Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1 чел. помогло.
Схожі
1   2   3   4
повернутися в початок


3 курс

6 семестр.

Пәннің аталуы

Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

Қысқартылған атауы

МТІҚЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Донбаева А.Б.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к. Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пәндер, таңдау компоненті.

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

практикалық15, ОСӨЖ15,СӨЖ15


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы45 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 ECTS

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Бағдарлама бойынша сауатты жазу, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс толтыру. Іс қағаздарын мемлекетттік тілде сауатты жазып, оның түрлерін үйрене білу әрбір тақырып бойынша мұқият қарастырылған.

^ Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ маман келесі дағдыларды меңгеруі тиіс.

А) Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.

Мазмұны

Практикалық сабақтар: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздары туралы ұғым. Өтініш. Арыз. Фамилялар мен есімдердің жазылуы. Өмірбаян. Мінездеме. Мемлекет басшысының атауындағы сөздер. Жеке іс парағы. Түсінік хат. Географиялық атаулардың жазылуы. Анықтама. Хабарландыру. Реттік белгілердің жазылуы.Хаттама. Қосарланған тыныс белгілерінің қолданылуы. Қолхат. Жеделхат. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.Сандардың жазылуы. Сенімхат. Алғысхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы.

Келісімшарт. Шарт. Сөздерді тасымалдау ережелері. Үндеу. Заң. Ереже. Мемлекеттік рәміздердің жазылуы.Кепілхат. Қазақ тіліндегі қосымшалардың қолданылуы. Қызметтік хаттар. Бұйрық. Рим цифрларының жазылуы. Заң. Қаулы. Мемлекеттік рәсімдердің жазылуы. Сөздерді тасымалдау ережелері. Жарғы. Жарлық.

ОСӨЖ және СӨЖ .Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Іс қағаздар туралы ұғым. Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар. Құжаттардың құрамы мен қамтылған материалға қатысты түрлері және олардың ерекшеліктері. Іс қағаздарының қоғамдағы және жеке адам өміріндегі орны. Іс қағаздарының мекемелер арасындағы ақпараттық және қатынас құралы ретіндегі маңызы. Іс қағаздары мен ресми құжаттар стилі. Резюме, жеке іс парағы, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Еңбек кітапшасы, еңбек келісімі, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Келісімшарт, тапсырыс, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Баяндау хат, хабарландыру, оларды жазу, толтыру тәртіптері

2-модуль

Акт, есеп, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Шешім, хаттама, оларды жазу, толтыру тәртіптері. Құжаттағы лауазымдар мен атақтардың жазылуы. Қосарланған фамилиялар мен есімдердің жазылуы. Қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері.Жүйелік істердің толтырылымы Қолхат. Кепілхат. Факс. Жеделхат. Іс қағаздар тілінің тарихы. Сенімхат үлгісі. Іс қағаздарының стилі. Бұйрық, үндеу, ереженің түрлері мен үлгілері. Шарт, тапсырыс, визит карточкасы. Үлгілері.

^ Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Іс қағаздарының тарихымен, негізгі түрлерімен танысу.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.

Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.

Іс қағаздар стилінің өзіндік лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.


3 курс

6семестр

^ Пәннің аталуы

Тарихи таным мен тарихи үрдіс теориясы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Жанысбекова.Г.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы.. Орта ғасырлар тарихы. Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы. Қазақстанның орта ғасырлар тарихы. Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихтың философиясы мен методологиясының негізі түсініктерімен таныстыру; теориялық бағыттарымен, мектептермен, концепциялармен және оның өкілдерімен таныстыру.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы. Тарихи үрдістің категориялары және сипаты. Тарихи танымның ерекшелігі. Тарих ғылымының пәні. Ғылыми таным әдістері. Тарихи танымның негізгі методологиялық принциптері Тарихи факт. Тарихи деректің методо логиялық мәселелері. Тарих ғылымындағы танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері. Тарихи үрдістің қазіргі заманғы мәселелері

^ Практикалық сабақтар: Тарих пен филосо фияның, тарих пен әлеуметтанудың арақатынасы туралы мәселе.Тарихи зерттеулердегі сандық әдістер.

Тарихи теория, оның белгілері, құрылымы және функциялары "Қоғамдыық - экономикалық формация", "өркениет" және "мәдени-тарихи жүйелер": салыстырмалы талдау. Историцизм: Г.Гегель мен Л.Ранкеден К.Маркс пен К.Попперге дейін.Христиандық историософия. Г.Гегель және тарихтың философиясы.

Р.Коллингвудтың неогегелиандық тұжырымдамасы.

М.Вебердің идеалдық түрлер теориясы.О.Шпенглердің историософиясы. Н.Кондратьевтің ұзын толқындар теориясы. Г.Г.Шпеттің методологиялық зерттеулері.

А.Тойнби және өркениеттерді салыстырмалы зерттеу әдістері.К.Ясперстің "өзектік уақыт" теориясы. О.Тоффлердің толқындық теориясы.Постиндустриализм теориясы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Тарих философиясының міндеттері тарихи үрдістің дамуының басты себептері мен факторларын анықтау, тарих өмірді хронологиялық және процессуальдық жағынан бөлшектеуді іске асыру,


3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Әлем державаларының отарлық үрдісі және отарлау саясаты

Қысқартылған атаулар




^ Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Исмайлов А.

^ Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.д. профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

^ Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 180

^ Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: "Еуропа және Америка елдерінің тарихы", "Азия және Африка елдерінің тарихы"

^ Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға ерекше мән беріп, осы көпғасырлық үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Әсіресе басты көңіл дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізу құралдарына бөлінеді. Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Ұлы географиялық ашулар мен алғашқы отарлық басып алулар ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропадағы күштер арақатынасының өзгеруі Отарлық империялардың құрылуы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.) Еуропадағы француз үстемдігінің орнауы. Наполеон Бонапарт. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ-орыс қатынастары Ұлыбритания колониялық мемлекет. Ресейдің Орта Азиядағы ұстанымы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-қытай қатынастары. Қытайдың отарлық тәуелділігінің күшеюі. ХІХ ғасырдың 80-90-шы жж. Еуропада әскери-саяси одақтар жүйесінің пайда болуы. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Латын және Солтүстік Америка Балқанда халықаралық ахуалдың шиеленісуі. Балқан соғыстары Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты. Еуропа державаларының мүдделерінің қақтығысуы. Отарлық жүйенің ыдырауы Ұлттар Лигасы – Еуропалық елдердің бірігуі Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері

Практикалық сабақтар: Метрополия және колониялды елдер туралы түсініктер, негізгі сөздіктер Еуропалық елдердің отарлау саясаты және колониялдық бағытта даму тарихы Солтүстікамерикандық отарлардың тәуелсіздігі үшін күресі ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы "шығыс мәселесіндегі"халықаралық қайшылықтар ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Латын Америкасы елдеріндегі АҚШ және еуропалық мемлекеттердің экспансиясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа елдері мен АҚШ-тың Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарлық саясаты ХІХ ғасырдың 70-ші жж Еуропаның саяси картасындағы негізгі өзгерістер ХІХ ғасырдағы империализмнің колониалдық жүйесі Колониялық мемлекеттердің тарихи тағдыры Балқанда халықаралық ахуалдың шиеленісуі. Балқан соғыстары Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы державалардың дипломатиялық күресі (1939-1945 жж.) Азияның ХХІ ғасырдағы ролінің күшеюі Балкандағы қақтығыстардың шығуы және шешілу жолдары Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері

^ Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Отарлық империялардың құрылуы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.)


3 курс

6 семестр

^ Пәннің аталуы

Тарихты оқыту әдістемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Бакибаева Г.Б.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 180

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Археология, Этнология, Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы,Ежелгі Батыс және Шығыс тарихтары, Орта ғасыр тарихтары (Батыс және Шығыс), Жаңа тарих (Европа және Америка; Азия, Африка және Латын Америкасы) Қазіргі заман тарихы (Европа және Америка; Азия, Африка және Латын Америкасы), деректану, тарихнама, қосалқы тарихи пәндер.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихты оқыту әдістемесі студенттердің базазлық тарих пәндері бойынша алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға иекмдеумен айналысатын қолданбалы пән. Осыған орай пәннің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Яғни, «Тарихты оқыту әдістемесә» студенттердің тарихи білімдерін оқушылардың санасына орнатудың неғұрлым тиімді жолдарын жасауды өзіне мақсат етіп қояды. Осыған орай, өз кезегінде курстың міндеттері де айқындалады.

Мазмұны

Дәрістер: Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламасы Тарихи елестету – тарихты мектепте оқытудың негізгі факторы. Тарих пәнінің мектеп курстарындағы заңдылықтар мен түсініктер. Тарих пәнінің пәнаралық және пәнішілік байланыстары Тарихты оқытудың тәсілдері Тарих сабағын өтудегі сабақ тыс түрі Тарихты оқытудың ауызша әдіс-тері Тарихты оқытудың көрнекі құралдарды пайдалануы Кино-фото құжаттарын баспа материалдарын пайдалану.Тарихты оқытуда компьютерлік құралдарды пайдалану. Тарихи құжаттар және оны мектеп курстарында пайдалану Тарихъты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары Тарих сабағы,оны дайындау және өткізу КР тарихын оқыту әдістемесі Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы Тарихты оқытуда көркем әдебиетті пайдалану әдістері Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар Тарих сабағында оқушыларда қалыптастырылатын іскерліктер мен дағдылар Мұғалім тұлғасы және оның тарих сабағына даярлығы Тарих сабағы Тарихты оқыту кезінде оқушы білімін тексеру мен бағалау Тарих сабағындағы тәрбие жұмысы Тарих пәнінен сыныптас тыс жұмыс Тарих кабинеті.

^ Практикалық сабақтар: Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен хронологиялық кесте құру Орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронологиялық кесте құру Жаңа заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронолгиялық кесте құру Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронологиялық кесте құру Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Жаңа заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен рольдік ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен кейс жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша кино-сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру дәстүрлі сабағына әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру интерактивті сабағына әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша кейске әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша саяхат сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау дәстүрлі сабағына әдістемелік талдау жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау сабағын интерактивті сабағына әдістемелік талдау жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау сабағын ойын әдісі арқылы өткізуге әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жарыс-сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша дебат-сабаққа әдістемелік талдау жасау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесін меңгеру



^ 3 курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстан тарихының деректемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсаева Сүйкім Төлембайқызы

Доцент/ оқытушы:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Мамандыққа кіріспе», «Қосалқы тарихи пәндер», «Мұрағаттану», «Қазақстан тарихының тарихнамасы»

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихи деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы тарихи және әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу, деректанулық талдаудың негізгі принциптерін тәсілдерін және методтарын меңгеруге көмектесу.

Мазмұны

Дәрістер: Деректану пәні. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың қалыптасуы мен дамуы. Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары. Тарихи деректерді талдау методикасы. Деректанулық сын. Деректану методикасының негізгі принциптері. Зерттеушілердің деректермен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері. . Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.

Республикалық басылым беттеріндегі деректану мәселелер бойынша пікір-таластар Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар дәуір деректері Қазақстан көшпелілері тарихы антик авторлары (б.з.д. ҮІІІ ғғ.).

Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы Қытай деректері (б.з.д. II ғ.) Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде Қазақстанның халқы мен территориясына байланысты ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері (ҮІ-Х ғғ.). Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы. Қазақстан Алтын Орда мен Моғолстан құрамында. ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң құжаттары Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. Іс жүргізу материалдары. Мерзімді басылым және мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының дерек көздері (1991-2009 жж.)

Қазақстанның қазіргі заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы деректері

^ Практикалық сабақтар: Деректану теориясы, тарихи және әдістемесі. Теориялық және қолданбалы деректану

Деректанулық ұғымдар мен терминдер анықтамасы: «дерек»,деректану»,сыныптау»,тарихи дерек», «тарихи факт». Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Типтік және түрлік жіктелуі. Жазба деректердің негізгі типтері

Деректану ғылымының негізін қалаушылар:А.Л.Шлецер,Шлейермахер, Б.Нибур, Л.фонРанке, П.Дону, Э.Бернгеймн, Ш.Ланглуа, Ш.Сеньобос, В.О.Ключевский, Ш.Уәлихановтың бастау алған деректану ғылымының дамуына қазақтардың Ә..Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, О.Сүлейменовтің т.б.қосқан үлестері

Деректермен жұмыс істеудің әдістемелік принциптері мен кезендері. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері. Ортағасырлық Қазақстан (рим, византия, армян, орыс деректері). ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы заң құжаттары тарихи дерек ретінде.ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы статистикалық деректер. Кеңес деректерінің түрлері мен ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттар.Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Деректерді деректанулық сыннан өткізу; тарихи деректерді жан-жақты талдау; тарихи құжаттарды бір-бірімен салыстыру; деректердің шынайлық дәрежесін анықтау; деректерді сыныптау жолдарын меңгеру;


3курс

6 семестр

Пәннің аталуы

Евразия елдерінің тарихы

Қысқартылған атаулар




^ Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Абдухаимов Е.

^ Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к. доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, таңдау компоненті

^ Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

^ Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Европа және Америка елдерінің тарихы. Азия және Африка елдерінің тарихы. Халықаралық қатынастар тарихы. Саясаттану. Қазақстан тарихы. ТМД тарихы.

^ Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Евразия елдерінің оқып үйрену. Нақтылы оқиғалармен, соғыстардың шығу себептерін оларды обьективті және субьективтік жақтарын түгел ашып көрсету мен бірге елдердің пайда болуына, олардың қалыптасуына тоқталу.

Мазмұны

Дәрістер: Евразия одағының идеясы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы Кавказда орналасқан тәуелсіз мемлекеттер тарихы Ресей мемлекеті Кеңес Одағында болған Европалық мемлекеттер дің тарихы Евразияның Европалық және Орта Азия,Сібір бөлігіндегі мемлекеттер Украина, Белоруссия, Молдавия мемлекеттері Прибалтика мемлекеттері.Түркменстан және Тәжікстан мемлекеттері.Қырғыстан және Өзбекстан мемлекеттері. Сібір халықтарының тарихы.

Практикалық сабақтар: Ресейдегі ХХғ. І- жартысындағы тарихи мәселелер.Халықаралық аренада КСРО-ның күйреуі.Евразия кеңістігіндегі тәуелсіз елдердің саясаты. Евразияның Европалық бөлігіндегі мемлекеттер. ТМД-нің құрылуы. Қайта құру кезеңі.КСРО-ның күйреуі. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. М.С.Горбачевтің саясаты. ТМД декларациясы. Азербайжан. Армения. Грузия.

^ Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Евразия материгіндегі тарихи оқиғаларды түсініп анализ жасау.


4 курс

6,7 семестр

Пәннің аталуы

Орталық Азия ХҮ-ХХғғ. басындағы тарихы

Қысқартылған атаулар




^ Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Тулкиева Б.

^ Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к, аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, таңдау компоненті

^ Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

^ Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы , Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

^ Студенттерге Орталық Азия халықтарына қатысты маңызды процестерді айқындап, олардың мән-маңызын ашып көрсетуде бағыт-бағдар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Орталық Азия және Қазақстандағы XVI басы – XVII ғғ. саяси оқиғалар. Бұхар хандығының құрылуы. Хорезм хандығының құрылуы. Қазақ хандықтары. Ақназар хан. Тянь-Шань қырғыздары. Орталық Азияның XVI – XVII ғғ. шаруашылығы, қолөнері және саудасы. Аграрлық қатынастары. Орталық Азия хандықтарының Орыс мемлекетімен байланыстары Орталық Азия және Қазақстан халықтарының мәдениеті. Сәулет өнері, ғылымы,әдебиеті. (XVI – XVII ғғ Орталық Азия және Қазақстан XVII ғ. екінші жартысы мен XVIII ғ. саяси оқиғалар. Жоңғарлардың басып кіруі. Кіші жүз бен Орта жүздің Орыс қол астына кіруі. Шаруашылығы. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. XVII – XVIII ғғ. қырғыздар. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қоқан мен Хиуа хандықтары. Орта Азия хандықтарының Орыс мемлекетімен байланыстары Орта Азия хандықтарының мәдениеті (XVII - XVIII ғғ.). Сәулет өнері, ғылымы,әдебиеті. XVIII ғ.аяғы – XIX ғ. Орталық Азия. Қоқан және Хиуа, Бұхар эмираттары. Экономикалық және саяси ахуалдары. ^ XVIII ғ. – XIX ғ. Орталық Азия және Қазақстанның мәдениеті. Сәулет өнері. Декоративті – қолданбалы өнері. Көркем өнері. Әдебиеті. Театр өнері. Орталық Азия тарихы мен мәдениетіндегі дін. Ұлы Дала мен Моғолстан көшпенділерінің исламдану үрдісі. XIX ғ.аяғындағы Орталық Азия. Саяси оқиғалар. Қазақстандағы XIX ғ.60-90 жылдарындағы әкімшілік – саяси реформалар. Патша өкіметінің Орталық Азия аймағындағы сауда – экономикалық және әскери – саяси жағдайы. Арал өңірі қазақтарының XIX ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт – азаттық күресі.. Ресей империясының құрамындағы Орталық Азия. 1867 – 1868 және 1891 жж. саяси реформалар. 1897 ж. Халық санағы бойынша халық саны. XX ғ. басындағы Орталық Азиядағы саяси оқиғалар. Хиуа хандығындағы түркімендердің көтерілісі (1916 ж.). Қазақстандағы 1916 ж. көтеріліс. Орталық Азия төңкеріс қарсаңында. Аграрлық периферия. Отарлық өнеркәсіп. Марғау әлеуметтік құрылыс.

Практикалық сабақтар: Орталық Азия және Қазақстандағы XVI басы – XVII ғғ. саяси оқиғалар. Орталық Азияның XVI – XVII ғғ. шаруашылығы, қолөнері және саудасы. Орталық Азия хандықтарының Орыс мемлекетімен байланыстары. Орталық Азия және Қазақстан халықтарының мәдениеті. (XVI – XVII ғғ.). Орталық Азия және Қазақстан XVII ғ. екінші жартысы мен XVIII ғ. саяси оқиғалар. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. Орта Азия хандықтарының мәдениеті (XVII - XVIII ғғ.). XVIII ғ.аяғы – XIX ғ. Орталық Азия. Қоқан және Хиуа, Бұхар эмираттары. XVIII ғ. – XIX ғ. Орталық Азия және Қазақстанның мәдениеті. Орталық Азия тарихы мен мәдениетіндегі дін. Ұлы Дала мен Моғолстан көшпенділерінің исламдану үрдісі. XIX ғ.аяғындағы Орталық Азия. Саяси оқиғалар. Қазақстандағы XIX ғ.60-90 жылдарындағы әкімшілік – саяси реформалар. Патша өкіметінің Орталық Азия аймағындағы сауда – экономикалық және әскери – саяси жағдайы. Ресей империясының құрамындағы Орталық Азия. XX ғ. басындағы Орталық Азиядағы саяси оқиғалар. Орталық Азия төңкеріс қарсаңында.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

^ Орталық Азия халықтарына қатысты маңызды процестерді айқындап, олардың мән-маңызын түсіндіреді

4 курс

7 семестр

^ Пәннің аталуы

Шет елдер тарихнамасы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

7

Оқытушының Т.А.Ә.

Жанысбекова Г.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы, мәдениеттану, саясаттану.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Шетелдер тарихы тарихнамасының маңызды міндеті тарихи ғылымның даму заңдылықтарын анықтау және тарихи ойдың түрлі бағыттарының теориялық-методологиялық принципін үйрену.

Мазмұны

Дәрістер: Дәстүрлі қоғамдардағы тарихи білімнің дамуы. Ежелгі дүниеде тарихтың оқытылуы. Грек-римдік тарихнама. Орта ғасырлар тарихнамасы. Тарихнамадағы гуманистік бағыт. Тарихи таным жүйесіндегі Ағартушылық дәуір Романтизм дәуіріндегі тарихи философия (ХІХ ғасырдың І-жартысы). ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы позивитизм және тарихи ғылымның дамуы. Марксизм және тарихты материалистік түсіну. ХХ ғасырдың басындағы тарихи философия және өркениетті зерт-теулердің әдістемелік негіздерінің дамуы: ХХ ғасырдағы жетекші ұлттық тарихнамалық мектептердегі дамудың негізгі тұжырымдары. Орта ғасырлық және жаңа, қазіргі замандағы Азия және Африка елдері тарихының Қазақстандық тарихнамасы Жаңа замандағы Азия және Африка елдерінің тарихнамасы. ХІХ ғ. басындағы Ресейдегі Азия және Африка елдерінің тарихының зерттелуі. Азия мен Африка елдері аймақтары тарихының тарихнамасы. Қазіргі заманғы Азия және Африка елдері тарихының тарихнамасы

^ Практикалық сабақтар: Антикалық кезеңдегі тарих білімдерінің пайда болуы мен дамуы. Грек тарихи әдісі ой және білім түсінігі. Фукидид – рационалистік тарихтың негізін қалаушы. Римдегі эллиндік кезеңдегі компиляциялық тарихи әдістің пайда болуы Полибий – прагматикалық тарихтың негізін қалаушы.Рим тарихна-масындағы та-рих шығарма-лардағы анналдар ролі.

Ерте христиандық дәстүрлердің ертеортағасырлық тарихнаманың құрылуындағы әсері Ортағасырлық тарихнаманың тарихи жазбалары - әлемдік хроника жанры. ХҮІІ ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихнамасы. Капиталистік қатынастар кезеңіндегі индустриалдық өркениеттер.

Тарихнамасы. Марксизм тарихнамасы – жаңаша көзқарастар сипатында. І-дүниежүзілік соғыс тарихының тарихнамасы Қазіргі заман-дағы Шығыс елдеріндегі азаттық күрес тарихнамасы. ХІХ ғ. орыс баспасөзіндегі Азия мен Африка тарихының мәселелері

Шетелдер тарихының тарихнамасының методолоиясы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Тарихи даму бағытының дүниетанымы мен методологиялық құрылымына әр елдің ұлттық, әлеуметтік және саяси даму ерекшеліктері әсер ететінін дәлелдеу


^ 4 курс

7 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстан тарихының тарихнамасы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусаева С.Т.

Доцент/ оқытушы:

П.ғ.к, доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Деректану», «Қазақстан тарихы бойынша деректер», «Арнайы тарихи пәндер»

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Мақсаты әртүрлі кезеңдердегі Қазақстан тарих ғылымының даму тарихын зерттеу; оның дамуының өлшемдерін анықтау; әртүрлі бағдарламалар бойынша түбегейлі шешімдерді айқындау..

Мазмұны

Дәрістер: Қазақстан тарих ғылымы қазан төңкерісінен кейін және ХХ ғасырдың 20-30 жж. (2сағат). Қазақстандағы азамат соғысының тарихнамасы (2 сағат). Академиялық жүйенің Қазақстан тарихын зерттеудегі маңызы. (3 сағат). Қазақстан тарихы ғылымының күшеюі (2 сағат). Қазақстандағы қоғамдық ғылымдардың көрнекті өкілдерін саяси айыптау (2 сағат). . Е.Б.Бекмаханов - Х1Х ғ. Қазақстан тарихы бойынша ірі және мойындалған маман (2 сағат)

Қазақстанда археологиялық - этнографиялық зерттеулердің дамуы (2 сағат). Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеудің проблемалары (3 сағат). Қазақстан тарих ғылымындағы әдістемелік ізденістер (3 сағат). Саяси репрессиядан зардап шеккен қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері (3 сағат). Қазақстанның шет елдік тарихнамасы (3 сағат).

Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау (3 сағат)

^ Практикалық сабақтар: Қазақстан Республикасы тарихының тарихнамасы курсының мақсаты және мәні (1сағат). Қазан төңкерісінен кейін Қазақстандағы тарих ғылымының орнығуының кейбір аспектілері (1сағат)

ХХ ғасырдың 20-30 жж. тарих ғылымының дамуы (1сағат).Қазақстан тарихы ғылымындағы индустрияның даму мен индустриалды мамандар дайындау мәселелерінің қаралуы (1сағат). Қазақтың көрнекті тарихшысы Е.Б.Бекмаханов(1сағат). Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан тарихнамасы (1945-1955 жж.) (1сағат). Қазақстанда археологиялық -этнографиялық зерттеулердің дамуы (1сағат). Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын зерттеудің проблемалары (2 сағат). Қазақстан тарих ғылымындағы әдістемелік ізденістер(2 сағат). Саяси репрессиядан зардап шеккен қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері (2сағат). Қазақстанның шет елдік тарихнамасы (1сағат). Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау (1сағат)

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазақстан тарихнамасын оқып үйренудің теориялық және әдіснамалық негіздері.



залишити коментар
Сторінка3/4
Дата конвертації18.10.2011
Розмір1,11 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
1   2   3   4
отлично
  2
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх