Казахстан Академия «Көкше» icon

Казахстан Академия «Көкше»


2 чел. помогло.
Схожі
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
повернутися в початок
^

Музыка аспаптарында ойнауға үйретудің тәрбиелік жолдары


Тойшиманова Д.А. Жамбыл гуманитарлық – техникалық университеті, Тараз қ.

Бейсембина Ж.Т. Октябрьшаруа орта мектебі, Жамбыл обл.


Қазақ халқы ән мен күйге аса бай халықтардың бірі. ХІХ ғасырдағы қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер қазақта мың ән, бес жүз күй барлығын жазған болатын. Қазақтың музыка мәдениеті дәуірден дәуірге дамып келді, қазақ халқы ән мен күйге аса құмар халық.

                   «Құлақтан кіріп бойды алар,

                   Жақсы ән мен тәтті күй.

                   Жүрекке түрлі ой салар,

                   Әнді сүйсең менше сүй», - деген Абайдың өлеңі, қазақ халқының жақсы ән мен тәтті күйді жан азығы етіп ардақтаған көңіл-күйін бейнелейді.

Қазақтың ақын, жырау, өлеңші және әншілері өлеңдер мен жырларды, ұзақ дастандарды домбыраға қосып әнмен айтады. Эпостық немесе тарихи жырлардың қысқа қайырылатын баяу әндері болады, лирикалық әндер көтеріңкі айтылады, неше түрлі сарынға соғып, құйқылжиды.

Халық музыкашыларының эпостық, тарихи ертегі және тұрмыс тақырыптарына арнап музыка аспаптарымен орындауға шығарған шығармалары «күй»  деп аталады. Күй әнге қосылмай, тек музыка аспабымен ғана ойналады.

Ұрпақ тәрбиесіне халқымыз қашанда ерекше мән берген. Оттың басы, ошақтың қасынан бастап ата-бабаларымыз балаға тәрбие бере  білген. «Үйренгенің өзіңе, істегенің бізге жақсы» – деп, анасы қызына, әкесі ұлына қасынан қалдырмай өмірге, өнерге, еңбекке баулыған тәрбиелеген.

Ұрпаққа деген үлгі-өнегелі халқымыз даналықпен, «бесік тәрбиесі, есік тәр-биесі, кәсіп тәрбиесі» – деп, жүйелейді Мектеп оқушылары мен білімгерлер музыка аспаптары - фортепиана, домбыра, баян, аккордеон ойнауға үйретіледі. Бұл музыка аспаптарына үйрену –болашақ маман мен мұғалімге жақсы білім беріп, алдағы уақытта бастауыш мектепте ән-музыка сабағы мен хор үйірмесі жұмыстарының музыка аспабымен жүргізуге көмегін тигізеді.

Білімгер музыка аспаптарын ойнауды меңгере жүріп, бірте-бірте музыканың нәзік мәнерлігі мен тілін терең ұғып, түсінетін болады. Өтілетін репертуар қазақ композиторларының шығармалары қазақтың халық әндері мен күйлері және ішінара батыс класиктері композиторларының  шығармаларынан құралады. Музыка мұғалімі сабақтан ән немесе музыка аспаптарына, арналған музыка шығармаларын орындалғанда оны мазмұнына байланысты мәнерлі, түсініп, ал әннің сөздерін дәл анық айтқызу, оның жоғары сатыда орындалу жағын бақылау керек.

Оқушылар берілген ән немесе музыка шығармаларын жаттап алып, оны техникалық жағынан дұрыс орындап берумен қатар, шығарманың идеялық мазмұнын, оның авторларын және олардың тұрған дәуірін білулері керек. Оқушыларға әнді музыка аспабына қосылып айтуға және хорға немесеи жеке әншіге әнді бастату кезеңін көрсете білетін етіп үйрету керек.

Музыка аспабына үйрету сабағы білімгерлерге жеңіл музыка шығармаларын өздігінен талдап, үйреніп, оны орындап беруге дағдырландыруы керек. Мұндай, өздігінен үйренетін материалды бастауыш мектеп оқушыларына  арналған оқу құралындағы әндерді алуға болады. Музыка сабағына жұмыс жоспарын жасағанда кейбір ерекше жақсы үлгеруші оқушымен жоғарлатылған, яғни қосымша материал өтуіне де болады.

Оқушылар өздерінің музыкалық есіту, ырғақ сезімдері мен қолдарының және саусақтарының құрылысына байланысты бір музыка аспабына, яғни домбыра, фортопиано, баян, аккордионаға үйренетін болады.

Фортопианоға ойнау техникасы өте қиын болғандықтан, бұл музыка аспабына бұрын азда болса дайындығын бар және үйге берілетін тапсырманы орындай алатын білімгерлер үйретіледі. Ал домбыраға үйренуші білімгерлерді де музыкалық есіту, ырғақ сезімдеріде өте жақсы жетілген болу керек. Оқушыларды бір музыка аспабына екінші бір музыка аспабына, яғни фортепианодан баянға немесе баяннан фортепианоға көшіру тек бірінші семестірге ғана болады.

Музыка аспаптарына үйрету сабағы музыка сауаты мен ән үйрену сабағы методикасы сабақтары мен тығыз байланысты жүргізіледі. Жеке музыка сабағының оқытушысы график бойынша басқа да оқытылатын пәндермен сабақтастыра өтуі қажет.

Домбыра үйрену сабақтарын фортенианоның сүйемелдеуі мен жүргізген жөн. Домбыра сабағында-музыкалық шығарманы, ән-күйді бастап үйретпес бұрын, қан-дай тақырыпқа жазылғанын, шығарманы жазған компазитор оның дәуірі, шығармашылығы және орындалатын музыка шығармасының орындалу характері, техникасы, әдістері туралы қысқаша түсіндіріп өту керек. Музыка шығармасын орындағанда, оның (художестволық) көркемдік орындалуына ерекше көңіл бөліп отыру қажет. Өйткені бұл болашақ маман үшін өте қажет-ақ.

Домбырашы музыка шығармасын немесе күйді үйренгенде, шығарма таза , сапала шығу үшін шығарманың өлшеуін, екпінін динамикалық (шығу-күшін), дыбыстың әдемі шығуын жақсы үйреніп алып, кейін оқушыларға үйрету жөн. Оқушылардың музыка шығармасын, әнді, күйді тек қана нотамен  тартып үйренулеріне көп көңіл бөлген дұрыс. Олай болатын болса, берілетін музыка шығармасын ән, күй білімгерлердің күшіне лайықты берілетін болсын және оқытушының көрсеткен белгілерін ұғып, түсініп, айтқанын бұлжытпай орындап отырулары керек.

Оқушылардың жас ерекшелігіне сай музыкалық шығарманы, қолданылатын әдебиеттерді мұғалімнің бағыт беруімен қолданып, қадағалап отыру керек Әрбір оқушы үйінде күнбе күн домбыраға өздігінен ойнап дағдылана беретін болсын. Сондықтан, әрбір оқушыға жеке-жеке домбыра керек болады, олай болса әр оқушы өздеріне домбыра сатып алуларын ұйымдастыру керек.

Оқушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту үшін, олар радиохабарлар, теле-хабарлар мен концерт тыңдау, музей және сурет көрмелеріне барып, артынан оны талқылап, білімгерлерге өз пікірін айтқызу жұмысын кеңінен ұйымдастыру керек. Оқушылар ең бірінші домбыраны үйренгенде оны сазына келтіріп бұрауды бірінші жолға қою керек. Нота мен жазылған жеңіл ән-күйлерді фразаларды тартып, «Тремоло» қағысын шығару: «тремоло» қағысымен дыбысты «форте»- қатты тартқанда дыбыстың шығуы анық және толық немесе «пиано»-жәй тартқанда дыбыстың шығу күшін таза шығаруға дағдыландыру керек. Әндер домбыраға тартып және дауыстап айта білу керек. Бастауыш мектептің 1-4 сынып репертуарынан нотамен жазылған әндерді домбыраға тартып және дауыстап айта білу керек. Мысал ретінде 1 сынып оқушыларына өтілетін мына сабақты ұсынамыз:

^ Пәні: Музыка

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы: «Музыкалық көңіл күй», «Дыбыс әлеміне саяхат» модулінің сабақ жоспары.

Сабақтың мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.

^ Көрнекі құралдар: CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, сабағымызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты қайталау

Музыканы орындау ережесімен түсіндіремін.

– Ал, енді балалар, ән айту ережесін тыңдаймыз.

Әнді дұрыс айту үшін музыканы зейін қойып, тыңдау керек. Әнді бастар алдында, асықпай ішіңнен дем ал, сөздің ортасында дем алмау керек, әннің сөзіндегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, түсінікті етіп айт. Даусыңды әдемі әрі жеңіл шығаруға тырыс, әнді мұғалімнің қолының қимылына қарап, бірдей бастап бірдей аяқта. Ал енді, алдымыздағы ЭО-тың «Мен әнді әдемі айтамын» модулін ашып, «Біз көңілді ұланбыз» әнін тыңдаймыз. Тыңдамас бұрын, оқушыларға сұрақ қоямын.

– Балалар, біз бүгін әдеміміз бе? Музыка бізге қажет пе? Музыкасыз өмір сүре аламыз ба? Мүмкін музыканың да көңіл күйі бар шығар.

ІІІ. Жаңа сабақ

Музыканың көңіл күй модулін түсіндіремін.

«Музыкалық көңіл-күй» модулі

Ән тыңдау мәдениетіне бірінші күннен бастап, үлкен мән беріп қараймын. Ән тыңдағандағы сабақтың мақсаты, оқушылар көңілді қуанышты сезімде қалу керек. Балаларды әдемілікке, көңіл күйін көтеруге тырысамын. Магнитофон арқылы әнді тыңдатамын. Ал енді,

– Ән сендерге ұнады ма?

– Ән қаншалықты әсер етті? деген сұрақтармен жалғастырамын. Сабақ қызықты, көтеріңкі күйде өту үшін, мұғалімнің шеберлігі қажет. Дұрыс сұрақ қоя білу, іздену, ойлану, әр түрлі жағдайлар тудыру, нотамен ән айтқызу оқушылардың шығармашылық ой-өрістерін дамытады. Сабақты тағы да сұрақтар арқылы жалғастырамын.

– Әнді айтқан адамды кім деп атаймыз? (орындаушы)

– Орындалған әнді кім тыңдайды? (біз тыңдаймыз).

Ал, енді ЭО-тың «Тыңдаймыз» модулі бойынша Құрманғазы Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін тыңдамас бұрын, оқушыларға композитор, шебер күйші, Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыра отырып, суретін көрсетемін.

Күйші Атырау жерінде дүниеге келген. Оның өнердегі алғашқы ұстазы – Ұзақ күйші. Ұлы күйшінің бүкіл өмірі әлеуметтік-әділетсіздік пен қанаушылыққа, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жолында өтті. Еркіндік іздеген халықтың өршіл ойын, аяулы арманын, жеңілмес образын суреттейтін «Сарыарқа» күйі осы кезеңде туды.

Оқушыларға жалпы күй мағынасын түсіндіремін. Күй – домбырада және басқа да халық аспаптарында орындалатын музыкалық шығарма. Біздің республикамызда мемелекеттік халық ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазы есімімен аталатынын білеміз.

«Тыңдаймыз» модулінен «Сарыарқа» күйі беріледі.

– Күйді тыңдай отырып, көз алдымызға нені елестетуге болады?

– Күй тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?

– Күй бізге не айтты?

– Күйдің мінезі қандай?

– Қандай музыкалық аспаптың даусын естідіңдер?

Күй туралы оқушылар өз ойларын айтып береді. Ал, енді балалар, «Ән айтайық» модулін ашып, «Біз көңілді ұланбыз» әнін орындайық. Әнді орындамас бұрын, әуенді басынан аяғына дейін зейін қойып тыңдап аламыз. Әнді есімізде сақтау үшін, оны ішімізден бірнеше рет қайталап отырамыз. Ән айтқан кезде орындау мәдениетіне көңіл аудару керек.

Біз көңілді ұланбыз,

Ән шырқаймыз сайраңдап.

Бақыт елде туғанбыз,

Жаз гүліндей жайраңдап. – 2 рет

Шынығамыз, ойнаймыз,

Жас ұрпақты сабақтап.

Жаз қызығын тойлаймыз,

Жақсы оқимыз сабақты – 2 рет.

Осы тыңдаған әнімізді оқушылармен талдаймыз. Ән мазмұнын ашамыз. Біз көңілді ұлан екенімізді, біздің еліміз бақытты, сол үшін қуанып, ән саламыз, қарттарды құрметтейміз, бөбектерді қуантамыз, сабақты жақсы оқимыз. Бәріміз өнерліміз, музыка сабағын жақсы көреміз, «Өнерлі бала өрге жүзер» дегендей, бүгінгі сабағымызды аяқтайық.

^ IV. Үйге тапсырма

Енді үй тапсырмасын алыңдар. Сұрақ арқылы тақырып беріледі, әр түрлі деңгейде орындап келесіңдер.

1. Қоршаған ортамен байланысты музыка тыңдау.

2. Оқушының еркі бойынша сурет салу.

3. Тыңдаған әнге өлең шығарып келу.

4. Өз ойынан шығарма жазып келу.

Бұл жұмыстар оқушыларға күрделі музыкалық материалдармен танысып, үйренуіне көмектеседі. Репертуар идеялық- тәрбие жұмысын, педагогиканың және жалпы оқу мақсатына сай болып, білімгерлердің ән және музыка сабақтарынан алған білім мен дағдыларды онан да әрі кеңейтіп, өсіруге көмектесу керек.

Оқушыларға берілетін жаттығулардың көркемдік жағы олардың түйсігіне жеңіл, жастық дауыс ерекшеліктерін дет еске алып,іріктеліп алынуы тиіс. Сонымен қатар басқа халықтардың әндерін  үйрету жағы да  қарастырылған. Музыка аспаптарына үйретудің негізгі мақсаты шәкіртке музыканың құдіретті күшін таныту. Сөйтіп білімгерлердің санасын, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыры қиялына пайдалы  әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайттарын адам баласының қолы жеткен  табыстарымен оның қолынан туған көркемөнер мұраларын тануға,  өмір шындығын сезінуге, елін жерін, отанды сүю сезіміне баулиды.

Қазір бүкіл жас ұрпақты адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкіл халықтыќ іс болып отырғаны баршамызға мәлім. Соның күрделі салаларының бірі – жастарға музыкалық тәрбие беру негізінен музыка сабағының үстінде іске асады. Жастардың музыкалық-эстетикалық талғамын тәрбиелеуде халық әндері мен күйлерінің және қазақ композиторларының әндері мен күйлері алтын өнер қазынасы болып саналады. 


Әдебиеттер 

  1. Айтурова А.Т. Өтебаева С.С. Музыкалық тәрбие әдістемесі оқу құралы. Алматы, 1997ж.

  2. АпраскинО.А. Методика музыкального воспитания в школе М., 1983г.

  3. Ғизатов Б.Ғ. Мектептегі ән музыка сабағы. Алматы., 1968ж.

  4. Кабалевский Д.Б. Музыка туралы әңгіме. Алматы: Өнер, 1989ж.

  5. Тастанов Х. Алғашқы домбыра үйрену мектебі. Алматы, 1966ж.



Отан тарихындағы мемлекеттілік билік мәселесі туралы


Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, доцент Габдулина Б.А.,Астана, Қазақстан


«Әр этнос өзінің даму, өсу жолында сан қилы стадиялардан өтеді. Ұлттың жұлдызды сәті болады - ол мемлекет құру, әлемдік тарихқа өз өрнегін салу»[1].

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы жолдауында «Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен барлық қажыр жігерімізді жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Біз экономикамыз бен мемлекетеміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыдан жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық»- деп атап айтқан болатын.

Қазақстан Республикасының 20 ғасырдың соңғы он жылдығындағы тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы оның саяси жүйесі мен ондағы дербес мемлекеттік басқару жүйесінің алғышарттарының қалыптасып, дамуын, қызметінің ерекшеліктерін тарихи тұрғыдан талдап, белгілі бір тарихи қорытынды жасауға мүмкіншілік туды. Демократиялық даму жолын таңдаған мемлекеттердің саяси тарихында парламенттің өзіндік роль атқаратыны белгілі. Дамудың осы жолына түскен елдердің тәжірибесі көрсеткендей, парламент мемлекеттің үдемелі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың өркениетті өмірдің қалыптастырудың мүмкіншілігінің кепілі мен негізін қалайды. Сондықтан мемлекеттік биліктің аталған түріне қоғамның әлеуметтік- экономикалық, саяси жүйесінің қалыптасып, қызмет ету іс- әрекеттерінің дамуының бүкіл қозғалысын реттеудің тарихи ролі берілген. Бұл жерде ең бастысы – әлемдік парламенттік тәжірибенің талаптары – қоғам дамуының негізгі талаптары мен үрдістерін, ондағы әлеуметтік таптар мен топтардың мүдделерін қамтуында. Ал Отан тарихында мемлекеттік биліктегі Парламенттің қалыптасуы, дамуы, кемелденуінің өзіндік қиыншылықтары мен ерекшеліктері бар. Оны түсіндіретін негізгі себеп- мемлекеттік басқарудың жаңа түріне қадам басумен қатар, экономиканың жаңа, яғни нарыққа өтуімен тұспа – тұс қатар келуі, өтпелі қоғамның саяси, рухани, идеологиялық, экономикалық проблемалары, қоғам санасының түбегейлі өзгеруін талап етуді түсіндіреді. Ендеше, Отан тарихында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы мемлекеттік билікті қалыптастырудағы орын алған қарама – қайшылықтар табиғи заңдылық деп түсіну қажет. Қазақстан Парламентінің тарихына талдау жасау, оның қызметінің күрделі кезеңіне тарихи тұрғыдан шынайы баға беру бүгінгі таңда маңызы зор.

Қазақстан тарихының тәуелсіздікті қалпына келтірген уақыттан бергі саяси тарихына, оның ішінде мемлекеттік биліктің тармақтарының, заң шығару органының қалыптасуының алғышарттарын, барысын, оның ерекшеліктеріне талдау жасаудың ғылыми маңыздылығы билік жүйесінің жетілдіре түсуіне, табиғи дамуына ықпал етпек.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері оның мемлекеттік басқару жүйесі түбегелй эволюциялық өзгерістерді басынан кешіруде. Бұл эволюциялық процестер мемлекеттік басқару ісінің заңнамалық статусын, қызметтері мен құрылымын, қоғамдық қатынастардағы орнын қамтиды. Осы өзгерістердің бүкіл табиғатының басты бір ерекшелігі – олардың бүкіл мемлекеттік құрылыстағы, ішкі- сыртқы саясатпен бір үйлестікте, шиеленіссіз, әлеуметтік – саяси қақтығыссыз, демократиялық дамудың принциптерінен ауытқымай, соған сәйкес, табиғи жолмен дамуы. Отан тарихында еліміздің заң шығару құрылысындағы сапалық өзгерістер оның қызметіне өзгерістер әкелді – ол заңды, табиғи- тарихи құбылыс.

Кеңестік- социалистік басқару жүйесінің заңдылықтарына бағынып, ортақ конституциялық – құқықтық шеңберде өмір сүрген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесі сол жүйеде 20 ғасырдың 80-ші жылдардың ортасында басталған күрделі, қайшылыққа толы өзгерістер ықпалын елдің тарихи дамуында бастан кешті. Осы тұрғыдан алғанда Отан тарихындағы мемлекеттік басқару жүйесінің табиғи қалыптасуын қоғамтанушы ғалымдар бірнеше кезеңге бөледі. Оның ішінде хронологиялық басымдыққа ие нұсқа:

Бірінші кезең – 1985-1991 жылдар;

Екінші кезең – 1991-1995 жылдар;

Үшінші кезең – 1996 жылдан басталады.

Біздің қарастырып отырған тарихи кезеңіміз тәуелсіздік алған уақыттан басталатынын ескерсек, мемлекеттік биліктің қалыптасу кезеңдерін төмендегідей хронологиялық шеңбермен анықтадық:

1991-1995 жж. Парламенттік –президенттік билік кезеңі;

1995-2007жж. Президенттің билік кезеңі;

2007-2010жж.Президенттік – парламенттік билік кезеңі.

Ендеше, 1991 жылдардағы республикамыздың саяси тарихындағы орын алған өзгерістер толқыны басталып, қоғамымыздың саяси өміріндегі жағдай парламенттің қалыптасуының алғышарттары болып табылады.

20 ғасырдың 90-шы жылдардың басында республикамыздың саяси өміріндегі өзгерістер сол кездегі КСРО – дағы әміршіл- әкімшіл басқару жүйесінің өзгерістер шарпыған уақытымен тұспа-тұс келді де, соның нәтижесінде;

-Қазақстан Республикасында «қоғамдық бірлестіктер туралы» заң қабылданып 1991 жылы, осы арқылы саяси партиялар қызметінің заң арқылы реттелуі, олардың құқықтық өрісінің кеңеюі;

- сайлау жүйесіндегі сапалық өзгерістер, яғни әр деңгейдегі депутаттар корпусының балама негізде өткізіліп, сайлаушылардың таңдау құқығының іс жүзінде жүзеге асырылуы; саяси әралуандықтың, жариялылықтың пайда болып, орын тебе бастауы; қоғамдағы барлық әлеуметтік топтары мен жіктерді саяси процестің шарпуы; бірпартиялық тоталитарлық жүйеден нақты көппартиялық жүйеге біртіндеп ауысып, тоталитарлық тәртіптің негізінің ыдырауының басталуы;

-жаңа саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуы, мемлекеттік басқару жүйесінде президенттік, парламенттік басқару жүйесінің элементтерінің негізінің қалануы.

Сонымен, осы қалыптасқан саяси жағдайдың барысында пайда болған қоғамдық құбылыстар мынадан көрініс тапты:

  1. бірпартиялық саяси жүйенің түпкілікті күйреп, биліктің заңды сайланып, конституциялық құқықтық негізде қызмет жасайтын мемлекеттік басқару органдарына түбегейлі көшуі;

  2. көппартиялықтың қанат жайып, оның конституциялық бекітілуі;

  3. қоғамның бір идеология үстемдігі ықпалынан шығып, қоғамның әлеуметтік- саяси дамуындағы балама жолдары мен әдістерінің ұсынылуы;

  4. тұңғыш рет бүкілхалықтық президент сайлауының өткізілуі;

  5. қоғамның саяси тарихындағы алғашқы мемлекеттік басқару жүйесіндегі қайшылықтар, заңгерлік- құқықтық мәселелердегі тәжірибесіздік. Соның айғағы ретінде Республиканың Жоғары Кеңесінің екі құрамының таралуы;

  6. белсенді конституциялық қызмет, екі Конституцияның қабылданып, мемлекеттің президенттік басқару жүйесіне көшуі.

Мемлекеттің саяси тарихында осы аталып өткен, 20 ғасырдың 90-шы жылдары, саяси құбылыстар парламенттік биліктің алғышарттарын қалыптастырып, оның мемлекетттік басқару түрі ретінде орнығуына әкелді. Бұл Қазақстан Республикасының тарихындағы биліктегі жаңа құбылыс, соған орай оның қалыптасып, даму барысында орын алған олқылықтар, кемшіліктер, ұлттық- географиялық, тарихи дамуымызға байланысты өзіндік ерекшеліктер, табиғи заңдылық. Енді еңбегіміздің барысында, биліктің осы аталған тармағының қалыптасу үдерісіне тоқталмақпыз. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 1991-1995 жж. мемлекетімізде басқарудың парламенттік- президенттік кезеңі болып сипатталады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Бұрынғы Конституция бойынша 1995 жылға дейін бізде Президенттік Республика деп көзделгенімен де, шын мәнінде ол Парламенттік болды...» [2].

Сондықтан, парламенттік биліктің мемлекеттік басқару түрі ретінде қоғамда алғышарттары қаншалықты толығымен пісіп- жетілді? Оны жоғарыда атап көрсеттік. Парламентаризмнің іргетасы болып табылатын қоғамның саяси-құқықтық, әлеуметтік - экономикалық, мәдени-рухани салаларының өзара қатынасы, осы аталған негіздерге сүйеніп, парламентаризм пайда болып, қызмет жасады.

Әрине, осының бәрінің уақыт өте келе сараланып, бағаланатыны сөзсіз десек те, бүгінгі күннің әрбір оқиғасы ешбір назардан тыс қалуға тиіс емес. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның тарихын терең зерттеу қажеттігін көкірегі ояу зерделі азаматтардың бәрінің де құптайтынына және тәуелсіз Қазақстанның шын мәніндегі жаңа жылнамасының негізін жасауға қабілет – қарымдарын барынша жұмсап атсалысатынына сенімдімін – деуі академик Тоқмұхамед Садықовтың өте орынды, және дер кезінде айтылған ой [3].

«Қазақстан территориясындағы мемлекеттік мәселесін анықтау тарих ғылымындағы өзекті де, күрделі проблема» - деп ғалым Е.Валихановтың атап өтуі өте орынды [4]. Себебі Отан тарихында Қазақстанның мемлекетілігін қалпына келтіріп, қоғамды басқару жүйесін қалыптастырумен қатар, экономиканың түбегейлі басқа жүйеге ауысуып, қоғамды сол жаңа нарықтық экономиканың арнасына түсіру, адамзат тарихындағы күрделі де, түбегейлі өзгерісті талап ететін құбылыс. Ал осы экономикалық және саяси дамудың жаңа арнасына түсу барысынды Қазақстанның табиғи, эволюциялық жолмен, диалектиканың заңдылықтарынан ауытқымай, дамуы Қазақстанның тарихи даму жолы нақты дәлелдейді.

Аталған тарихи үрдістер бір мақаланың көлемінен әлдеқайда кең, ауқымды мемлекеттік мәселелер, бұл мәселелер әлемнің саяси картасынан лайықты өз орнын алған, терезесі тең саясат жүргізе алатын Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихының бастауы болмақ.


Қолданылған әдебиет:

1. Қозыбаев М. Өркениет және ұлт. Алматы. 2001ж. -5б.

2.Назарбаев Н. Конституция кемел келешектің кепілі. // Егемен Қазақстан. 30 тамыз, 2002 жыл.

3.Садықов Т. Қазақстанды әлем таниды // Егемен Қазақстан.. 29 наурыз. 2008ж.

4. Валиханов Э. Кенесары. М. Молодая гвардия, 2004. -С.42.


Түйіндеме

Формирование новой государственной системы правления со времени восстановления государственности, казахстанской гражданственности, переход к новой рыночной экономики является актуальнейшими вопросами в Отечественной истории, которые затрагивают основы нашей государственности.


^ Поляки в Северо-Казахстанской области: судьба семьи Карвовских


Корнева В.Ю.,г. Петропавловск, Казахстан


C началом Великой Отечественной Войны гитлеровцы оккупировали западные районы СССР, что обусловило повышение значимости Казахстана и Сибири, как тылового региона, способного принять неограниченное число эвакуированных [1, с.19].

Эвакуация предприятий и организаций привела в движение огромный миграционный поток. Промышленные предприятия, вместе с рабочими кадрами, из западных районов страны огромными потоками направлялись в областные центры Казахстана - Алма-Ату, Чимкент, Семипалатинск и Петропавловск, а также в западную часть республики - город Уральск [1, с.20]. Особое место в республике занимал город Петропавловск, расположенный на самом севере Казахстана, на границе с Россией [1, с.21].

Уже в августе-сентябре и IУ квартале 1941 года Постановлениями Государственного Комитета Обороны СССР, высшего органа государства, созданного в начале войны, и распоряжениями созданного при нем Совета по эвакуации, в СКО были эвакуированы 9 военных заводов, из них 8 в город Петропавловск [2, с.47].

Среди них был и Алесандровский радиозавод № 3 НКЭП СССР, который в годы ВОВ был переименован в завод № 641, впоследствии ставший «ордена знак почета завод им. Кирова» Министерства средств связи СССР, а затем министерства радиопромышленности СССР. В настоящее время АО «Завод имени Кирова» [3, с.104].

Разбирая архив Лешека Яновича Карвовского, я нахожу справку о, том, что Лешек Янович вместе с заводом эвакуируется в город Красноярск. Справка подписана директором радиозавод № 3 НКЭП СССР – А Никифоровым и заверена круглой и угловой печатями [4]. К сожалению, документов, которые подтверждают, почему руководство Главрадиопрома СССР и Государственного Комитета Обороны СССР решили разместить завод в городе Петропавловске, мне пока разыскать не удалось. Но это решение удивительным образом связало судьбу семьи Карвовских с Казахстаном. Отец Лешека Яновича - Ян Отто Михайлович Карвовский, по происхождению шляхтич, родился в местечке Карвов под Варшавой. Это был человек, получивший блестящее образование: инженер-химик, изобретатель и полиглот. В конце 1930 года успешный и востребованный специалист, любящий и любимый муж, и отец был арестован по «Делу Промпартии». А 5 декабря 1930 года Ян Михайлович был осужден «Тройкой» на 10 лет с отбыванием срока в лагере на «Соловках». Мария Михайловна Карвовская обратилась с просьбой о пересмотре дела своего мужа к В.П. Пешковой, супруге Максима Горького. Которая в то время курировала организацию «Помощь политзаключенным». Офис этой организации находился по адресу: город Москва, Кузнецкий мост 24, тел. 2-41-90. 19 октября 1934 года Мария Михайловна получила официальный ответ за № 15514, что ее заявление переслали на заключение в управление НКВД УССР в город Киев. Ответ завизирован, угловой печатью и подписью В.П. Пешковой [4]. Больше никаких писем от этой организации семья Карвовских не получала, а Ян Михайлович отсидел в лагере все 10 лет, и только его знание и умение организовать на острове («Соловки-кремль», на этот адрес ему писали письма) химическое производство спасло ему жизнь.

Но, несмотря на все тяготы и лишения, в течение всех 10-ти лет Ян Михайлович занимался воспитанием своего сына через письма. Он писал, какую литературу необходимо читать, на какие предметы обращать особое внимание, занимался с ним высшей математикой, физикой, химией и делился с ним своими техническими идеями. В письме от 8 января 1933 года Ян Михайлович пишет сыну о том что: «…высшая математика игра богов и открывает широкие горизонты познания» [4]. Кроме этого он советовал ему совершенствоваться в немецком языке и брать уроки английского, пророча последнему статус международного языка.

Все это позволило его сыну Лешеку не сломиться духовно, научило ставить цели и добиваться их исполнения. Лешек Янович использовал любую возможность, чтобы повысить уровень своего образования на всевозможных курсах и семинарах. Уже в городе Петропавловске он экстерном сдаст экзамены за 10-й класс, но когда Лешек Янович захочет получить высшее образование, ему откажут. Мотивируя тем, что у него нет среднего образования.

Так, сын «врага народа», официально имея 7 классов образования, много лет проработал начальником контрольно - измерительной лаборатории (КИЛ) на оборонном заводе союзного значения № 641 (им. Кирова), в отделе технического контроля [4]. Завод выпускал радиостанции различных типов для всех родов войск [2, с.58].

Из справки за № 358 от 21июня 1949 года, следует, что с 1945 по 1946 годы Лешек Янович Карвовский преподавал предмет «Технология и оборудование производства радиоприемной аппаратуры» в Бердском электромеханическом техникуме, который был эвакуирован в Петропавловск.

Кроме, этого из доверенности № 8 от 10 января 1954 года я узнаю, что руководство завода разрешает ему количественную и качественную приемку материалов и полуфабрикатов, а также работать независимым экспертом по продукции на заводе малолитражных двигателей в городе Петропавловске. Доверенность заверена угловой печатью «завод почтовый ящик 66» и подписана директором завода - Смагиным и начальником ОТК завода – Кругловым [4].

Лешек Янович безусловно понимал, что своему профессиональному успеху он обязан знаниям полученным от своего отца, поэтому бережно сохранил все, что имело отношение к Яну Михайловичу – книги, деловые бумаги, фотографии, письма, карточку заключенного и многое другое.

Но, мое внимание больше всего привлекает и удивляет одно письмо, написанное 12 мая 1931 года. Это почтовая карточка исписанная мелким почерком. Удивляюсь не тому, как хорошо сохранилась запись, сделанная 79 лет назад простым карандашом, а тому, насколько она актуальна и сейчас. Судите сами, содержание привожу дословно.

«- Дорогой Мой Сын!

Полагаю, что это письмо получишь до 20 мая, т.е. к моменту твоего 15-тилетнего возраста. Достижение тобой этого возраста накладывает на тебя целый ряд обязанностей, а кроме этого я и другие должны смотреть теперь на тебя, как на самостоятельного человека. Ты теперь должен знать, что во многом твоя судьба зависит от тебя. То несчастье, которое свершилось со мною, не должно повлиять на твое развитие, если ты будешь сам об этом заботиться. Если ты будешь заниматься самообразованием, то плоды твоих трудов не пропадут. В данный момент тебе тем труднее, что приходится тебе заботиться еще о твоей матери. Однако прошу тебя считаться с ее слабыми сторонами и пользоваться ее жизненным опытом, это тебе во многом поможет. Надеюсь, что превратности судьбы и затруднения в твоей жизни будут тобой легко преодолены. Желаю тебе счастливой судьбы. Целую тебя. Твой Я.» [4].

Маленький кусок картона 10 на 15 см., 28 строк и тени двух людей – отца и сына...

Что они хотят сказать нам, имеющим гораздо больше возможностей и свободы? Чему хотят научить? У каждого, кто прочтет эти строки, будут свои ощущения и свой ответ…

Лично для меня это не только исторические факты причудливого соединения судеб, регионов и стран, но и об огромной воспитательной силе образования, которое в любых условиях позволяет воспитать человека и гражданина, если воспитатель этого страстно желает.


Литература

    • Абрамович А., Баймагамбетова В. и др. Эвакуация в Казахстан. Из истории эвакуации населения западных районов СССР в Казахстан. 1941-1942. Алматы. 2008. 128-с.

  • - там же - C. 20;

  • - там же - C. 21.

    • Эвакуации: воскрешая прошлое. Материалы международной научно-практической конференции // сост. И.Э. Гринберг. Алматы. 2009. – 252с.

  • - там же - C. 58.

    • Виткин Е.П. Евреи Северо-Казахстанской области (фрагменты из истории). - Петропавловск 2008. - С. 104.

    • Личный Архив семьи Карвовских.

  • - Справка об эвакуации радиозавода № 3 НКЭП СССР и семьи Карвовских, ноябрь 1941 года;

  • - официальный ответ В.П. Пешковой за № 15514 от 19 октября 1934 года;

  • - письмо от 8 января 1933 года;

  • - справка за № 358 от 21июня 1949 года;

  • - справка от 18 августа 1943 года о прописке Л.Я. Карвовского по адресу: Петропавловск, Кзылтуская 64, должность нач. КИЛа;

  • - доверенность № 8 от 10 января 1954 года;

  • - письмо от 12 мая 1931 года.






залишити коментар
Сторінка23/33
Дата конвертації23.01.2012
Розмір8,06 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
плохо
  1
средне
  1
хорошо
  1
отлично
  5
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх