Автореферат 2010 жылғы таратылды icon

Автореферат 2010 жылғы таратылды


1 чел. помогло.
Схожі
Автореферат 2010 жылы «03» қарашада таратылды...
Автореферат «22» қараша 2008 ж таратылды...
Автореферат 2010 жылы таратылды...
Автореферат 2009 жылы «07» қазанда таратылды...
Автореферат 2009 жылы қыркүйекте таратылды...
Бюллетень Қр мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде тіркелген...
Жалпы білім беретін мектептің 6–9 сыныптарына арналған «География» оқу бағдарламасы. – Астана...
Қазақстан тарихы...
Қазақстан тарихы...
Қазақстан тарихы...
А оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша қабылдау емтиханының...
2010 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру...



страницы:   1   2   3


ӘОЖ 94:342.54:929.7(574)(451) Қолжазба құқығында


ЕСПЕНБЕТОВА АЙНАГҮЛ МЕЙРАМБЕКҚЫЗЫ


ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы жаңа сословиелік

құрылымның қалыптасуы


07.00.02. – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)


Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010


Жұмыс Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасында орындалды.


Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Сұлтангалиева Г.С.


Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор, Игібаев С.К.


тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Төлеуова Б.Т.


Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазак ұлттық педагогикалық университеті


Диссертация 2010 жылдың «30» қыркүйегінде сағат 17.00-де Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, 204 аудитория) жанындағы БД 14.50.12 Біріккен диссертациялық кеңесінде қорғалады.


.


Автореферат 2010 жылғы «__» ________________ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы, профессор Т.Ә. Әлімбаев

^ КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның егеменділікке қол жеткізуі білім мен ғылым саласында түбірлі өзгерісер мен ізденістерді талап етеді. Бұл өткен кезеңдердегі әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени даму тәжірибесін ескеруді, оны ұлттық құндылықтар тұрғысынан зерделеуді қажет етеді. Тапсыз қоғамға негізделген кеңестік заманда әлеуметтік құрылымдардың қоғамдық рөліне обьективті баға берілмеді. Әлеуметтік топтар мен сословиелер мәселесі жеке қаралмай, жалпылама мәселелерді ашу барысында жанама сұрақтар ретінде зерттелінді. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайы жоғары топтар үстем таптар ретінде қаралып, өз бағасын ала алмады. Соңғы жылдары отандық тарихнамада зерттеушілер назарынан тыс қалып келген мәселелер көтерілуде. Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтап, оның ішінде қандай әлеуметтік топтардың, сословиелердің өмір сүретіндігін және олардың қоғам дамуында қалай әрекет ететінін білмейінше, қоғамдық істерді басқаруда, соның ішінде экономика, әлеуметтік, саясат және рухани өмір салаларында бір қадам да алға басуға болмайтынын ұғынудың маңызы өте зор. Қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты мәселенің маңыздылығы, міне, осында. Оны шешуді әлеуметтік диалектиканы, тарихи және қазіргі қоғамның даму тәжірибесінің деректерін терең түсіну негізінде іске асыру қажет.

ХІХ ғ. ортасына дейін қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік құрылымының негізі ондағы жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын анықтаған сословиелік құрылымдардан құралды. Қазақ қоғамы ақсүйектер мен қарасүйектерге бөлінген сұлтандар, билер, батырлар, ақсақалдар, байлар, төленгіттер, шаруалар, қожалар т.б. тұрды. Осылардың арасынан сұлтандар, билер, батырлардың қоғамдық жағдайы Ресейдің қоластына өткеннен кейінгі кезеңде әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. ХІХ ғ. патша үкіметі жүргізген әкімшілік-территориялық шаралар және жаңа саяси экономикалық жағдай қазақтардың әлеуметтік құрылымын өзгертіп, нәтижесінде қазақ көшпелі қоғамында Ресей империясының ішкі губернияларындағыдай мүлде жаңа сословиелер: дворяндар, құрметті азаматтар, көпестер, мещандар қалыптасты. Олар ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі болды және қоғам дамуында белгілі бір рөл атқарды.

Жаңадан қалыптасқан қазақ дворяндары мен құрметті азаматтар сословиесін қазақ билеушілері: сұлтандар, билер, старшындар құрады. Олар империяның әкімшілік-саяси билік құрылымындағы жоғарғы дәрежелі шенеуніктер бола отырып, қалыптасқан саяси жағдайға байланысты патшаға қызмет етуге мәжбүр болды, сөйтсе де, өз халқының мүддесін ұмытпады, халықтың мұң-мұқтажын қанағаттандыруға атсалысты. Осыған орай ел тарихының дамуында белсенді рөл атқарған қоғам қайраткерлерінің өнегелі істерін бағамдап, зерттеп білу де маңызды саналмақ.

Қазақ жерінің Ресейдің шаруашылық өмірінің аренасына енуі өлкеде тауар-ақша қатынастарының дамуын туғызды және бұл қазақ қоғамындағы саудагер көпестердің қалыптасуына да ықпал етті. Көпестердің қоғамдағы рөлі кеңестік дәуірде дұрыс бағаланбаған мәселелердің бірі болса, қазіргідей нарықтық экономика мен жеке идеяларға негізделген бәсекелестік қоғамда сауда кәсіпкерлігінің тарихын білуге итермелейді. Сауданы, өнеркәсіптік кәсіпкерлікті дамытушы сауда кәсібі мен кәсіпкерлік - білім мен шығармашылықты талап ететін жасампаздың іс-әрекет ретінде өз бағасын алуда.

Ендеше, қазақ көшпелі қоғамында Ресей империясының әкімшілік, сауда экономикалық саясаты контексіндегі жаңа сословиелердің қалыптасуы мен олардың қоғамдық рөлін зерттеп тану еліміздің тарихын тереңірек ұғынуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

^ Зерттеу жұмысының нысаны. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамы.

Зерттеу жұмысының пәні. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ көшпелі қоғамындағы жаңа сословиелік құрылымның қалыптасуы және олардың әлеуметтік құқықтық ерекшеліктері, қоғамдық қызметтері.

^ Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық тарихнамада ХІХ ғ. қазақ қоғамындағы жаңа сословиелік құрылымның даму тарихы арнайы зерттеу жұмыстарының нысаны болмады. Дегенмен дәстүрлі көшпелі қоғамдағы аталмыш кезеңдегі әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер жайында бейнеленген жалпы еңбектер бар.

ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ даласындағы әлеуметтік құрылымның қалыптасуы мәселесінің жекелеген аспектілері, атап айтсақ, патша өкіметінің әкімшілік-территориялық өзгерістерге ықпалы, қоғамның сословиелік құрылымы, азаматтық білімнің таралуы сияқты мәселелер қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде жанама түрінде көрініс тапты.

ХІХ ғ. Ресейдің құрамына өткеннен кейінгі қазақ жеріндегі әкімшілік-территориялық өзгерістер, олардың ықпалы мен нәтижелері жайында көптеген орыс зерттеушілері, шенеуніктері жалпы жазылған еңбектер қалдырды[1]. Олардың арасында зерттеуші А.И. Левшин өз еңбегінде ХІХ ғасыр басындағы әкімшілік-территориялық өзгерістердің қазақ көшпелі қоғамы әлеуметтік құрылымының даму эволюциясына ықпалын қарастырады және қазақ қоғамының басқару құрылымындағы ақсақалдар, билер, батырлардың атқаратын рөлін көрсете отырып, әдет-ғұрпы туралы баяндайды. ХІХ ғ. ортасынан бастап қазақтардың тарихы, этнографиясы, шаруашылығы туралы статистикалық мәліметтер жинақтала бастады. Бұл еңбектердің пайда болуы көшпелі қазақ елін отарлауды нығайта отырып, шаруашылық игеру мақсатынан туындады. Мұндай еңбектердің қатарына И.Ф. Бларамберг, Л. Мейер, М. Красовскийдің зерттеулерін атауға болады. Әкімшілік-территориялық өзгерістердің қоғамның әлеуметтік құрылымына әсері К. Гейнс, Л.Ф. Баллюзек еңбектерінде бейнеленді.

Қазақ даласындағы жекелеген территориялық өзгерістер туралы мол дерек беретін орыс зерттеушілері А.Е. Алекторов, А.И. Добросмысловтардың еңбектері құнды болып табылады. А.И. Добросмыслов еңбегінде хандық биліктің жойылуынан кейінгі жергілікті әкімшілік-шенеуніктік аппараттың, яғни билеуші-сұлтандар, болыс басқармалары, ауылдық басқарушылардың қалыптасуы туралы кеңінен баяндайды. Дистанциялық жүйе қызметінің сипаттамасын береді және жаңа басқарушылар – билеуші-сұлтандар жайында биографиялық мәліметтер келтіреді.

ХІХ ғасырдағы Қазақстан тарихнамасын түрлі тақырыптарды қамтыған қазақ зиялыларының зерттеу еңбектері толықтыра түсті. Олардың арасында

Ш. Уалиханов, М. Таукин, Т. Сейдалиндер болды. Бұлардың ішінен ағартушы ғалым Ш. Уалихановты ерекше атап өтуге болады [2]. Оның еңбегінде патша үкіметі жүргізген реформалар мен қазақ қоғамындағы билердің, билер сотының әлеуметтік рөлі туралы мәліметтері маңызды орын алады. Патша үкіметінің қазақтарға қатысты жүргізген территориялық-әкімшілік шараларының халық шаруашылығындағы көрінісі М. Таукин, Ә. Сейдалиннің еңбектерінде орын алған.

Орыс зерттеушілері А.В. Васильевтің, А.Е. Алекторовтың еңбектерінде қазақ даласына ХІХ ғ. азаматтық білімінің таралуы кеңінен қарастырылады[3]. А.В. Васильев 1825-1866 жж. аралығында Неплюев әскери корпусын бітірген 28 қазақ баласының тізімін береді және олардың оқуды аяқтаған соң шендерге ие болып, атқарған азаматтық және әскери қызметтерін көрсетеді. Олардың көпшілігі кейін дворяндық шенеуніктік сословиеге енді.

Патшалы Ресейдің қазақ даласына қатысты жүргізген әкімшілік-территориялық заңдарының мазмұнын ашатын И.И. Крафтың еңбегінде 1731-1898 жж. аралығында қабылданған патша жарлықтары мен бұйрықтары берілген[4]. Патша шығарған заңдарда құрметті азаматтар, тархандардың құқықтық ерекшеліктері және оның жойылуы туралы деректер берілген.

И.И. Крафтың еңбегінің ерекшелігі, ол тұңғыш рет қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы сұлтандардың, билердің, құрметті азаматтардың қоғамдық эволюциясын қарастырады.

ХІХ ғ. қазақ қоғамында қалыптасқан дворяндық сословие туралы зерттеуде оның Ресей империясында таралуы мен құрылымы, әлеуметтік және құқықтық ерекшеліктері туралы білудің маңызы зор. Ресей империясындағы дворяндық туралы В.О. Ключевский, А.В. Романович - Славатинский, П.Н. Петровтың зерттеулері құнды болып табылады[5]. Олардың арасында П.Н. Петровтың еңбегінде тұңғыш рет, орыс және Ресей құрамындағы басқа халықтардың дворяндық тектерімен қатар дворяндық статусты иеленген қазақ хандары мен сұлтандары - Нұралы, Ералы, Айшуақ және Бөкейдің ұлдары - Жәңгір, Әділ, Меңдігерей есімдерін келтіреді. Дегенмен, ол қазақ дворяндығының қалыптасу механизмдерін ашып көрсетпейді және олардың қызметтері туралы да айтылмайды.

Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген еңбектерді саралай отырып, қазақ жерін зерттеумен айналысқан орыс шенеуніктері мен шығыстанушыларының еңбектерінде қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы арнайы зерттеу нысанына айналмағаны және зерттеу жұмыстары патша үкіметінің отарлық саясатын жүзеге асыру мақсатында жүргізілгендігі байқалады. Бірақ, соған қарамастан бұл тарихи еңбектерде нақты мәліметтерді жиі кездестіруге болады. Авторлар сол кезеңдегі болған тарихи оқиғаларды өз көздерімен көріп, жазып қалдырды, сондықтан да, олардың деректері өте маңызы саналады.

ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстан тарихына қатысты жазылған А.П. Чулошниковтың, С.Д. Асфендияровтың еңбектерін атауға болады[6]. С.А. Асфендияров пен П.А. Кунтенің басшылығымен жарық көрген жинақта Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісімен тікелей байланысты заң актілері, қазақ даласында әртүрлі сапарлармен болған ресми және лауазымды орыс шенеуніктерінің, қазақ билеушілерінің жазған мәлімдеме құжаттары мен тарихи деректер бар.

40-50 жж. дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымына қатысты М.П. Вяткиннің, Е.Б. Бекмахановтың, В.Ф Шахматовтың еңбектері жарияланды[7]. Бұл жұмыстардағы ұқсастық олар әр кезеңдердегі ұлт-азаттық қозғалыс мәселелеріне арналғандығы. Орыс үкіметінің салық және әкімшілік саясатына қазақтардың наразылығының көрінісі қазақ көшпелі қоғамындағы жаңа сословиелердің құрылуы еді. Сондықтан аталған авторлар өз еңбектерінде қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік құрылымына талдау жасайды.

М.П. Вяткиннің еңбегінде С. Датов басқарған ұлт-азаттық қозғалысты қарастыру арқылы әлеуметтік құрылымның эволюциясының сипаты, хандық биліктің жойылуы және қазақ көшпелі қоғамындағы старшындардың рөлі туралы баяндалады. Қазақ қоғамындағы әлеуметтік құрылымның жалпы сипаты белгілі тарихшы Е.Б. Бекмахановтың Кенесары басқарған азаттық қозғалысын зерттеу барысында жеткілікті айтылады. Онда аталмыш кезеңдегі қоғамның әлеуметтік құрылымына талдау жасалады. Қазақ қоғамын басқарушы аға сұлтандар мен билеуші-сұлтандардың Ресейдің дворяндық статусын иеленгендігі туралы патша шығарған заңдардың үзінділері келтірілсе де, дворяндар мен құрметті азаматтар зерттеудің негізгі нысанына айналмаған. Ақсүйек пен қарасүйек өкілдерін құрайтын жекелеген әлеуметтік топтарға талдау жасалады, бірақ кеңестік идеологияға сай ақсүйек топтың өкілдері сұлтандарға, шонжарларға үстем, қанаушы тап ретіндегі көзқарас сипат алған. В.Ф. Шахматов өз еңбегінде әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді азаттық қозғалысының бір себептері ретінде сипаттайды. Еңбектерде байлар, батырлар, жатақтар мен қоңсы әлеуметтік топтары туралы қарастырылғанмен, жаңа әлеуметтік соловиелерге назар аударылмайды, сөйтіп, қазақ қоғамының сословиелік-топтық құрылымы зерттеушілердің назарынан тыс қалып отырды.

Қазақстан тарихын зерттеу жұмыстарының қарқынды жүруінде ХХ ғ. 40-60 жж. мұрағаттық құжаттарды топтастырған біршама еңбектер жариялануының маңызы зор болды [8]. Бұл жинақтарда дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер, сұлтандардың әлеуметтік-құқықтық артықшылықтары туралы айтылады. Сұлтандардың қоғамдағы бұрынғы әлеуметтік маңызы мен билігінен айырыла бастағандығы т.б. мәліметтер келтірілген. Сонымен бірге жинақтар патша үкіметінің шығарған заң ережелер мен жарғылар қазақ қоғамындағы сұлтандардың, болыс басқармаларының, старшындардың атқаратын қызметтері мен құқықтық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. 1960 ж. жарық көрген ХVІ-ХІХ ғғ. аралығындағы қазақ-орыс қатынастарын қамтыған екі томдық құжаттар жинағында қазақ билеушілерімен орыс генерал-губернаторларының жазысқан хаттары, жолданымдары, мәлімдемелерінен құнды деректер алуға болады.

60-90 жж. патшалы Ресейдің қазақ жерінде ХІХ ғ. жүргізген территориялық-әкімшілік өзгерістердің дәстүрлі қазақ қоғамының құрылымына ықпалы Б.С. Сүлейменовтың, С.З. Зимановтың еңбектерінде жүйелі түрде зерттеле бастады [9]. С.З. Зимановтың зерттеулерінде ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақстанның саяси құрылымының жағдайы және оның өзгеріске ұшырауы, хандық билік кезіндегі және хандық билік жойылғаннан кейінгі жергілікті басқару ұйымдарының құрылымы, әлеуметтік топтардың жіктелісі терең талданады.

ХІХ ғ. Қазақстандағы маңызды оқиғалар ретінде патша үкіметі жүргізген әкімшілік өзгерістерді жаңаша көзқарас тұрғысынан зерттеп тануда К.Л. Жиренчиннің, Б.М. Абдрахманованың, Б.С. Әбенованың еңбектерінің маңызы зор [10].

Қазақ жерінде жүргізілген әкімшілік-территориялық шаралар қазақ халқының санына және әлеуметтік құрылымының өзгерістеріне де өз таңбасын қалдырып отырды. Н.Е. Бекмаханованың монографиясында ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы Қазақстан территориясындағы әкімшілік бөліністер мен тұрғындардың демографиялық жағдайы зерттеледі. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ халқының сандық өзгерісі, орналасуы мен ұлттық құрамы, білім деңгейі, еңбекпен қамтылу жағдайы туралы Н.В. Алексеенко,

М.Н. Сдыков еңбектерінде зерттеледі, бірақ зерттеу жұмыстарда қазақ халқының сословиелік құрылымы анық көрсетілмейді [11].

Қалалық сословие өкілдері туралы танып білуде, қалалардың қазақ қоғамының әлеуметтік саяси құрылымындағы орны мен атқарған рөлін анықтауда Н.Г. Аполлова, А. Горячева, Э.И. Герасимова, Ө. Есмурзин, Ж.Қ. Қасымбаевтың зерттеулері маңызды саналады [12]. Қалалар тарихына қатысты біршама еңбектер жарық көрсе де, шешімін таппаған мәселелер баршылық. Қаланың әлеуметтік-экономикалық өмірінің сипатты белгілері мен әлеуметтік сословиелік құрылымының даму эволюциясы мәселелері әлі де зерттеуді қажет етеді.

Дворяндық Ресейде мемлекеттік қызмет арқылы қалыптасқан жоғарғы билеуші сословие. Ресей дворяндығы құрамында мұсылман халқы да біраз сандық көрсеткішке ие болды, олар негізінен татарлар, башқұрттар, т.б. Дворяндықтың тарихына алғаш көңіл бөлген тарихшылардың арасында Д. Арапов, С.М. Еникеев, А.З. Асфандияровтарды атауға болады[13]. Мәскеулік тарихшы Д. Араповтың ғылыми мақалаларында дворяндықтың қалыптасу механизмдері және мұсылман дворяндығының қызметінің бағыттары сараланады. С.М. Еникеев, А.З. Асфандияров еңбектерінде Біртұтас Ресей дворяндығы корпусының құрамдас бөлігі болған Уфа, Қазан губерниясындағы дворяндықтың қалыптасуы, татар мырзаларының дворяндыққа қол жеткізуінің өзіндік құқықтық ерекшеліктерін анықтайды және башқұрт тархандары және олардың қалыптасу тарихы, әлеуметтік, қызметтік артықшылықтары туралы жан-жақты зерттелген.

Қазіргі таңда зерттеуші Я. Илиясова башқұрт дворяндығы туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Автор башқұрт дворяндығының қалыптасуы арқылы орыс емес халықтар арасында дворяндықтың таралуының өзіндік ортақ белгілерін анықтап көрсетеді. Бұдан дворяндықтың қазақтардан басқа да түркі тілдес халықтар арасында таралғанын және көшпелі және жартылай көшпелі халықтар - қазақтар мен башқұрттар дворяндығының қалыптасуындағы ұқсас белгілерін байқаймыз.

Қазақ жеріндегі хандық биліктің эволюциясы және Қазақстанның Ресейге қосылуы мәселесі И.В. Ерофееваның зерттеулерінде қарастырылады[14]. Отандық тарихнамада тұңғыш рет халық санағы материалдары бойынша қазақтар арасынан шыққан дворяндардың саны келтіріледі. ХІХ ғ. соңында қазақтар арасында 876 ата тегінен бергі дворян және 94 жеке дворян болған. Олардың ішінде 752 ата тегінен бергі дворян, 51 жеке дворян - Дала қазақтары облысына тиесілі болса, 124 ата тегінен бергі дворян және 43 жеке дворян - Түркістан өлкесіне тиесілі болды [14,182б].

Әлеуметтік жағынан үстем болған қазақ сұлтандарына деген біржақты таптық көзқарастан арылған зерттеу жұмыстардың қатарында ғалым Ж.К.Қасымбаевтың монографиясында тұңғыш рет ХІХ ғ. қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, генерал-майор, Кіші жүздің билеуші-сұлтаны Баймұхамбет Айшуақовтың өмірі мен қызметі баяндалады[15]. Бірақ бұл еңбекте Баймұхамбет Айшуақовтың дворяндық сословие ретіндегі қоғамдағы орны, әлеуметтік құқықтық артықшылықтары туралы айтылмаған.

Қазақ дворяндары өкілдеріне жататын М.С. Бабажанов, М.Бекмұханбетов туралы зерттеу жұмыстары жарыққа шықты[16]. Бұл еңбектерде олардың дворяндық статусты иеленгендігі айтылмаса да, қоғамдық-саяси, мәдени өмірдегі атқарған қызметтері жан-жақты зерттеледі.

Қазақ дворяндары дворяндық статусты беретін жоғарғы шендерді - генерал-майор, полковник, подполковникті иеленді. Әскери шендер мен қоғамдық дәрежесі жоғары - дворяндар, құрметті азаматтар сословиесінің қалыптасуы көптеген зерттеушілердің қызығушылығын туғызды. Л.Е. Шепелевтің ХҮІІІ ғ. мен 1917 ж. аралығына дейінгі Ресей империясындағы әскери, азаматтық, сарай маңы және текті титулдар мен шендер, ордендер мен мундирлер туралы жазылған еңбегінің жекелеген мәселені анықтауда ролі зор болып табылады [17]. Орыс армиясының құрамында билік атқарған қазақ өкілдері прапорщик, заурядь-хорунжи, заурядь-жүзбасы, жүзбасы, майор, подполковник, полковник шендерін иеленді. Орынбордағы кадет корпусын аяқтағандары обер-офицер шеніне (капитаннан прапорщикке) дейін иеленіп шықты. Мысалы, қазақ балалары 14 класс шенін - прапорщикті иеленді, мұның өзі жеке дворяндыққа қол жеткізді және осы лауазыммен сатылап өсуіне мүмкіндік берді.

Соңғы жылдары жарияланған құжаттық маңызы өте жоғары болып табылатын Б.Т. Жанаев, В.А Инночкин, С. Сағынаевалардың шығармашылық тобы дайындаған «История Букеевского ханства (1801-1852 гг.)» атты еңбекте Бөкей ордасынан шыққан қазақ дворяндары және олардың үкімет тарапынан алған марапатттары, шендері, дистанциялық жергілікті басқарушылар жайында деректер енгізілген. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы орыс отарлық әкімшілігінде қызмет еткен қазақтардың беделді тұлғалары туралы мәлімет беретін «История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков» топтамасы бойынша «О почетнейших и влиятельнейших ордынцах» атты жаңа жинақ жарияланды. Жинаққа тарихи тұлғалардың алфавиттік формулярлы, қызметтік тізімдері және басқа да анықтамалық мұрағаттық құжаттар енген. Бұл деректерден қазақ билеушілерінің қызметтік өсу жолы, қоғамдық статустарын (дворян, құрметті азамат) байқауға болады

Ғалым Г.С. Сұлтанғалиеваның диссертациялық еңбегі Батыс Қазақстандағы білімнің дамуы мен алғашқы ұлт зиялыларының қалыптасуы және олардың әлеуметтік-мәдени дамуына қосқан үлесін ашып көрсетуде рөлі зор болып табылады[18]. Сонымен бірге, онда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының эволюциясы арнайы талданады. Әкімшілік-территориялық шаралар, діни ұйым - Орынбор мұсылмандық жиынының қызметі, көпестердің кәсіпкерлік қызметтері туралы мәліметтер қарастырылады.

Соңғы жылдары жарияланған қазақ халқының дәстүрлі әлеуметтік институттарын зерттеуге Ж.М. Жанпейісованың, А. Оразбаеваның еңбектері арналған[19].

Шетелдік тарихнамада Ресей империясындағы шенеуніктер тәрізді жаңа сословиеге белгілі бір дәрежеде назар аударылған[20]. Ресей империясының ұлттық саясаты контексінде мемлекеттік қызметке орыс емес халықтың өкілдерінің тартылуы неміс ғылымы Андреас Каппелердің, шенеуніктердің саны туралы поляк тарихшысы Стивен Величенконың зерттеулерінде ұсынылады. Американ тарихшысы Г.Фриздің жұмысында өмір сүріп тұрған тәртіпке ыңғайланған жаңа әлеуметік қабаттардың қалыптасу мәселесі зерттелсе, Ч.Стейнведелдің еңбегінде Ресей империясы территориясында жүз жылдан аса уақыт бойы өмір сүрген түркі тілдес халықтардың ұлттық идентификациясы мен әлеуметтік құрылымының өзгерісіне талдау жасалады.

Тақырыптың зерттелу деңгейін саралай отырып, мәселенің бұрын зерттелмегеніне көз жеткізуге болады, мұның өзі тақырыптың өзектілігін арттыра түседі. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамында болған саяси құрылыстардың әлеуметтік-сословиелік құрылымның өзгерісіне ықпал еткендігі, сонымен бірге қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік-мәдени дамуында маңызды орын алған олар әлеуметтік сословиелер ретінде толық зерттелмеді. Олардың қоғамның экономикалық мәдени дамуына қосқан үлестері жеткілікті бағаланбады. Тақырыптың өзектілігі мен ғылыми талдау жағдайына орай мынадай мақсаттар мен міндеттер туындайды.

^ Зерттеудің мақсаты мен міндеті. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ көшпелі қоғамында жаңа сословиелік құрылымның қалыптасуынан мағлұмат беру, олардың әлеуметтік табиғаты мен саяси құрылымын анықтау қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуындағы үлесін көрсету. Осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттер алға қойылды:

- ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ жерінде жүргізілген әкімшілік-территориялық өзгерістердің әлеуметтік құрылымға тигізген ықпалын анықтау;

- қазақ қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымына талдау жасау және олардың ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы жаңа отаршылдық жүйе жағдайындағы қоғамдық өзгерістерін ашып көрсету;

- жаңа сословиелердің қалыптасуы және олардың әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктеріне талдау жасау;

- қазақ даласында дворяндықтың қалыптасу механизмдерін көрсету және олардың саны, әлеуметтік артықшылықтарын анықтау;

- қазақ дворяндарының қоғамның саяси-әлеуметтік және рухани дамуына қосқан үлесін көрсету;

- қазақ қоғамындағы әлеуметтік сословиелердің (құрметті азаматттар, көпестер, мещандар) қоғамдағы орны мен қызметтерін саралау.

Зерттеудің деректік негізін бірнеше топқа бөлуге болады: 1) Ресей үкіметі тарапынан қазақтарға қатысты шығарылған заңнамалық-құқықтық актілер; 2) орталық және жергілікті басқару ұйымдарының іс-құжаттары; 3) статистикалық мәліметтер; 4) анықтамалық мәліметтер: 5) мерзімді басылымдар. Аталған негізгі деректер Қазақстан Республикасы мен таяу шет елдерде орналасқан мұрағаттар мен кітапханалардан алынды. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында ҚР (Алматы: ҚРОММ) және РФ (Москва: РФ ЕАМ; Орынбор: (ОрОММ) мұрағат қорларынан материалдар жиналды.

^ 1. Заңнамалық актілер: жеке құқық актілері, ережелер, бұйрықтар, манифестер, жарғылар. Қазақ даласында жүргізілген реформалардың мазмұнын ашуда «Ресей империясының толық заңдар жинағына» енген заң актілері маңызды орын алады. Мұнда патша үкіметінің орыс емес халықтардың Ресейдің құрамына өткеннен кейінгі саяси құқықтық жағдайларына және Ресейдің құрамындағы барлық халықтарға қатысты жалпы заңдар жинақталған. Онда билік құрылымының өзгерісіне орай қазақ сұлтандарының үш рет «аға сұлтандыққа» сайланса, ата тегінен бергі дворяндық статусын иеленетіндігі туралы және басқа да құқықтары айтылады. Мысалы, 1832 ж. 10 сәуірде жарияланған манивест бойынша Құрметті азамат деген атаумен жаңа сословие енгізілді. Манивесте құрметті азаматтардың әлеуметтік ерекшеліктері анықталады.

^ 2. Орталық және жергілікті басқару ұйымдарының іс-құжаттары, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді:1) мәлімдеме хаттар, ұсыныс сұраныстар, жолданымдар; 2) есептер; 3) жеке қорлар.

1) Құжаттардың маңызды тобын қазақ қоғамындағы әр түрлі сословие өкілдерінің орталық үкімет пен жергілікті өкімет өкілдері атына жолдаған өтініш сұраныстары, жолданымдары, хаттары құрайды. Осы сынды патша әкімшілігінің қазақ билеушілерінің атқарған қызметтері, сіңірген еңбектері үшін, шендерін көтеріп, сый-марапат, ордендер мен медальдарға ұсынуы, соларға жауап хаттар сақталған құжаттар келесі қорларда топтастырылған: ата тегінен бергі дворяндар Т. Сейдалиннің қызметтік тарихы, Д. Беркімбаевтың дворяндық құқығына сай мұралыққа жер сұраған ұсыныстары т.б. мәліметтер (ҚРОММ 25-қор); Жергілікті басқарушылар туралы мәліметтерді Жәңгір ханның Орынбор Шекаралық Комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генске, әскери губернаторларға жолдаған хаттары (ҚРОММ 4-қор); ата тегінен бергі дворян Б. Айшуақовтың және басқа да Орынбор ведомствосына қарасты ордалықтардың 1833-1847 жж. мемлекеттік қызметтері үшін үкіметтен алған марапаттары жайында (ОрОММ 6-қор); болыс және дистанциялық басқарушылардың тізімдері мен марапаттары (ҚРОММ 4-қор) топтастырылған. Бұл аталған құжаттар жергілікті басқару ұйымдарының іс-құжаттары мен құқықтық жағдайынан хабар береді және олар қазақ қоғамының ХІХ ғ. мен ХХ ғ. басындағы әлеуметтік құрылымын бейнелейтін деректер ретінде маңызды болып табылады. Мысалы, тархан атағы берілуін сұраған өтініштер және тархандардың Қазақстандағы қоғамдық жағдайы туралы мәліметтер (ҚРОММ 4-қор) жинақталған. Бұл материалдарды зерттеу ХІХ ғ. орта шеніне таман мүлде жойыла бастаған «тархандық» институт туралы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет атқарған дворяндарға, құрметті азаматтарға құқықтық және әлеуметтік артықшылықтар берілген. М. Таукиннің атқарған қызметі, оның тегінің дворяндық шежіре кітапқа енгізілуі және балаларын дворяндық сословиеге енгізу жөніндегі өтініші, Б.Айшуақовқа дворяндық куәлік берілуі сияқты құнды құжаттар (ОрОММ, 38, 39-қор) жинақталған. Құрметті азамат атағын иеленген қазақ билеушілері де әлеуметтік құқықтық артықшылықтарға ие болды. Олардың арасында ерекше тапсырмалар жөніндегі кіші шенеунік Бекмұхамбет Қарпықовтың қызметі жайында (ҚРОММ 25-қ.) деректер келтірілген. Торғай облысы бойынша көпестер Сафа Нұрпейісов, Сабыр Кейкин су диірмендерін тұрғызғандығы (ҚРОММ 318-қор) жайында деректер алынды.

2) Есептік құжаттарға талдау жасай отырып, ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамының даму бағытын, әлеуметтік-саяси құрылымының өзгерісін, жаңа әлеуметтік сословиелер дворяндар, құрметті азаматтар мен көпестердің саны туралы мағлұматтарды анықтауға болады.

3) Мұрағаттық құжаттардан жеке қорлардан алынған мәліметтер де маңыздылығымен ерекшеленеді. Г.Ф. Генстің жеке қорынан дистанция бастықтарының міндеттері көрсетілген бірнеше баптан тұратын ережелерінің мәтіні (ОрОММ 166 - қор) берілген. РФ Ежелгі Актілер Мұрағатынан алынған Ф.Р. Остен-Сакеннің қолжазбаларынан (1385-қор) «Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын құру туралы» Ереже бойынша облыстардың шекаралары туралы мәліметтер, А. Бюлердің (186-қор) қолжазбаларында Бөкей Ордасындағы басқару құрылымы және ондағы Ресей ықпалының басымдылығы жайында деректер алынды. Ералы мен Айшуақ сұлтанға премьер майор шені, старшындарға подпоручик шені, сұлтандардың жанындағы приставтарға капитан, секунд-майор шені және сұлтандарға, старшындарға, қасында болған басқа қазақтарға ақшалай құны көрсетілген сыйлықтар берілгендігі жөнінде қырғыз-қайсақ депутаттары жөнінде РФЕАМ(16-қор) құжаттарында маңызды мәліметтер бар.

^ 3. Статистикалық мәліметтер: халық санағы мәліметтері. Жекелеген аймақтардың, облыстардың әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайы, сословиелік құрамы, әлеуметтік топтардың саны туралы анықтауда 1897 ж. Ресей империясында жүргізілген халық санағының мәліметтері өте маңызды саналады. Бұл құжаттардан мәселені тереңірек зерттеуге мүмкіндік беретін көп қырлы мағлұматтар алуға болады.

^ 4. Анықтамалық мәліметтер: адрес календарьлар, формулярлы тізімдер, естелік кітаптар. Деректік маңызы зор жинақтарға белгілі бір жылдарға арналған Орал, Торғай облыстарының адрес-календарлар материалдары жатады. Қазақ шенеуніктері, ру басқармалары мен болыс басшылары, старшындардың аталған қорларда кездесетін қызметтік формулярлы тізімдерінде олардың аты-жөні, басқаратын руы, қызметі, жасы, діні, алған марапат сыйлары, сословиесі, мүліктік жағдайы, қайда тәрбиеленгендігі, білімі, лауазымы туралы мәліметтер берілген. Ішкі Орданы билеушілері жөніндегі формулярлы тізімдер (ҚРОММ 78 - қор); Мысалы, Т. Сейдалиннің кадет корпусын офицер шенімен аяқтап шығуы және қызметтік тарихы, Т. Айтуриннің қызметтік тарихы (ОрОММ, 222 - қор); Көкшетау сыртқы округтік приказының аға сұлтаны Жылқара Байтоқин 1830 жылдың 29 сәуірінде подполковник, Тезек Нұралиевтің қызметтері үшін полковник шенімен марапатталуы туралы, Шыңғыс Уәлиханұлы Уәлихановтың ата тегінен бергі дворян екендігі бейнеленген (ҚРОММ 3, 374, 369 - қорлар) құжаттардан маңызды деректер алынды. Бұл құжаттарды саралау қазақ шенеуніктерінің қызметтік лауазымын, сословиелік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік берді.

^ 5. Мерзімді басылымдар. Мерзімді баспасөз де дәуірдің негізгі оқиғаларын бейнелей отырып, маңызды мәселелердің мәнін ашуға көп септігін тигізді. Зерттеу жұмысында ХІХ ғ. және ХХ ғғ. басына қатысты «Тургайские областные ведомости», «Оренбургский листок», «Тургайские обзоры» т.б. баспасөз материалдары пайдаланылды.

^ Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Диссертацияда қойылған мәселені шешу үшін жалпы ғылымилық қағидалар - тарихилық, обьективтік, жүйелілік басшылыққа алынды. Фактілік мәліметтерге анализ жасауда арнайы тарихи әдістер: салыстырмалы сипаттау, тарихи-генетикалық, проблемалы-хронологиялық, тарихи-синтез әдістері қолданылды. Нақты әдістерді таңдау түрлі факторларға, яғни пайдаланудағы деректердің мазмұны мен сипатына, диссертацияның мақсатына байланысты болды.

^ Мәселенің хронологиялық шегі. ХІХ ғ. басында қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының өзгерісінде басты рөл атқарған реформалардың жүргізілген уақытынан бастап, 1917 ж. сословиелердің жойылуына дейінгі тарихи кезең мәселенің хронологиялық шеңбері болып табылады. Нақтылай түссек, 1822 ж., 1824 ж. ережелердің нәтижесінде қазақ қоғамында дәстүрлі басқару құрылымы жойылды, басқарудың ресейлік шенеуніктік жүйесі орнықты, көшпелі қоғамда жаңа әлеуметтік-сословиелер қалыптасты.

^ Зерттеудің территориялық аумағы. Зерттеу жұмысының территориялық шегі ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы әкімшілік шекаралармен анықталған (Орта және Кіші жүз территориясы: Орынбор губерниясының бір бөлігі, Ішкі Орда, Торғай, Орал облыстары). Манғышлақ территориясы 1870 ж. Орал облысынан Дағыстан әскери округы, кейін Кавказ әскери округының басқаруына кіріп, батыс аймақтағы қазақтардың қоныстанған жерлерінен алыста қалады. Осыған орай бұл аумақтың 1824 ж. ереже бойынша Орынбор ведомствосының батыс бөлігіне, 1840 ж. 52 дистанцияға енгендіктен ХІХ ғ. бірінші жартысындағы кезеңі ғана зерттеу пәніне енді.

^ Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы жаңа сословиелік құрылымның қалыптасу мәселесі отандық тарихнамада тұңғыш қойылып отыр.

- қазақ даласында дворяндықтың қалыптасу механизмдеріне талдау жасалды;

- Торғай, Орал облыстары және Бөкей Ордасы бойынша қазақ дворяндары, олардың саны анықталып, әлеуметтік-құқықтық мәртебелеріне сипаттама берілді;

- қазақ дворяндарының басқа сословиелер арасындағы орны, саяси-әлеуметтік дамудағы атқарған қызметтері мен рухани мәдениеттің дамуына қосқан үлесі көрсетілді;

- дворяндықтың Ресей империясы құрамындағы түркі тілдес халықтар мен қазақ қоғамындағы қалыптасуы салыстырмалы түрде талданды;

- жаңа сословиелер: құрметті азаматтар, көпестер, мещандардың қоғамдық қызметтеріне обьективті баға берілді;

- қазақ басқарушыларының қызмет атқару кезеңіндегі шендер алу мен марапаттау жүйесіне талдау жасалды;

^ Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған мұрағаттық құжаттар, тарихи деректер және жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды Қазақстанның жаңа замандағы тарихы бойынша жоғарғы, орта, арнаулы орта оқу орындарында арнайы курс ретінде, лекция, семинар сабақтарында пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- Қазақ даласында жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалар қоғамдық өмірдің барлық жақтарын қамтып, қазақтың дәстүрлі әлеуметтік құрылымының өзгерісіне ықпал етті. Нәтижесінде қазақ билеушілерінің қоғамдық жағдайы өзгеріске ұшырады. Енді Ресей әкімшілігі барлық қазақ даласындағы басқарушы қызметкерлерді: аға сұлтан, сұлтан-билеушілер, дистанциялық бастықтар, болыс басқармалары, старшындарды тағайындап отырды. Ресей империясының жалпыға бірдей сословиелік құрылысына қарай бағытталған әлеуметтік құрылымның эволюциялық үрдісі басталды, жаңа сословиелер қалыптасты.

- Жаңа сословиелердің бірі дворяндар болды. Дворяндық сословие Ресей империясы құрамындағы басқа халықтарға тарады. Ресей империясы құрамындағы түркі халықтары (татарлар, башқұрттар) және қазақтар арасындағы дворяндықтың қалыптасу механизмдері түрліше жүрді. Татар дворяндары Ресей дворяндары сияқты құқықтық-әлеуметтік артықшылықтарға ие болды, башқұрт және қазақ дворяндарының Ресейдің жоғарғы дәрежелі сословиесіне кіруінің өзіндік ерекшеліктері болды. Сословиелік құқықтық артықшылықтарға ие болғанмен, башқұрт және қазақ дворяндары басыбайлы шаруаға иелік ете алмады.

- Қазақ даласында басқарушы шенеуніктік аппараттың құрылуында рангалар туралы Табелдің енгізілуінің мәні зор болды. Ол бойынша қазақ қоғамын басқарушылар азаматтық және әскери кластық шендерді иеленді. Әскери қызметте ХІV класс, ал азаматтық қызметте VІІІ класс иегері ата тегінен бергі дворяндыққа ие болды да, төменгі шендерге жеке дворян атағы берілді. Қазақ жерінде дворяндыққа, негізінен әкімшілік басқару қызметтерін атқарған қазақ сұлтандары мен билер, басқа да әлеуметтік топтар қол жеткізді.

- Қазақ дворяндарының саны аз болды, әлеуметтік топ ретінде құқықтық артықшылықтарға ие болды. Ата тегінен бері дворяндыққа қол жеткізгендер әлеуметтік-құқықтық артықшылықтарымен бірге жерге мұрагерлік жолмен иелік етті және ұрпақтарына мұралыққа қалдыра алды. Дворяндық Барқытты шежірелік кітапқа есімдері енгізілді. Жеке дворяндардың да сословиелік-құқықтық артықшылықтары болды.

- Ұлттық интеллигенция өкілдерін құрған дворяндар, құрметті азамат атағын иеленген қазақ билеушілерінің көпшілігі білімді болды, сол кезеңдегі қалыптасқан жағдайға байланысты патшаның әкімшілік-шенеуніктік аппаратында қызмет қылды, дегенмен де, өз халқының мүддесін ұмытпай қоғамның басты дамытушы күші ретінде саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірінде белсенді әрекет етіп, оның дамуына белсенді үлес қосты.

- Қалалардың өркендеуі ондағы тұрғындардың сословиелік құрылымын өзгертті. Көшпелі қазақ қоғамы үшін жаңа сословиелік топтар: көпестер, құрметті азаматтар және мещандар қалыптасып, әлеуметтік сословиелер ретінде нығайды. 1832 ж. 10 сәуірде Ресей патшасы Бірінші Николай Құрметті азамат деген атаумен жаңа сословиені енгізу туралы Манивест шығарды. Бұл манифесті қабылдағанда үкімет мынадай мақсаттарды көздеді: көбейіп келе жатқан жеке дворяндардың санын қысқарту және бірінші гильдия көпестері, университет түлектері, жеке дворяндардың балалары, ғылыми дәрежесі бар тұлғалар сияқты тұрғындар категорияларына мейлінше аз құқықтар беру.

- Қазақ қоғамындағы қалыптасқан жаңа сословиелер: құрметті азаматтар, көпестер, мещандар, қоғамдық өмірде белгілі бір рөл атқарды. Олардың қазақ қоғамының әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуында өзіндік орны болды.

^ Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері бойынша тұжырымдалған ой пікірлер әр түрлі ғылыми, әдістемелік, қоғамдық-саяси басылымдарда жарық көрді. Барлығы – 10 мақала, оның 5– Жоғары Ғылыми кадрларды аттестациялау комиссиясының ғылыми-әдістемелік басылымдарында, 5 - халықаралық конференцияларда баяндама ретінде жасалып, жинаққа енді.

^ Диссертацияның құрылымы. Диссертация белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан тұрады және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілген.





Скачати 493.15 Kb.
залишити коментар
Сторінка1/3
Дата конвертації24.09.2011
Розмір493.15 Kb.
ТипАвтореферат, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт

страницы:   1   2   3
отлично
  2
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com

База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2017
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Реферати
Автореферати
Методички
Документи
Поняття

опублікувати
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх