«Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны: Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» icon

«Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны: Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту»


3 чел. помогло.
Схожі
1   2   3   4   5   6   7
повернутися в початок
^

Информатика пәнін оқытуда технологиялық жобалау тәсілімен оқытудың ерекшеліктері


Ф.Майлашова

Атырау қ., Жамбыл атындағы орта мектеп


ХХІ ғасыр адамзаттың индустриялық кезеңнен ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан да, оқушылардың ақпараттық қоғамдағы өмір талаптарына сай дайындауда - мектептерде информатика пәні үлкен роль атқарып келеді. Алайда, жаңа ақпараттық технологиялардың өте шапшаң даму қарқыны бұл пәнге деген көзқарасты түбегейлі өзгертті. Бұл пәнді оқытудағы негізгі мақсатты айқындап берді.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың компьютерлік технологиямен жұмыс істеуге деген ынтасы, талпынысы, ізденісі өте жоғары. Сондықтан да, информатика сабақтарына оқушылар құлшыныспен, бір нәрсені еркін меңгерсем деген ниетпен қатынасады. Бірақ, осындай оқушылардың көпшілігінде информатика пәнінен білімді, яғни теориялық білімді меңгермей – ақ, компьютермен жұмыс істеуді үйренсем, болды деген пікір қалыптасқан. Сондықтан да, оқушылардағы мұндай жалған пікірді болдырмау үшін, оқушылардың теориялық білімді меңгеріп оны компьютерде орындағанда, яғни практикада ұштастырғанда ғана, әртүрлі программалық пакеттер құра білгенде, компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игергенде ғана нақты жұмыс істеуге үйреніп, компьютерде жұмыс істеу сауаттылықтарының шеберліктерінің артатынын дәлелдеу керек. Ол үшін информатика пәнін оқытуда педагогика қолданылатын әртүрлі технологиялық тәсілдердің ішінен оқушылардың білім жетілдіру, олардың компьютерлік шеберліктерін арттыруда ұтымды болатын әдіс-тәсілдерді таңдап сабақ өткізу – пән мұғалімдеріне жүктелер міндет болып табылады.

Оқушылардың қандай да бір бөлігі бір тақырыптан екінші тақырыпқа немесе бір бөлімнен екінші бөлімге өткен кезде өз білімінен де кемшілік жіберіп алады. Білімдегі мұндай кемшіліктер бірден-бірге өсе отырып, бір кездері оның әрі қарай оқуына белгілі бір мөлшерде кедергі жасайды.ка қолданылатын әртүрлі техноллі техноллогиялық , компьютерлік технологиялардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игергенде ғана

Бүгінгі күні мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқытылатын материалдар тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу, негізгі ұғымдарды және оқу пәндеріндегі жетекші идеяларды нақтылы сипаттауды қамтамасыз ету қажеттігі туып отыр.

Информатикадан білім беруді жетілдірудегі ең негізгі бағыттардың бірі – мектептерді жаңа компьютерлік технологиямен қамтамасыз ету жұмыстарын іске асыру. Бұл жоғарда айтылған мәселелерді түбегейлі шешіп тастамағанымен де, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жүйесінің, олардың іс әрекетінің мазмұнын өзгертуге, компьютерді қолдануды меңгеруде оқушылардың сауаттылығы мен шеберлігін дамытуға әсер етеді.

Сонымен, орта мектепте информатиканы оқытуда оқушылардың білімін жетілдіру проблемасын шешу үшін, ең алдымен мұғалімнің іскерлік дайындығы, оқу процесінде шығармашылықпен ізденуі, педагогикадағы жаңалықтарды, әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану керек екені белгілі болды.

Информатика пәнін оқытуда да жаңа идеялар, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану керек-ақ. Оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, жеке тұлғаны дамытуда жаңашыл әдіс- тәсілдерді қолдану – оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, шығармашыық қабілетін дамытып, оқу материалын толық игеріп, қазіргі ақпараттық заманда оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде сауаттылығы мен шеберлігін арттырады.

Сондықтан да осы баяндамада В. М. Монаховтың «Технологиялық жобалау тәсілімен оқыту» технологиясымен оқытудың тиімділігі мен ерекшелігі сөз болмақ.

^ Информатика пәнін оқытуда технологиялық жобалау тәсілінің қажеттілігі

Білім берудегі жаңа технология АҚШ- та 1940 жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа технология құрал – жабдықтарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану мағынасында қолданылып жүрді. Қазіргі кезде «педагогикалық технология» деп- практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасын айтады. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдарымен жаңа әдіс – тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі – академик В. М. Монахов құрған педагогикалық технологияның келген пәнге оңай қолдануға болатындығынан және бұл технологияны қолданғанда мемлекеттік стандарт талаптары ғана шешіліп қоймай, деңгейлік оқыту проблемасы да толықтай шешілетіндігінен – бұл технологияны оқу процесінде қолдану қажеттілігі айқындалады.

Бұл технология бойынша оқытушы – мұғалім өзі сабақ беріп жүрген пән мазмұнын анықтап, оқушылардың міндетті түрде білу керек материалдарын сұрақтар түрінде жазып, шағын мақсаттарды анықтайды. Мазмұнына байланысты осы шағын мақсаттарды топтастырып «технологиялық картаға» (ТК) орналастырады. Технологиялық карта дегеніміз – болашақ оқу процесінің жобасы.

Технологиялық карта мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланылатын әдістемелерді жоспарлауына көмектеседі. Технологиялық жобалаудың негізгі нысаны – оқу тақырыптары. Тақырыптың көлемі әр пәнде әр түрлі: ең азы 2-3 сағат, 6-8 сағат, ең көбі 20-22 сағат болуы мүмкін.

Мұғалім оқыту мақсаттарын белгілеуге қатысады. Бір тақырыпқа екіден беске дейін шағын мақсаттарды мынадай түрде белгілейді: «... білу», «... үйрену», «... түсіну», «... түсінік алу».

Әрбір тақырып бойынша оқу процесінің жобасы – технологиялық карта мен сабақтың ақпараттық карталарының жиынтығынан тұрады. Сабақты өткізу мәселесі сабақтың ақпараттық картасына (САК) жобаланады. Онда сабақтың мазмұны, оны өткізу тәсілдері және оқушы мен мұғалім әрекеті толығынан жазылады. Дұрыс жобаланған технологиялық картада міндетті түрде төмендегідей бес компонент болады:

1. Мақсат қою.

2. Болжам (мақсат қою мен болжам өзара байланыста)

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу.

4. Оқу процесінің логикалық құрылымы (жобалаудың негізгі нәтижесі)

5. Түзету (екі түрлі бағытталған: біреуі – оқушы біліміне, екіншісі – жобаны жақсартуға).

Технологиялық карта

4. Логикалық құрылым

1. Мақсат қою

2. Болжау

^ 3. Кемшілік пен қатені түзету

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу

1. Мақсат қою. Мұғалім тараудың, тақырыптың көлемінде оқу процесінің шағын мақсаттарын анықтайды. Бұл бөлімнің орындалу нәтижесі – оқу тақырыбының шағын мақсаттарын құру болып табылады.

2. Болжау. Оқушылар білімін болжау дегеніміз – деңгейлік оқытуға бағытталып құрылған өзіндік жұмыс. Әрбір шағын мақсатқа сәйкес болжау жұмысы болады және ол шағын мақсаттың орындалуын анықтайды.

3. ^ Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары. Деңгейлік мөлшерде сараланып жазылған тапсырмалар жиынтығы. Мұнда оқушыға оқудың міндетті деңгейін (стандарт), жоғары (4 және 5) деңгейін орындауға жеткілікті мөлшерде тапсырмалар беріледі.

4.^ Логикалық құрылым. Шағын мақсаттың мазмұны мен саны оқушылардың даму аймағын және уақыт бойынша әр аймақтың ұзақтығын анықтайды. Әр аймақ өздік жұмысты (болжау) орындаумен аяқталады.

5. Түзету. Мұнда негізгі үш жағдайды басшылыққа алу керек: қарастырылып отырған сұрақтағы мүмкін болатын қиындықтар, оқушылардың көп жіберетін қателіктері, оқушыны оқу стандарты талабының деңгейіне көтерудің педагогикаға тән шараларының жүйесі.

Оқу процесін педагогикалық технология тәсілі негізінде жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құралады.

Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.

1. Технологияның негізі жоғарыда айтып өткеніміздей мақсат қоюдан басталады, яғни тақырыпқа байланысты шағын мақсаттарды анықтау.

Мақсатты нақты және анық көре білу, яғни тақырыптың негізгі сұрағын анықтай білу мұғалімнің әдістемелік шеберлігін көрсетеді.

Қойылатын мақсат мұғалімге және оқушыға ұғынықты түрде ықшам әрі түсінікті болуы қажет. Қойылған мақсат бойынша мұғалім болашақ оқу процесін шағын мақсаттар түрінде көруі керек, ал оқушы үшін оның білім мен біліктілігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде берілуі керек.

2. Берілген тақырыпты мақсаттарға бөліп алғаннан кейінгі жұмыс, осы қойылған мақсаттарға байланысты оқушылар білімін болжау жұмысын құру.

Жоғарыда аталып өткен бес компонентті құрайтын технологиялық картаны құрып, соған сәйкесті сабақтың ақпараттық картасын жасау арқылы информатика пәнін оқытудың қажеттігі мынада:

  • Мақсат нақты, анық болып, оқушының білімі мен билігіне қойылатын талаптар жүйелі түрде беріледі.

  • Оқушылар білімін болжауда оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, өз деңгейіне сәйкес тапсырмалар мөлшерін таңдауға мүмкіндік болады.

  • Сыныптан тыс орындайтын тапсырмалар да оқушылардың деңгейіне сәйкес, яғни әрбір мақсатқа сәйкес тапсырмалар жиынтығы үйге беріледі. Үй тапсырмасының қай деңгейін орындау керек екенін оқушы өзі біледі. Себебі, әрбір оқушы өз деңгейін біліп отырады. Және келесі деңгейге жетуге ұмтылады.

  • Оқу процесінің логикалық құрылымына оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту енгізіледі.

  • Түзету бөлігінде сынақтан өтпеген, білім дәрежесі мемлекеттік стандарт деңгейінен төмен оқушыларға арналады.

Сонымен, информатика пәнін технологиялық жобалау тәсілмен оқытудағы негізгі мақсатым - оқушылардың оқу материалын толық игеруіне, оқушының жеке шығармашылық қабілетін арттыруға, қазіргі ақпараттық қоғамдық өмірге дайындау, яғни компьютерлік сауаттылығын, компьютерлік технологияны өзіндік даму құралы ретінде пайдалана білуге, ақыл – ойы, ойлау қабілеті дамыған саналы азамат тәрбиелеу болып табылады.

^ Тараудың мақсаты мен мазмұнын айқындау

Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары жалпы білім беру, тәрбиелік, дамытушылық және практикалық болып бөлінеді. Осы мақсаттарға сәйкес негізгі мынадай екі талапты атап көрсетуге болады:

  • оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгерту;

  • оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

«MS Excel программасын қолдану» тарауы 11 сыныпта оқытылады.

Бұл тараудың алатын орны мен атқаратын қызметін таладй келе, төмендегідей оқыту мақсаттарын анықтауға болады.

  • жұмыс парақтарының элементтерін және оның форматын білу;

  • формулалар мен функцияларды пайдалану ережесін;

  • баспаға басуды қалыпқа келтіруді;

  • диаграммаларды құру тәсілдерін;

  • картамен жұмыс істеу ережесін;

  • ACCESS мәліметтер қорын басқаруды білу;

Тараудың жалпы мақсаты жекелеме тақырыптарды оқытудан тұратын осы тараудың мазмұнын береді. Осы тақырыптарды оқытудың әрқайсысының шағын мақсаттарын жеке-жеке анықтауға болады.

Бұл тараудың негізгі мақсаты – Excel электрондық кестесінде ақпараттарды кестелік түрде өрнектеу, диаграммалар мен карталарды құра білу, сол сияқты жұмыстық столды форматтау, басқару, формулаларды, функцияларды қолданып есептер шығара білу.

Сонымен қатар, бұл тарауда электрондық кестенің элементтерімен жұмыс істеуге, ұяшықпен жұмыс істей отырып, формулаларды қолдана отырып, әртүрлі математикалық, физикалық, статистикалық, экономикалық есептер шығара білуге үйренеді. Қазіргі заманғы мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын көтеру, әрбір пәнді жоғары ғылыми деңгейде оқытуды қамтамасыз ету талаптары қойылған талаптарды орындау үшін оқытылатын пәндер материалдың көлемін және тізбесін нақтылау, оқулықтағы және оқу бағдарламасындағы артық жүктемеден арылу, оқу пәндеріндегі идея мен негізгі ұғымдарды нақты жеткізуді қамтамасыз ету, әрбір сынып және пән үшін оқушылардың міндетті түрде меңгеруі қажет болатын іскерлік пен дағдының қолайлы көлемін анықтау осының барлығы бағытталған мақсатты проблема тудырады. Бұларды шешу мектептегі оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың әдістемелік технологияларын жетілдіруге бағытталған.



залишити коментар
Сторінка6/7
Дата конвертації18.10.2011
Розмір1,28 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
1   2   3   4   5   6   7
плохо
  3
не очень плохо
  1
средне
  3
отлично
  8
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх