Дүние жүзі тарихы жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған icon

Дүние жүзі тарихы жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған


35 чел. помогло.
Схожі
  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


6 - 9 сыныптар


Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы


жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген


^ Бағдарлама авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Жусанбаева Г.М., Төлебаев Т. Ә., Мәшімбаев С.М., Құсайынова Р.Т., Шупеков А.Ш., Қожахметұлы К.Қ Бекіш Р.М


Жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған «Дүние жүзі тарихы» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – Астана, 2010. –34 б.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І. ТҮСІНІК ХАТ


«Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті.

Дүние жүзі тарихы жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің жеке тарихи түп тамырын түсіне- білуіне, тұрмыстық, алуан түрлі моральдық адамгершілік мәселелерін дұрыс шеше білуіне көмектеседі

Тарих оқу пәнінің негізгі нысаны — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен осы күнге адамзат тарихының аса маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстырады.

Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу болып табылады

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

  • оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

  • дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір- біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу;

  • тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету;

  • оқушылардың дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және отанымыздың рухани байлығын құрметпен қарауға дайындау;

  • оқушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу, олардың бойында шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу;

  • тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды ізгіліккке,саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбеке сүйгіштікке, олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру;

  • оқушылар бойында қоршаған орта мен табиғатқа ұқыптылықпен қарап, қорғау сезімін қалыптастыру;

  • оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру



Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүние жүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

7 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;

8 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты;

9 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты құрайды.


Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады. Мысалы, «Динозаврлар әлемі», «Саяхатшылар естеліктерінен: рулар өмірі», «Алғашқы діни түсініктер», «Африкадағы көшпелілер», «Ит жеккендер елінде», «Аралдардағы тайпалар», «Жазу қалай пайда болған?», «Алғашқы баспаналар», «Біздің арғы ата-бабаларымыз», «Қазақтардағы рулық құрылыс сарқыншақтары», «Әлемнің ежелгі дүниедегі жеті кереметі», «Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер», «Қытай өнертапқыштары», «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіп тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар».

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ

Білім мазмұнының сыныптар бойынша бөлінуі


6 сынып

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)


^ ЕЖЕЛГІ ҚОҒАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР

Кіріспе (1 сағат)

Ежелгі Қосөзен мемлекеттері (3 сағат)

Шумер және Аккад мемлекеттері. Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және оның алғашқы тұрғындары. Қала-мемлекеттердің қалыптасуы. Шумер мемлекеті. Аккад мемлекеті. III Ур әулетінің билігі.

Ежелгі Вавилон. Ежелгі Вавилонның өрлеуі. Хаммурапи заңдары. Б.з.бұрынғы VII - V ғасырлардағы Вавилон.

^ Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Гильгамеш туралы дастан. Сына жазу. Өнер. Аспалы бақ. Діни нанымдары.

Ежелгі Египет (5 сағат)

Египетте мемелекеттің пайда болуы. Ніл алқабының табиғат жағдайы. Нілдің тасуы. Алғашқы мемлекеттер. Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы.

^ Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жагдайы. Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы. Құлдардың, шаруалардың, қолөнершілердің, тас қалаушылардың және тау-кен жұмысшыларының еңбегі мен халі.

^ Египеттегі үстем man өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты. Перғауындар, шонжарлар. Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтары.

^ Египеттегі ғылыми білім негіздері. Египеттік жазудың шығуы және дамуы. Папирус. Математикалық білім. Аспан әлемі. Ежелгі Египеттегі медицина. Ежелгі Египеттегі мектеп.

^ Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері. Әдебиет. Ежелгі Еги­пет діні. Египеттегі храмдар. Пирамидалар салу.

Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер (8 сағат)

Ежелгі Ассирия. Табиғат жағдайлары. Ассирия мемлекетінің құрылуы. Урарту. Ассирияның отаршылдық саясаты. Мәдениеті.

^ Хетт патшалығы. Кіші Азияның табиғаты. Хетт патшалығының құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мәдениеті.

Ежелгі Финикия мен Палестина. Табиғи-географиялық жағдайы. Финикия қала-мемлекеттері. Израиль-иудей мемлекеті. Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті.

^ Ежелгі Парсы патшалыгы. Табиғат жағдайлары. Пар­сы патшалығының құрылуы. I Дарий. Оның ішкі және сыртқы саясаты. Заратуштра ілімі.

Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресі. Александр Македонскийдің (Ескендір Зүлқарнайынның) Орта Азияға басып кіруі. Спитаман – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы.

Ежелгі Бактрия. Бактрия тарихының деректері. Б. з. б. I мыңжылдықтың ортасындағы Бактрия. Мың қала елінде

Кушан патшалығы. Кушан патшалығының саяси дамуы. Экономикалық қатынастары. Мәдениеті.

Парфия патшалығы. Парфия патшалығының құрылуы. Парфиядағы басқару жүйесі. Көшпелілер мен парфиялықтар. Парфияның римдіктерді талқандауы.

^ Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия (5 сағат)

Ежелгі Үндістан. Табиғат жағдайлары. Ең ежелгі қалалары. Үнді мемлекетінің құрылуы. Шаруашылығы. Қоғамдық қатынастары.

Ежелгі Үнді мәдениеті. «Махабхарата» және «Рамая­на». Манудың зандары туралы. Будда діні. Өнер мен білім негіздері.

Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы. Шаруашылығы мен қоғамдық кұрылысы. Ұлы Жібек жолы және басқыншылық жорықтар. Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауы.

Ежелгі Қытайдың мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. Кон­фуций - Ежелгі Қытай данышпаны. Сыма-Цянь - Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары.

Қайталау. (1сағат)


Ежелгі Грекия (5 сағат)

Грекияда таптық қоғам мен мемлекеттердің қалыптасуы. Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. Б. з. бұрынғы ХІ-ІХ ғасырлардағы Грекия. Грекияның қала-мемлекеттері. Афины мемлекеті. Ежелгі Спарта.

Афиныда демократиялық щрылыстыц дамуы. Аттикадағы демократиялық өзгерістер. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы. Грекияда Македония билігінің орнауы.

Ежелгі Грек өнері. Грекиялық мерекелер мен ойындар. Олимпиадалық ойындар. Гректердің діни нанымдары мен мифтері. Ежелгі грек театры. Сәулет өнері. Грек мүсіндері.

Ежелгі грек мектебі мен гылыми білім. Грек мектептері. Ғылыми білім: математика, тіршіліктану, медицина, тарих, философия. Грек мәдениетінің маңызы.

^ Ежелгі Македония. Табиғат жағдайлары және халқы. II Филипптің ішкі және сыртқы саясаты. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы.

Ежелгі Рим (6 сағат)

Римде республикалық құрылыстың орнауы. Римнің жаулаушылық соғыстары, Римдік және провинциялық ақсүйектер. Әлеуметтік топтары.

^ Империя дәуіріндегі Рим. Империялық басқару жүйесінің орнауы. Шет аймақтарда Рим салтын қалыптастыру. Шаруашылық және әлеуметтік дағдарыстың басталуы. Империяның Шығыс және Батысқа бөлінуі.

Ежелгі Римнің өнері. Рим мектебі. Рим поэзиясы. Шешендік өнер. Құкық.

Римнің мәдени өмірі. Қалалар және қала өмірі. Сәулет өнері. Мүсін өнері. Христиан дінінің шығуы. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы.

Батыс Рим империясының құлауы. Империядағы ішкі қайшылықтардың тереңдеуі. Ғұндардың батысқа жорығы. Ғұндар мен готтардың басып кіруі. Батыс Рим империясының құлауы.

Қайталау (1 сағат)


7 сынып

(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат)

^ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

(V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін)

Кіріспе (1 сағат)

Орта ғасырлар ұғымы және оның мағынасы. Ортағасырлар кезеңдері. Орта ғасырларда дүние жүзінде мемлекеттердің құрылуы. Хронологиясы. Еуропаның, Азияның және дүниенің басқа бөліктеріндегі ортағасырлық мемлекеттер.

^ I бөлім. Ерте орта ғасырлар (V — X ғасырлар) (12 сағат)

V—X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропа (2 сағат)

Герман тайпалары. Герман тайпаларының Батыс Рим империясына басып кіруі. Ғұн тайпалары. Франк тайпала­ры және олардың Батыс Рим империясы аумағына басып кіpyi. Франк мемлекетінің құрылуы.

Франктер империясы. Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениетінің дамуы.

Ү-Х ғасырлардағы Византия империясы мен Таяу Шығыс (7сағат)

Византия империясының құрылуы. Константинополь және басқа

провинциялар. Император билігі және империяны басқару жүйесі. Юстиниан және оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы және олардың орнығуы.

VI—X ғасырлардағы арабтар.

Араб тайпалары және олардың географиялық жағынан орналасуы. Әлеуметтік жағдайы. Арабтардың жаулауы. Араб халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың құлауы.

Ислам дуниесіндегі мәдениеттің дамуы. Ислам діні. Мүхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб тілі. Кітапханалардың пайда болуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер.

Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жерінде феодалдық қатынастардың пайда болуы. Эфталит мемлекеті. Эфталиттердің Орта Азия жерлерін жаулауы. Қалаларда шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Эфталит мемлекетін түріктердің талқандауы.

Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Ерте түркі халықтары, олардың мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері, олардың тарихи маңызы.

Ерте орта гасырлардагы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар және олардың қоныстары. Қоғамдық құрылысы. Славяндар кәсібі, шаруашылығы.

Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев Русінің мәдениеті. Жазу. Білім. Ежелгі орыс мәдениеті. Ежелгі Русьтің сәулет өнері.

^ Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері (2 сағат)

Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері: феодалдық поместье, феодалдық бытыраңқылық, феодалдардың тәуелсіздігі; феодалдық шаруашылық; феодалдық қырқысулар.

Ерте орта ғасырлардағы феодалдар. Феодалдық саты: король, герцоттар мен графтар, барондар, мырзалар. Фсодалдардың тұрмысы мен әдет - ғұрыптары. Феодалдардың замогы. Орта гасырлардагы шаруалар. Шаруалардың жіктелуі: басыбайлы (крепостной) шаруа. Тәуелді шаруа. Шаруалардың міндеткерлігі. Шаруалардын тұрмысы. Феодалдардың шаруаларға жүргізген үстемдігі. Феодалдық қанауға қарсы күрес.

Қайталау (1 сағат)

ІІ бөлім Орта ғасырлар ( ХІ-ХҮ ғасырлар) ( 23 сағат)

^ XI—XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері (11 сағат)

Орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің қажеттілігі. Король өкіметі, оның қызметі. Мемлекеттік басқару аппаратының қүрылуы. Дворяндық сословие.

Франция. Француз жерлерінің бірігуі. XI Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия.

Англия. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар феодалдық соғысы.

III Ричард. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің орнығуы. Тюдорлар әулеті. Ағылшын парламенті.

Германия. Герман жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері. Герман серілігі. Еркін қалалар. Германияның діни орталықтары.

Испания. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі. Католиктік монархия. Инквизиция және дінсіздерге қарсы күрес. Католик шіркеуі.

Италия. Қала-мемлекеттер және олардың даму ерекшеліктері. Венецияның күшеюі. Флоренция. Медичидің банктік қызметі. Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі Италия жерлері.

XI—XIII ғасырлардагы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы».

XI—XV гасырлардагы шаруашылық табыстар және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Қала халқының жіктелуі. Жәрмеңкелер. Шығыс елдерімен сауда жүргізу.

Еуропадагы қала өмірі. Қалалар және халықтың тұрмысы. Қала ақсүйектерінің қалыптасуы. Серілік, серілікті қабылдау анты. Әскери өнер. Орта ғасырлардағы ханымдар және олардың мінез-қүлық ережелері.

XI—XV ғасырлардағы Еуропадагы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы. Ортағасырлық мектептер. Жоғары оқу орындарының ашылуы. Жылнама. Халық аңыздары. Әдебиеттің дамуы. Ғылыми білім.

Орта гасырлардагы өнер. Сәулет өнері. Атақты соборлар мен храмдар. Мүсін өнері. Бейнелеу өнері. Сәулет өнеріндегі шығыстық ықпал.

^ XI—XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорыктары (1 сагат)

Шіркеу және дін қызметкерлері. Шіркеудің бөлінуі. Христиан қоғамындағы папалардың рөлі. Епископтар мен архиепископтар. Шіркеудің ғылымның дамуына кері әсері. Шіркеу үйінің мақсаты мен символдары. Крест жорықтары. Крест жорықтарының шығу себептері. Шіркеу — шы-ғысқа жорықтың ең негізгі ұйымдастырушысы мен дем берушісі. Кедейлердің Шығысқа жорығы. Кейінгі крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары.

^ Орта орта ғасырлардагы Шығыс әлемі (5 сағат)

Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодализмнің пайда болуы және дамуы. Шаруалардың жағдайы. Қалалардың дамуы. Бір орталыққа бағынған мемлекеттін қалыптасуы. Жапонияның оқшаулануы.

Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы

Кытайды біріктіру. Қытай империясының кұрылуы. Қытай императорлары. Сарай қызметшілері. Шаруашылығы. Қолөнер. Қазақ-кытай қатынастары.

Қытайдагы білім берумен өнер. Қытай мектептері. Кітап басу ici. Тарих. Медицина. География. Сәулет және сурет өнері.

Үндістандағы феодалдық құрылыс

Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы. Феодалдық бытыраңкылық. Үндістанды жаулап алу. Бабыр және оның қызметі. Ұлы Моғолдар империясы. Империяның қуатты державаға айналуы. Қолөнер мен сауданың дамуы.

Діни нанымдары мен әдебиеті

Мәдениеттің дамуындағы ерекшеліктер. Буддизм. Индуизм. Ислам. Әдебиет. "Бабырнама" — түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы. Үнді халықтарының билері мен әндері. Ғылым мен өнер. Мате­матика. Астрономия. Медицина. Өсімдіктану. Үнді сәулет өнеріндегі әртүрлілік. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы. Аджант храмы. Тәж-Махал кесенесі.

Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтанның билігі. Түріктер келгенге дейінгі Балқан елдері. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті. Әдебиет. Ғылыми білімдер. Түрік сәулет өнерінің ерекшеліктері. Мешіттер, кесенелер, сарайлар. Қолөнер. Каллиграфия өнері. Түрік саяхатшылары.

^ XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия (3 са­гат)

Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің өрлеуі. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы. Қолөнердің дамуы жоне оның ерекшеліктері. Бұхара мен Самарқандағы азаттық қозғалыстар. Хорезмшах мемлекетінің әлсіреуі. Орталық Азия мен Қазақстан халықтары арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар.

Орта Азия қалалары. Қалалардың мәдени және гылы­ми орталыққа айналуы. Үргеніш. Бүхар. Самарқан. Мерв. Башкент (Ташкент). Хиуа. Ниса. Отырар. Тараз. Түркістан.

Ғылыми білімдердің дамуы. Медреселер мен обсерваториялардың ғылымды дамытудағы рөлі. Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни — ғалым энциклопедияшы. Әл-Хорезмидің алгебраны дамытудағы рөлі. Әбу-Әли ибн-Синаның медицина ғылымын дамытуы. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-Дин. "Жылнамалар жинағы". Қазақ ғалымдары. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһари әл-Фа-раби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағүн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. "Манас" эпосы. Сәулет, сурет өнері және көркемөнер. Сәулет өнеріндегі ерекшеліктер. Мешіттер, медреселер, кесенелер және мұнаралардың салынуы.

^ Монғол-татар шапқыншылыгына қарсы халықтардың күресі (2 сагат)

Монғол-татар шапқыншылыгы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық. Феодалдық бытыраңқылықтың себептері. Русьте жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия жеріндегі мемлекеттердің де бірте-бірте әлсіреуі.

^ Монғол-татар шапқыншылыгы. Монғол тайпаларының тұрмысы. Монғол тайпаларының қоғамдық құрылысы. Шыңғыс хан әскерлерінің Орта Азия мен Закавказьеге басып кіруі. Бейбарыс сұлтан. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі.

Қайталау (1 сағат)

^ Ill бөлім. Кейінгі орта ғасырлар (XV—XVII ғасырлардың ортасы) (14 сағат)

Еуропа мемлекеттері (5 сағат)

XVI—XVII гасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Ауыл шаруашылығындағы төңкеріс. Мануфактура. Сауданың дамуы. Ағылшын абсолютизмі. Ирландияны отарлау.

XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Франция. Экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы. Өнеркәсіп және сауда. Абсолютизмнің қалыптасуы. Нант эдикті. Кар­динал Ришелье.

^ XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Германия. Экономикалық жағдайы. Ауыл шаруашылығы. Реформа­ция және шаруалар соғысы. Аусбург бітімі. Князьдар арасындағы қырқыстар. Отыз жылдық соғысқа қатысу.

^ Кейінгі орта гасырлардагы Испания. Экономикалық жағдайы. Мемлекеттік құрылым. Испанияның құлдырай бастауы. Марискілерді қудалау. Португалияның бөлінуі. Нидерланд буржуазиялық революциясы.

^ XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Италия. Савонарола. Экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы.

XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар (1 сағат) Географиялық ашулардың қажеттілігі. XV ғасырдағы Америка халықтары. Майя халқы және оның мәдениеті. Ацтектер. Колумбтың Американы ашуы. Географиялық ашулардың нәтижелері.

^ Орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI ғасырлар) (3 сағат)

Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Алтын Орданың әлсіреуі. Тоқтамыстың Мәскеуді талқандауы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Шаруашылықтағы жетістіктер. Мәскеудің өрлеуі. Куликово шайқасы.

^ Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Боярлар думасы. Самодержавиелік монархия. Ресейдегі реформалар. IV Иван Грозный. Опричнина.

XVII гасырдагы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы.

Борис Годуновтың таққа келуі. Поляк феодалдарының Мәскеуді жаулап алуы. К. Минин мен Д. По­жарский. Романовтардың таққа отыруы. XVII ғасырдағы Ресей халықтарының мәдениеті. Батые Еуропа мәдениетінің Ресей мәдениетіне тигізген әсері. Әдебиет пен өнер. Сәулет жөне сурет өнері. Орыс тұрмысының сипатты белгілері

^ XV ғасырдың аяғы — XVII ғасырдың алғашкы жартысын­дагы Еуропа халықтарының мәдениеті (4 сағат)

Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Ита­лия - қайта өрлеу мәдениетінің орталығы. Антик дәстүрлеріне қайта оралу. Леонардо да Винчи. Микеланд-жело. Рафаэль Санти.

^ Сурет өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес.

Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру. Зиялы қауым. Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Ми­гель Сервантес.

Ғылыми білімнің дамуы. Табиғат құпияларын ашу. Хи­мия. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео Гали­лей.

Қайталау (1 сағат).

Қорытынды қайталау (1 сагат).


8 сынып

(барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат)

^ XVII-XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

(1640 - 1914 жылдар)

Кіріспе (1 сағат). Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жаңа кезең тарихының жалпы сипаттамасы мен негізгі мәселелері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуы. Буржуазиялық революциялардың алғышарттары. Буржуазиялық революциялар: себептері, максаттары, қозғаушы күштері, маңызы.

Бірінші бөлім. XVII-XVIII ғасырлардағы Дүние жүзі тарихыныц негізгі оқиғалары (23 сағат)

Англияда капитализмніц орныгуы және ныгаюы (2 сағат).

Ағылшын буржуазиялық революциясының себептері, революцияның басталуы. Индепенденттердің үстемдік ету кезеңі. Азамат соғыстары. Республиканың жариялануы. Левеллер мен индепенденттердің қозғалысы. О.Кромвель протектораты. Монархияны қалпына келтіру (реставрация). Ағылшын буржуазиялық революциясының маңызы. Конституциялық парламенттік монархия. Англиядағы аграрлық революция. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық жаулап алулар.

^ XVIII гасырдагы дүние жүзі (2 сағат). XVIII ғасырдағы дүние жүзі елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулары. Жеке елдердегі капиталистік өндіріс дамуының ерекшеліктері. Аграрлық революция және оның жеке елдердегі өзіндік сипаттары. Өнеркәсіп төңкерісі: оның жеке елдердегі мазмүны, маңызы, өзіндік сипаттары. Ерте буржуазиялық мемлекет. Азаматтык қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасу үрдісі. Еуропалық мемлекеттердің отарлық экспансиясы.

^ XVIII гасырдагы Солтүстік Америка (2 сағат). Солтүстік Америка континентін еуропалық державалардың отарлауы. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Феодалдық және плантациялык шаруашылық- Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары. Қарулы күрестің басталуы. АҚШ-тың құрылуы. Тәуелсіздік декларациясы. Версаль бейбіт келісімі. Тәуелсіздік үшін болған согыстың негізгі қорытындылары мен мәні. 1787 жылғы Конституция және АҚШ-тың мемлекеттік құрылымы.

^ Француз буржуазиялық революциясы (2 сағат). XVIII ғасырдағы Франциядағы феодалдық кұрылыстың ерекшеліктері. Капиталистік қатынастардьң дамуы. Француз қоғамындағы әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктері. Ағарту ici және оның француз революциясын дайындаудағы ролі. Революцияның басталуы. Революцияның бірінші кезеңі. "Тамыз зандары". "Адам және азаматтық құқықтарының декларациясы". Революцияның екінші кезеңі. Республиканы жариялау. Гора мен Жиронданың күресі. Францияға интервенцияның басталуы.

Якобин диктатурасы кезеңі. Якобиндіктердің әлеуметтік-экономикалык саясаты. Террор саясаты. Якобиндіктердің сыртқы саясаты. 9 термидордағы төңкеріс. XVIII ғасырдың аяғындағы француз революциясының маңызы. Францияның басқыншылық соғыстары. Наполеон соғыстарынын сипаты. Францияға қарсы коалициялар. Францияның талқандалуы. Вена конгресі және оның маңызы.

XVIII гасырда Ресейдің дамуы (2 сағат). Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінен артта қалуыньщ себептері. Ішкі өзгерістердің алғышарттары. I Петрдің билік күра бастауы. I Петрдің шетелдерге саяхаты. Солтүстік соғыстың қорытындылары. Петр реформалары. Феодалдық-крепостниктік шаруашылықтың ыдырай бастауы. Шаруалар көтерілістері. Халык бұкарасын қанаудың күшеюі.

XVII-XVIII гасырлардагы Үндістан (1 сағат). Моғол империясының билігіндегі Үндістанның дамуы. Моғол билігіндегі халықтар мен князьдыктардың әлеуметтік-саяси жағдайы. XVII ғасырдағы Үндістанның солтүстік-батысындағы сикхалардың діни қозғалысы. Сикха мемлекетінің пайда болуы. Маратха мемлекетінің құрылуы. XVIII ғасырдың ортасына қарай Ұлы Моғол империясының ыдырауы. Үнді қалаларындағы қолөнер мен сауданың дамуы. Үнді қауымы. Үндістанда еуропалықтардың пайда болуы. Еуропа мемлекеттерінің Ост-Индия компаниялары. XVIII ғасырдың ортасында ағылшындық Ост-Индия компаниясының Үндістанды отарлауы. Англияның Үндістандағы отаршылдық саясаты.

^ XVII-XVIII гасырлардагы Осман империясы (1 сағат). XVII-XVIII ғасырлардағы Осман империясыньщ құрамына кірген мемлекеттер мен халықтар. Империянын саяси, әлеуметтік-экономикалык даму ерекшеліктері. Осман империясының құрамына кірген халықтардың үлт-азаттык, қозғалыстары. Осман империясындағы қалалардың дамуы, сауданың өркендеуі. Балкан түбегі мен Кавказ, араб елдеріндегі халықтардың түрік үстемдігіне қарсы күресінін өрлеуі. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының терендей түсуі. Әскери реформалар. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Осман империясының жүргізген соғыстары, оның салдары.

XVII-XVІІІ ғасырлардағы Қытай (1 сагат). Қытайда Цин әулеті үстемдігінің орнауы. Цин әулетінің билігі кезіндегі Қытайдың мемлекеттік және саяси-әлеуметтік жағдайы. Империяның жүргізген басқыншылық соғыстары және сыртқы елдермен байланыстары. Еңбекші халықтың жағдайы. Маньчжур ақсүйектерінің құқықтық артықшылықтары. Халықаралық жағдай. Ресей және басқа да көрші мемлекеттермен байланыс. Қазақ-қытай қатынастары. Егіншілік пен сауданың дамуы. Қалалардын өсуі.

XVII-XVIІІ гасырлардагы Жоңгар хандыгы (1 сагат). Жоңғар хандығының құрылуы. Жоңғар хандығының саяси құрылысы, саяси-әлеуметтік дамуы және шаруашылығы. Жоңғар хандарының жүргізген басқыншылық соғыстары. Жоңғар-қазақ, жоңғар-қытай, жоңғар-орыс қатынастарының дамуы. XVIII ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетіндегі саяси дағдарыстың күшеюі. Цин империясының жоңғарларды талқандау шабуылын бастауы. 1755-1758 жылдардағы соғыс нәтижесінде Жоңғар мемлекетінің талқандалуы. Жоңғар хандығы жерінің Цин империясының құрамына енгізілуі. Шыңжаңның құрылуы.

XVII-XVIІІ ғасырлардагы Жапония (I сағат). Токугава сегунаты. Жапонияның саяси, әлеуметгік-экономикалық даму жағдайы. Сегунаттың ішкі, сыртқы саясаты. Жапон қалалары және олардың сауданы дамытудағы ролі. Жапонияның сырт елдермен байланыстары. Орыстардың және еуропалықтардьщ XVIII ғасырдағы Жапонияға жорықтары.

XVII-XVIII гасырлардагы Иран (1 сагат), XVII ғасырдағы Иранның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Сефевид әулетінің билігі. Ирандағы діни топтардың ықпалы. XVIII ғасырдың басында Сефевид әулетінің әлсіреуі. I Петрдің парсы жорығы және оның мақсаты. Надир шахтың билігі кезіндегі Иран. Ауған мемлекетінің құрылуы. Иранда Каджар әулеті билігінің орнауы. Каджарлар билігі кезіндегі Иранның жағдайы. XVIII ғасырдағы орыс-иран соғыстары, себептері мен нәтижесі. Ирандағы Англия мен Ресейдің отаршылдық бәсекелестік күресінің күшеюі.

XVII-XVIII ғасырлардагы араб елдері (2 сагат). Осман империясының құрамындағы араб елдерінің түрік үстемдігіне қарсы күресі. Арабиядағы ваххабистер қозғалысы. Араб елдеріндегі діннің атқарған қызметі, діни қозғалыстар. XVII-XVIII ғасырлардағы Египеттің саяси жағдайы. Египеттің экономикалық дамуы. XVIII ғасырдың соңындағы Наполеонның Египетке жорығы және Египет халқының француз отаршылдарына қарсы күресі. XVIII ғасырда Араб елдеріне еуропалық отаршылдардың келуі. Англияның Арабиядағы, Ирактағы отаршылдық әрекеттері. Магриб елдерінің француз отарына айналуы.

Азия және Африка елдерін отарлау (2 сағат). XVII ғасырдағы Голландияның отаршылдық әрекеттері. Индонезия мен Цейлоңды голланд отаршылдарының басып алуы. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшындық Ост-Индия компаниясының отаршылдық әрекеттері. XVIII ғасырдағы капиталистік державалардың Азия жөне Африка елдерін отарлау мен ықпал аймақтарына ие болу үшін күресі. Толық және жартылай отарлыққа түскен Шығыс елдерінің жағдайы. Қиыр Шығыс елдерінің (Қытай, Жапония, Корея) отаршылдыққа қарсы оқшаулану немесе "жабық есік" 'саясатын үстауының салдары. Отаршылдыққа қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар.

XVII-XVIII ғасырлардагы ғылым мен мәдениеттің дамуы (2 сағат). Капитализмнің жаңа, прогрессивтік идеялары және олардың мәдениетгің дамуына ықпалы. Жеке қайраткерлердің рөлі. Ғылым және ағарту ici. Фрэнсис Бэкон, Галилео Галилей, Иоганн Кеплер, Рене (Картезий) Декарт, Исаак Ньютон және олардьң ашқан жаңалықтары. XVIII ғасырдағы классицизм. Халықтың тұрмысы, салты және әдет-ғұрпы. Ғылым және мәдениет. Әдебиет пен өнер. Шығыс мәдениеті мен ғылымының дамуы. Шығыс өркениеттері. Шығыстық философиялық ақыл-ой және оның көрнекті өкілдері. Шығыс әдебиеті мен өнері.

Қайталау (1 сагат).

Екінші бөлім. XIX ғасыр - XX ғасырдың басындағы Дүние жүзі (25 сағат)

Кіріспе (1 сағат). Наполеон соғыстарынан кейінгі еуропалық мемлекеттердің экономикалық дамуы. Жеке елдердегі капитализм дамуының ерекшеліктері. Өнеркәсіптік революцияньщ дамуы. Монополистік капитализм, оның жеке елдердегі ерекшеліктері.

Англия (2 сагат). Англияның әлеуметгік-экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің аяқталуы. Саяси даму. Қоспартиялық жүйе мен оның қоғамның саяси дамуындағы ролі. Парламенттік реформа үшін күрес. Жұмысшы қозғалысы. Луддизм. Чартистер қозғалысы. Англиядағы монополистік капитализм ерекшеліктері.

Франция (2 сағат). Францияның экономикалық дамуы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. 1830 жылғы революция. Бурбондардың конституциялық монархиясы. Шілде революциясы. Екінші республика. Екінші империя. 1870 жылғы революция. Париж коммунасы. Үшінші республика. Монополистік капитализм табиғаты. Жұмысшылар қозғалысының дамуы. Францияның сыртқы саясаты.

Германия мен Италия (2 сағат). Германия мен Италияның бірігу мәселесі. Германия мен Италияның бірігу барысындағы буржуазиялық-либералдық және демократиялық бағыттар. 1848-1849 жылдардағы революциялар және олардың маңызы. Германияның бірігуі. Италияның бірігуі. Бірігудің маңызы.

Германия және мен Италияның әлеуметтік-экономикалық дамуы. Өндірістік даму ерекшеліктері. Саяси құрылым. Жүмысшылар қозғалысы. Марксизмнің пайда болуы және дамуы. Сыртқы саясаты.

Ресей (2 сағат). Әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1861 жылғы реформа мен оның маңызы. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Индустриияландыру ерекшеліктері. Халықшылдар қозғалысы. Марксизмнің таралуы. Жүмысшы қозғалысы. 1905-1907 жылдардағы I орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.

АҚШ (2 сағат). Әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшеліктері. Буржуазиялық және плантациялық шаруашылық АҚШ территориясының кеңеюі. Құлдықты жою қозғалысы. Азаматтық соғыстың басталуының себептері. Азаматтық соғыстың маңызы мен қорытындысы. Елді индустрияландырудың ерекшеліктері.

Латын Америкасы (1 сагат). Латын Америкасы отарларының әлеуметтік-экономикалык жағдайы. Латын Америкасы елдеріндегі буржуазиялық-демократиялық революциялар. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Саяси құрылым. "Монро доктринасы" және оның Латьш Америкасы елдерінің дамуына тигізген әсері.

XIX ғасыр-ХХ ғасырдың басындагы Қытай (2 сағат). XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Цин империясының саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы. Ағылшын отаршылдарының Қытайға енуі. Апиын соғыстары, оның себептері мен нәтижелері. Тайпиндер көтерілісінің нәтижесі, Қытайдың жартылай отарға айналуы.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалық және революциялық- демократиялық қозғалыстардың пайда болуы. «Реформаның жүз күні» Сунь-Ятсен. Ихэтуандар көтерілісі. ХІХ ғасырдағы орыс- қытай қатынастары, 1911-1913 жылдардағы Синьхай революциясы. Маньчжур үстемдігінің құлауы. Қытай Республикасының құрылуы.

^ ХІХ ғасыр- ХХ ғасыр басындағы Жапония ( 2сағат)

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Жапонияның саяси- әлеуметттік- экономикалық дамуы. Жапонияда товар- ақша қатынастарының дамуы. Қалалардың өсуі, сауданың өркендеуі. Сауда буржуазиясының дамуы.

Мэйдзи революциясы және оның маңызы. Жапонияда капиталистік қатынастардың дамуы. 1894-1895 жылдардың басындағы жапон имперализмнің дамуы. Орыс- жапон соғысы. ХХ ғасырдың басындағы Жапонияның саяси- әлеуметтік жағдайы.

^ ХІХ ғасыр- ХХ ғасыр басындағы Үндістан (1сағат).

ХІХ ғасырдың басындағы тәуелсіз мемлекеттер Майсур,Сикха, Маратха мемлекеттерінің отаршыдыққа қарсы күрестері. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы халық қозғалыстары. Үнді ағартушылары- ұлт-азаттық қозғалыстардың дем берушілері. 1857-1859 жылдардағы Ұлы халық көтерілісі, (сипайлар көтерілісі). ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі үнді ұлт-азаттық қозғалысы. Үнді Ұлттық Конгресінің құрылуы (ҮҰҚ) « Свараджа» және «свадеши» қозғалыстары. 1905- 1908 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстар. Балгангадхар Тилак және оның қызметі. Ағылшын отаршылдарының Үндістандағы отаршылдық саясаты.

^ ХІХ ғасыр- ХХ ғасырдың басындағы Осман империясы ( 2сағат)

ХІХ ғасырдың басындағы Осман империясының халықаралық жағдайы. Орыс- түрік соғыстары. Балқандағы ұлт-азаттық қозғалыс. Янычар корпусын тарату. «Шығыс мәселесінің» жаңадан шиеленісуі. Танзимат реформалары. 1853-1856 жылдардағы Қырым соғысының нәтижесі. Осман империясындағы дағдарыстардың тереңдей түсуі.

Ұлт-азаттық қозғалыстардың өрлеуі. ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі орыс түрік соғыстары. Түркияның жартылай отар елге айналуы. ХІХ ғасырдың соңында Түркияда ұлттық- патриоттық сананың оянуы. Жас түріктер қозғалысы және олардың мақсаты. 1908 жылғы Жас түріктер революциясы, оның маңызы. ХХ ғасырдың басындағы Түркияның саяси- әлеуметтік, экономикалық жағдайы.

ХІХғасыр – ХХ ғасырдың басындагы Иран (1 сагат). XIX ғасырдағы Иранның саяси-әлеуметтік жағдайы. Еуропалықтардың Иранға ене бастауы. Англия мен Ресейдің Ирандағы саясаты. 1848-1852 жылдардағы Ираңдағы бабидтер көтерілісі. Иранның жартылай отар елге айналуы. Иранда ұлттық буржуазияның қалыптаса бастауы. Ұлтшылдық идеялардың дамуы. Діни қозғалыстар, олардың сипаты. 1905-1911 жылдардағы Иран революциясы және оның нәтижелері. XX ғасырдың басындағы Иранның саяси-әлеуметтік және экономикалық жағдайы.

ХІХ ғасыр – ХХ гасырдың басындагы араб елдері (2 сагат). XIX ғасырдағы Мысырдағы Мүхаммед Әли пашаның билігінің орнауы. Оның жүргізген реформалары, ішкі және сыртқы саясаты. XIX ғасырдың 50-70 жылдарындағы Мысыр. Еуропалық капиталдың Мысырға енуі. Суданның XIX ғасырдағы даму сипаты. Арабия түбегі елдері, олардың саяси дамуы.

Ирак, Сирия, Магриб елдері. Араб ағартушылары, олардың көзқарастары. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы араб елдерінің дамуы. Ұлт-азаттық қозғалыстар. Мысыр, Судан, Арабия түбегі елдері, Магриб елдері, Ирак, Сирия елдері XX ғасырдың басында.

^ Мәдениеттің дамуы (1 сагат). Ғылым мен техника. Әдебиет және өнер. Мәдениеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті түлғалар: Дж.Байрон, В.Гюго, Г.Гейне, О. де Бальзак, Ч.Диккенс, Б.Шоу, Г.Ибсен, Э.Золя, Дж.Лондон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой, Р. Тагор, И.Франко, Ян.Райнис, Х.Хакимзаде, САйни, Т.Сатылганов, МАхундов. Мәдениет саласындағы жаңа ағымдар. Декаденттер.

^ Халықаралық қатынастар (2 сагат). Еуропа мен АҚШ-та жұмысшы қозғалысының дамуы. Жұмысшы қозғалысының өрлеуіне коммунистік идеялардың әсері. Коммунистер одағының құрылуы. Бірінші Интернационал және жұмысшы қозғалысы.

Дүние жүзін бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісуге ұмтылу. Әскери-саяси блоктардың құрылуы. XIX ғасырдың соңындағы империалист« соғыстар. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатиялық дайындық.

Қорытынды (2 сағат).




залишити коментар
Сторінка1/3
Дата конвертації13.10.2011
Розмір0,64 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
  1   2   3
плохо
  45
не очень плохо
  5
средне
  12
хорошо
  3
отлично
  49
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх