мәселелері. Психологиялық басқару негізі. Басқару іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы. Менеджмент психологиясы. Қолданбалы психология негізі. Келешектегі кәсіби іс-әрекет бейіндігін есепке ала отырып студенттер мен оқытушыларға және мамандарға психологиялық кеңес беру.


2

1

1.2
^

Таңдау компоненті (ТК)


7

5

2

Кәсіптік пәндер (КП)


18

18

2.1
^

Міндетті компонент (МК)


6

6

MDBTAM 01

Мектепке дейінгі білімнің теориялық-әдістемелік мәселесі


Мектепке дейінгі білімнің әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік негіздері. Мектепке дейінгі құзыретті-бағдарлы білім беру мәселелері.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуді теориялық негіздеудің әдіснамалық тұғырлары. Мектепке дейінгі ұйымда балаларды дене, ақыл-ой, еңбек, адамгершілік-құндылыққа тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік мәселелері. Мектепке дейінгі балаларды әлеуметтендіру мәселесі. Балалардың тілін дамытудың ғылыми негіздері: әдіснамалық, психофизиологиялық, психолинвистикалық, лингводидактикалық.

Балалардың сауатын ашу проблемасы. Мектепке дейінгі балаларға математикалық білім берудің теориялық негіздері. Балалардың математикалық дамуын қамтамасыз ету мазмұнын таңдау тұғыры. Мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық білім беруге аксиологиялық және іс-әрекеттік тұғырмен келу. Экологиялық тәрбиенің қалыптасу өлшемдері. Қазіргі таңдағы балаларды экологиялық тәрбиелеудің ғылыми мәселелері. Көркемдік-эстетикалық дамытушы орта және бала. Шығармашылық қабілетін дамытуға жеке дара және саралау тұғырымен келу. Мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық үдерісті ұйымдастыру проблемасы.


2

2

MDBCBZhT

02
^

Мектепке дейінгі білімді сапалы басқарудың жаңа тұғырлары

Мектепке дейінгі ұйымда сапалы білімді басқару – педагогикалық мәселе. Сапа менеджменті жүйесінің даму тарихы. Мектепке дейінгі білім сапасын басқару мәселесін зерттеудің ғылыми негіздері. Мектепке дейінгі білім сапасын басқарудың теориялық негізін дайындау әдіснамалық тұғырлары. Жүйелілік тұғыры негізінде мектепке дейінгі ұйымды білім сапасымен қамтамасыз ету. «Сапа» ұғымының әдіснамалық және теориялық негіздері. «Педагогикалық сапа» балалар ұйымы қызметінің сапалық көрсеткіші ретінде. Қазіргі мектепке дейінгі білім сапасын анықтайтын негізгі бағдарлар. Білім сапасының инт егралдық үлгісі. Мектепке дейінгі білім сапасының басты шарты – педагогикалық үдерістің тиімділігі. Оның нәтижесінің негізгі бағыттары: білім мазмұнын жаңарту, білім кеңістігін ұйымдастыру. Білім мазмұны оның сапасының басты көрсеткіші. Мектепке дейінгі білім сапасын басқару


2

2



1-кестенің соңы

1

2


3

4



технологиясы. Мектепке дейінгі тұлға социомәдени ортамен қамтамасыз ету мәселесі. Мектепке дейінгі білім сапасын көтеру мәселесін шешу жолдары.








PZAZhA

03

Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі

Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. Педагогикадағы әдіснамалық білім құрылымы және қызметі. Педагогикалық зерттеулердегі терминдер, ұғымдар және категориялар. Педагогикалық құбылыстар ммен үдерістерді зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары мен тұғырлары.

Педагогикалық зерттеу құрылымы және логикасы. Педагогика саласында зерттеу практикасы және әдістемесі. Әдіснама және ғылыми-зерттеу әдістері. Әдіс танымның негізгі құралы. Теориялық-методологиялық синтез: методология және тарихи таным; теорияның тарихи танымдағы рөлі.

^

Деректерді танудың теориялық-методологиялық проблемалары. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін апробациялау және ендіру. Магистрлік диссертация жазу әдістемесі.


2

2

2.2
^

Таңдау компоненті (ТҚ)


12

12

3

**Практика (педагогикалық)


3

-

Практика (зерттеу)


3

-

Практика (өндірістік)


-

5

4

Магистрлік диссертацияны орындаумен бірге жүргізілетін магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы

11



^

Магистрлік диссертацияны орындаумен бірге жүргізілетін магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы





6

5
^

Қортынды аттестация (ҚА)


2

2

5.1

Мемлекеттік емтихан (МЕ)


1

1

5.2
^

Магистерлік диссертацияны қорғау (МДҚ)


1

1



Барлығы


47

36

Ескерту

*Бакалавриатта осы пәнді оқыту қарастырылмаған білім беру бағдарламаларының мамандықтары үшін ұсынылады

**Практикаға бөлінген кредит саны жалпы еңбек уақытына кірмейді. Керек болған жағдайда ЖОО практикаға кредитті көбейте алады.

7.6 Оқу бағдарламасының ғылыми компоненті магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмыстарынан, ғылыми жарияланымдарынан және магистрлік диссертацияны жазудан құралады.

7.7 Магистратураның білім беру бағдарламасын жедел меңгерген және оған қойылған талаптарды орындаған жағдайда білім беру мерзімі есепке алынбай-ақ, магистрантқа «магистр» академиялық дәрежесі берілуі мүмкін.

7.8 Бейіндік магистратураны бітірген магистрант ғылыми және педагогикалық жұмыстармен педагогикалық мамандық пәндері циклін меңгерген және педагогикалық практикадан өткен жағдайда ғана айналыса алады. Аталған цикл қосымша академиялық кезең ішінде игеріледі, оқу соңында негізгі дипломға сәйкес сертификат беріледі (3 кесте, ҚР МЖМБС 5.04.033-2008 Магистратура. Негізгі ережелер.).

7.9 6М010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеумамандығы бойынша магистрдің түйінді құзыреттілігіне қойылатын талаптар

бейіндік даярлық бойынша

педагогика ғылымының дамуының барлық кезеңдеріндегі оның ұғымдық категориялық аппараты туралы; кәсіби қызмет үрдісінде білімді жаңарту жолдары туралы; менеджмент және нарықтық экономиканың іргелі заңдылықтары туралы; білім саласындағы стратегиялық міндеттер туралы мектепке дейінгі тәрбиенің психологиялық-педагогикалық және әдістемелік мәселелерін ғылыми тұрғыда шешуде түсінігі болу керек;

әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың қазіргі кезеңдегі философиялық және әдістемелік мәселелерін; білім саласындағы басқару және менеджмент теориясын; жаңа инновациялық-әдістемелік технологиялар мен оқытудың белсенді әдістерін; ғылыми нәтижелерді мазмұндау және рәсімдеу талаптарын; ғылыми материалдарды мазмұндап жазу үшін қажет бір шет тілінің баяу және белсенді лексикасын; кәсіби қызметінің стратегиялық бағыты мен тұтастығын білуі қажет;

кәсіби қызметінде кәсіби шығармашылық, ғылыми зерттеу, оқу-танымдық өзін-өзі даярлауды интеграциялауды; өзінің кәсіби қызметін жобалау және іске асыруды; кәсіби шешім қабылдау және оны бағалауды; өзін-өзі шығармашылықта пайдалануды; өзінің кәсіби қызметін қайта құруды; кәсіби қызметінің стратегиялық бағыты мен тұтастығын; педагогикалық шығармашылығы мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруді; біліми жағдайды талдауды, негізделген шешімдер қабылдауды, оның әлеуметтік салдарын алдын-ала байқауды; ғылыми қорытындыларды логикалық негіздеуді, алынған материалдарды кеңейтуді, мақалалар мен тезистер, рефераттар, іскерлік хаттарды жазуды істей білуі керек;

инновациялық және ақпараттық технологиялар негізінде өзінің білімін кеңейте алу; логикалық және сыни ойлау; негіздей және сендіре білу; зерттеушілік және конструктивті-әдістемелік міндеттерді шеше білу; жоғары оқу орындарында оқыту үрдістерін ұйымдастыра және басқара білу; ғылыми жобалау қызметінде дағдысы болуы керек;

кәсіби мәселелерді шешуде; мәдениаралық және кәсіби пікірлесуде; мектепке дейінгі білім беру мәселесіне қатысты материалдарды жинақтаудың аналитикалық, жүйелілік операцияларын жүзеге асыруда; дерекнамалық талдау әдістерінде және зерттеуде қазіргі әдістерді қолдануда құзыретті болуы керек.

Ғылыми- педагогикалық тұрғыда дайындау:

түсінігі болуы тиіс: қазіргі таңдағы мектепке дейінгі білі саласында педагогика ғылымының даму жағдайы туралы; меткепке дейінгі білім саласында Қазақстандық педагогикалық ғымыи мектебі туралы; мектепке дейінгі педагогика ғылымының барлық дамуы кезеңіндегі ғылыми аппараты туралы; әлемдегі ғылыми-әдіснамалық бағыттары, кәсіби әрекетіндегібілімін жаңарту жүйесі туралы; нарық экономикасының базалық заңдылығы және менеджмент туралы, мектепке дейінгі білім саласындағы мемлекеттің стратегиялық міндеттері туралы;

білуі тиіс: кәсіптендіру аймағында қолданбалы ғылым негіздерін, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның қазіргі философиялық мәселесін, мектепке дейінгі білім сапасын менеджмент және маркентинг негіздерін; жаңа инновациялық технологиялар мен интерактивті оқыту әдістерін; ғылыми нәтижелерді безендіру және жзау талаптарын; ғылыми матералдарды жазуда бір немесе бірнеше шет тілін белсенді және түсінуі; студенттермен қарым-қатынас жасауда психология мен педагогиканы; ғылыми мақаларды аннотация және реферат ретінде түсіруі, ғылыми ақпаратты іздеу және алмастыра алуы;

– жоғары оқу орнында мектепке дейінгі ұйымдарға мамандарды дайындау проблемаларын, ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін;

біліктілігі болуы тиіс: ғылыми-зерттеушілік және педагогикалық әрекет барысында міндеттерді құру және шеше алуы, оқу-танымдық, ғылыми-зерттеушілік, кәсіби-шығармашылық әрекеттерін кіріктіре отырып өздігінен ғылыми-педагогикалық даярлығы; өзінің кәсіби әрекетін жобалауы; үнемі өздігінен білім алуы, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жобасын дайындау және жүзеге асыру; кәсіби шешім қабылдау және оның нәтижесін бағалау; кәсіби әрекетінің дұрыс тактикасы мен стратегиясын белгілей білуі; педагогикалық шеберлігін жетідіру; қазіргі ақпараттық технологияларды әдебиеттермен жұмыста қолдана алуы; орындаған жұмысын есеп, рефератты талаптарға сайкестендіре лауы қазіргі редакциялау және баспа құралдарын пайдалана білуі.

дағдылары болуы тиіс: өздігімен ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық әрекетте терең білімін қолдана алуы; ақпараттық және білім алу технологиялары негізінд өзінің білімін жетілдіру; логикалық және сыни ойлауын; сенімі және аргумент келтіруі; ғылыми және құрастыру-әдістемелік міндеттерді шешуі; жоғары оқу орныдарындағы білім беру үдерісін басқару және ұйымдастыру, мектепке дейінгі білім сапасын қамтамасыз етуді шеше білуі, ғылыми жобалау әрекеті дағдылары болуы тиіс.

құзыретті болуы керек: кәсіби және мектепке дейінгі білім проблемасын шеше алуы; мектепке дейінгі білім сапасын және жоғары оқу орындарында студенттердің жеке-психологиялық ерекшелігін ескеріп, тұлғаға бағыттау негізінде педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда әрекеттік құзыреттілігі; әртүрлі әлеуметтік топтармен және жекелеген адамдармен жағымды қатынасты орнатуы, өзінің мінез-құлқын және қарам-қатынас тәсілін басқаруы; іс-әрекеттерді және қылықтарды талдау, іс-әрекеттерді және қылықтардың нәтижесін болжау; тартыстарды реттеу; ғылыми және педагогикалық бағытта дербес жұмыс істеу және топта ынтымақтас болу; кәсіби және мәдени коммуникативтік қарым-қатынасты меңгеруі; ақпаратты өздігінен іздей алуы және жоба құрастыра білуі.


^ 8 Магистрлік білім бағдарламаларының шарттарына және әзірленуіне қойылатын талаптар


8.1 Магистрант ғылым кандидаты немесе ғылым докторы атағы бар немесе мамандық бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар және аталған салада ғылыми зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын ғылыми жетекшінің басшылығымен бірлесе отырып жасалған жеке жұмыс жоспары негізінде оқытылады. Жеке жұмыс жоспары оқудың барлық кезеңіне құрастырылады.

Қажетті жағдайда жақын ғылым саласынан ғылыми кеңесші тағайындауға болады. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқу мерзімінің барлық кезеңіне жасалынады. Ол төмендегі тарауларды қамтиды:

  • жеке оқу жоспары (қажетті жағдайда жыл сайын нақтыланады);

  • ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі мен есеп беру түрі);

  • практика (бағдарлама, база, мерзімі мен есеп беру түрі);

  • магистрлік диссертацияның (жұмыстың) тақырыбы, негіздемесі мен құрылымы;

  • магистрлік диссертацияның (жұмыстың) орындалу жоспары;

  • ғылыми жарияланым, тәжірибеден өту (қажет жағдайда) жоспары.

8.2 Білім алушының оқу жетістіктерінің бақылау нәтижелерін халықаралық білім кеңістігінде танылуын қамтамасыз ету үшін, білімді бағалау әріптік және рейтингілік-баллдық жүйе арқылы жүргізіледі.

8.3 Практиканы ұйымдастыруға қойылатын талаптар:

Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың төмендегі түрлерін қарастырады:

педагогикалық практика;

зерттеу практикасы.

Магистрантқа педагогикалық практика теориялық білімді пайдалану тәжірибесі мен жоғары оқу орны (ЖОО) оқытушысының практикалық дағдысын қалыптасыру мақсатында жүргізіледі.

Магистрантқа зерттеу практикасы тарих ғылымындағы жаңа теориялық және әдістемелік жетістіктермен танысу, магистерлік диссертация үшін мұрағат материалдарын және басқа да деректерді жинау мақсатында жүргізіледі.

ЖОО-ны педагогикалық практиканың, мемлекеттік (республикалық, облыстық) мұрағаттар, ғылыми және көпшілік кітапханалар зерттеу практикасының өткізілетін орны болып табылады.

Бейіндік магистратурадағы білім беру бағдарламасы практиканың төмендегі түрін қарастырады:

Өндірістік практика:

Магистрантқа өндірістік практика кәсіби қызметтің аясымен танысу және оның практикалық дағдыларын игеру мақсатында жүргізіледі.

Облыстық және аудандық оқу бөлімдері, оқыту мекемелері өндірістік практиканың өткізілетін орны болып табылады.

8.4 Зерттеу және өндірістік практиканың мазмұны магистрлік диссертация тақырыбының негізгі мәселелерімен айқындалады.

8.5 Практиканың барлық түрі оқу жоспарында белгіленген мерзімде жеке жоспарға сәйкес орындалады.

8.6 Магистранттың ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмысына қойылатын талаптар

Магистрант бағдарламасының ғылыми-зерттеу бөлімі:

  • магистрлік диссертация қорғалып отырған тақырыптың негізгі мәселесіне сәйкес;

  • өте өзекті, ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы бар;

  • Отандық және шет елдік ғылымның қазіргі заманғы технологиялық, теориялық және әдістемелік жетістіктерге негізделген;

  • диссертацияда қорғалатын негізгі мәселелермен ұштасқан теориялық (әдістемелік, практикалық) бөлімдері;

  • ғылыми зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдаланған болуы керек;

Магистранттың бағдарламасының эксперименттік-зерттеу бөлімі:

  • болашақ кәсіби қызметінің негізгі міндеттеріне сай;

  • өте өзекті, ғылыми жаңалығы және практикалық маңызы бар;

  • компьютерлік технология қолданылып, мәліметтер қазіргі заманғы өңдеу және зерделеу әдістеріне негізделген;

  • болашақ кәсіби қызметінің аясын жақсарту жөнінде практикалық ұсыныстар;

  • ғылыми зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін пайдаланған болуы керек.

8.7 Ғылыми-зерттеу және эксперименттік-зерттеу жұмысының қорытындысы әрбір академиялық кезеңнің соңында магистранттың есебі түрінде көрсетіледі.

Магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижесі магистрлік диссертация (жұмыс) болып табылады. Оны дайындауға 3/1 кредит бөлінеді.

Магистрлік диссертацияның негізгі нәтижесі кем дегенде бір басылыммен және ғылыми-практикалық конференцияға қатысуымен ұсынылуы керек.

8.8 Магистрлік диссертацияның (жұмыстың) мазмұны мен жазылуына, оның дайындығы мен қорғалуына қойылатын талаптар білім саласындағы өкілетті органның нормативті-құқықтық актілерімен анықталады.

8.9 Мамандармен қамтамасыз етілу талабы

Магистратураның білім беру бағдарламасы білім беру қызметіне лицензиясы бар мекемелерде жүзеге асырылады, мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы базалық және бейіндік пәндер циклы бойынша дәріс беретін ғылым докторлары, ғылым кандидаттары атағы және философия докторы (РһD), бейіндік доктор академиялық дәрежесі бар штаттағы оқытушылардың 45%-нан кем болмауы керек.

8.10 Магистратурадағы дәрісті ғылым кандидаты мен ғылым докторы атағы және доктор РhD академиялық дәрежесі бар немесе ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистрлер өткізуі тиіс.

Бейіндік магистратурадағы дәрістерді жүргізуге осы бейіндік басқарудың жоғары буынының тәжірибелі мамандары шақырылады.

8.11 Магистратурадағы оқу дәрістері инновациялық технологияны және интерактивті оқу әдісін қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

8.12 Оқытушылар оқытудың интерактивті әдісін және технологияларын біліп, оны оқу үдерісінде қолдануы тиіс.

8.13 Оқу-әдістемемен қамтамасыз етудің талаптары.

Оқу үдерісінің оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыздығы магистранттардың білім алу бағдарламасын сапалы түрде меңгеруіне кепілдік беру керек.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру барысында халықаралық ақпараттық жүйелерді, мәліметтердің электрондық базасын, кітапхана қорын, компьютерлік технологияны, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді кеңінен пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.

8.14 Магистратураның білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мекемелерде оқу жоспарында көрсетілген теориялық, практикалық дайындықтың барлық түрлерін жүргізу үшін, сонымен қатар магистранттың ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуына жағдай жасалуы үшін санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес материалды-техникалық база (аудиториялық қор, компьютерлік класс, зертхана, приборлық қамтамасыздық, қор материалдары) болуы қажет.

Жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелер зерттеу нәтижесінің жариялануына мүмкіндік туғызу керек.


^ 9 Магистратураның білім беру бағдарламасын орындағандардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


9.1 Жалпы талаптар

Магистратураны бітірушінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы болуы қажет. Ғылыми ақпаратты жинақтау, өңдеу және сақтау әдістерімен қоса қазіргі ақпараттық технология әдісін білуі, ғылыми ақпаратты игеріп және қолдануы, қазіргі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу және құрастыру, ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу қызметін таңдаған мамандығы бойынша енгізу және жоспарлау, жоғары оқу орындарында дәріс беру, басқару және зерттеу қызметін табысты атқара білуі керек.

9.2 Магистратураның оқу бағдарламасын игеруге қойылатын талаптар арнайы пәндердің оқу бағдарламаларымен анықталады.

9.3 Білім алушының қорытынды аттестациясы – магистратура мамандықтары бойынша магистранттың білімі, қабілеті, дағдысы және біліктілігі мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған магистранттың оқу жетістігін бағалайтын мемлекеттік бақылау түрі.

Жоғары оқу орны немесе ғылыми мекемелерде білім алушылардың қорытынды аттестациясы мамандықтың жұмыс оқу жоспары және академиялық календарында көрсетілген кешенді емтихан және магистрлік диссертацияны қорғау арқылы өткізіледі.

Кешенді емтиханды тапсыру және диссертацияны қорғауды мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) өткізеді.

МАК төрағасы білім саласының өкілетті органдары қабылдаған тәртіп бойынша бекітіледі.

Кешенді емтихан диссертация қорғауға кемінде 1 ай қалғанда өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура бағдарламасындағы кәсіби пәндер және міндетті базалық пәндер циклі кіреді.

Магистрлік диссертацияны қорғау тәртібін жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру мекемелеріндегі оқу кәсіби бағдарламасы бойынша білім беру мекемелеріндегі білім алушылардың ағымдық үлгерімі, аралық және қорытынды аттестациясының Типтік ережесіне сәйкестігі арқылы ЖОО-ның өзі анықтайды.

9.4 Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды бітірген тұлғаға «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалып, дипломға қосымшамен (транскриптпен ) қоса мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.


^ А Қосымшасы

(міндетті)


Типтік оқу жоспары


6М010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша

(ғылыми және педагогикалық бағыт)


Оқу мерзімі: 2 жыл

Академиялық дәрежесі: «6М010100- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша педагогикалық ғылым магистрі


^ Пәндер

жүйесі

Пәндер коды
Пән аты

Кредит

саны

Семестр

Бакылау

түрі

1 Базалық пәндер (БП)

16







^ 1.1 Міндетті компонент (МК)

9







БП МК

TFG 5201

Ғылым тарихы мен философиясы

2

1
Емтихан

ShT 5202

Шет тілі

2

2

Емтихан

Ped 5203

Педагогика

3

2

Емтихан

Psi 5204

Психология

2

2

Емтихан

^ 1.2 Таңдау компоненті

7







2 Кәсіптік пәндер (КП)

18







^ 2.1 Міндетті компонент

6







КП МК

MDBTAM 5301
^

Мектепке дейінгі білімнің теориялық-әдістемелік мәселесі


2

2

Емтихан
MDBCBZhT 5302
^

Мектепке дейінгі білімді сапалы басқарудың жаңа тұғырлары


2

2
Емтихан

PZhAZhA

5303

Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі

2

1

Емтихан

^ 2.2 Таңдау компоненті

12




Емтихан
*Практикалар

Практика (педагогикалық)

3

3




Практика (зерттеу)

3

3




^ Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

12

1,2,3,4




Қорытынды

аттестация

1. Кешенді емтихан

1

4

2. Магистрлік диссертация-ны (жұмысты) қорғау

1

4




Барлығы

47







Ескерту-* Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.


^ Б Қосымшасы

(міндетті)

Типтік оқу жоспары


6N0101-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша

(бейіндік бағыт)

Оқу мерзімі: 1,5 жыл


Академиялық дәрежесі: «6М010100 –Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім беру магистрі


^ Пәндер

жүйесі

Пәндер коды

Пән аты

Кредит

саны

Семе-стр

Бакылау

түрі

1 Базалық пәндер (БП)

10







^ 1.1 Міндетті компонент (МК)

5







БП МК

TFG 5201

Ғылым тарихы мен философиясы

1

1
Емтихан

ShT 5202

Шет тілі

2

2

Емтихан

Ped 5203

Педагогика

1

2

Емтихан

Psi 5204

Психология

1

2

Емтихан

^ 1.2 Таңдау компоненті (ТК)

5







2 Кәсіптік пәндер (КП)

18







^ 2.1 Міндетті компонент (МК)

6







КП МК

MDBTAM 5301
^

Мектепке дейінгі білімнің теориялық-әдістемелік мәселесі


2

2

Емтихан
MDBCBT 5302
^

Мектепке дейінгі білімді сапалы басқарудың жаңа тұғырлары





2

2
Емтихан

PZhAZhA 5303

Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістемесі

2

1

Емтихан

^ 2.2 Таңдау компоненті (ТК)

12






*Практика

өндірістік

3

2



зерттеу

2

3




^ Магистранттың эксперименталды-зерттеу жұмысы (МЭЗЖ)

6







Қорытынды аттестация

1. Кешенді емтихан

1




Емтихан

2.Магистрлік диссерта-цияны (жұмысты) қорғау

1







Барлығы

36







Ескерту-* Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте алады.



УДК 373.2 (083.74) МКС 03.180 Т 50


Түйінді сөздер: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, кредиттік оқыту жүйесі, кредит, магистратура, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу магистрі, мектепке дейінгі білім әдіснамасы, мектепке дейінгі білім сапасы, қазіргі педагогикалық технология, ғылыми зерттеу әдіснамасы мен әдістері, міндетті компонент, таңдауы бойынша компонент.


Дайындағандар:

1.Аймагамбетова К.А. – п.ғ.д., профессор, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының меңгерушісі. .

2. Жиенбаева С.Н. – п.ғ.к., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасында доцент м.а.

3.Таубаева Г.З. – п.ғ.к., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасында доцент м.а.

4. Искакова А.Т. – п.ғ.к., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасында доцент м.а.









Скачати 439.36 Kb.
залишити коментар
Дата конвертації23.01.2012
Розмір439.36 Kb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт

отлично
  1
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com

База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Реферати
Автореферати
Методички
Документи
Поняття

опублікувати
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх