Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі icon

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі


15 чел. помогло.
Схожі
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы...
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі...
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы...
Тарих және өнер факультеті...
Қазақстан республикасы ның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты...
Автор: доцент, т.ғ. к. Ахметова Н. К...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі...
Бастауыш, негізгі орта...
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ»...
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ»...
2010 2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру...
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі...



страницы: 1   2
повернутися в початок

Қожабергеп жырау


Қожаберген Толыбайұлы (1663-1762) - қазақ елі тарихындағы жырау-ақын, жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға.

Қожаберген жырау өмірінен мәлімет.Қожаберген жыраудың қазақ хандығының саяси, қоғамдық, ішкі және сыртқы мәселелерге араласуы.

Оның қосымша өнерпаздық касиеттері: күйші, ұста, емші (сынықшы, жауырыншы), аңшы (мерген, құсбегі, ат сейілі т.б.).

Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері: толғаулары («Ғасыр жас», «Жастық»); тарихи өлең-жырлары («Ата тек», «Қызылжар», «Балта керей соқыр Абыз», «Қойлыбай көреген», «Төрт жігіт») ; ән-өлеңдері («Дүние», «Аң сауығы», «Жігіттік», «Шилі өзен», «Сылаң сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау»); төл және қайта жырлаған дастандары («Баба тіл», «Елім-ай», «Ер Көкше», «Еңсегей бойлы ер Есім», «Ер Сырым», «Ер Едіге», «Орақ батыр».

«Елім-ай» дастанының идеялық-композициялық, көркемдік ерекшеліктері. «Баба тіл» дастанының ұлттық-этнографиялық ұлағаты.


^ Көтеш ақын


Көтеш ақын (1745-1818)- жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер жырау.

Жырау өмірінен деректер.

Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары.

«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің», «Күркелінің бауыры күнде дауыл», «Арқа ойылдың құба жон түсер қақтар» т.б. өлеңдері.


Шал ақын


Шал (Тілеуке) Құлекеұлы - жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа типтегі ақын.

Шал ақынның өмірінен мәлімет.

Шал ақынның жазбаша сауаты болғандығы.

Шал ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері: этика, мораль мәселелері, кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері.

Әйел тақырыбының Шал ақын поэзиясывда ерекше жырлануы.

Шал ақын шығармаларының сатиралық сипаты.

Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.


    1. ^ ХІХ-ХХ ғ. қазақ әдебиеті


XIX ғасырдағы ұлтығ сөз өнері дамуының ерекшеліктері. Ақындық поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі өркениеті және ислам мәдениеті көріністері.

Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хадықтарының жойылуы, аға сұлтандық(округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару жүйесінің енгізілуі. Ресей империясяның қазақ елін отарлау саясатына бағытталған ресми құжаттары: « Сібір қазақтарының Уставы»(1822), «Орынбор қазақстанның Уставы»(1824).

Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы /1787-1797/ және оның XVIII – XIX ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұралардығы көріністері.

XIX ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан/1797-1814/, Арынғазы сұлтан/1816-1821/,Исатай-Махамбет/1936-1838/ бастаған көтерілістер, олардың әдебиет шығармаларында бейнеленуі.

Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалысы /1824-1847/ және оның қазақ әдебиеті жанрларындағы үлгелері. Кеңуесары, Наурызбай және олар бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар: Нысанбай жыраудың «Кеңесары-Наурызбай», Доскен Әлімбаевтің «Кеңесары», Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының «Қиса Наурызбай төре» дастандары, Досқожа ақынның «Кеңесары қоныстан ауғанда айтқаны» өлеңі, «Кенесарының өлені», «Кенесары жырының бірнеше ауызы» атты халық өлендері, т.б.

Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығы отаршылдығының (XIX ғ. Екінші жартысы) күшейе түсуі. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан хандылықтың басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер: Есет батыр/1853-1859/, Жаңқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы, 1867,1868,1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқынын көтерілістері туралы тарихи жырлар.

Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамудағы реалистік маңызы.

Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуының Қазақстандағы табиғи байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалы. Сауданың дамуы. Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелері және олардың қазақ өнерінің кең танылуындағы маңызы.

Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың бас кезіндегі оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан Өфе, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандарының ағартушылық қызметі.

Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындарының 4-5 кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда, Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б. жерлерде ашылуы. Манғол, манчьжур, қытай, парсы және т.б. Азия халықтары тілдерін оқытатын Азиаттық училищенің /1889/ ашылуы. Орынбор қаласындағы Сібір кадет корпусының /1847/, Неплюев кадет корпусының ашылуы. Бөкей Ордасында орысша және татарша сауат ашу мектебінің ашылуы. Омбыда /1872/, Ташкентте /1979/ мұғалімдік семинарлардың ашылуы.

XIX ғасырдың 90-шы жылдарында Жетісу өлкесі бойынша Пішкекте, Қапалда, Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерінің ашылуы.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты: ең бастысы – патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі ниет.

Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер: А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков, П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектернің отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы.

Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, А.И.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.

Қазақ-орыс әдебиеті байланыстарының ұлттық өзін-өзі тану мен қоғамдық ой-пікірдің дамуына қазақ даласында XIX ғасырдағы әртүрлі себептермен болған орыс жазушыларының, ғалымдар мен ағартушыларының /А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, Е.И.Даль, А.Н.Плещеев, С.Ф.Дуров, т.б./ игі ықпалы. Көптеген орыс жазушыларының /С.Т.Аксаков, М.Л.Михаилов, М.С.Лесков, Г.И.Успенский, В.Г.Короленко, т.б./ шығармаларында қазақ халқы тұрмысының суреттелуі.

А.С.Пушкиннің Е.И.Пугачев көтерілісіне байланысты материалдар жинау мақсатымен Орынборға келгені. Пугачев бүлігі туралы кітабында қазақ, башқұрт және т.б. азиялық халықтар туралы жазуы. Оралда болғанда «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны.

Украин ақыны Т.Г.Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқа тақырыбы, оның Қазақстанда, арал теңізінде айдауда (1847-1857 ж.) болуы. Ақынның «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қыз», «Байғұстар» және т.б. суреттеріндегі қазақ ауылы тұлмысының реалистікпен бейнеленуі. «Менің ойларым» атты өлеңіндегі қазақ-украин халықтары тағдырының салыстырыла бейнеленуі.

Шетелдік ізгі ойлы зиялылырдың қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, өнері туралы этнографиялық-публицистикалық жазбалары. Мысалы, американ журналисі Джордж Кеннанның «Сібір және жер аударылғандар», поляк революционері Адольф Янушкевичтің «Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар», поляк суретшісі Борислав Залисскийдің «Қазақ сахарасына саяхат» атты кітаптары, қазақ тұрмысынан алынып жазылған ағылшын Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» поэмасы, т.б.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм, тәрізді көркемдік әдістердің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнің әнші-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік жазба әдеби мазмұндағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.


^ ДӘСТҮРЛІ АҚЫНДЫҚ ПОЭЗИЯ

Дулат Бабатайұлы /1802-1874/


Ақын өмірі туралы мәлімет. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу әуендері: «Ақжайлау мен Сандықтас», «О,Сарыарқа, Сарыарқа», «Тауды екіге жарасың», «Ата қоныс Арқадан», «Әуеле қазақ деген жұрт».

Арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы: «Сусағанда сулатып», «Бараққа», «Кеңесбайға», «Ешенге», «Сендер түгіл құмырсқа», «Туралыққа көшпеген», «Қылжың, қылжың туысқан», «Атаны бала алдады», т.б.

Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар: «Тегімді менің сұрасаң», «Ұста соққан темірдей», т.б.

Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу /аллегориялық/ тәсілмен жырлаған шығармалары: «Айтпасымды айтқыздың», «Сары шымшық», т.б.

«Еспембет» дастаныың әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялық құрылысы. Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. Дастандағы жанама кейіпкерлер: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтанберді. Дастан тілінің бейнелілігі.

«Шаштараз» дастаны. Халық аңызына сүйене құрылған дастан оқиғасының негізгі түйінінің сыр сағаттай білушілікті уағыздау екендігі.

Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің өлшем-өріміндегі жаңашылдығы.


^ Махамбет Өтемісұлы /1803-1846/


Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары туралы мәлімет (Х.Досмұхаммедұлы, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, т.б.)

Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер / «Ереуіл атқа ер салмай», «Беркініп садақ асынбай», «Атадан туған аруақты ер», «Ұл туса», «Мен ақсұңқардан туған құмаймын», «Арқаның қызыл изені», «Желден де желгір ақбөкен», «Күн қайда?», «Бағаналы терек жарылса», т.б./

Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі / «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан»/.

Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы / «Исатай деген ағам бар», «Кел, кетелік», «Жақия», «Әй, Махамбет жолдасым»/Исатай атынан/, «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!», «Соғыс», «Тарланым», «Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Есіл ер», «Толарсақтан саз көшіп», «Мұңайма», «Айныман», «Біз ер едік», «Қызғыш құс», т.б. өлеңдері/.

Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы / «Менің атым Махамбет», «Махамбеттің Баймағамбетке айтқан сөзі», «Қылыштай қиғыр алмас ем», «Мен – тауда ойнаған қарт марал»/.

Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері, сондай-ақ ақынның өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақынның шығармаларындағы өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелері.


^ Шернияз Жарылғасұлы /1807-1967/


Өмірі туралы мәлімет. Шығармашылығының негізі – суырып салма ақындақ. Ол – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жаршысы.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары / достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б./ туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар ( «А, Қазы би, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б.).

Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер: «Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары», «Исатай мен Науша батыр», т.б.

Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері. Шернияздың шешендік өнері. «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты өлеңдерінің мәні.

Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.


^ Шортанбай Қанайұлы /1818-1881/


Өмірі туралы мәлімет. Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер: Түркістанды, Арқаны (Қарқаралыны) мекендеген өмір кезеңдері.

Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі /Қожа Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б./ тағылымында қалыптасқан ақын екендігі. Ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықты уағыздау: «Атамыз Адам пайғамбар», «Адамның жалған дүниесі», «Қалықтаған сұңқар ем», т.б.

Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл, ойлы суреткер ақын. Шортанбайдың «Зар заман» толғауы – «... ілгері, соңғы ірі ақындардың барлық күй сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды өлең...» (М.Әуезов). заман зарын жырлаған толғауларындағы адамның да, табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңды-шерлі толғаныстары ( «Келер заман», «Заман ақыр»).

Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: «Бір насихат айтайын», «Сөз айтайын Асанға», «Бала зары», т.б.

Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары: «Шортанбай мен Орынбай айтысы», «Шортанбай мен Шөженің айтысы», «Шортанбай мен Асан бұғы айтысы».

Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.


^ Сүйінбай Аронұлы /1822-1895/


Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:

- елдің тарихи, ел қорғаған батырлар туралы: «Бөрілі менің байрағым», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр», «Ту алып жауға шықсаң сен», «Сұраншы батыр», «Жабай батыр», «Жақсының тұқымына», т.б;

- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары: «Құсмұрын тастың үстінде», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Нақылдар», «Біз сонаршы түлкі қуған», «Жақсы болса ағайын», т.б;

- халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, екі жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері: «Зар жылатып......», «Датқаларға», «Үмбетәліге», «Әділеттік орнаса», «Момын малын алып беріп», «Ноғайбайға», «Әтекеге», «Қайыпназарға», т.б;

- адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері: «Өлеңдердің нұр сипаты», «Жиырма беспен қоштасу», «Жиырма бестің айтқаны», «Өмір ағысы», «Әуелі кәрілік келіп түрімді алды», т.б.

Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері: «Сүйінбай мен Қарғаның айтысы» /мысал айтыс/, «Сүйінбай мен Қаңтарбай», «Сүйінбай мен Уәзипа», «Сүйінбай мен Бақтыбай», «Сүйінбай мен Тезек төре», «Сүйінбай мен Қатаған» айтыстары.

Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнерлі мектеп.

Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелігі.


^ Майлықожа Сұлтанқожаұлы /1835-1884/


Өмірі туралы мәлімет.

Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.

Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, айтыстар.

Толғау-термелеріндегі философиялық ғибыратты ойлар:

  • адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;

  • жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;

  • фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б.

Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдабарген байға», т.б.

Мысал өлеңдерінде бернелеу /аллегория/ арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».

Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаушы: «Жылдың төрт мезгілі».

Айтыстары «Майлықожа мен Айман», «Майлықожа мен Гүлханым». Ақын шығармаларының көркемдігі мен бейнелелегі.


^ Базар Оңдасұлы /1839-1911/


Өмірі туралы мәлімет. Ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер. Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызша дәстүрдегі жыраулық-ақындық өнер ерекшеліктері.

Толғау, термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн сипаты:

- көңіл—күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары: «Құмарын тарқат алқаның», «Дүние қудым», «Әлі де сенде арман жоқ», «Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің», «Бір кезде Базар едім», «Бай да өткен, батыр да өткен», «Өсиет», т.б;

- халық тағдырына арнап азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары: «Жамиғы қазақ бір туған», «Түбі туыс байтақ ел», «Ел жақсылары», «Қарындастың қамы үшін», «Атасы жақсы қандай-ды», т.б.

Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат («Ғашық жарым»), табиғат («Көктем») тақырыптарын жырлауы.

Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері («Келдім де түсе қалдым өзімсініп», «Қаражан болысқа»).

Дастандарындағы («Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал-Сегіз») фольклорлық сипаттар мен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.

Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.


^ Мұрат Мөңкеұлы /1843-1906/


Өмірі туралы мәлімет. Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық кейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатының зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпалары мен қазақ халқының атамекендерінің мәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз қоныстардан шошынуы. «Үш қиян», «Қазтуған», «Сарыарқа», «Әттең бір қапы дүние-ай!» атты толғауларындағы ақынның азып-тозбауын аңсаған романтикалық ой-армандары.

Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық («Мраттың жалпы айтқаны», «Топқа түскендегі толғауы», «Өлім», т.б.).

Арнау («Қыз», «Боранбайға айтқаны»), хат-өлең («Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны»), тойбастар («Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман мырзаның қыз ұзатуындағы тойбастар») жанрларындағы шығармалары.

Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр: «Қарадөң батыр», оның ұрпақтары «Жұбаныш батыр», «Сүйініш батыр», «Құлыншақ батыр», «Ақжонас батыр», «Кеңес батыр», «Жаңбыршы батыр» оның баласы «Телағыс батыр», «Оғыз батыр».

«Қарасай-Қаси» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлері (мәселен, Орақтың досы Ақмырзаның шешесі Қараулектің, әйелінің жоқтаулары).

Айтыстары: Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен (1863), жаскелеңмен (1868), Жантолымен, Тыныштықпен болған айтыстарының шығармашылық ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.

Мұрат ақын шығармашылығынағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.


Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы /1868-1905/


Өмірі, шығармшылығы. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық езден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс («Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі», «Өткен еміншілік заманды жоқтап айтқан толғауы», т.б.)

Адам өмірінің тарихы туралы философиялық толғау («Сырқау болып жатқанда айтқан өлеңі»).

Айтыстары: «Кердері мен Құлымбет», «Қожахмет пен Кердері Әбубәкір», жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын баламалай, мгзей бейнелеу шеберлігі.

Ақын шығармаларының тілдік өрнектері, көркемдік ерекшеліктері, бейнелілік сипаттары.


Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:

Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Орынбай Бертағыұлы (1813-1895), Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908) шығармалары.


^ ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ

(сал-серілер, әнші-ақындар)


Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер, әнші ақындар) шығармашылығындағы көрнек өнерінің ежелгі замандық тұтастық (синкретизм) белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы (әншілік, ақындық, жыршылық, сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық, әртүрлі мазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік, т.б.).


^ Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)


Өмірі туралы мәлімет. Көңіл-күй («Жамбас сипар», «Біржан сал», «Орынбор», «Талай заман», «Ал, дүние өтеріңді біліп едім»), философиядық («Ер жігіт дүниені көрген артық»), махаббат («Айтбай», «Ләйлік-шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Алтын балдақ», «Ақтентек», т.б.) тақырыптарындағы лирикалық ән-өлеңдері.

Озбырлық жасаушыларды сынау: «Жанбота», «Адасқақ», т.б.

«Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны» - қазақтың халық поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың 1898, 1899, 1902, 1907 жылдары жарияланған төрт нұсқасы. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағлымы.

«Біржан мен Шөже», «Біржан мен қыз», «Біржан сал мен қыз» тәрізді қыз бен жігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақы қалжаң ерекшеліктері.Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.


^ Ақан сері Қорамсаұлы /1843-1913/


Өмірі туралы мәлімет. Ақан сері – қоршаған ортадағы әсемдік әлемін, сұлулық тағлымын жырлаушы суреткер ақын. Тән сұлулығы мен рухани жан дүниелік тазалықты, пәктікті нәзік сезіммен аялай жырлаушы.

Лирикалық өлеңдеріндегі («Адамның біліміне ақыл серік», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», «Әйелдер сипаты», «Жігіт сипаты», «Жастық шақтар», «Кәрілік», «Достарыма») көңіл-күйлері мен философиялық тереңдікке негізделген мазмұндық ерекшеліктер.

Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Сырымбет», «Үш тоты», «Қара торғай», «кербез сұлу», «Ақ көйлек», «Мақпал», «Торыны таң асырып мінген қандай», «Сүйген жардан айрылдым», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Сүйген қалқа», т.б.

Азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынау («Заманға қарап», «Құлагер», т.б.)

Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері («Мылтық пен мергеншілік»).

Айтыс өлеңдеріндегі, атап айтқанда «Ақан сері мен Әділ», «Ақан сері мен Ысмағыл Шаймерден айтысы», «Қожамбет пен Ақан сері», «Ақан сері мен Орынбай», «Ақан сері, Бекәлі және, Сүлеймен молда» сөз қағысуларындағы қазақы қалжың бояулары, көркем тіл кестелері.

Ақын өлеңдерінің тіл өрнектілігі, көркемдік ерекшелігі, бейнелілігі.


^ Сегіз сері (Мұхамедханапия) Баһрамұлы Шақшақов (1818-1845)


Өмірі туралы мәлімет. Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері», «Көңіл күй», т.б.).

Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері: «Қарлығаш», «Гауһар тас», «Әйкен-ай», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Ғани», т.б. Табиғат туралы өлеңдері («Айымжаным»).

Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды (Исатай батырға арналған «Өкініш», «Ақ бұлақ» өлеңдері, «Үбі батырға») мадақтауы және опасыз, екіжүзді бисымақтарды («Шомбал биге») сынауы.

Дастандары: «Алуа-Жарылқамыс», «Зейне-Зайып», «Айсара-Шолпан», «Кер бие».

Суырып салма өнерінің негізінде туған әзіл-қалжыңды қағысулары: «Сегіз бен Дариға қыз», «Сегіз бен төре қызы», «Сегіз бен Шернияз», «Сегіз бен Мақпал».

Сегіз серінің нақыл сөздеріндегі достық, адамгершілік, елді, ерлік туралы толғаныстар. Ақын шығармашылығының ұлттық көсемсөз өнері мен сан салалы мәдениетінің тарихындағы маңызы.


^ Сара Тастанбекқызы (1878-1916)


Өмірі, ақындық шығармашылығы. Сара – қазақ әйелінің арманы, мұң-шерін поэзия тілімен өрнектеген ақын.

Әлеуметтік теңсіздік, заман зары тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: «Жүрек», «Ашындым», «Ортақ мұң», т.б.

Табиғат тақырыбындағы («Шымылдық») өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер толғаныстарының мәні.

Арнау өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкер тағдыры хақындағы зар, мұң және оның әлеуметтік мәні («Арсалаң алдында», «Аққу», «Қарлығаш», «Торығу», «Қош бол елім»).

Ақынның Біржан сал мен айтысы, ондағы Сара өлеңдерінің көркемдік-эстетикалық тағлымы. «Төребай мен Сара» - қыз бен жігіт айтысы мазмұнындағы ақындық өнер сайысы.

Ақын шығармашылығындағы көркемдік, бейнелілік кестелері.


Әсет Найманбайұлы (1887-1923)


Өмірі, ақындық шығармашылығы. Толғау-термелерінің, өлеңдерінің әншілік орындаушылықпен, сазгерлікпен тығыз байланыстылығы. Шығармаларындағы өнер, сұлулық, асыл мінез-құлық, еңбексүйгіштік, халық бақыты үшін еңбек ету («Ән басып мейір қандыра салғандай қып», «Жігіттің жігіт болар бейнесінде», «Жас жігіт надандықпен алданады») тақырыптарының жариялануы.

Өмірді сүю, өмірді мойындау жырлары («Болжаусыз осы екен ғой өлім деген»).

Айтыстар. Ақындар айтыстарының қоштасу-жұбату («Кемпірбай мен Әсет»), қағысу-қалжыңдасу («Әсет пен Кәрібай») мазмұнында сөз жарыстырудағы Әсет тілінің өрнектері. Қыз бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен Рысжан» айтысының мазмұнындағы халықтық әдет-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі. Жұмбақ айту және оны шешу арқылы ақындық дүниетаным кеңдігінің танылуы.

Дастандары: «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім», т.б.

Аудармалық-назиралық шығармалары («Евгений-Онегин», т.б.)

Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдеріндегі шешендік сөз үлгілеріне тән бейнелілік өрнектері.

Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:

Сары Батақұлы (1863-1895), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), Құлтума Өтемісұлы (1840-1915), Балуан Шолақ Баймырзаұлы (1864-1919) шығармалары.

Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындардың әдеби шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы. Мұхит, Үкілі Ыбырай, Тайжан, Мәди, Естай, Шашубай, Кенен, Нартай, т.б. ақындар мұраларындағы дәстүрлі ерекшеліктер.


^ АҒАРТУШЫЛЫҚ, ДЕМОКРАТТЫҚ МАЗМҰНДАҒЫ РЕАЛИСТІК ЖАҢА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТ


Ағартушы, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының XIX ғасырдағы әлемдік өркениет дамуындағы маңыз. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары. XIX ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалы.


^ Шоқан (Мұхаммед-Қанапия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1868)


Өмірі туралы мәлімет. Отбасылық тәрбиедегі әжесі Айғаным мен әкесі Шыңғыстың өнегелі ықпалы. Шоқан мұрасының жариялануы, зерттелуі (Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, т.б.) Шоқан – қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол – публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері: «Қазақ шежіресі», «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», т.б.

Шоқанның қазақ ақындары Бұқар, Шал, Шөже, Жанақ, Түбек, Орынбай, т.б. туралы, суырып салмалық (импровизация) өнері, Абылай ханға және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы «Көкетай ханның өлімі және асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

Ғылыми очерктері мен күнделтеріндегі жазушылық-публистік суреткерлік шеберлік белгілері. Табиғат суреттері, адамның кескін-келбеті, мінез-құлқы, тұрмыс суреттері туралы бейнелі кестелері: «Құлжа күнделіктері», «Алты шаһар» немесе «Қашқария туралы», «Іле өлкесінің географиялық очеркі», т.б.

Шоқанның өз ата-анасына, Ф.М.Достаевскийге, А.Н.Майковке, К.К.Гудковскийге, Г.А.Колпаковскийге, т.б. жазған хаттары және ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

Шоқан туралы орыс ғалымдарының (Г.Н.Потанин, И.Н.Березин, Н.А.Аристов, Н.И.Веселовский, В.В.Бартольд, Н.М.Ядринцев, т.б.) еңбектері.

Шоқан Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.


^ Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889)


Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Ыбырай – ұлы ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын, этнограф, аудармашы. Ол – қазақтың ұстаздық-тәлімгерлік (педагогикалық) ұлағатын әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары.

Ыбырай - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы («Киргизская хрестоматия», т.б.).

Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу-құралын жазуы («Шариат-ул-ислам», «Мұсылманшылық тұтқасы»).

Ыбырайдың қазақтың халықтық әдеп-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері: «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі», «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және рған ас беру дәстүрінің очеркі».

Қаақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары: «Жұт туралы», «Қазақ даласындағы аштық туралы».

Халық ағарту мәселелері хақындағы көсемсөздік (публицистикалық) мақалалары, хаттары. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

Өлеңдері: оқу-білім, ағарту («Сөз басы», «Өнер-білім бар жұрттар»), адамгершілік тәрбиесі («Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым», «Арыз бол кедей болсаң ұрлықпенен», «Әй, достарым!», «Әй, жігіттер!», озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары («Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Береке кеткен елдерде», «Әділдік көрмеген үш төреге айтылған сөз»), табиғат («Жаз», «Өзен») тақырыптары. Ыбырай өлеңдеріндегі реализм – қазақ халқының тұрмыстық халін, өмір мазмұнын көркем тілмен бейнеленуі.

Ы.Алтынсарин әңгімелері – ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуының бастау негізі. Әңгімелерінің еңбексүйгіштікке, адамгершілікке баулудағы ықпалды қуаттылығы. «Әке мен бала», «Бақша ағаштары», «Жан-жануарлардың жылға дауласқаны», «Бай мен жарлы баласы», «Ұлықпан әкім», «малды пайдаға жарату», «Қыпшақ Сейітқұл», «Таза бұлақ», «Сараңдық пен жинақылық», т.б. әңгімелеріндегі адам тәрбиесіне қатысты философиялық, психологиялық мәселелер. Әңгімелерінде адамның мінез-құлқындағы сан-алуан сапаларды бейнелеу арқылы өмірді мағыналы, саналы мазмұнда өткізуге шақыру.

Ыбырайдың өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешім тұрғысындағы үндестік.

Ы.Алтынсариннің аудармалары, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, В.И.Даль. К.Д.Ушинский, И.И.Паульсон шығармаларын аударудағы жазушының өзіндік ерекшелігі. Жеке сөздердің дәлме-дәл мағынасын қуаламай, қазақ халқының ұғымына сай еркін аудармалық үлгіні қолдануы.

Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы («Орақ батырдың баласы Әлібек мырзаның бір ханға айтқан сөзі», «Жанақ пен Баланың айтысқаны», «Қобыланды батыр мен Тайбурыл», т.б.).

Ыбырай шығармашылығы – қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз. Ы.Алтынсарин – қазақтың ұлттық даму тарихының ұлы тұлғасы.


^ Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)


Шығармашылық өмірбаяны. Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Абайдың қалыптасуы мен өсу жолындағы өнегелі әкесі құнанбай қажының, әжесі Зеренің, шешесі Ұлжанның және басқа да билердің, шешендердің, ақын-жыраулардың, оқымысты орыс достарының пайдалы әсер-ықпалы.

Ұлы Абайдың шығармашылық қалыптасуына шешуші ықпал еткен үш арна: қазақ халқының рухани мәдениеті (фольклоры, ақын-жыраулар мұралары, т.б.). шығыстың классикалық әдебиеті мен ғылымы, орыстың классикалық әдебиеті және Еуропаның философиялық ғылымы.

Жас шағындағы өлеңдері: «Иузи-Раушан», «Физули-Шәмси», «Әлиф-би», «Сап-сап көңілім», «Тайға міндік».Өлеңдері.

– азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар: «Көңілім қайтты», «Патша құдай», «Көкбайға», «Қартайдық, қайғы ойладық», «Қалың елім, қазақғым, қайран жұртым», «Келдік талай жерге енді», «Жақсылық ұзақ тұрмайды», «Лай суға мал бітпес», «Өлсе өлер», «Сенбе жұртқа», «Өлсем орным қара жер», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Сегіз аяқ», «Ішім өлген, сыртым сау», «Қажымас дос халықта жоқ»;

– махаббат, ғашықтық сезімдерімен өрілген тебіреністер: «Қор болды жаным», «Сен мені не етесің», «Жігіт сөзі», «Қыз сөзі», «Білектей арқасына өрген бұрым», «Қызарып, сұрланып», «Көзімнің қарасы»;

– табиғат суреттерін айшықтау: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры»;

– оқу, білім, ағарту, тәрбие мәселелерін жырлау: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба», «Жігіттер ойын арзан», «Бір дәурен келеді күнде»;

– ақындық өнер туралы: «Өлең сөздің патшасы, сөз-сарасы», «Адамның кейбір кездері», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;

– ән өнері туралы: «Көңіл құсы құйқылжыр», «Құлақтан кіріп бойды алар»;

– табиғат пен адамдық мінез-құлық, іс-әрекет, сезім мәселелерін астастыра жырлау: «Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Көлеңке басын ұзартып»;

– сыншыл, сатиралық мазмұндағы өлеңдері: «Адасқанның алды жөн», «Байлар жүр», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Менсінбеуші ем наданды», «Бойы бұлғаң».

Ән-өлеңдері: «Алыстан серпеп», «Сен мені не етесің», «Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Айттым сәлем қаламқас», «Біреуден біреу артылса».

Аудармалық-назиралық өлеңдерге арнап шығарған әндері: «Татьянаның әні», «Онегиннің жауабы»;

Аудармалық өлеңдерге ілесе шығарған әндері: «Қараңғы түнде тау қалқып», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Сұрғылт тұман дым бүркіп».

Абай – қазақ өлеңі өрімінің дәстүрлі өрнектерін жаңғырта түлеткен жаңашыл ақын. Ақын өлеңдеріндегі жаңа өрімдер.

Абай – қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Ақын шығармашылығындағы бейнелілік сырлары.

Абайдың аудармлық-назиралық шығармалары – әлемдік әдебиетті қазақша сөйлетудің үздік үлгілері. М.Лермонтовтың отызға жуық өлеңін аударуы. Оның өлеңі мен поэмаларын аударудағы Абай аудармашылығының шеберлік белгілері. М.Ю.Лермонтов аударуындағы Дж. Байрон, В.Гете өлеңдерін Абайдың қазақшаға аударуы. Аударма шығармаларындағы ұлы Абайдың ақындығын айқындайтын төлтума бояулар.

А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасынан алынған хаттар негізіндегі махаббат жырлары – нәзира үлгісімен жырланған лирикалық дастан. Түпнұсқаны қайта жырлаудағы Абай нәзирасының ерекшеліктері (Қараңыз: Ғабдуллин Н. Абайдың нәзира үлгісі (Жұлдыз, 1991, №11, 146-153-беттер).

И.Крыловтың бір топ мысалдарын қайта жырлап шығу: «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Түлкі мен қарға», «Піл мен қанден».

Поэмалары. Абай поэмалары – оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар. Абай поэмалары – дәстүрлі нәзира үлгісіндегі шығармалар.

«Масғұт» поэмасында адамгершілік мәселенің философиялық тұрғыда көркем жырлануы. Қыдыр қарт ұсынатын жеміс (ақ-ақыл, сары-дәулет, қызыл-әйел мен достық) және оның мәні.

«Ескендір» поэмасындағы ұлы Абайдың гуманистік ойлары. Поэмадағы адамның көз сүйегіне Аристотельдің берген бағасы арқылы дидактикалық, философиялық қорытынды жасау.

«Әзім әңгімесі» атты аяқталмаған поэманың арқауы «Мың бір түннің» бір тарауы «Әлидің Әзімі» екендігі. Поэманың опасыздықты (аяршал) танытушылық қуаты.

Абай шығармаларындағы көркем бейне, композициялық, сюжеттік құрылым, көркемдік, бейнелілік мәселелер.

Абайдың аудармашылығының, нәзирагөйлігінің кейінгі қазақ әдебиеті дамуына жалғасқан тарихтық, мәдениеттік, көркемдік, шеберлік дәстүрі тұрғысындағы игі әсері.

Абайдың қара сөздері. Стиль, мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар көркем сөздің Абайдың өзі тапқан бір түрі екендігі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді (М.О.Әуезов. 20-т. 218-219-беттер).

Абайдың қара сөздері – ежелгі гре ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері:

- халық тарихы қазақ еліндегі қоғамдық құрылыс, елді басқару мәселелері 3, 8, 22, 38, 41, 42, 46-сөздер).

- оқу-ағарту, ғылым, өнер-білім, халықтық тәлім-тәрбие мәселелері (2, 8, 10, 17, 18, 25, 32, 33, 38, 43-сөздер).

- еңбек шаруашылық, тұрмыс туралы (29, 33, 42-сөздер).

- адамгершілік тәрбиесі, мінез-құлық мәселелері туралы (4, 14, 15, 17, 18, 21, 22, 28, 34, 42, 44-сөздер).

- дін, имандылық, өмір сырлары туралы (12, 13, 15, 17, 31, 35, 36, 37-сөздер.

Абай қара сөздерінің жанрлық түрлері: тарихтық мақала-очерк (46-сөз), мысал-өсиет, әңгіме (27-сөз), афаризм (37-сөз), дидактикалық насихат кеңес (4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 18, 20, 25, 27, 31, 32, 40-сөздер), көркем сөздік памфлет (6, 11, 14, 22, 39, 41-сөздер), мемуарлық мақала (1-сөз).

Абай қара сөздерінің тілі, стилі. Қара сөздердегі автор мен таңдаушы сұхбатына тән стиль ерекшеліктері. Абай қара сөздері – ұлттық өнеріндегі публицистика, ғылыми-философиялық мазмұнды прозалық шығармашылық дәстүрінің бастау негізі.

Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Абайтану ғылымының тарихындағы А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов және т.б. алаш зиялылырының бастама еңбектері.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – абайтану ғылымының негізін қалаушы, мазмұн-сипатын қалыптастырушы. Абайтанудың қазіргі жағдайы және болашағы.

Қорытынды. Абай – қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиеттің негізін салған ұлы классик ақын.


^ Ақылбай Абайұлы (1861-1904)


Өмірі туралы мәлімет. Ақын ретінде қалыптасуындағы әкесі Абайдың әсері. Ақылбайдың домбырашылық, скрипкашылық, сазгерлік (композиторлық) өнері.

«Жаррах» поэмасы. Оның шығыс әңгімесі «Жеті үй» дейтін ұзақ ертегіден алынғандығы (жоғалып кеткен).

«Дағыстан» поэмасы. Поэмадағы адамдық сезім күйлерінің (қызғаныш, кек, махаббат) тартысты оқиғалар үстінде романтикалық әуенмен жырлануы. Қызғаныш пен кекке уланған Жүсіп, махаббатқа өмірлерін бағыштаған Заира мен Жебірейіл бейнелері. Поэманың романтизм көркемдік әдісі сипатындағы ерекшеліктері, тілі.

«Зұлыс» поэмасы – жоғалған нұсқадан қалған үзінді. Поэмадағы Омпапа бейнесі – отаршылыққа қарсы күрескерлердің өкілі. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Зұлыс» – Ақылдайдың аса қою оқиғалы роман-поэма түрінде жазылған үлкен көлемді шығармасы екендігі.


^ Мағауия Абайұлы (1870-1904)


Өмірі туралы мәлімет. Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері. «Еңлік - Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде сақталған).

«Медғат – Қасым» поэмасының романтикалық көркемдік әдіс тұрғысындағы ерекшеліктері. Қасым, Сәлім мен Ғазиза бейнелері арқылы кек пен махаббат сезімдерінің жырлануындағы көркемдік шешім мәселелері. Поэмадағы ақын қолданған көркем тіл мен бейнелілік мәселелері.

Қосымша (өз бетінше) оқуға ұсынылатын:

Көкбай Жанатайұлының (1864-1927), Ақыт Үлімжіұлының (1868-1940), Жүсіп Ешниязұлының (1871-1927) шығармашылық мұрасы.


^ Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеев (1847-1920)


Өмірі туралы мәліметтер. Ақын-жазушы ретіндегі шығармашылығының қалыптасу жолы. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл-күй философиясы («Өмірдің өтуі», «Жалғаншы жарық дүние», «Таудағы тас ұядан», «Ол күндерді тапсырдым», «Бұл күнде жас көңілім судай тастың», «Сұңқардай шалықтаған тас ұяның», «Аллаяр жаздым, аға, Көлборсыдан», т.б.), махаббат («Қатшекейге», «Жігіттің болса жақсы алған жары»), табиғат («Қайран жерім», «Көлторғай», «Нарын туралы», т.б.), оқу, білім, ғылым («Ғылым», «Эдисон»).

«Сардар Сегіз» тарихи дастаны. Дастанның композициялық құрылысы. Сегіз Сері бейнесін сомдаудағы тарихи шындық пен көркемдік жинақтау мәселелері.

Шәңгерей шығармашылығының әлемдік әдеби дамуға байланысты жақтары (романтизм, символизм мәселелері). Ақын шығармашылығының тілі, бейнелілігі.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнына байланысты жалпы қорытындылар.



    1. ^ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТІ



Курстың мазмұны мен міндеті. Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 1900және1920 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып студенттерғе барынша толық, тиянақты білім беру.

Бұл пәннің міндетіне – ХХ ғасырда жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аударылады.

20-ғасыр 1900-1920жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің тарихы, проза, поэзия, драма жанрларының дамуы, әдебиет теориясы мәселелері қарастырылады.


^ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, тарихи жағдай, баспа мен баспасөздің дамуы, әдеби бағыттар туралы жалпы түсінік. Қазақ әдебиетінің қоғам өзгеріне тигізген ықпалы мен әсері, әдебиеттегі азатшылдық ұран, Алашорда әдебиетінің тәуелсіздік үшін жүргізген күресі.ХХғ.б. қазақ әдебиетінің даму бағыттары.Діни-ағартушылық бағыт өкілдері. Ағартушы демократтық бағыт өкілдері. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығы. «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», т.б. Мақыш Қалтайұлы Діни білімдарлығы.Мысал жанрындағы еңбегі. Көсемсөз саласында заман тақырыбына жазған мақалалары;

Шәді Жәңгірұлы, Шығармашылық өмірбаяны, Шығармаларындағы халықты ояту, білім беру, имандылық, ағартушылық , т.б. мәселелер. Еңбек ету тақырыбына жазылған шығармалары. /«Атымтай Жомарт»/. Нұржан Наушабайұлы /1859-1919/.Шығармашылық өмірбаяны. Шығармаларының басты тақырыбы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Тұрмағамбет Ізтілеуұлы /1882-1939/. Өмірі мен шығармашылығы. Шығармаларында сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын арқау етіп, еңбек, достық, адамгершілікті насихаттауы. Рубаяттары мен аудармасы /«Шахнама»/. Мұсабек Байзақұлы /1849-1932/. Өмірі мен шығарма-шылығы. Өлеңдеріндегі заман суреттері, азаматтық үн, ағартушылық ой-пікірлер /Адам түгіл алдайды періштені», «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б./ Мысал жанрында жазған өлеңдері. Шәкәрім Құдайбердіұлы /1858-1931/. Шығармашылық өмірбаяны. Шәкәрімнің лирика жанрындағы еңбегі. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Проза жанрындағы еңбектері. Аударма саласындағы еңбегі. Шәкәрім – тарихшы, философ. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Шығармашылық өмірбаяны. Лирикасы. б/ «Қамар сұлу» романы. «Кім жазықты» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмалары. Көсемсөз саласына қоқан үлесі Сұлтанмахмұт мұрасының зерттелуі. Мұхамеджан Сералыұлы /1871-1929/. Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі, мақалалар тақырыбының әр алуандығы Публицистикаға қосқан үлесі. Аудармалары. Ақындығы. «Гүлкәшима» дастанындағы махаббат тақырыбы. Ахмет Байтұрсынұлы /1873-1937/. Шығармашылық өмірбаяны Ақындығы. Аудармалары. Көсемсөз шебері ретіндегі еңбегі. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі.Міржақып Дулатұлы (1885 – 1935). Шығармашылық өмірбаяны, ақындық өнері, прозалық шығармалары, «Оян, қазақ» кітабының тарихи маңызы. «Бақытсыз Жамал» романы. Драмалық шығармалары, «Балқия» пьесасы. Спандияр Көбейұлы(1878 –1956).Жазушының ағартушылық, оқытушылық қызметі, аударма саласындағы қызметі, «Үлгілі бала» жинағын шығаруы. «Қалың мал» романының проза жанрын дамытуға қосқан үлесі. Образдар жүйесі. «Орындалған арман» атты мемуарлық шығармасы. Сәбит Дөнентаев(1894 – 1933).Ақынныңшығармашылық өмірбаяны, поязиялық мұралары, мысал өлеңдерінің тарихи мәні. «Уақ-түйек» жинағының өзіндік ерекшелігі. Ғұмар Қарашұлы (1876-1921). Өмірбаяны,оқытушылық қызметі,өлеңдері, шығармаларындағы реалистік сипат. Аударма саласындағы сіңірген еңбегі, стилі, өлең. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)

Шығармашық өмірбаяны, Абай үлгісінде өлең жазуы. Ақын өлеңдеріндегі отаршылдық саясаттың әшкереленуі, замана шындығының көрініс беруі. Әріп Тәңірбергенов (1856-1924). Өмір жолы, қоғамдық қызметі. Өлеңдеріндегі сыншылдық бағыт, дүние, өмір жайындағы өлеңдері, Біржан мен Сара айтысын хатқа түсіруі. Бернияз Күлеев (1899-1923), шығармашылық өмірбаяны, ақын поэзиясының өзіндік ерекшеліктері, өлеңдеріндегі ұлы Абай поэзиясының ықпалы. Ығылман Шөрекұлы (1876-1931), Тайыр Жомартбайұлы (1884-1937) сияқты қаламгерледің әдеби мұралары. «Исатай -Махамбет» дастаны. 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы жайындағы өлең-жырлар және олардың тарихи маңызы, қазақ әдебиетінен алар орны.


^ 1.5 Қазіргі дәуір және әдебиет теориясы


Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау мақсатында бұл пәннің маңызы зор. ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті суреткерлік қолтаңба, эстетикалық-көркемдік таным, психологиялық талдау зор міндетті жүктейді Көркемдік жүйе дамуындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты түбірлей тексеріп, суреттегіш-бейнелегіш құралдарды шеберлікпен түсіндіру – студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырады. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әдеби процесс туралы жалпы түсінік

беру. Әдеби байланыстар туралы мағлұматтар, зерттеулер, еңбектер жинау. Әдеби процесті дамытудың қайнар көзін анықтау. Әдебиеттің даму заңдылықтарын айқындау. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыты. 1920-30 жылдардағы қазақ прозасы мен поэзиясы. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасу және даму ерекшеліктері. Осы кезең қазақ әдебиетінің зерттелуі. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ұлы Отан соғысына арналған, соған қатысты оқиғаларды бейнелейтін романдар, әңгіме-повестер.1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі прозаның, дармалық шығармалардың дамуы. 1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзияның дамуы.

Қазіргі қазақ прозасының әдеби процестен алар орнын айқындай отырып, қазақ прозасының даму ерекшеліктерін, қазіргі роман, повесть, әңгiме жанрларының өзiндiк табиғатын айқындау. Әдеби процестiң бiрден-бiр қозғаушы көзi қазақ прозасының даму тарихына үлес қосқан жазушылар жөнiнде мағлұматтар жинау. Қазақ прозасының қайнар көзi әңгiме жанрының әдебиеттi дамытуға қосқан үлесiн анықтау. Роман, повесть, әңгіме жанрларының теориялық ұғымын, әдебиет тарихынан алар орнын, әдеби сынына қатысын талдап, түсінік беру. Прозаның даму барасындағы әдеби шығармашылық байланыстар туралы мағлұматтар беру.


әдебиет теориясы


Әдебиет туралы ғылым жэне оның салалары: әдебиет тарихы, әдебиет сыны және әдебиет теориясы. Әдебиет тарихы саласының мақсат-міндеттері. Әдебиет сынының объектісі - өз тұсындағы әдеби процесс екендігі, сынның әдеби-эстетикалық функциясы, міндеті, жанрлары. Сыншы тұлғасы. Әдебиет туралы ғылымның аталған үш саласының өзара бірлік-байланысы.

Әдебиет теориясы - әдебиеттің өнер ретіндегі ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын, көркемдік әдіс, стиль, жанр мәселелерін, көркем туындының құрылысын, сюжетін, тілін т.б. қарастыратын сала.

Әдебиеттану ғылымының текстология, историография, библиография секілді жанама тараулары, олардың ғылымдық мәні.

Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих, тіл білімі т.б. өзге ғылымдармен байланысы мен өзіндік ерекшелігі.

Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының туу, даму тарихына қысқаша шолу.

Әдебиет, өнер туралы ғылымның даму тарихында маркстік-лениндік эстетика мен әдебиет теориясының маңызы жэне оған қазіргі көзқарас.


^ Көркем әдебиет


Әдебиет - сөз өнері. Өмір мен өнер. Өнердің туу себептері. Өнер және оның түрлері: мүсін, сәулет, саз, сурет және сөз өнерлері т.б. Бұлардың жеке өнер ретіндегі өзіндік ерекшеліктері, шындық болмысты таныту жолдары және қоғамдық-әлеуметтік орта функциясы. А.Байтұрсынов сөз өнері туралы.

Сөз өнері - әдебиеттің объектісі - өмір шындығы, предметі - адам. «Әдебиет - адамтану ғылымы» (М.Горький). Әдебиеттің шындық болмысты суреттеу мен адам тұлғасын таныту ерекшелігі, оның бейнелеу құралы - тіл екендігі. Образдылық, сөздегі сурет, өмір болмыстың көркем көрінісі мен адамды нақты қимыл-әрекет үстінде жанды бейнелеу тек сөз өнерінің құдіреті, еншісі болатындығы. Көркем әдебиет пен өнердегі шарттылық мәселесі.


Әдебиеттің халықтығы


Өнер және қоғамдық шындық. Суреткердің қоғамдық өмірге қарым-қатынасы. Өнер туындысын бағалау критерийлері. Өнер мен әдебиеттегі халықтық ұғымы, оның тарихи категория екендігі. Халықтық ұғымының әр кезеңдегі әдебиеттегі көрінісі. Әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-толғамдар. Сыншы В.Г.Белинскийдің әдебиеттің халықтығы, ұлттық сипаты жайлы ой-тұжырымдары. М.Әуезов Абайдың халықтығы жөнінде. Кеңестік әдебиеттану ғылымы өнердің, әдебиеттің халықтығы туралы. Мәселеге бүгінгі кезқарас.

^ Көркем шығарма


Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Мазмұн мен пішін бірлігі - көркемдік шарты. Көркем туындыны мазмұн мен пішіннін бірлігі тұрғысынан қарастыру - әдебиет теориясының негізгі принципі екендігі.

^ Көркем шыгарманың тақырыбы. Тақырып туралы түсінік. Тақырып таңдау және өмір шындығын зерттеу. Басты және қосалқы тақырыптар, олардың өзара бірлік-байланысы. Тақырыптың көркемдік шешімін табуы. Тақырыптың әлеуметтік мәнділігі, проблемалылыгы.

^ Көркем шығарманың идеясы және оның автор дүниетанымымен байланыстылығы. Шығарма идеясының оқиға дамуы, кейіпкерлердің іс-әрекеті, тартыстың шешімі арқылы танылатындығы. Идеяның түрлері, негізгі өзекті идея және объективті идеялар. Халықтық мұрат, ұлттық асыл қасиет-мінездерді, адамдық ізгі арман-аңсарды бейнелеу — шығарманың озық идеялылығының белгісі. Көркем шығармадағы тақырып пен идея бірлігі.


^ Көркем бейне және оның жасалу жолдары


Көркем бейне туралы түсінік, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні. Көркем бейне және авторлық дұниетаным, идеал. Көркем бейненің әдіс тұрғысынан (реалистік образ, романтикалық образ), тек (эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ), тәсіл (юморлық, сатиралық, трагедиялық т.б.) тұрғысынан жіктелуі және олардың ерекшеліктері. Басты және басқа кейіпкерлер.

Өнердегі типтілік мәселесі, типтендіру процесі. Тип жэне прототип арақатынасы. Типтік бейне ерекшелігі. Белинский, Горький тип туралы.

Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері, Портреттік тәсіл және оның түрлері. Психологиялық портрет сыры. Әдеби мінездеудің түрлері (тура және жанама мінездеу) және олардың характерді

айқындаудағы мэні.

Кейіпкер тілі. Ішкі монолог пен диалог. Ішкі монолог психологиялық

талдау тәсілінің бір түрі.

^ Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті


Композиция туралы түсінік. Композициялық бүтіндік. Композицияның кеөкем шығармада оқиғаларды жүйелеудегі, образдарды тұтастырудағы, мазмұнды қиыстырудағы атқаратын рөлі.

Сюжет туралы ұғым. Горький сюжет туралы. Сюжеттің көркем шығарма мазмұнын құрайтын оқиғалар жүйесі, характерлердің қалыптасу

тарихыекендігі.

Сюжеттік элементтер немесе сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері: экспозиция, сюжеттік байланыс, ситуациялық жағдай, оқиғаның (тартыстың) шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі. Булардың сюжет дамуы мен тартыстың ербуіндегі, шешіміндегд, характерді танытудағы маңызы.

Композицияның сюжетген тыс элементтері: пролог, эпилог, бұлардың шығарма идеясына қатыстылығы.

Композиция мен сюжетгің бірлігі мен айырмашылығы.


^ Көркем шығарманың тілі


Тіл - адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Тілдің жалпы халықтық қасиеті. «Әдебиетгің .бірінші элементі-тіл» (Горький) екендігі, оның мәнісі. Ауызекі тіл мен әдеби тіл. Көркем әдебиет тілінің, яки поэтикалық тілдің ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар. Л.Толстой, М.Шолохов, Ғ.Мүсірепов т.б. жазушы тілі туралы.

Жазушының тіл байлығын игеру жолдары.

Поэтикалық тілдің көркем шығармада кейіпкер тілі жэне автор (баяндаушы) тілі үлгісінде қолданылуы. Шығарманың жанрлық ерекшелігі және тілі.

Тілдің тура және ауыспалы мағынада қолданылуы. Тропалар. Оның эпитет, теңеу, метафора, символ т.б. түрлері. Бұлардың жасалу жолдары мен көркемдік қызметі.

^ Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар мен қайталаулар. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі, түрлері.


Өлең құрылысы


Поэзия мен көркем қара сөз. Өлең сездің өзіндік өлшем-ырғағы. Абай өлең туралы. Өлең жүйелері, олардың халықтың тілдік жүйесімен байланыстылығы. Метрикалық, силлабикалық, силлабо-тоникалық, тоникалық өлең жүйелері.

Метрикалық өлең жүйесі, ерекшелігі.

Силлабо-тоникалық өлең жүйесі, өзіне тән ерекшеліктері мен кейбір үлгілері.

Тоникалық өлең жүйесі.

Силлабикалық өлең жүйесі, бұған түркі халықтары поэзиясы мен қазақ өлеңінің жататындығы. Буындық өлшем. Өлең құрылысын талдау жолдары. Қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ, бунақ және буындық өлшем түрлері. Қазіргі қазақ өлеңіндегі соны ізденіс-өрнектер.

Ұйқас және оның шумақта атқаратын рөлі. Қазақ өлеңіндегі дәстүрлі ұйқас түрлері: шұбыртпалы ұйкас, қара өлең ұйқасы, шалыс ұйқас, кезекті ұйқас, ерікті ұйқас т.б. Бұлардың өзіндік ерекшелігі. Ішкі ұйқас.


Әдебиеттің тектері мен түрлері


Әдебиеттің үш текке (эпос, лирика, драма) бөлінуі, мұның өмір шындығын бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты екендігі.

«Тек», «түр», «жанр» терминдерінің мағына-мәні. Жанрлық жіктеудің шарттылығы. Эпостық шығармалардағы лиризм, лирикада сюжет болу мүмкіндігі, драмадағы лирикалық және эпикалық сипаттардың қатар көрінуі т.б.

Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов әдебиеттің текке, түрлерге (жанрларға) бөлінуі жайлы. ^ Эпикалық тектің жанрлық түрлері: ертегі, мысал, әңгіме, новелла, поэма, повесть, дастан, батырлар жыры, роман, роман-эпопея. Қазақ әдебиетіндегі роман жанры.

Роман-эпопеяның жанрлық ерекшеліктері.

^ Лирикалық тек. Лирикалық бейнелеу тәсілінің ерекшелігі. Белинский, Байтұрсынов лирика туралы. Лирикалық қаьарман сыры.

Лирикалық тектің кейбір жанрлық түрлері: ода (мадақ), элегия, сонет, сатиралық лирика, ән өлеңі, мадригал т.б. Бұлардың тақырыптық-идеялық, жанрлық ерекшеліктері. Лирикалық шығармаларды тақырыпқа қарай бөлудің шарттылығы.

^ Драмалық тек. Драмалық бейнелеу тәсілдерінің ерекшеліктері. Драматургия және театр. Белинский драмалық поэзия жайлы.

А.Байтұрсынов, М.Әуезов драма ерекшелігі хақында.

Драмалық жанрлар: трагедия, комедия, драма. Бұлардың өнер тарихындағы туу, қалыптасу жайы және езіндік ерекшелігі.

Драмалық туындыдағы тартыс және кейіпкер. Трагедиядағы қасірет, комедиядағы күлкі, драмадағы тартыс сыры.

Қазақ драматургиясында бүл жанрлардың туу, қалыптасу тарихы. ^ Аралас жанрлар ерекшелігі.

Әдеби процесс


Өнер дамуының қоғамдық өмірмен байланыстылығы. Әдеби дамудың тарихи сипаты. Әдеби процестің үздіксіздігі және ұлттық ерекшелігі.

Әдеби процестегі көрнекті жазушы мен талантты сыншының рөлі.

Әдеби даму заңдылықтары. Өнердегі дәстүр жалғастыгы, оның үш салада: идея мен тақырып, образ, көркемдік шеберлік тұрғысынан дамытылуы.

Дәстүр және жаңашылдық мәселесі. Әлем және орыс әдебиеттеріндегі озық дәстүрлердің қазақ әдебиетіне ықпал-әсері. Қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы.


^ Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар


Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің негізі - дүниетаным екендігі. Аристотель, Белинский көркемдік әдіс жайлы. Өнер дамуының әр кезеңдерінде туып, қалыптасқан керкемдік әдістер және олардың арасындағы сабақтастықтар мен айырмашылықтар.

Классицизм ағымының тууы (ХҮІІ ғ.)- Өзіне тән ерекшеліктері. Шектеулілігі.

Сентиментализм ағымы (ХҮІІ ғ II жартысы XX ғ. басы), гуманистік, бұқаралық сипаты, классицизм ағымын сынауы т.б.

Романтизм эдісі. Оны туғызған қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар. Романтизмнің өмір шындығы мен адамды бейнелеуде ұстанған өзіндік көркемдік принциптері.

Энгельс, Горький романтизм туралы. Қазақ әдебиетіндегі романтизм.

Реализм әдісі. Энгельс реализм жайлы. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі ерекшеліктері. Реализм әдісінің тарихи формалары.

XIX ғасыр әдебиетіндегі сыншыл реализм әдісі. Оның гуманистік, халықтық-демократтық, шынайылық сипаттары мен буржуазиялық қоғам болмысын айыптап-әшкерелейтін сыншылдық пафосы. Абай реализмінің ерекшеліктері.

Социалистік реализм әдісі және оған қазіргі көзқарас. Әдеби бағыт -ағымдар ерекшелігі. Орыс және қазақ әдебиеттері тарихындағы әдеби бағыт - ағымдар мен мектептер, олардың әдеби процестегі маңызы.

Әдеби стиль жайлы ұғым. Стиль жеке жазушыға тән шығармашылық ерекшелік екендігі. Стильдік ерекшеліктің композиция мен сюжеттен, адам

тұлғасын даралау мен өмір шындығын жинақтаудан, тіл мен суреттеуден танылатындығы. Қ.Жұмалиев стиль туралы.

Гете стильдің қалылтасу кезеңдері жайлы. Стиль мен әдістің бірлігі мен өзгешелігі. Әдістің өзгеруінің стильге әсер-ықпалы.

Әрбір көркемдік әдістің, бағыт, ағымның езіне тән стилі болатындығы. Стиль эволюциясы және шеберлік.

  1. 6М020500 – Филология: қазақ әдебиеті мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі

1. Эпостық жанрдың түрлері.

2. Көркем шығарманың негізгі элементтері.

3. С.Сейфуллин және қазақ руханияты.

4. Бақташылық жырлары.

5. Қазіргі қазақ сыны туралы жалпы түсінік, сынның әдеби процесске тигізер ықпалы.

6. Көркем шығарманың тілі.

7. Метод туралы түсінік.

8. «Қорқыт ата» кітабының тарихи маңызы, мазмұны.

9. Ж.Жабаев – қазақ поэзиясының қалыптасқан дәстүрін кеңестік дәуірдегі

дамытудағы орны.

10. Әбунасыр Әл-Фараби және әдебиеттану ғылымы.

11. Әдебиет теориясы және оның зерттеу объектісі.

12. Тұрмыс-салт өлеңдерінің түрлері.

13. Мағжанның қазақ өлең жүйесін байытудағы жаңашылдығы

14. Қырғыз халқының әдебиеті.

15. Библиография түзудің маңызы мен мәні.

16. Эпитет пен метафораның байланысы.

17. Ноғай, татар және қазақ халықтарының ауыз әдебиеті.

18. Әл-Фарабидің ақындық өнері.

19. «Абай жолы» романының эпопеялық сипат белгілері.

20. Шешендік сөздер.

21. Суреткерге тән ерекшеліктер.

22. Ақпарат пен әдебиеттің байланысы.

23. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы.

24. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.

25. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері

26. Өлең және көркем қара сөз.

27. Рецензия.

28. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

29. «Абай жолы» роман-эпопеясының әдеби-тарихи мән маңызы.

30. Әдебиеттің қоғамдық мәні, байланысы.

31. Өлең және көркем қара сөз.

32. Рецензия.

33. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

34. «Абай жолы» роман-эпопеясының әдеби-тарихи мән маңызы.

35. Әдебиеттің қоғамдық мәні, байланысы.

36. Ғ.Мүсіреповтің қазақ аналар образын жасаудағы жазушылық шеберлігі.

37.Лирикалық жанрдың түрлері.

38. Қазіргі әдебиеттегі мемуар шығармалардың тақырыптары мен идеялары.

38. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелу тарихы.

39. М.Жұмабаев поэзия әлеміндегі ізденістері.

40. Әдебиет және ғылым.

41. Б.Момышұлының өмірі мен шығрмашылығы.

42. Образдардың жасалу жолдары.

43. Арнау және оның түрлері.

44. Әдеби хабар.

45. Б.Момышұлының әскери әдебиетті қалыптастырудағы ролі.

46. Сатиралық лирика, драма және комедия.

47. Өлең ұйқасы.

48. Әдебиеттану ғылымдағы сынның алар орны.

49. «Ақиқат сыйы» дастанның көркемдік мәні.

50. Фольклорлық жанрдың табиғаты.

51. Қазақ және түркі халықтарының ежелгі рухани туыстығын әйгілейтін мұралар.

52. Әдебиеттің ұлттық сипаты.

53. Қазақ фольклорының поэтикасы.

54. М.Мырзахметұлының абайтанудағы зерттеулері.

55. Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы.

56. «Оғызнаме» эпосының қаһармандары.

57. Т.Молдағалиев – эпик ақын.

58. «Қазақ әдебиеті» газетінің қазіргі жағдайы.

59. Бүгінгі әдебиеттану ғылымы мен сынның талап деңгейі.

60. Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі.

61. «Оғызнаме» эпосындағы шежіре аңыздар.

62. Қ.Ергөбектің зерттеушілік, сыншылық қырлары.

63. Ода, эллегия туралы түсінік.

64. Батырлар жырларының зерттелуі.

65. Фольклор жанрларының теориясы және қазақ халық прозасының саралау мәселелері.

66. Қазіргі қазақ сыны, дамуы, өркендеуі.

67. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні.

68. Дүниежүзі поэзиясының өлеңдер жүйесі.

69. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы.

70. Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары.

71. «Қорқыт ата» кітабының зерттелуі, аударылуы.

72. Көркем әдебиет. Әдебиеттің халықтығы.

73. Көне түркі жырларының көркемдік мәні.

74. Қазақ өлеңінің құрылысы.

75. Аңыздық прозаның жалпы сипаты.

76. Тура мінездеу және жанама мінездеу.

77. Әдебиет қоғамдық сананың бір түрі.

78. Әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланысы.

79. Қазақ әдебиетін зерттеуші қазіргі көрнекті ғалымдар.

80. Фольклор және фольклористика ғылымының мәні.

  1. Драмалық жанрдың түрлері.

  2. «Құтты білік» дастанындағы образдар бейнесі.

  3. Р.Бердібаев – ноғай халық әдебиетін алғашқы зерттеуші.

  4. Көркем бейне және оның жасалу жолдары.

  5. Ежелгі жырлардағы ерлік бейнелер.

  6. Параллелизм және оның түрлері.

  7. Діни әдет-ғұрыптар тудырған жырлар.

  8. Д.Ысқақ және қазіргі қазақ сынының мәселелері.

  9. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Эпикалық тек.

90. Әлікей Марғұланның ежелгі жыр, аңыздар туралы ғылыми зерттеулері.

91. «Шора батыр» жыры қазақ пен татар халқының ортақ мұрасы.

92. М.Қашқаридің «Түрік сөздері» жинағының әдеби мәні.

93. Өлең ұйқасы.

94. Аннотация.

95. Қазақ халқының лиро-эпостық жырлары.

96. Эпитет пен метафораның байланысы.

97. Әбунасыр Әл-Фараби және әдебиеттану ғылымы.

98. М.Қашқаридің «Түрік сөздері» жинағының әдеби мәні.

99. Д.Ысқақ және қазіргі қазақ сынының мәселелері.

100. Қазақ батырлар жыры.

101 Драмалық жанрдың түрлері.

102. «Құтты білік» дастанындағы образдар бейнесі.

103. Р.Бердібаев – ноғай халық әдебиетін алғашқы зерттеуші.

104. Көркем бейне және оның жасалу жолдары.

105. Айтыс өлеңдер.

106. Өлең және көркем қара сөз.

107. Рецензия.

108. Орхон жазуындағы жәдігерліктер.

109. Абай жолы» роман-эпопеясының әдеби-тарихи мән маңызы.

110. Мақал – мәтел, жұмбақтар.

110.Қазіргі әдебиеттегі мемуар шығармалардың тақырыптары мен Лирикалық жанрдың түрлері.

112. Идеялары.

113. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелу тарихы.

  1. М.Жұмабаев поэзия әлеміндегі ізденістері.

115. Тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар.

116. Метод туралы түсінік.

117. «Қорқыт ата» кітабының тарихи маңызы, мазмұны.

118. Ж.Жабаев – қазақ поэзиясының қалыптасқан дәстүрін кеңестік дәуірдегі дамытудағы орны.

119. Әбунасыр Әл-Фараби және әдебиеттану ғылымы.

120. Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті.

121. Метод туралы түсінік.

122. «Қорқыт ата» кітабының тарихи маңызы, мазмұны.


^

Ұсынылған әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиеттер

1. Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996.

2. Дәдебаев Ж.. Сағындыков Н. Қазақ әдебиеті: Ежелгі дәуір. Алматы, 2002.

3. Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы, 1990.

4. Келімбетов Н. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1991.

5. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Алматы, 2000.

6. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1974.

7.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

8. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. А., «Ана тілі», 1992.

9.Мағауин М. Қобыз сарыны. А., 1968.

10.Сүйіншәлиев Х. VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., «Метеп», 1989.

11.Сүйіншәлиев Х. XV-XVII ғасырдағы қазақ әдебиеті. А.,Типогр. КазГУ, 1973.

12. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., «Қазақстан», 1967.

13.Қазақстан тарихы. II том. А., «Атамұра», 1998.

14. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А., Қазақстан, 1995.

15. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., «Санат», 1994.

16.Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. А., «Ғылым», 1983, 249-257-беттер.

17.Танабаев Ө. Жыраулар поэзиясы және табиғат. А., ҚАЗақпарат. 1999.

18.Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары. А., «Санат», 1996, 29-33-беттер.

19. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат, 1997.

20. Қазақ әдебиетінің тарихы. V том. Алматы, 2006.

21. Әуезов М.О. Әдебиет тарихы. Алматы: Ана тілі, 1991.

22. Сүйіншәлиев Х. XIX ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.

23. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994.

24. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы, 1985.

Қосымша әдебиеттер:

25.Әбіласан Әбілхан. Көне сездер құпиясы. Алматы, 1998.

26. Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. Алматы, 1996.

27. Бойс Мэри. Зороастрийцы. Обычай и верования. М., 1988.

28. Гумилев Л. Көне түріктер. Алматы, 1994; Қиял патшалығын іздеу. Алматы,1992.

29. Есімов Ғ. Хакім Абай. Алматы, 1994.

30. Жұртбаев Т. Дулыға. 1-2 кітап. Алматы, 1994.

31. XIX ғасырдағы қазақ ақындары (зерттеу, мақалалар) Алматы, 1988.

32. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы. Алматы, 1999.

33. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Алматы, 1991.

34. Дербісәлин Ә. Ыбырай Алтынсарин. Алматы, 1965.

35. Ыбырай Алтынсарин. Әдебиеттер көрсеткіші. Алматы, 1979.

36. Ыбырай Алтынсарин. Қазақ хрестоматиясы. Алматы, 2003.







залишити коментар
Сторінка2/2
Дата конвертації24.09.2011
Розмір0.62 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт

страницы: 1   2
плохо
  9
не очень плохо
  1
средне
  1
хорошо
  2
отлично
  13
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com

База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Реферати
Автореферати
Методички
Документи
Поняття

опублікувати
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх