Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері icon

Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері


Схожі
ӘОЖ 323.1 (574) Қолжазба құқығында


АЛПЫСБАЕВ ЖАСҰЛАН ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ


Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері


23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси қақтығыстану, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар


Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Саяси технологиялар» кафедрасында орындалды



Ғылыми жетекшісі:

саяси ғылымдарының докторы

Қуанышев Ж.І.



Ресми оппоненттері:

саяси ғылымдарының докторы,

Насимова Г.О.





саяси ғылымдарының кандидаты

Байсұлтанова К.Ш.


Жетекші ұйым:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Дисссертация 2010 жылғы 15 қазанда сағат 16.00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі 23.00.02. - Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша саяси және философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғалатын Д 14.21.03. диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен   жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, диссертациялық зал. (ауд. 215).


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30) танысуға болады.


Автореферат 2010 жылғы 13 қыркүйекте таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалыми хатшысы, саяси

ғылымдарының докторы Жабина Ж.Р


^ КІРІСПЕ


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда Қазақстан Республикасындағы этносаяси процестердің қалыптасуы мен дамуына кешенді талдау жүргізіледі. Этносаяси процестерді талдаудың теориялық және тәжірибелік қырлары жан-жақты ашылып, өзекті түйткілдері мен оларды шешу жолдары ұсынылып, этносаяси процестердің ел ынтымағы мен бірлігін қамтамасыз етудегі рөлі мен келешектегі перспективалары туралы автордың тың ұсыныстары жасалынады.

^ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдары ел аумағында Қазақстан азаматтығына ие болған этнос өкілдерінің өзара тату-тәтті өмір сүріп, ортақ бір тудың астында бас қосып, бейбіт өмір кешуінің алғышарты – ел этносаясатын тұрақтыландырып, экономикасының еңсесін көтеріп, тұрғын халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, олардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету күн тәртібінің басты мәселелерінің біріне айналды.

Қандай да болмасын саяси жүйе халық мүддесінен шықпаса, ондағы тұрып жатқан түрлі ұлттар мен этникалық диаспоралардың мұң-мұқтажын ескермесе, олардың өзара келісіп жұмыс жасауына демократиялық негіз қаламаса, этникалық топтардың өзара тәртіпті де келісімді ұйымдастырылған азаматтық қоғамын жасап бере алмаса, әрине, ол мемлекеттің саяси пәрменсіздігі басым түсіп, өмір сүру қабілетінен айырылатындығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналды. Оның дәлелі ретінде ХХ ғасырдың аяғында КСРО құрамындағы елдерде болған және посткеңестік кеңістіктегі елдерде орын алған (1986 жылы Алматыдағы қазақ жастарының, 1988-91 жылдары Әзірбайжандағы армян мен әжірбайжандардың, 1989 жылы Өзбекстандағы түріктер мен өзбектердің, Абхазиядағы грузиндер мен абхаздықтардың, грузиндер мен осетиндердің, 1990 жылы және 2010 жылы Қырғызстандағы қырғыздар мен өзбектердің және т.б.) этносаяси жанжалдарды айтуға болады.

Өткенге мұқият қарап, жарамдысы мен жарамсызын таразылап, өзіне тың жолды таңдап алған тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси тұрақтылығын, қоғамдық ішкі қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауды саяси реттеудің басты тетігі ретіндегі елдің ынтымағы мен этносаралық келісімін қамтамасыз ету әрдайым өзекті мәселе. Саяси институттардың ең жоғарғы сатысынан орын алатын мемлекет өзінің бүкіл әкімшілік жұмысы барысында өз атауына сай төл азаматтарымен қатар басқа да этнос өкілдерінен құралған азаматтардың қамын күйттеп, олардың барлық конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, олардың өзара тыныш, келісімді де үйлесімді арақатынастарына тиімді әрі қауіпсіз жағдай жасауға, ынтымақты күйттеген этносаяси процестерді ұйымдастыруға қабілетті барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін демократиялық әдіспен қамтамасыз етудің стратегиялық міндетін орындау қажеттілігін зор жауапкершілікпен мойындайды. Сондықтан ел тәуелсіздігін, егемендігін нығайтуға тікелей ықпал ететін этносаяси процестерді тиімді ұйымдастыру, бағалау, талдап зерттеу бүгінгі және келешек Қазақстанның өзекті міндеттерінің біріне айналып отыр.

^ Мәселенің ғылыми зерттелу дәрежесі. Этносаяси процестер дамуының әдістемелік мәселесін талдауда шетелдік және отандық ғалымдар зерттеулерін пайдаланбау мүмкін емес. Этносаяси процестердің негізін қалап, оның базалық категорияларын алғаш қалыптастырған Б.Ю.Бромлейдің, Л.Н.Гумилевтің, А.Бастианның, С.М.Широкогоровтың, С.А.Токаревтің, В.А.Тишковтың, С.Рыбаковтың, В.В.Мархининнің, Л.М.Дробижеваның, М.В.Иорданның, А.П.Коноваловтың, В.К.Котовтың, Р.Г.Абдулатиповтың, В.А.Авксентьевтің, В.А.Барсамовтың және т.б. зерттеушілердің ғылыми еңбектерін айтуға болады.

Қазақстан қоғамының ықпалдастық жүйесіндегі этносаяси процестердің жүргізілуі, проблемалары мен ерекшеліктері, перспективалары, этникалық топтардың өзін-өзі айқындауы, ішкі саяси тұрақтылыққа әсері, ұлттық қауіпсіздік пен ықтимал қақтығыстың қыр-сыры мен олардың алдын алудың тетіктері және т.б. мәселелерінің философиялық аспектілері Ж.М.Әбдилдиннің, А.Айталының, Р.Б.Әбсаттаровтың, А.С.Балғынбаевтың, Т.С. Сәрсенбаевтың, Т.Х.Ғабитовтың, Г.Қ.Әбдіғалиеваның, М.С.Әженовтың, Н.Ж.Байтенованың, Ғ.Е.Есімнің, Р.К.Қадыржановтың, В.Г.Малининнің, К.Мардановтың, Ә.Н.Нысанбаевтың, С.Е.Нұрмұратовтың, М.М.Сужиковтың, Ә.Қалмырзаевтың, Д.К.Кішібековтың еңбектерінде, демографиялық аспектілері А.Н.Алексеенконың, П.Г.Галузоның, Н.Е.Бекмаханованың, Ж.Қосымбаевтың, Т.Б.Балақаевтың, М.К.Қозыбаевтың, Ю.А.Габовтың, В.Э.Кисттың, К.М.Казкеновтың, К.Н.Нұрпеисовтың, Ж.Б.Абылғожиннің, А.Н.Асылбековтың, К.С.Алдажұмановтың, Ж.І.Қуанышевтың, Г.М.Меңдіқұлованың, Ә.Б.Ғалидің, М.Б.Тәтімовтың еңбектерінде, діни-тарихи аспектілері С.Әмірғазиннің, А.В.Никифоровтың, С.Колчигиннің, Г.Т.Уранхаеваның, Ж.У.Кыдыралинаның еңбектерінде, саяси-әлеуметтік аспектілері К.Л.Сыроежкиннің, И.Н.Тасмағамбетовтың, Г.В.Малининнің, С.М.Борбасовтың, А.Х.Бижановтың, К.Е.Көшербаевтың, Е.М.Арынның, Н.В.Романованың, Б.Әбдіғалиевтің, Т.Т.Мұстафиннің, М.М.Ареновтың, М.С.Бесбаевтың, С.Калмыковтың, А.Ж.Шомановтың, Е.Қарин мен Д.А.Қалетаевтың ғылыми еңбектерінде терең зерттелген.

Ғалымдар еңбектерінде кеңестік және посткеңестік кеңістіктегі Қазақстанның тәуелсіз дамуы жағдайында тоталитарлық жүйенің салдарын жоюдың жолдары, этносаяси процестерді реттеудің кейбір басымдықтары анықталған. Ал кейбір тұстары сол ескі күйінде қалып келеді, яғни мәселенің теориялық-әдістемелік және қоғамдық салалармен байланысындағы жаңа сипаттағы түйткілдерін анықтау мен еңсерудің қырлары толықтай қарастырылмаған. Сондай-ақ, жоғарыда аталған еңбектердің сүйенетін объектілік және субъектілік «атағашы», ақпараттық мәліметтері мен айғақтары бүгінгі күннен ескіріп қалған. Оның маңыздылығының деңгейін қазіргі қоғамның өзгерісі мен жаңаруына, мемлекетіміздің алдына орындалуы оңайға соқпайтын халықаралық және әлемдік талаптар мен міндеттерді шешуге қиюластыра әрі сәйкестендіре қарастырып, зерттеу бүгінгі күннің талабы болып отыр. Сондықтан да, қалыптасқан жағдайда аталмыш сұрақтарға тікелей қатысты мәселелерді диссертациялық жұмыста анықтап, шоғырландыру қажеттілігі туындады.

^ Жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында этносаяси процестердің қоғамда алатын орны мен болмысына, мәні мен мазмұнына, саяси, әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық, конфессиялық, мәдени-тілдік белгілеріне, жалпы қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне кешенді саяси талдау жүргізу.

^ Бұл мақсатқа қол жеткізуде алға қойылатын міндеттер:

  • жұмыстың теориялық негіздерін қоғамдағы және ғылым кеңістігіндегі үрдістердің жаңаруына байланысты бір жүйеге келтірудің алғышарты ретіндегі этносаяси терминология мәселелерін, этносаясаттың субъектілігі мен объектілігіне қатысты ұғымдар мен категорияларды тиянақтау, олардың шетелдік және отандық ғалымдармен синтезделген тұжырымдамаларын зерттеу;

  • этносаяси процестерді реттеудің саяси-әкімшілік тетіктерін нақтылау, қоғамдағы этносаралық келісімнің нығаюы мен дамуына тікелей және жанама ықпал ететін этносаяси субъектілердің түрлері мен қызметіне талдау жасау;

  • Қазақстанда этносаралық қатынастарды реттейтін және этникалық топтар мен азшылықтың құқықтары кепілдендіретін нормативтік құқықтық актілердің біртұтас жүйесін зерттеу;

  • Қазақстанның полиэтникалық қоғамының құрылуына себепші болған саяси-тарихи кезеңдерге диахрондық және синхрондық талдау жасау;

  • этнодемографиялық қағидалар мен басымдықтарды этносаяси процестердің дамуы жүйесіндегі орталық объекті ретінде айқындау арқылы оның заңдылықтарын, қайшылықтары мен факторларын зерттеу;

  • этносішілік процестерді зерттеудің объектісі ретіндегі шетел қазақ диаспорасы мен олардың оралман мәртебесін алу арқылы Қазақстанға оралуы үрдістерін жан-жақты талдау;

  • қоғамдағы өмірді этносаяси процестердің өзара әрекеттестігінің нәтижесі ретінде қарастырып, әлеуметтік-экономикалық, саяси-әкімшілік реформалардың этносараларық қатынастардың тұрақтылығын сақтауға деген ықпалы мен әсерін көрсету;

  • Қазақстандағы этносаяси процестердің дамуының этноконфессиялық, этнолингвистикалық және саяси аспектілерінің үрдістерін анықтау;

  • Қазақстандағы этносішілік және этносаралық бәсекелестікті мемлекеттік және әлемдік саяси кеңістікте орнықтыру барысында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне зардабын тигізетін этникалық сипаттағы ішкісаяси және геосаяси мүдделер мен олардың салдарларының пайда болуының саяси алғышарттарын талдау мен қауіптерін болжау;

  • қазіргі жағдайда Қазақстанда этносаяси процестердің дамуына ықпал ететін нұсқаулар мен ұсыныстар жасау.

^ Зерттеудің объектісі – Қазақстан Республикасының этносаясаты.

Зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін анықтап талдау, өзекті мәселелерін зерттеу.

^ Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін шетелдік және отандық саясаттанушылардың этносаяси процестерге арналған зерттеулері, тұжырымдары мен ғылыми пікірлері қалады. Зерттеу жұмысында тарихи, саяси оқиғалар мен этносаралық қатынастар объективтік шындық тұрғысынан қарастырылып, елдік мүдде талаптарына сай сараланады. Зерттеу жұмысында жүйелілік-құрылымдық теорияның қағидалары, нақты талдау, тарихи деректік материалдар мен құжаттардан жинақтау, салыстыру, жүйелеу, логикалық, себептілік, баламалық, көпқырлылық және статистикалық талдау әдістері қолданылады. Сондай-ақ, диссертациялық жұмыс қоғамдағы этносаяси процестердің даму заңдылықтары арқылы қарастыру әдісіне сүйенеді.

^ Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы. Диссертациялық жұмыстың жоғарыда аталған мақсаты мен міндеттерінде тізбектелген мәселелердің шешілуі төмендегідей бірқатар жаңа ғылыми нәтижелерге қол жеткізді:

  • этносаяси процестерді зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері нақтыланды;

  • қоғамдағы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайтуға пәрменді этносаясатты жүзеге асырудың негізгі үрдістері, факторлары мен түйткілдері айқындалды;

  • шетелдік және отандық тәжірибені талдау мен бірізділендірудің негізінде Қазақстанда этносаяси процестердің қалыптасуы мен дамуының жалпы және өзіне тән ерекшеліктері белгіленді;

  • алдымен – экономика, содан кейін – саясат, олардың тоғысқан жерінде жетілген этносаясаттың жағымды даму үрдісітері анықталды;

  • этносаяси процестерге тікелей және жанама қатысатын әрі ықпал ететін субъектілердің тұрақты этносаяси балансты қамтамасыз етудегі қызметтерінің ара-жігі мен қыр-сырына кешенді талдау жүргізілді;

  • қоғамдағы этносаяси процестердің тетігі болып табылатын және оның дамуы барысына ықпал етуші діни-саяси, тілдік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, этнодемографиялық факторлар мен салдарларға тың талдаулар жүргізіліп, жаңа ой-қорытындылар жасалынды;

  • дамыған елдердің құқықтық жетістіктерін саралай отырып, этносаралық қатынастарды реттейтін және этникалық азшылықтың құқықтарын қорғайтын қолданыста бар отандық заңдарға кешенді талдау жүргізілді.



Қарауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  1. Бірлік формуласын этносаяси процестерге тереңінен енгізу арқылы Қазақстанда қоғамдық бірлік пен этносаралық келісімді тұрақтандыру.

  2. «Этнос», «ұлт», «ұлыс», «этникалық азшылық», «этносаралық қатынас», «этноұлт», «мемлекетқұрушы этнос», «этникалық топ» т.б. түсініктердің теориялық мағынасын нақты толықтырып, әртүрлі тұжырымдар мен тиімді саяси қөзқарастарды сараптау.

  3. Этносаяси процестерді тиімді реттеудің фундаментальді негізі ретінде оған қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру тетігін заман талабына сай жетілдіру.

  4. Этносаяси процестерде этносубъектілердің басын біріктіруші маңызды стратегиялық құрал ретінде этносішілік міндеттердің санатына кіретін қазақ диаспорасы және оралмандардың Қазақстан полиэтникалық қоғамына бейімделуі мен ықпалдастығының мәселелері мен басымдықтарын зерттеу.

  5. Қазақстанның көпэтникалық қоғамының қалыптасуындағы тарихи-саяси кезеңдердің астары мен қыр-сырын талдаудың негізінде қазіргі этносаяси процестердің қоғамдық құндылықтарын демократиялық бағытта дамытудың артықшылықтарын кеңінен түсіндіру арқылы халықтың бейбіт келешекке деген сенімін нақтыландыру.

  6. Этносаяси процестерде қол жеткізілуі тиіс этносаралық келісімді қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық, геосаяси, этнодемографиялық, этноконфессиялық, этнолингвистикалық факторлардың жаһандық заман талабына сай ерекшеліктерін анықтап, талдау жасау.

^ Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі бағыт-бағдары мен нәтижесі этносаясаттану саласының теориялық қырлары мен негізгі шарттарын қайта қарау мен түзетулер енгізу арқылы оның әлеуметтік-гуманитарлық ғылым жүйесіндегі маңыздылығы мен мәртебесін нығайта түсуге, сондай-ақ этносаяси процестерді реттеудің саяси түйткілдерін алдағы уақытта зерттей түсуге қажетті теориялық-әдістемелік базаны кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

Диссертацияда этносаяси процестерді саралап талдаудың теориялық және практикалық қорытындылары мен ұсыныстары мемлекеттік органдар мен арнайы зерттеу институттарының этносаяси тұжырымдамаларды әзірлеуі барысында қолданыла алады. Сонымен бірге, жоғары оқу орындарында саясаттану, этносаясаттану курстары бойынша дәріс беруде қолданылып, этносаралық мәселелер бойынша арнайы курстарды құру кезінде философиялық, құқықтанушылық, тарихи зерттеулер саласы мен бағытына пайдасын тигізе алады, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында тәжірибе алмасу үшін өзге мемлекеттерге пайдалы.

^ Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі және мақұлдануы. Зерттеу жұмысының жекелеген бөлімдері, ғылыми-теориялық қорытындылары мен тәжірибелік ұсыныстары 1 республикалық 3 халықаралық конференцияда баяндама түрінде оқылып, республикалық журналдарда мақала түрінде жарияланды, сонымен қатар білім беру ұйымдары мен қоғамдық-саяси ұйымдарында кездесулер, дөңгелек столдар, түрлі талқылаулар мен дәрістер сипатында сыннан өтті.

^ Диссертциялық жұмыстың құрылымы. Диссертация қысқарған сөздер мен түсіндірмелер тізімінен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.


^ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ


Зерттеу бағытын таңдау. Зерттеудің негізгі бағыты – Қазақстан қоғамында халық бірлігі мен ынтымағын қамтамасыз етудің кепілі ретіндегі заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму аспектілерін анықтап, кешенді талдау.

Кіріспеде жұмыстың жалпы сипаттамасы, тақырыптың өзектілігі, ғылыми зерттелу дәрежесі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі мен пәні, әдістемелік негізі, ғылыми жаңашылдығы, қарауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі мен мақұлдануы қарастырылған.

^ «ЭТНОСАЯСИ ПРОЦЕСТЕР: ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ» деп аталатын бірінші бөлімде шетелдік және отандық саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар еңбектері теориялық-әдістемелік негізге алынып, категориялардың әлеуметтік-саяси генезисі, этносаяси процестерді мемлекеттік реттеудің әкімшілік және құқықтық тетіктері мен қоғамдық ықпал ету тұстары зерттеледі, ондағы түйткілдер жан-жақты ашылып, оның шешу жолдары мен динамикасына байланысты тың ойлар алға тартылады.

Бірінші бөлімнің «Этнос, ұлт және туынды категориялардың әлеуметтік-саяси генезисі» деп аталатын бірінші бөлімшесінде этногенез мәселелері қарастырылады.

Адамзат әртүрлі әлеуметтік топтардан тұрады. Этностар мен ұлттар күллі әлеуметтік топтардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Себебі, кез келген адам өзінің тағдырымен тарихи ұштасқан этностың құрамдас бөлігі. Адамды этностан айыруға болмайды. Осы қасиетінің арқасында этнос қауымдастығы адамдардардың әлеуметтік өмірінің ең сенімді нысаны болып табылады. Этностық қауымдастықтың қоғамдағы аталмыш сенімділігі мен шайқалмас тұрақтылығы сан қилы тарих беттерінде қатаң саясат пен біржақты идеология салдарына қарамастан бірнеше мәрте дәлелденді. Этностар әлеуметтік құрылысына, тілдік ерекшелігіне және т.б. белгілеріне байланысты әртүрлі болады. Бұл этностардың өздеріне ғана тән әрқилы құрамдас элементтерден құралатындығын, әлемдегі халықтардың типологиялық қатынастарға байланысты бір-біріне ұқсамайтындығын білдіреді.

Осыған орай, мемлекет жүргізетін этносаясаттың негізін, оның мақсаттары мен міндеттерін, халық аңсайтын бейбіт өмір мен этносаралық тату қатынастардың мазмұны, жоғарыда аталған ұғымдардың алғашқы фундаменті болып табылатын «этнос», «ұлт» және осылардан туындайтын т.б. ұғымдар мен терминдердің түп-төркіні зерттеліп, теориялық-әдіснамалық қыры заманауи талаптарға сай жан-жақты талданады.

«Этнос, азамат, қазақ елі» ұғымдарын елдік бірегейлік шеңберінде түсіндіруде тың ұсыныстар алға тартылады. «Ұлт» ұғымы «қазақ елі» ұғымымен модернизацияланады. Бұл ұғым этносаралық ықпалдастықпен құрылған «ұлттың» жаңа типі болып пысықталады. Диссертация бірінші бөлімінің бірінші бөлімшесі мәселенің теориялық қырларын зерттеуде осындай «қазақ елі» формуласын ұсынумен ерекшеленеді.

Бірінші бөлімнің «Этносаяси процестерді реттеудің саяси-әкімшілік тетіктері» деп аталатын екінші бөлімшесінде этносаяси процестерді мемлекеттік реттеудің элементтеріне, әдіс-тәсілдері мен амалдарына, оған ықпал етуші қоғамдық-саяси институттар қызметіне талдау жүргізіледі.

Қоғамдық тұрақтылықты қолдау мақсатында этносаралық келісім мен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі қарастырылады. Мемлекеттің мұндағы рөлі оның реттеу, ықпал ету құралдарымен айқындалады. Мемлекеттің құқықтық басқару құралы этникалық топтардың мүдделерін қорғап, олардың ара-қатынастарын құқықтық ережелермен реттеу арқылы оның жүйелік негізін қаласа, экономикалық басқару құралы шектеулі мемлекеттік ресурстарды үнемдей отырып, этникалық топтар өкілдерінің материалдық қажеттіліктерін тиімді қамтамасыз ету арқылы экономикалық нәтижелерге қол жеткізеді, ал, саяси басқару құралы мемлекеттің саяси әдіс-тәсілдер арқылы этникалық топтардың қалыпты өмір сүруіне оң ықпалы мен әсері етуін жүзеге асыратындығы дәлелденеді.

Осы бөлімшеде мемлекеттің этнос пен этникалық топтарға қатысты әрекеттерін сипаттауға қатысты «этносаясат», «ұлттық саясат» және «этносаяси процестер» терминдері мен олардың тәжірибедегі қолданысына терең талдау жасалынады. Сонымен қатар, этникалық топтар мен қауымдастықтар қатысатын қоғамның саяси өміріндегі әлеуметтік, мәдени, саяси мүдделердің айналасында болып жататын бірқатар құбылыстардың этносаяси процестерге ұласатындығы саяси тұрғыдан ұтымды түсіндіріліп, талданған. этникалық жұмылдыру мен мәдени әралуандықты әрлендіру арқылы этносаяси мүдделерді институттандыру, этносаяси шешімдерді құру мен қабылдау, қабылданған бағдарламалар мен нұсқамаларды мемлекеттік және қоғамдық реттеу тәсілдері арқылы жүзеге асыру шеңберінде заманауи этносаяси процестердің тартымды картинасын ұғынылады.

Аталған саяси-әкімшілік тәсілдердің бір-бірімен өзара байланысы, олардың этносаралық қаныстарды реттеуде көзделген басымдықтар мен қағидаттарға қол жеткізудің құралы болып табылатындығы мен полиэтникалық қоғамдағы этносаралық қатынастарды реттеу саласына мемлекеттік мән берудің жалпы ұлттық даму жүйесінде маңызды рөлге ие екендігі көрсетіледі.

Бірінші бөлімнің «^ Этносаяси процестердің саяси-құқықтық аспектісі» деп аталатын үшінші бөлімшесінде этносаяси процестердің құқықтық алғышарттары мен тетіктеріне кешенді талдау жүргізіледі.

Мұнда автор ықпалдастық үдерісінің бағыты бойынша жалпы азаматтардың құқықтарын қорғау ұстанымын алға тартады, этникалық азшылыққа жататын тұлғалардың құқықтық мәртебесіне назар аудару мәселесі көтереді. Түрлі саяси режимдегі этникалық топтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың алғышарттарын, түйткілдерін, шешу жолдарын талданап, зерттейді.

Заманауи этносаяси процестердің субъектісіне айналған қоғамдық ұйымдар, оның ішінде этникалық топтар өздерінің құқықтары мен мүдделерін қоғамның саяси жүйесінің органикалық компоненті саналатын саяси партиялар мен ассоциациялар арқылы білдіруі, этникалық белсенділікті саяси жұмылдыруға, этникалық кеңістікті саясаттандыруға ықпал жасау арқылы саяси жетекшілікке ұмтылуы, салдарында этникалық мүдделердің саяси жұмылдыру орталығына ұласатындығы мәселесі көтеріледі.

Қазақстан Респубикасының қазіргі қолданыстағы құқықтық жүйесін автор халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидалары мен нормаларына толыққанды сәйкестендіру қажеттілігін анықтайтын екі негізгі аспектіні белгілейді:

Сыртқы аспект – этникалық азшылыққа жататын тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы халықаралық міндеттерді Қазақстанның орындауы қажеттілігімен байланысты. Осы ретте адам құқықтары жөніндегі БҰҰ халықаралық пактілерін, этникалық, діни және тілдік азшылыққа жататын тұлғалардың құқықтары туралы БҰҰ Декларациясын, этникалық азшылыққа жататын тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ТМД Минск конвенциясын және т.б. халықаралық құжаттарға терең талдау жүргізіледі.

Ішкі аспект – Қазақстандағы этникалық топтар мен азшылықтар құқықтық жағдайының мәселелеріне арналған отандық заңнамалар жүйесін қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. 2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» [1], «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және т.б. Заңдарына, Ел бітрлігі доктринасына терең талдау жасалынады. Этникалық топтар мен этникалық азшылыққа жататын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен оларды одан әрі демократияландыруға байланысты «Этникалық азшылықтардың құқықтық жағдайы туралы» және «Этномәдени бірлестіктер туралы» заңдар жобаларын қабылдау ұсынылады.

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ҚОҒАМЫ: ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ» деп аталатын екінші бөлімінде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуының саяси қырлары және тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы этносаяси процестердің этнодемографиялық аспектілері талданады.

«Қазақстан полиэтникалық қоғамының құрылу процесінің саяси-тарихи кезеңдері» деп аталатын екінші бөлімнің бірінші бөлімшесінде Қазақстан тәуелсіздігіне дейінгі және одан кейінгі уақыт ішінде еліміздің полиэтникалық қоғам болып қалыптасуының саяси-тарихи кезеңдері зерттеледі.

Қазақстанның полиэтникалық қоғамы қалай жасақталды, ондағы жүз отыздан астам этностың бас қосып, бір мемлекеттің аумағында тұрақтануына не себеп болды деген сауалдарға автор тарапынан жауаптар ұсынылады. Қазан төңкерісіне дейінгі, оның қарсаңындағы, азаматтық соғыс жылдарындағы, сонымен бірге отызыншы жылдардың ашаршылығы мен этникалық топтардың депортациялануы, жалпы демографиялық жағдай мен механикалық қозғалыстар жөнінде мардымды талдаулар мен деректер келтіріледі.

Қазақстанның полиэтникалық қоғамға айналу процесі ұзақ тарихи кезеңдерді қамтиды. Қазақстан тарихында ол кезеңдер үшке бөлінеді.

Бірінші кезең Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруімен байланысты. Нәтижесінде қазақтардың көшпенділіктен отырықшылыққа ауысуы арқылы өмір сүру стилі, құндылықты нормативтік жүйесі өзгереді. Осы кезеңде өмірлік маңызы бар құндылықтардың бастамашылары қазақ интеллигенциясы пайда болады.

Осы кезеңде Қазақстанның солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс өңірлерін отарлаудың әскери-әкімшілік билігінің нәтижесінде славяндықтардың ареалы пайда болды. Олардың көшін казактар бастап келді. Жайық казак әскерінің құрамында славяндардан басқа башқұрт, түркімен, татар, қалмық, қарақалпақтар да болды.

Екінші кезең Қазақстанның КСРО құрамына енуімен байланысты. Осы кезеңде Қазақстанның саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми салаларында жаңа бетбұрыстағы алғышарттар құрылып, жаңа интеллектуалдық мүмкіншіліктер пайда болады, нәтижесінде Қазақстан мемлекеттілікке қол жеткізеді.

Екінші кезеңде Қазақстанның полиэтникалық құрамы жылдам қалыптасты. Оның негізі ретінде КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің 1924 жылғы 17 қазандағы «Отарлау мен көшірудің кезек күттірмес міндеттері туралы» қаулысын айтуға болады. Бұл құжаттың отарлаушылық маңызы КСРО аумағынан Қазақстанға адамдарды көшіріп орналастыру арқылы өңделмеген жерлерді шаруашылық айналымға енгізу еді. Бұл процесс екі бағытта жүзеге асырылды: бірі – халықты ерікті жолмен көшіру, екіншісі – күштеп көшіру. Шын мәнінде, ерікті деген болмады, екі акция да күштеп көшіру арқылы атқарылды. 1940 жылға дейінгі уақытта Қазақстанға 65 мың шаруа отбасы көшіп келді [2]. Оның ішінде Украинадан - 6478, Белоруссиядан - 2031, Воронеж облысынан - 1142, Курск облысынан - 1415, Рязанск облысынан - 574, Татарстаннан - 917, Чуваш республикасынан - 876, Мордовадан - 591, өзге де өңірлерден - 1068 отбасы көшіп келді [3].

Үшінші кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен және халықаралық қауымдастықтың субъектісі болуымен байланысты. Бұл кезеңде әрбір этникалық топтың еркін дамуына қол жеткізілді, этникалық ерекшеліктерін қайта түлетуге мүмкіндік туды. Кезінде елден еріксіз кеткен қандастарымыз елге оралуда. Қазақтың біріктіруші рөлін арқау ете отырып, елдің тұтастығы мен этносаралық келісімді сақтауда барлық әлеуметтік-экономикалық шаралар қабылданып, халықтың табиғи өсімі алға басып, балалардың дүниеге келуі артуда. Қазіргі таңда Қазақстанда жүз отыз алты этнос өмір сүреді. 2009 жылғы халық санағының қорытындысына сәйкес Қазақстан халқының саны 16402861 адамды құраса, оның ішінде қазақтардың саны – 10989916 (67 %), өзге этникалық топтар мүшелері – 5412945 (33 %) [4].

Үшінші кезеңнің басты ерекшелігі сол, Қазақстандағы этникалық топтардың өзара келісімді, тату өмірін еліміздің жалпы ішкі саяси тұрақтылығымен және қоғамның топтасуымен ұштастыру арқылы елдік біртұтастықты дамыта беру. Бұл тәуелсіз Қазақстанның 2030 даму Стратегиясында Ел бірлігі доктринасында көрсетілген басты басымдықтардың бірі еді.

Бірінші және екінші кезеңдерден құралған үшінші кезеңнің сарқылмас ерекшелігі – оның келесі кезеңге өтпестен, өзінің мәңгі тұрақтылығын сақтап қалуда. Үшінші кезеңнің сарқылмас күштілігі мен бой бермес қуаттылығы – оның егемендігі мен тәуелсіздігінде, Қазақ елінің достығы мен бауырмалдығында, өзара сыйластығы мен ынтымақтастығында. Тәуелсіз Қазақ елінің бүгіні мен нұрлы болашағы дәл осы үшінші кезеңде орын алмақ.

«Қазақстан тәуелсіздігін тұрақтандырудың этнодемографиялық аспектісі» деп аталатын екінші бөлімнің екінші бөлімшесінде тәуелсіз Қазақстандағы этносаяси процестердің этнодемографиялық аспектісі қарастырылады.

Қазақстан өз тәуелсіздігіне тірек болу үшін аумағының біртұтастығы мен бөлінбейтіндігін, халық игілігі мен қажеттілігіне арналған құқықтық, әлеуметтік, саяси-экономикалық даму үрдістерін қамтамасыз ету функцияларының алғышарты ретінде тұрақты этнодемографиялық ресурсты тиімді басқару қажеттігін автор ерекше атап өтеді.

Халықтың демографиялық жағдайын тұрақты орнықтыру арқылы санын арттыру механизмінсіз мемлекеттің ішкі және сыртқы экономикалық жетістіктері мен саяси белсенділігі туралы мардымды қорытындылар шығару мүмкін еместігі, демография мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында үстемдік рөлге ие екендігі статистикалық және проблемалық мазмұны жағынан дәлелденеді. Қазақстан дамуындағы демографияның алатын орнын автор келесідей сипаттайды: біріншіден, демография мемлекеттік саясаттың орталық объектісі ретінде; екіншіден, көрші елдерден этнодемографиялық қысымды сезіп отырған Қазақстан жағдайында ұлттық қауіпсіздікті, егемендік пен аумақтық біртұтастықты қамтамасыз ету факторы ретінде; үшіншіден, қазіргі уақытта адам ресурсының сапасы мемлекеттің экономикалық дамуында маңызды роль атқаратындығын ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікті айқындаушы фактор ретінде.

2009 жылғы халық санағы бойынша 16 402861 адам, оның ішінде қазақтар жалпы халық санының 67 %-ын құраса, орыстар 22 %-ын, өзге этникалық азшылық 11 %-ын иемденді [4]. Алайда бұл көрсеткіш аумағы жөнінен әлемде тоғызыншы орынды алатын Қазақстан үшін аз. Мемлекет азаматтарының саны неғұрлым артатын болса, соғұрлым оның аумағы толығып, нығыздалып, салмағы арта түседі, экономикалық секторда жаңа өндіріс күштері пайда болып, еңбек нарығында жаңа жұмыс көздері мен орындары ашылады, нәтижесінде мемлекеттің салық қоры қомданады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің экономикасын алға бастырып, жаңа белестерге шығарады, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, елдің ішкі атмосферасы тұрақтана түседі. Осындай жаңарудан жаңаруға диалектикалық жолмен ауысу арқылы елдің тұрақтылығын сақтап тұру үшін халықтың денсаулығын жақсарта беру, білімі мен кәсібилігін жетілдіре беру қажет. Заманауи талаптарға сай Қазақстанда жүргізіліп жатқан салааралық реформалар мен атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы демографияны мемлекеттік саясаттың орталық объектісі екендігін танытады.

Алайда, демографияны мемлекеттік саясаттың орталық объектісі ретінде қарастыру арқылы демографиялық процестерді тек мемлекеттік басқаруға ғана басымдық беру жеткіліксіз, сонымен қатар қоғамдық басқаруды да іске қосу қажет. Осы орайда автор демографиялық оң үрдістердің мызғымастығын қамтамасыз етудің екі тұтқасын айқындайды: а) мемлекеттік шаралар, б) қоғамдық қолдау.

Демографиялық мәселелер жөніндегі мемлекеттік шаралар деп халық санының өсіміне әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және геосаяси тұрғыдан жағдай жасау арқылы табиғи және механикалық үдерістерді жүзеге асырудың жұмыс кешенін айтады.

Мемлекеттің қарыштап дамуына тікелей әсер ететін демографиялық үдерістерді қоғамның қолдауы – азаматтардың халық санының өсуіне керағар әрекеттерді істеуден бас тартуы.

Демографиялық ахуалды тұрақтандырудағы мемлекеттік шаралар мен қоғамдық қолдаудың тиімділігін арттыру бағытында құқықтық базаны жетілдіру, шетел тәжірибесін тиімді қолдану мақсатында халықаралық ұйымдармен, үкіметтік емес ұйымдармен қарымқатынасты дамыту, демография саласында мамандарды даярлау мен демографияны ғылым ретінде дамыту, БАҚ қызметінде демографиялық бағытты идеолгиялық қолдау, қоғамдық ұйымдарды туу процесін үдетудегі насихаттық жұмыстарға, шараларға тарту, халықтың денсаулығын жақсарту мен экологиялық жағымсыз құбылыстардың алдын алу, әлеуметтік, экономикалық реформаларды тиімді жүргізуді жалғастыру туралы ұсыныстар беріледі.

Екінші бөлімнің «^ Этносаяси процестердің көші-қон өлшемдері» деп аталатын үшінші бөлімшесінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон процестері зерттеледі.

Көші-қон процесі кез келген мемлекеттегі этникалық портреттің құрлысына айтарлықтай ықпал етеді. Себебі, түрлі этникалық топтардың көшіп-қонуы халықтың полиэтникалық және поликонфессиялық құрамының түрленуін сипаттайды. Сондай-ақ, көші-қон процесі этносаяси қатынастардың маңызды аспектілерінің бірі ретінде мемлекет тарапынан мұқият бақылауға алынбаса, осы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін: біріншіден, мемлекет адам потенциалын жоғалтады; екіншіден, этносаралық қатынастардың мәдени дамуының «кедейлену» үрдісі қалыптасады; үшіншіден, мемлекет өзінің полиэтникалық және поликонфессиялық құндылықтарын жоғалта бастайды.

Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы көші-қонның осындай қауіп-қатерлерін автор кезеңдерге бөліп талдайды. 1991-1995 жылдары елден 1 123,8 мың адам көшті, бұл ел тарихындағы ең үлкен көрсеткіш. Ал, 1996-1998 жылдары 772,5 мың адам елден көшіп кетті. Жалпы, 1991-1999 жылдар аралығында Қазақстаннан 2,3 млн. астам адам көбіне-көп ТМД елдерінің ішінде Ресей мен Украинаға, Орта Азия республикаларына, алыс шетел Германия, Израиль мен Грецияға кетті. Халықтың елден кетуі біріншіден, халықтың жалпы санын кемітеді, екіншіден, елдің еңбек және генераторлық мүмкіншілігін азайтады. Себебі осы жылдары елден кеткендердің 2/3-і жас әрі еңбекке қабілетті адамдар еді [5]. Яғни, қоныс аударғандардың 68 пайызы еңбекке қабілетті, 32 пайызы орта кәсіптік және жоғары білімді азаматтар. Егер еңбекке қабілетті әрі жас азаматтар шетелдерге көше беретін болса, «қоғамның қартаюы» белең алады.

1999 жылдан бергі уақыттарда елдің демографиялық жағдайында тұрақтылық пен даму үрдістері басталды. Ел экономикасы жоғарылап, қоғамға нарық қатынастары жаппай еніп, әлеуметтік-экономикалық салада тиімді реформалар жүргізілді. Сөйте тұра, Қазақстанға келгендер мен одан кеткендердің этномиграциялық үрдісі өз жалғасын таба берді. 1999 жылы келгендер мен кеткендердің айырымы -123627 адамды құрап отыр. Демек, тек осы жылғы көші-қоннан халық санының 123627-ге азайғанын көре аламыз. Қай жылды алмасақ та, орыстардың, украиндардың, татарлар мен немістердің көші-қон айырымы төмендеген. Мәселен, 2007 жылы орыстардың саны 22834-ке азайған. Керісінше, қазақтардың саны көші-қон айырымының есесінен артқан. Алайда, бұл жерде елден кеткен қазақ пен келген қазақты білім деңгейі мен кәсібилігі жөнінен салыстыру өте қиын. Себебі келгендердің әжептәуір бөлігін оралман бауырлар құрайды. Оралмандарға берілетін квота жыл сайын артып келеді. Егер 1999 жылы көшіп келу квотасы 500 отбасына берілетін болып белгіленсе, бұл сан 2000-2001 жылдары – 600-ге, 2002 жылы – 2655-ке, 2003 жылы – 5000-ға, 2004 жылы – 10000-ға, 2005-2007 жылдары – 15000-ға дейін өскен. Ал, алдағы уақытта берілетін квотаның саны 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын халыққа арнаған жолдауында 20000-ға ұлғайтылды [6]. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдар аралығында 165861 отбасы (651299 оралман) көшіп келген [7].

Автор көші-қон процесін талдау барысында геосаяси факторға да ерекше көңіл бөлген. Қазақстанның солтүстігі Ресеймен, оңтүстігі Өзбекстанмен, шығысы Қытаймен шекараласатындықтан, осыған жақын аудандарда қатерлі геосаяси салдарлар талданады. Қазақстанның аталмыш өңірлерінде демографиялық табиғи кему мен сыртқы көші-қон айырымы кему сипатында қарқын ала беретін болса, халықтың орналасу тығыздығы сүйірленіп, ұлттық қауіпсіздік деңгейін төмендетуі мүмкін. Қазақстанның орасан зор шекара аумағының мейлінше созылыңқылығы мен ауданына халықтың тығыздығы тең келмей кем келсе, елдің қарулану қабілеттілігін қамтамасыз етуде адам іріктеу дефицитін тудырып, проблеманы ушықтыра түседі. Мұндай жағдайда тығыз орналасқан Қытай, Өзбекстан және Ресей жағынан демографиялық қысым ұлғая түседі. Бұл өз кезегінде Қазақстан этнодемографиялық картасының аймақтық диспропорциясын тудырады, сонымен бірге халықтың тұрмыс-салт жүйесінде түбегейлі өзгерістер мен ассимилиациялық процестер бой көтеруі мүмкін.

Қазақстанның тұрақты дамуы үшін табиғи өсімнің деңгейін көтеру мен механикалық үдерістерді тұрақтандыруға белсенді де тиімді демографиялық және көші-қон саясатын жүргізудің тетіктері ұсынылады.

^ «ЭТНОСАЯСИ ПРОЦЕСТЕРДІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» деп аталатын үшінші бөлімде салааралық реформалардың, конфессияаралық қатынастар мен тіл факторының этносаяси процестерге ықпалы мен өлшемдік деңгейі зерттеліп, түйткілдері анықталады және оны шешу жолдары жөніндегі ұсыныстар алға тартылады.

Үшінші бөлімнің «Этносаяси қатынастарды оңтайландырудың реформалық қырлары» деп аталатын бірінші бөлімшесінде әлеуметтік-экономикалық және саяси-әкімшілік реформалардың этносаралық тұрақтылықты қалыптастырудағы маңызы мен тетіктері қарастырылады.

Кез-келген мемлекеттің басқару жүйесінде жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық, саяси-әкімшілік реформалардың негізгі мақсаты дамудан дамуға, сападан келесі сапаға ауысу арқылы халық игілігіне бағытталған мемлекет қызметін жетілдіру болып табылады.

Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жаңа тұрпаттағы ел қамын күйттеген реформаларды іске асыруға бет бұрып, өзінің мемлекеттік басқару жүйесін бірінші экономикаға, екінші саясатқа негіздеп, өзіндік «қазақстандық» даму жолына түсті. Полиэтникалық қоғамның әлеуметтік жағдайы мен эконикалық ұстанымы ұтымды болмайынша елде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық ынтымақты қалыптастыру мүмкін емес. Осы принциптің негізінде біріншіден, әлеуметтік ұстанымдағы экономикалық реформаларға, екіншіден, қоғамды демократияландыруға бағытталған саяси-әкімшілік реформаларға жан-жақты талдау жүргізіледі.

1992 жылы Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы қабылданып, онда екі негізгі экономикалық қағида жария етілді: біріншіден, бәсекелестікке негізділген әлеуметтік нарықтық экономиканы құру; екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі пайымдауы қағидасын жүзеге асыру үшін құқықтық және өзге жағдайлар жасау.

Қазақстанның 2030 даму стратегиясының 1-кезеңі 2000-2010 жылдарды қамтитындықтан, осы кезеңнің мақсат-міндеттерін жүзеге асырудағы жемісті экономикалық реформалардың көрсеткіші ретінде 2000 жылдан бергі Қазақстанның ІЖӨ-нің 9-10 пайыздық өсіммен дамып келе жатқандығы елдің ішкі дамуының зор әлеуетін әйгілей түседі. Ал, экономиканың сервистік-технологиялық әдістерін, био және нанотехнологияларды, жасанды интеллект жүйелерін, жаһандық ақпарат тораптарын, жоғары жылдамдықтағы көлік жүйелерін, қуат үнемдеуші және космостық технологияларды кеңінен қолданудың нәтижесінде 2015 жылы ІЖӨ-ді 300 миллиард долларға, яғни оны жан басына шаққанда 8-10 мың долларға жеткізу жоспарлануда [8].

Мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі көзі болып табылатын жалпы мөлшердің шамамен 85 %-ы шикізаттық емес сектордың кәсіпорындарынан түсетін кірістердің болуына, ал инфляция 4-5 %-дан аспайтын дәрежеге қол жеткізу Қазақстанның өте маңызды стратегиялық мақсаты болып табылады. Бұл мақсатты еңсеру үшін экономиканың әлеуметтік сипаттарын толық ашып, артынша эволюциялық жолмен саяси процестердің сапалы жүргізілуіне демократиялық ықылас білдіру қажет. Мұндай қажеттілік Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына, БСҰ-ға кіруінің және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуінің алғышартына айналып отыр. Мұны барша қазақстандық болып, тұтас мемлекет болып атқару ел мүддесі болмақ. Сол себепті барлық этникалық топтар тұтас қазақстандық болып осы маңызды тарихи процестің бел ортасында қызмет қылып, нарық заманында бәсекеге қабілетті болуы қажет. Этностың бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның әрбір өкілінің бәсекеге қабілеттілігі, оның әзірлік деңгейі, білімі мен жеке басының дамуы. Ал Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі – бұл халықтың жақсы тұрмысы және оның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.

Адам әлеуеті мен мүмкіндіктерін пайдалануға жағдай туғызатын әлеуметтік интеллектуалдық экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тиімді әкімшілік реформаларға талдау жүргізіледі. Әкімшілік реформа мемлекеттік органдардың назарын экономикалық өсудің маңызды стратегиялық факторларын қалыптастыруға, елдің әлеуметтік ілгерілеуін, бәсекеге қабілеттілігін, қауіпсіздігін және өздерінің функциялары мен міндеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге аударуға бағытталады. Осы орайда Қазақстанның жүргізіп отырған әкімшілік реформасы мына басымдыққа негізделеді: біріншіден, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру; екіншіден, нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау мен бюджет жасақтау жүйесін енгізу; үшіншіден, кәсіпкерлік құрылымдарға әкімшілік қысымды қысқарту және мемлекеттің араласуы асқынып кеткен салаларда тәртіп орнату; төртіншіден, «электронды Үкімет» жүйесін дамыта беру; бесіншіден, мемлекеттік қызметті жетілдіру.

Саяси-демократиялық кеңістікті кеңейтуде қолға алынған конституциялық реформалар шеңберінде Қазақстанның саяси әлеміне енгізілген түбегейлі өзгерістер республика моделін президенттіктен президенттік-парламенттік моделге көшіруге ойысып, халық билігін демократияның іздегеніне сай етіп қанағаттандыруға жаңа бағыт алды. Қазақстанның аумағында тұратын әртүрлі этникалық топтардың мүдделерін ескеру мақсатында тұңғыш рет конституциялық мәртебеге ие болған ҚХА-дан ел Парламентінің мәжілісіне 9 депутат сайланып, сенатына депутаттар белгіленген мөлшерде Елбасымен тағайындалады. Парламенттің екі палатасында түрлі этнос өкілдерінің болуы олардың өз ойларын жеткізуіне, мемлекеттік шешімдер қабылдауда өз дауыстарының болуына мүмкіндіктер береді. Осылайша этносаралық қатынастар мен өзара келісімді демократиялық түрде ұйымдастыру мен орнықтыруда жүргізілген реформалар этносаясатпен ұштасып, өзара келісіммен толысуда.

Үшінші бөлімнің «Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастардың саяси аспектісі» деп аталатын екінші бөлімшесінде этносаяси процестер мен дінаралық қатынастардың ара-жігі, өзара ықпалы мен өзекті мәселелері зерттеледі.

Дамыған полиэтникалық мемлекеттердің іс-тәжірибесінде этносаяси процестердің бейбіт әрі демократиялық жолмен қалыптасып, өріс алуына ықпал ететін 2 фактор: материалдық және рухани құндылықтар заманауи талаптарға сай талданады. Мемлекетті мекен ететін әрбір этникалық топтың материалдық-экономикалық қажеттіліктері мен діни-рухани құндылықтары тарихи-мәдени негізде қанағаттандырылмаса, сол мемлекетте этносаралық татулық пен өзара келісім болмайды. Қазақстан өзінің даму жолында теңдесі жоқ экономикалық принциптерді басшылыққа алып, халықтың әлеуметтік потенциалын арттыруда. Түрлі этнос өкілдерінің экономикалық қабілеттері заңмен кепілденіп, қорғалады. Кез келген қазақстандық бизнестің қай түрімен айналысамын десе, еңбек рыногының қай бұрышынан орын аламын десе, мемлекеттік қызметке тұрамын десе – ерікті. Ал, осындай заңмен белгіленген еріктер мен заңды мүдделерді азаматтық-құқықтық қоғамда өркениеттілік принципімен сақтап, әділ жолға салудың рухани-мәдени толықтырушы элементі ретінде дін және конфессияаралық қатынастар мәселесі тереңінен сипатталады.

Қазақстандағы діндер тағдырының Кеңес өкіметі кезінде атеистік бағытта тұншықтырылып келгені барлығымызға белгілі. Ал, тәуелсіздік алғаннан кейін жағдай өзгеріп, халықтың дінге көзқарасы мен наным-сенімі бостандық жолымен және құқық кепілдерімен дами бастады. Қазақстан аумағында бір де бір дінге артықшылықтар беріліп, басшылық позициясы қолданылмады, ешқандай дін мемлекеттік статусын иеленбеді, теократиялық мемлекет басқару дәстүріне ешқашан жол берілмеді, либерализм мен діни өзара теңдік қағидасы сақталуда. Сондықтан да Қазақстанда тұрақты конфессияаралық татулық пен келісім қалыптасып, өз негізін қалады.

Алайда, автор дінаралық жанжалдардың болуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды қарастырады. Олар: діни мекемелердегі кадр мәселесі, өңірлік теңсіздік мәселесі, мемлекет пен діни бірлестіктердің арасындағы қарама-қайшылық мәселесі, коммерциялық әрекеттер мәселесі, миссионерлік қызмет мәселесі. Аталмыш мәселелерді шешудің жолдары ұсынылады:

Біріншіден, белгілі-бір этникалық диаспораның тұтастай шоғырланған аймағында (Оңтүстік Қазақстан облысында - өзбектер, Алматы облысында – ұйғырлар және т.б.) діни бірлестіктердің жетекшілерін тағайындау механизмін қандай да бір этникалық, діни нанымдық немесе нәсілдік белгілерге байланысты жүргізбеу;

Екіншіден, ислам елдерінен теологиялық білім алып келген мамандардың Қазақстандық діни жүйеге ықпалдастығын қамтамасыз ету;

Үшіншіден, Қазақстанда өңірлік діни теңсіздіктің алдын алу мен діни диалектіні болдырмауды іске асыру;

Төртіншіден, «Свидетели Иеговы», «Совет Церкей Евангельских Христиан-Баптистов», «Адвентисты седьмого дня», «Белые братья», «Церковь саентологии», «Свет» және т.б. дәстүрлі емес діндердің миссионерлік қызметін реформалаудың мемлекеттік тетіктерін іске қосу.

Аталмыш мәселелерді халықаралық деңгейде шешу мен діни татулықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстан 2003, 2006, 2009 жылдары әлем және дәстүрлі діндердің үш бірдей съезін өткізіп, әлем өркениеті мен діндерінің арасында өзара бейбітшілік диалогын қалыптастырды. Осындай әлемдік мәні бар іс-шаралар мен елдегі этносаралық және конфессияаралық келісімдер Қазақстанның этносаясатын бекемдеп, қуатты да тиімді қылмақ.

Үшінші бөлімнің «Этносаясаттағы тіл факторы» деп аталатын үшінші бөлімшесінде этносаяси процестерді жүргізудегі тіл факторының кейбір басымдықтары мен мәселелері зерттеледі.

Тілдік сана-сезім этникалық сана-сезімнің негізгі белгісі болып табылады. Өйткені тіл тұлғаның және халықтың өзіндік бірегейленуінде анықтауыш рөлге ие. Тілдің табиғатында әлемнің этникалық картинасы құралып, қалыптасады. Тілдің тұжырымдық жүйесі, сөздік құрамы өз ішінде тек қана сөздерді ғана біріктіріп қана қоймайды, сонымен қатар әр этностың мәдени тұжырымдамалары мен оның дүниетанымын көрсетеді. Бұл жөнінде орыстың белгілі мәдениеттанушысы Г.П.Федотовтың айтқаны бар: «Тіл халықтың мәдениетін қалыптастыратын қанмен берілетін рухани бірлік пен ерекше құндылықтың патшасы ретіндегі этностың аты, есімі болып табылады» [9, б.15].

Тіл мәселесі қазіргі жағдайда этнос мәселесімен, халық тағдырымен, елдің елдігімен барабар мәселе. Тілсіз ел де, мемлекет те, этнос та жоқ. Сонымен қатар, халықты біртұтас, тастүйін мемлекеттілікті нығайтатын ұлы рухани күш, ол – халықтың ортақ тілі. Мемлекеттің қандай тілде сөйлеуінің аса маңызды саяси және тағдырлық мәні бар. Сондықтан Қазақстан тиімді тіл саясатын іске асыруға мүдделі. Қазақстан үшін тиімді тіл саясаты дегеніміз – елдегі саяси және этникалық тұрақтылықты сақтай отырып, қазақ тілінің толықанды дамуына қол жеткізетін саясат.

Сол себепті, Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен этносаралық татулығын нығайтудың айқын жолы ретінде тіл мәселесін тиімді шешу этносаясат пен тіл саясатының маңызды міндеттерінің біріне айналып отыр. Себебі, мемлекеттік саясаттың бір-біріне ықпал етуші өзара салалық бағыттары ретіндегі этносаясат пен тіл саясатының бірегейленген жүйесі этносаралық және тіл қатынастарына қатысты мәселелерді тиімді шешудің негізіне айналуда. Полиэтникалық мемлекеттер жүйесіндегі тіл саясаты этносаралық мәселе жөніндегі мемлекеттік саясаттың тілдік аспектісі ретінде қарастырылады.

Қазақстан полиэтникалық мемлекет болғандықтан, тіл саясатының екінші түрін өзіне басшылыққа алып, ондағы этникалық топтардың тілдерін сақтап қалуын, заңды әрі мәдени мүдделерін қамтамасыз етудің плюралистік және интеграциялық бағыттарын өзінің тіл саясатының негізгі кілтіне айналдырған. Ал, әлемдегі мемлекеттердің тіл саясатында кездесіп жататын ассимилияциялық және сегрегациялық бағыттарға Қазақстанның заң шеңберінде де, қызметтік іс-тәжірибесінде де орын жоқ. Сонымен, Қазақстанның тіл саясаты өз аумағындағы қолданыстағы барлық тілдердің қолданыс аясы мен ортасын қалыптастыру мен халықты мәдени бір арнаға жайғастыру арқылы этносаралық қатынастарды одан әрі нығайтуға бағытталған конструктивті-интеграциялық және демократиялық-интернационалдық әдіс-тәсілдердің идеологиялық кешені болып табылады. Осы кешенді кезең-кезеңімен жүзеге асыруды стратегиялық жоспарлаудың жалпыхалықтық нысаны ретінде «Тілдердің үш тұғырлығы» - этносаясат арнасындағы тіл мәселелерін салиқалы шешудің басты құжаты саналатын Елбасының жария еткен тіл стратегиясы.

Қазақстанда өмір сүріп жатқан өзге этностық топтардың тілдік мүдделері ескерілген. Балабақшаларда қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин, неміс тілдерінде 426 мың бала тәрбиеленуде. Жалпы білім беретін мектептерде дербес пән ретінде неміс, ұйғыр, корей, поляк, грек, армян және Қазақстан этникалық қауымдастықтарының өзге де тілдерін қосқанда, жалпы 15 ана тілінде 3 млн. оқушы білім алуда. Республикада жексенбілік мектептер мәдени-тілдік бірегейлікті сақтауға өте зор ықпал жасауда. Жыл сайын олардың саны өсе түсуде. Айталық, 1997 жылы 68 жексенбілік мектепте 12 этностың тілі оқытылса, қазір олардың саны 200-ге өсіп, 30-дан астам тілдер оқытылады [10]. Мұндай мектептердің этникалық жаңғыру мектептеріне қарай өзгеру үрдісі байқалуда. Ол тілді сақтап қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір халықтың этникалық ерекшелігін де сақтауға жағдай жасайтын білім берудің өзіндік айрықша формасы. Тағы бір назар аударарлық жәйт, барлық этникалық сипаттағы мектептер оқу курстарына қазақ тілін өз еріктерімен, қысымсыз, жоғарыдан нұсқаусыз енгізді. Бұл жаңа заманның, жаңа тарихи жағайлардың мүдделеріне сай келеді.

Сондай-ақ, өзге этникалық топтардың тілдерін Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту мақсатында 5В021000-«Шетел филологиясы» (жапон, парсы, үнді, корей, поляк, ұйғыр, өзбек, қытай және т.б. тілдер) мамандығы бойынша жыл сайын 120-дан астам білім беру гранттары қарастырылады.

Қазақстандағы этносаяси процестердің тілдік даму ерекшелігі төмендегідей сомдалады:

Біріншіден, полиэтникалық қоғамның әлеуметтік жағдайының тұрақты болуы;

Екіншіден, этникалық топтардың тілдік бірегейлігін сақтап, түлетуін мемлекеттің қолдауы;

Үшіншіден, отбасында, балабақша мен оқу орындарында өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруін жете жоспарлап, тиімді ұйымдастыратын идеологиялық құралдардың құрылуы;

Төртіншіден, мемлекетқұрушы этнос өкілдері ретінде қазақтардың өзге этникалық топтардың мүшелерін өз айналасына топтастырудың жоғары моральдық, этикалық құндылықтарын игеруі.

Бұл міндеттерді атқару үшін тиісті нормативтік база, саяси ерік-жігер сияқты барлық жағдайлар бар. Бірақ уақыт, төзімділік пен қоғамымыздың барлық мүшелерінің азаматтық ұстанымы, белсенді іс-қимылы қолдау білдіруі қажет.


ҚОРЫТЫНДЫ


Жұмыстың қорытындысында қысқаша тұжырымдар мен зерттеудің нәтижелері жасалған:

  1. Этносаяси процестерді жүргізудің маңыздылығы мен өзектілігі, түйткілдері мен қайшылықтарын, оның мемлекеттік саясатпен сабақтастықтығын зерделеу саясаттанушылар мен жалпы адамзатты қызықтырып отырғандықтан, ол гуманитарлық ғылымдардың объектісі болып, пәнаралық өзекті мәселеге айналары белгілі болды.

  2. Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестерді зерттеудің теориялық аспектісінде, нақтылап айтқанда аталмыш саладағы «этнос», «мемлекетқұрушы этнос», «ұлт», «ұлыс», «этникалық мүдде» және т.б. негізгі категориялар турасында айтылған әр түрлі тұжырымдар мен қөзқарастарды, саяси пікірлерді талдап, олардың теориялық мағыналарын қазақстандық нақышта толықтырып, жүйелеуде ғылыми нұсқаулар жасаудың өзекті екендігі анықталды.

  3. Заманауи этносаяси процестерді мемлекеттік реттеудің саяси элементтері, оның қоғамдық балансқа сай жүргізілуіне бағыттайтын әдіс-тәсідері алға тартылып, оны реттеуді жүзеге асырып, ықпал ететін субъектілер қызметінің бағыт-бағдары мен мақсат-міндеттері нақтыланады.

  4. Этносаяси процестерді жүргізудің құқықтық негізі ретіндегі нормативтік базаны талдау мен онда этникалық мүдделердің заңдық сипатта қамтылу аясын саяси режимде зерттеу қажет екендігі белгіленді. Этникалық мүдделерді құқықтық қамтамасыз етудегі ішкі және сыртқы саяси-құқықтық аспектілердің жалпы этносаяси процестерге ықпалы мен одан туындайтын түйткілдердің салдары бағаланады.

  5. Қазақстанда этносаяси процестердің қалыптасуына негіз болған ХІХ және ХХ ғасырлардағы этнодемографиялық үрдістердің саяси астарын талдау тәуелсіз Қазақстанның заманауи этносаяси процестерін этнодемографиялық өлшемдермен анықтауға септігін тигізді.

  6. Титулды этностың өрлеуі мен жаңғыруында айтарлықтай маңызға ие шетел қазақтарын елге оралту мен оралман мәселесі этносаяси процестерді зерттеудің құрамдас бөлігіне айналып отыр.

  7. Полиэтникалық және поликонфессиялық Қазақстан жағдайында этносаяси процестердің тиімді жүргізілуі мен дамуы мемлекетіміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси үрдістермен, реформалармен тікелей байланысты. Оның әлеуметтік, мәдени, діни ерекшеліктері мен факторлары мемлекеттің саяси-тарихи кезеңдерімен сабақтасады. Сондықтан этносаяси процестердің әлеуметтік-саяси қозғалыс өрісін әрдайым динамикада эмпирикалық зерттеу оның бағыт-бағдарын айқындауға көмек береді.

Жоғарыда жасалған тұжырымдар диссертациялық зерттеуде қойылған мақсаттардың толығымен орындалғанын көрсетеді.

^ Зерттеу жұмысында қол жеткізген нәтижелер мен жасалған түйіндер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында, ғылыми және білім беру жүйесінде, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты жүзере асыруға жауапты органдар мен ұйымдардың тәжірибелік қызметі барысында қолдануға мүмкіндік береді.

^ Аталмыш сала бойынша бұрын соңды қол жеткізілген нәтижелермен салыстырғанда диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми деңгейін бағалайтын болсақ, диссертациялық зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы оның мақсаттары мен міндеттерінен, объектісі мен пәнінен көрініс табады. Қазақстанда заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін анықтаудың теориялық және қосалқы аспектілері зерттелді. Аталмыш ғылыми жұмыстың қорытынды түйіндері Қазақстандағы заманауи этносаяси процестерді кешенді зерттеуде ғылыми үлеске ие.


^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы. Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен Қазақстан. – 2008. – 21 қазан. - № 319-320. – 2 б.

  2. Базанова Ф.Н. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР (национальный аспект). – Алма-Ата, 1987. – Б.77.

  3. Платунов Н.И. Переселенческая политика Советского государства и ее осуществление в СССР (1917-июнь 1941 гг.). – Томск, 1976. – Б.216.

  4. Мәсімов К. «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы турасында // http: // kz. government. кz / documents / publications / 178.

  5. Джаганова А.К. Современная демографическая ситуация в Казахстане и Концепция Правительства по реализации Программы демографического развития: Лекция. – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2004. – Б.6.

  6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2007. - № 55. – 2 б.

  7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің 2008 жылғы 31 наурыздағы № 01-172 хаты. – 1 б.

  8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.

  9. Федотов Г.П. Национальное и вселенское. В кн.: «О России и русской фиолсофской культуре». М., 1990. – Б.15.

  10. Морозов А.А. Казахстан за годы независимости. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2005. – Б.75.


^ ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

1 Қазақстандағы конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардың кейбір мәселелері // Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет» ғылыми-талдау журналы. – Астана. - № 2. – 2008. Б.104-113.

2 Ұлттық саясат пен Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың байланыс тұрғысында // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің хабаршысы. – Астана. - № 1 (53). – 2007. – Б.297-302.

3 Ұлттық саясат: қазақ диаспорасы және көші-қон мәселелері // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің хабаршысы. – Астана. - № 3 (57). – 2007. – Б.264-273.

4 Ұлт және тіл – тәуелсіздік тірегі // Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тіл және қоғам» журналы. - № 3 (8). – 2006. – Б.81-87.

5 Ұлттық идея – ол қандай болу керек? // Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тіл және қоғам» журналы. - № 3 (8). – 2006. – Б.27-34.

6 Тұрақты ұлттық-демографиялық даму – тәуелсіздік тірегі // Академия Государственного управления при Президенте Республики Казахстан, Сборник тезисов докладов научно-практической конференции аспирантов и слушателей магистерских программ «Инновационный Казахстан: реалии и приоритеты» - Астана, 2007. – Б.228-231.

7 Ұлтаралық қатынастардың саяси-құқықтық бастаулары // Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы институт, Қазақстанның әлемдік білім жүйесіне интеграциясы: даму бағыттары, проблемалары және оларды шешу жолдары, ІІ том. –Талдықорған, 2007. – Б.83-87.

8 Этносаяси процестерді басқару тетіктері // Академия Государственного управления при Президенте Республики Казахстан, Сборник тезисов докладов международной научно-практической конференции «Государственное управление в Республики Казахстан: приоритеты и реалии» - Астана, 2009. – Б.37-39.

9 Қазақстан Республикасында этникалық азшылықтың құқықтарын кепілдендірудің кейбір түйткілдері // Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, «Ғылым және білім – 2009» жас ғалымдардың VI халықаралық ғылыми конференциясының баяндама тезистерінің жинағы – Астана, 2009. – Б.264-267.


РЕЗЮМЕ


Алпысбаев Жасулан Турганбекович


^ ОСОБЕННОСТИ ФОРМИРОВАНИЯ И РАЗВИТИЯ СОВРЕМЕННЫХ ЭТНОПОЛИТИЧЕСКИХ ПРОЦЕССОВ В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

Диссертация на соискание ученой степени

кандидата политических наук по специальности 23.00.02 – Политические институты, этнополитическая конфликтология, национальные и политические процессы и технологии


Казахстан является уникальным по своему полиэтническому составу государством, поэтому исследование этнополитических процессов в контексте обеспечения межэтнической стабильности общества приобретает особое значение в гармонизации социально-политических отношений как внутри общества, так и во внешнеполитической сфере.

Данная диссертационная работа посвящена анализу актуальной проблемы современной политической науки – особенностям формирования и развития этнополитических процессов в Казахстане.

^ Объектом исследования является этнополитика Республики Казахстан.

Предметом исследования является определение и анализ особенностей формирования и развития современных этнополитических процессов в Республике Казахстан с выявлением их актуальных проблем.

^ Целью исследования является комплексный политический анализ особенностей формирования и развития современных этнополитических процессов в Республике Казахстан. В связи с чем ставятся следующие задачи: конкретизировать понятия и категории этнополитологической терминологии через теоретическую призму обновления общественного и научного пространства; исследовать механизмы политико-административного регулирования этнополитических процессов, раскрыть роль и значение общественно-политических субъектов влияния на развития этнополитических процессов; раскрыть сущность нормативно-правовых актов, регламентирующих межэтнических отношений и защищающих прав и законных интересов этнических групп; выявить политические особенности этапов формирования казахстанского полиэтнического общества; раскрыть содержание социально-экономических, этнодемографических, культурных и конфессиональных принципов и приоритетов как центральный объект, способствующий стабильному развитию этнополитических процессов.

^ Научная новизна исследования заключается в том, что данная работа представляет одну из свежых в казахстанской науке попыток комплексного исследования особенности формирования и развития современных этнополитических процессов в Республике Казахстан на государственном языке. Решение поставленных задач, указанных выше, позволило получить ряд новых научных результатов: уточнены теоретико-методологические основы исследования современных этнополитических процессов; выявлены основные тенденции, факторы и сложности реализации этнополитики в контексте укрепления внутри политической стабильности и межэтнического согласия в обществе; на основе анализа и систематизации зарубежного и отечественного опыта в сфере межэтнических отношений установлены общие и специфические особенности формирования и развития современных этнополитических процессов в Казахстане; определены тенденции положительного развития этнополитических процессов на основе строгого соблюдения требований формулы «сперва – экономика, затем - политика».

^ Методологической основой исследования являются принципы единства теоретико-логического и конкретно-исторического, структурно-функционального и психологического подхода к изучению этнополитических процессов в современном Казахстане. В ходе научного исследования использовались методы системного, компаративного, структурно-функционального анализа.

^ Теоретическую и источниковую базу исследования составили труды отечественных и зарубежных политологов, историков, социологов, этнографов, философов, психологов и др.

К другой группе теоретических источников относятся официальные документы: законы и нормативно-правовые акты, правтильственные постановления, программы Республики Казахстан, доклады и выступления Главы государства Н.А.Назарбаева и руководителей правительства.

Источниковую базу диссертационной работы также составляют эмпирические аргументы и факты изученных документов исследовательских центров, экспертов, обобщенные аналитические и статистические данные в ежегодных вестниках, сборниках различного уровня и систематизированные материалы политических исследований межэтнических отношений.

^ Практическая значимость исследования определяется: углублением имеющихся представлений об объекте исследования, что может быть использовано в качестве концептуально-методологической основы для его дальнейшего изучения; выработкой рекомендаций по развитию современных этнополитических процессов как фактора укрепления межэтнической стабильности; разработкой методологических проблем в дальнейшей модернизации этнополитики.

Структура данной диссертационной работы соответствует логике научного исследования и состоит из введения, трех разделов, включающих 9 подразделов, заключения, списка использованных источников и приложений.


^ SUMMARY


Alpysbayev Zhassulan Turganbekovich


The particularities of forming and developing modern ethnopolitical processes in the Republic of Kazakhstan


23.00.02 – Political institutes, ethnopolitical conflictology, national and political processes and technologies dissertation to complete for the scientific degree of candidate of political sciences


Kazakhstan is an unique state with the multiethnic structure, so research ethnopolitical processes in the context of provision interethnic stability of the society gains special importance in harmonization of social-political relations as in the society as in the foreign political sphere.

This dissertation is devoted to analysis actual problem of modern political science – particularities of forming and developing ethnopolitical processes in Kazakhstan.

^ The object of the dissertational research is the ethnopolicy of the Republic of Kazakhstan.

The subject of the research is determination and analysis of the particularities of forming and developing modern ethnopolitical processes in the Republic of Kazakhstan with discovering their actual problems.

The aim of the research is a complex political analysis of the particularities of forming and developing modern ethnopolitical processes in the Republic of Kazakhstan. This aim connected with the following tasks: to concrete notions and categories of the ethnopolitical terminology through the theoretical prism of the public and scientific space renovation; to research the mechanisms of politician-administrative regulation of modern ethnopolitical processes, to reveal the role and importance of public-political subjects of the influence upon development of modern ethnopolitical processes; to reveal essence of laws specifying interethnic relations and protecting rights and legal interests of ethnic groups; to reveal political particularities of stages of forming multiethnic society of Kazakhstan; to reveal the content of social-economic, ethnodemographic, cultural and religion principles and priorities as the central object making stable development of modern ethnopolitical processes.

^ Scientific novelty of the work is concluded in this dissertation presents one of fresh attempts of the complex research particularities of forming and developing modern ethnopolitical processes in the science of Kazakhstan in the Kazakh language. The Decision of the above-mentioned tasks allowed to get new scientific results: elaborated theoretic-methodological bases of the research modern ethnopolitical processes were refined; main trends, factors and difficulties of realization ethnopolicy in the context of the fortification inwardly political stability and interethnic consent in the society were revealled; general and specific particularities of forming and developing modern ethnopolitical processes in Kazakhstan were installed on the base of the analysis and systematization foreign and domestic experiences in the sphere of interethnic relations; trends of the positive development of modern ethnopolitical processes were defined on the base of close observing conditions of the formula "first – economy, then – policy".

^ The methodological bases of the research are principles of unity theoretic-logical and concretely-historical, structured-functional and psychological approach to study ethnopolitical processes in modern Kazakhstan. In the course of scientific research systematic, comparative, structured-functional analysis methods were used.

^ The theoretical and source basis of the research is composed with works of native and foreign politologists, historians, sociologists, ethnographers, philosophers, psychologists and etc.

Another group of ascetical basis is official documents, laws, governmental resolutions, programs of the Republic of Kazakhstan, speeches of the President N.Nazahbayev and other leaders of the government.

The source base of research consists of empirical arguments and facts of documents of exploratory centres, experts, united analytical and statistical information in annuals, collections of different levels and systematized materials of the political research interethnic relations.

^ The practical importance of the research is defined: by deepening available notions about the object of the research that can be used like conceptual-methodological base for its further studying; by work under the recommendations on the development ьщвукт ethnopolitical processes as a factor of fortification interethnic stability; work about methodological problems in the further modernization of ethnopolicy.

Thesis structure of this dissertation work corresponds to the logic of the scientific research and consists of introduction, three parts, including 9 subparts, conclusion, the list of literature and applications.


^ АЛПЫСБАЕВ ЖАСҰЛАН ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ


Қазақстан Республикасында заманауи этносаяси процестердің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері


23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси қақтығыстану, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша


Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Басуға 11.09.2010 ж. берілді

Формат 60/84 Көлемі 1,5 б.т.

Тапсырыс № 51

Таралымы -100 дана

«Қазақ университеті» баспасы

Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 71, 050038



Скачати 445,68 Kb.
залишити коментар
Дата конвертації31.10.2011
Розмір445,68 Kb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
Ваша оцінка цього документа буде першою.
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх