Қ азақстан р еспубликасы б iлiм және ғылым министрлiгi icon

Қ азақстан р еспубликасы б iлiм және ғылым министрлiгi


Схожі
1   2   3   4   5   6   7
повернутися в початок
^

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18.10.2005 ж. № 672 бұйрығымен бекітілген информатиканы 10-11 сыныптарда оқыту үшін келесі бағдарламалар қолданылады:

  1. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану-математикалық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.
  2. Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық бағытта информатиканы 10-11 сыныпта оқыту бағдарламасы. Ермеков Н., Мұхамбетжанова С.Т. // Орта жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған Информатика. Бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

^ Бағдарламаға ескерту. Бағдарламада техникалық қате жіберілгендіктен, 3-бетте берілген сөйлемді былайша түзетіп оқу керек: «10-11 сыныптарда информатиканы оқыту әр сынып бойынша аптасына 1 сағаттан барлығы 68 сағатқа есептелген».

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:

  1. 7 сынып. Информатика. Ермеков Н., Стифутина Н. - Алматы: Атамұра, 2007

  2. 8 сынып. Информатика. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008

  3. 9 сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009

  4. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2006.

  5. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 10 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2006.

  6. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Жазушы, 2007.

  7. Информатика. Ермеков Н., Криворучко В.А., Ноғайбаланова С.Ж. Қазақ тілінде оқытылатын мектептердің 11 сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық). – Алматы: Жазушы, 2007.

7-11 сыныптарда мектептерге сәйкес келесі оқу-әдістемелік кешендерін қолданылу ұсынылады:

  1. 7-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.

  2. 7-сынып. Информатикадан практикум. Н.Ермеков, С.Давиденко, С.Пилипенко. – Алматы: Жазушы, 2008.

  3. 8-сынып. Информатика. Әдістемелік құрал. Е.Шевчук, Н.Кольева, Н.Завертунова. - Алматы: Мектеп, 2008

  4. 8-сынып. Информатика. Жұмыс дәптері. Е.Шевчук, Н.Кольева - Алматы: Мектеп, 2008

  5. 9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Әдiстемелiк құрал. Б.Нақысбеков, А.Мұхамеди, Г.Мадиярова - Алматы: Мектеп, 2009

  6. 9-сынып. Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту.Есептер мен жаттығулар жинағы. Б.Бөрібаев, Р.Дузбаева, А.Махметова – Алматы: Мектеп, 2009

  7. 9-сынып. Информатика (Паскаль). - әдістемелік құрал. - Н.Ермеков, .Криворучко, Л.Кафтункина - Алматы: Мектеп, 2009

  8. 10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) Ермеков Н., Криворучко В.А., Заречная О. – Алматы: Жазушы, 2006.

  9. 10-сынып. Информатика. Дидактикалық құрал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006.

  10. 10-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Шпигарь – Алматы: Жазушы, 2006

  11. 10-сынып. Информатика. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, Н.Стифутина – Алматы: Жазушы, 2006

  12. 11-сынып. Информатика. (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) әдістемелік құрал Н.Ермеков, В. Криворучко, С.Ноғайбаланова - Алматы: Жазушы, 2007

  13. 11-сынып. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова - Алматы: Жазушы, 2007

  14. 11-сынып. Информатика. әдістемелік құрал (жаратылыстану-математикалық бағыт) Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова - Алматы: Жазушы, 2007

  15. 11-сынып. Информатика. Практикум. Дидактикалық материал (жаратылыстану-математикалық бағыт). Н.Ермеков, В.Криворучко, С.Ноғгайбаланова - Алматы: Жазушы, 2007.

Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.

Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау» және т.б.

Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі информатиканы оқыту, сондай-ақ оны факультативті сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.

Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін негізгі материалдар болып табылады. Сонымен бірге оқу үдерісінде информатика пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық және техникалық лицейлерде, физика мен математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd – 2008» және т.б. баспалардан шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық оқу құралдарын қолдануға болады.

Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерде информатиканы оқыту үшін осы тілдерде аударылған оқулықтар қолданылады.

Информатиканы оқыту бағдарламаларын арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «Информатика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.


^ «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БIЛIМ САЛАСЫ


ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


Жаратылыстану пәні – жалпы орта білім беретін мектепте қоршаған табиғат құбылыстары, жаратылыстанудың заңдылықтары туралы алғаш түсінік қалыптастыратын пән. Интеграцияланған «Жаратылыстану» курсында жоғарғы сыныптарда оқытылатын биология, физика, химия, география, экология пәндеріне қажетті білім негіздері мен іскерлік дағдылары қарастырылады. «Жаратылыстану» ғылымы табиғатты тануда, техника мен технологияның өрлеуінде, әлем жайындағы түсінігін қалыптастыруда, қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым-қатынасты дамытуда үлкен рөл атқарады. Жалпы орта білім беретін мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқытудың бірнеше міндеттері бар:

  • оқушылардың санасында қарапайым ғылыми ұғымдарды қалыптастыру арқылы олардың пәнге қызығушылығын арттыру, жаратылыстану ғылымының жетістіктері мен идеялары туралы жақынырақ білу және адамның табиғатта, техникада, технологияда жетістіктерінде алатын орны туралы білімдерді игерту;

  • қоршаған табиғи ортадағы болып жатқан құбылыстарды түсіндіруде, жаратылыс ғылымдарының мәліметтерін пайдалануды, қоғамдық және ғылыми проблемаларын осы заманғы ғылыми деректер бойынша оқып, үйрену;

  • оқушыларға туған елдің табиғат жағдайы, топырағы, өсімдік, жануарлар дүниесі жайлы мәліметтерді беріп қана қоймай, олардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, болашақ өмірдегі марериалистік көзқарастарын қалыптастыру, түйсіну әрекеттерін жетілдіру;

  • коммуникативтік біліктілігі дамыған тұлға даярлауға септігін тигізу, алған білімдерін қолдана алу, таным белсенділігін күшейту;

  • оқушының рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Жаратылыстану пәні 5 сыныпта аптасына 2 сағаттан жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.


ГЕОГРАФИЯ


«География» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі ретінде география ғылымдарының жетiстiктерi мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерiстердi ескере келе, мектепке берiлiп отырған әлеуметтiк тапсырыс жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетiн көтеру болып табылады.

Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуде, яғни олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады.

Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу үдерісiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте географиядан бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр сатысында географияны оқытудағы оқу-тәрбие беру мақсаты, бiлiм мазмұнын құрастыруды iрiктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақытыланды. Мектептегi бiлiм берудiң осындай басым бағыттарын ескере отырып, географиялық бiлiм берудiң келесi мақсаты мен мiндеттерiн бөлiп қарастыруға болады.

«География» оқу пәнінің жалпы мақсаты – тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-географиялық бiлiмнiң бiртұтастығын анықтау жалпы орта бiлiм беретiн мектептерде географиялық бiлiм беру мақсатын құруға, яғни жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiртұтас географиялық бейне қалыптастыру болып табылады.

Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

  • оқушылардың географиялық ойлауын қалыптастыруға, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

  • оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлануды меңгеруге көмектесетiн жүйелi бiлiм беру;

  • оқушылардың бойында қоршаған ортаның алуан түрлiлiгiне, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерiне қарай адамзат алдында тұратын күрделi проблемаларға қарамастан, қоршаған ортаның бiртұтастығы туралы түсiнiк қалыптастыру;

  • оқушылардың сөйлеу-логикалық және бейнелi түрде ойлай алуын дамыту;

  • картографиялық сауаттылығының қалыптасуына жағдай жасау;

  • оқушыны шынайылыққа тарту және ғылыми-географиялық танымдылық негiзiнде дүниедегi өз орнын анықтауға көмектесу тәрiздi мiндеттердi шешудi талап етедi.

Бұл мiндеттер 5-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары негiзiнде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқулықтары арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы бiлiм беретiн оқу орнының негiзгi деңгейіндегі базистiк оқу жоспары (24.09.02ж., бұйрық № 693);

Бағдарламалар:

1. География. 6-7 сыныптар. (11.03.2003ж., бұйрық № 148);

2. География. 8-9 сыныптар. (12.05.2004ж., бұйрық № 405);

3. География. 10-11 сыныптар. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт (18.10.2005ж., бұйрық № 672).

4. География. 10-11 сыныптар. Жаратылыстану-математикалық бағыт (18.10.2005ж., бұйрық № 672).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

Географияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, карталар, көрсетілімдік құралдар, баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино- және бейнефильмдер, кино- және бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б. құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «География» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.


БИОЛОГИЯ

Жалпы орта бiлiм беруде «Биология» пәнiнiң алатын өз орны бар: табиғат заңдылықтарын, дүниенiң ғылыми бейнесiн түсiнiп, адам өз iс-әрекетiнде тиiмдi пайдалануында, табиғатпен өзара қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Биологиялық бiлiм мазмұны тiршiлiктiң құндылығын, экологиялық мәселелердiң маңыздылығын және салауатты өмiр сүрудiң қажеттiлiгiн терең сезiнiп, қабылдауына мүмкiндiк бередi.

«Биология» пәнінің базалық мазмұны білім берудің келесі негізгі деңгейлері бойынша іске асады: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру.

Мектептегi биология бiлiмiнiң даму болашағы оқу материалының мазмұнына қазiргi биология ғылымының жетiстiктерi мен даму бағыттарын енгiзумен байланысты:

  • тiрi организмдердiң тұқым қуалаушылығы мен өзгергiштiгiнiң генетикалық негiздерiн молекулалық және жасушалық деңгейде зерттеу саласындағы жетiстiктер;

  • өзектi экологиялық мәселелер;

  • медициналық генетика, молекулярлық биология және генетика, биотехнология, гендiк инженерия, космостық биология, биосистематика, өсiмдiк пен мал шаруашылығы, фармокология салаларындағы жетiстiктер.

«Биология» пәнінің негiзгi мақсаты - тiршiлiктi ең жоғары құндылық деп түсiнетiн, экологиялық және эволюциялық ойлау стилi қалыптасқан, экологиялық мәдениетi, дүниенiң ғылым бейнесiндегi тiрi табиғаттың, тiршiлiктiң орны мен мәнiн сауатты бағдарлайтын, биологияның ғылыми танымдық әдiс-тәсiлдерiн, iргелi ұғымдар жүйесiн қажеттi деңгейде меңгерген және биологиялық бiлiмiн экожүйелер мен тiрi ағзалардың көптүрлiлiгiн сақтап қорғауға, салауатты өмiр сүруге тиiмдi қолдану бiлiктерi бар, биологиялық сауатты тұлға дайындау.

Бұл мақсат төмендегi нақты мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асырылады:

  • оқушылар ғылыми дүниетанымын, оларда тiрi жүйелерге және адамға ең жоғары құндылық, мiнсiз әсемдiк ретiнде қатынас жасаудың және этикалық, эстетикалық нышандарын қалыптастыру;

  • биологияның негiзгi идеялары мен деректерiн, ұғымдары мен теорияларын, олардың өзара байланысын, қалыптасып дамуын, алмасуын саналы меңгерту;

  • биологиялық объектiлердi зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi туралы бiлiм, бiлiк, дағды қалыптастыру;

  • биология ғылымының негізгі бағыттарын оранизмдердiң тiршiлiк әкеттерi, олардың жеке және тарихи дамуы үлесi, құрылымы және қызметi туралы адам әрекетiн экологиялық жүйелерде болатын өзгерiстер туралы бiлiмдi қамтамасыз ету;

  • оқушыларды табиғатты тиiмдi пайдалану және қорғау, медицина, ауылшаруашылық, биотехнология салаларында еңбек етуге дайындау.

Мектептiң 6-11-сыныптарында биологияны оқытудың мiндеттерi Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы орта жалпы бiлiмнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты негiзiнде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқулықтар арқылы жүзеге асырылады:

«Биология» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

6 сыныпта - аптасына 1,5 сағаттан,

7 сыныпта - аптасына 2 сағаттан,

8 сыныпта - аптасына 2 сағаттан,

9 сыныпта - аптасына 2 сағаттан.

6-9 сыныптарда «Биологияны» оқыту келесі бағдарламалар арқылы жүзеге асады:

Биология. Бағдарлама. 6-7 сыныптар. – Алматы: РОНД, 2003. (11.03.05 ж. №148 БжҒМ-нің бұйрығы).

Биология. Бағдарлама. 8-9 сыныптар. – Алматы, 2004 (11.03.05 ж. №148 БжҒМ-нің бұйрығы).

Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-11 сыныптарға арналған) оқу бағдарламалары 18.10.2005ж. ҚР БжҒМ-ң №672 бұйрығымен бекітілген.

Биология. Бағдарлама, 10-11 сыныптар. Жаратылыстану-математика бағыты. Жұмағұлова Қ.Ә., Жаңабердиева К.Ә., Сәтімбеков Р. –Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

Биология. Бағдарлама, 10-11 сыныптар. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Жұмағұлова Қ.Ә., Жаңабердиева К.Ә., Сәтімбеков Р. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

Кез келген бағдарда биологияға және оның қолданыстарына ынталанған оқушыларға мектеп оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен қолданбалы курстар мен таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы биологияға бөлінген сағат санын арттыра алады. Бұл келесі мазмұндағы курстар болуы мүмкін: «Биология және экология», «Молекулярлық биология», «Радиациялық генетика», «Биотехнология негіздері» және т.б.

Ал, ұйғыр, өзбек тілдеріндегі жалпы білім беретін мектептерде биологияны оқыту үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 160 бұйрығында (1-5 қосымшалар) бекітілген аударма оқулықтар пайдаланылады.

Биологияны оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және лабораториялық аспаптар, баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино-, және бейнефильмдер, кино-, және бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б. құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік үлескілер практикалық сабақтарды, топсаяхат ұйымдастыру және жаздық тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылу керек.

Мектептің кітапхана қорында «Биология» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.

ФИЗИКА


Физика оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Табиғаттың жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретіндегі физика мектепте оқу пәні ретінде қоршаған дүние туралы білімдер жүйесіне едәуір (үлкен немесе мол) үлес қосады. Ол қоғамның экономикалық және мәдени дамуындағы ғылымның рөлін ашуға, қазіргі заманғы ғылыми көзқарастың қалыптасуына себептеседі. Мектептегi физикалық бiлiм мазмұнының даму болашағы физика ғылымының ғарыштық құбылыстар саласындағы, Жер қойнауындағы және планеталардағы құбылыстар (астрофизика), тiршілік дүниесі құбылыстарының кейбiр ерекшелiктерi және тiршілік объектiлері (биофизика, молекулалық биология), ақпараттық жүйелер (ЭЕМ негiзi ретiндегi шалаөткiзгiштiк, лазерлiк және криогендi техника) жайындағы зерттеу объектiлерiнiң едәуiр кеңеюiмен байланысты.

Мектепте физиканы оқытуға келесі міндеттер кіреді:

  • оқушылардың ой-өрісін дамыту, олардың өз бетінше білім ала білуін және оны қолдана алуын, физикалық құбылыстарды бақылай алу біліктілігін қалыптастыру;

  • оқушыларды эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі туралы, физика заңдарының техника мен технологияларда қолдан(ыл)ысының үлкен мүмкіндіктері туралы біліммен қаруландыру;

  • физикаға (мен) және техникаға танымдық қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттіліктерін, оқуға деген саналы көзқарасты, білімді жалғастыруға және кәсіпті саналы таңдауға дайын болуды қалыптастыру.

2009-2010 оқу жылында физиканы Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сыныптарында оқыту ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002ж. № 693 бұйрығымен бекітілген ҚР орта жалпы бiлiм берудің «Физика» пәні бойынша мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (ҚР БжҒМ-нің 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекітілген) негiзiнде жүзеге асырылады.

Базистiк оқу жоспарында мектептiң негiзгi сатысында физиканы оқытуға аптасына 6 сағаттан, оқу жылында 204 сағат, оның iшiнде:

7 сыныпта - аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат,

8 сыныпта - аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат,

9 сыныпта - аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағат бөлiнген.

Базистiк оқу жоспарында 10-11-сыныптарда жаратылыстану-математикалық бағытта физиканы оқытуға аптасына 3 сағат (барлығы 102 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (барлығы 34 сағат) бөлінген.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп түлектерінен физикадан күрделі есептерді шығару талап етілмейді. Оқушының табиғатты ғылыми танып білу әдістері туралы түсінігі болуы, кеңінен таралған физикалық құбылыстарды түсіндіре алуы, өркениеттің дамуындағы физиканың рөлін көрсететін мысалдарды келтіре алуы, физикалық білімді тұрмыстық деңгейде, оның ішінде өз өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алуы үшін қолдана алуы тиіс. Эксперименттік тапсырмалар практикалық біліктілікті қалыптастыруға бағытталуы қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағытта оқитын оқушылар болашақта нақты ғылымды игеруге бағдарланған мамандық алуды жоспарлайды және олар ҰБТ түріндегі мемлекеттік (қорытынды) аттестациялаудан өтеді. Оқушыларды (мұндай) емтиханға дайындау мұғалімнің негізгі міндеттерінің біріне жатады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мектеп түлектерінің дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың (ішіне) жоғарыда аталған міндеттермен қатар келесі біліктіліктер де кіреді:

  • физикадан игерген білімдерін есептер шығаруда және техникалық жобаларды жүзеге асыруда қолдана алу;

  •  физикалық экспериментті өз бетінше жоспарлай алу және жүргізе алу;

  •  математиканың физикалық аппаратын функционалдық деңгейде қолдана алу.

Кез келген бағдарда физикаға және оның қолданыстарына ынталанған оқушыларға мектеп оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен қолданбалы курстар мен таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы физикаға бөлінген сағат санын арттыра алады. Бұл келесі мазмұндағы курстар болуы мүмкін: «Компьютер көмегімен физикалық есептерді шығару», «Физика және техника», «Ғарыш физикасы», «Физика және экология», «Радиотехника және электроника», «Биофизика», «Физика және Қазақстан энергетикасы», «Физикалық процестерді моделдеудің компьютерлік технологиясы», «Физика, астрономия, ғарыштану салаларындағы жаңалықтардың ашылу тарихы», «Физикадан күрделі есептерді шығару тәсілдері», «Физикадан эксперименттік есептерді шығару» және т.б.

7-9 сыныптарда физика мен астрономияны оқыту келесі бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1. 7-сыныпқа арналған «Физика және астрономия» бағдарламасы - Алматы: РОНД, 2003 (ҚР БжҒМ-нің 11.03.2003 ж. № 148 бұйрығымен бекітілген);

2. 8-9-сыныптарға арналған «Физика және астрономия» бағдарламасы - Алматы, 2004 (ҚР БжҒМ-нің 12.05.2004 ж. № 405 бұйрығымен бекітілген).

Оқыту бағытына қарай 10-11-сыныптарда физикадан ҚР БжҒМ-нің 18.10.2005 ж. №672 бұйрығымен бекітілген келесі бағдарламалар пайдаланылатын болады:

1. Физика. Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптарына арналған бағдарламалар. Башаров Р.Б., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К., Қазақбаева Д.М. //Физика. Жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарына арналған бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

2. Физика. Жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарламалар. Башаров Р.Б.,Тоқбергенова У.Қ., Қазақбаева Д.М., Байжасарова Г.З., Кронгарт Б.А // Физика.Жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған бағдарламалар. – Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА, 2006.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:

1. Физика және астрономия. 7-сыныпқа арналған оқулық (екінші басылым). Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д., –Алматы: Атамұра, 2007.

2. Физика и астрономия. 8-сыныпқа арналған оқулық (екінші басылым). Дуйсенбаев Б.М., Байжасарова Г.З., Медетбекова А.А. – Алматы: Мектеп, 2008.

3. Физика және астрономия. 9-сынып. Башарұлы Р., Қазақбаева Д., Тоқбергенова У., Бекбасар Н. – Алматы: Мектеп, 2009.

4. Физика және астрономия. 7-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар. Башарұлы Р., Бақынов Ж. –Алматы: Атамұра, 2007.

5. Физика и астрономия. 8-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар. Бакынов Ж. – Алматы: Мектеп, 2008.

6. 9-сыныпқа арналған дидактикалық материалдар.. Башарұлы Р., Бақынов Ж. – Алматы: Мектеп, 2009.

7. Физика және астрономия. 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Башарұлы Р., Қазақбаева Д., Тоқбергенова У. –Алматы: Атамұра, 2007.

8.Физика и астрономия. 8-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Байжасарова Г.З., Дуйсенбаев Б.М., Медетбекова А.А. – Алматы: Мектеп, 2008.

9. Физика и астрономия. 9-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал. Башарұлы Р., Қазақбаева Д., Тоқбергенова У. – Алматы: Мектеп, 2009.

10. Физика және астрономия. 7-сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы. Кем В.И., Кронгарт Б.А. – Алматы: Атамұра, 2007.

11. Физика және астрономия. 8-сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы. Кем В.И., Кронгарт Б.А. . – Алматы: Мектеп, 2008.

12. 9-сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы. Б. Кронгарт, С.Тезекеев – Алматы: Мектеп, 2009.

13. Физика. Жұмыс дәптері. Ж.Қобдикова, С. Баймаханова – Алматы: Мектеп, 2009.

ҚР БжҒМ-ң 2009 жылдың 3-сәуірдегі № 160 бұйрығына сәйкес 10-11-сыныптарда келесі оқу-әдістемелік кешен пайдаланылатын болады:

1. Физика. Башаров Р.Б., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық (қоғамдық-гуманитарлық бағыт). – Алматы: Мектеп, 2006.

2. Физика. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық (жаратылыстану-математикалық бағыт). – Алматы: Мектеп, 2006.

3. Физика. Башаров Р.Б., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2007.

4. Физика. Тұяқбаев С.Т., Насохова Ш.Б., Кем В.И., Загайнова В.И., Кронгарт Б.А. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп,2007.

5. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сынып мұғалiмдерiне арналған оқыту әдiстемесi. Башаров Р., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У. – Алматы: Мектеп, 2006.

6. Физика. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сынып мұғалiмдерiне арналған оқыту әдiстемесi.. Кронгарт Б.А., Кем В.И., – Алматы: Мектеп, 2006.

7. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сынып мұғалiмдерiне арналған оқыту әдiстемесi. Башаров Р., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У., Қаймолдина Ә.Қ. – Алматы: Мектеп, 2007.

8. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сынып мұғалiмдерiне арналған оқыту әдiстемесi. Тұяқбаев С.Т., Насохова Ш.Б., Кем В.И., Загайнова В.И., Кронгарт Б.А., Тазабекова Ж.М. – Алматы: Мектеп, 2007.

9. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10- сыныбына арналған дидактикалық материалдар. Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.Қ., Медетбекова А.А., Жұбанов М.Ж. – Алматы: Мектеп, 2006

10. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10- сыныбына арналған дидактикалық материалдар. Кронгарт Б.А., Кем В.И.– Алматы: Мектеп, 2006.

11. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11- сыныбына арналған дидактикалық материалдар. Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.Қ., Медетбекова А.А., Жұбанов М.Ж. – Алматы: Мектеп, 2007.

12. Физика. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған дидактикалық материалдар. Тұяқбаев С.Т., Загайнова В.И., Бақынов Ж., Тынтаева Ш.– Алматы: Мектеп, 2007.

13. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған есептер жинағы. Қаймолдина Ә.Қ. .– Алматы: Мектеп, 2006.

14. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған есептер жинағы. Тұяқбаев С.Т., Бақынов Ж., Тынтаева Ш.– Алматы: Мектеп, 2006.

15. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған есептер жинағы. Қаймолдина Ә.Қ. .– Алматы: Мектеп, 2007.

16. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған есептер жинағы. Тұяқбаев С.Т., Бақынов Ж., Тынтаева Ш.– Алматы: Мектеп, 2007.

17. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған жұмыс дәптері. С. Баймаханова.– Алматы: Мектеп, 2007.

18. Физика. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математикалық бағытындағы 11-сыныбына арналған жұмыс дәптері. С. Баймаханова.– Алматы: Мектеп, 2007.

Жоғарыда аталған бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар физиканы оқытуда негізгі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады:

1. Ударцева В.М. Физика және астрономия. 7-9-сыныптарға арналған жұмыс дәптерлері. – Боралдай, ЦПТ «Мега квант», 2006.

2. Ударцева В.М. Физика. 10-11-сыныптарға арналған жұмыс дәптерлері – Боралдай, ЦПТ «Мега квант», 2006.

3. Ш.Биболов. Физика. Үлестірімдік материал. 7-11-сыныптар.– Арман-ПВ, 2005

4. Ш.Биболов. Физика. Оқушы анықтамалығы.– Арман-ПВ, 2005

5. Ш.Биболов. Физика. Анықтамалық. 7-11-сыныптар. – Арман-ПВ, 2005

6. С.Андрюшечкин. Физика. 8 класс. 2009

7. В.Корольков, Г.Шантаева, А.Гетманова и др. Физикадан лабораторлық жұмыстар үшін дәптер(7, 8-сыныптар).– Казснабобразование, 2008

8. В.Корольков, Г. Шантаева, А.Гетманова және т.б. Физикадан лабораторлық жұмыстар үшін дәптер (9, 10, 11 классы).– Казснабобразование, 2008

9 С.Баймаханова Физика. Білім берудің жаңа технологиясы. Жұмыс дәптері. 7-сынып. Аруна, 2008

ҚР БжҒМ-ң 2009 жылдың 3-сәуірдегі № 160 бұйрығына сәйкес оқыту процесінде қосымша келесі электрондық басылымдарды пайдалану ұсынылады:

1. В.Ударцева, С.Таранов Физика және астрономия. Тестік тренажер. 7-сынып. – МегаКВАНТ, 2005

2. В.Ударцева, С.Таранов Физика және астрономия. Тестік тренажер. 8-сынып.– МегаКВАНТ, 2005

3. В.Ударцева, С.Таранов Санақ жүйесі және қозғалыстың салыстырмалылығы. ЦД-001-2-06.– МегаКВАНТ, 2006

6. В.Ударцева, С.Таранов Температураны өлшеу. ЦД-002-2-06.– МегаКВАНТ, 2006

7. В.Ударцева, С.Таранов Жылу қозғалтқыштары. ЦД-003-1-07.– МегаКВАНТ, 2006

8. В.Ударцева, С.Таранов Газдың молекулалық-кинетикалық теориясы. ЦД-004-1-07.– МегаКВАНТ, 2007

9. В.Ударцева, С.Таранов Адам қалай қоршаған дүниені танып біледі. ЦД-005-1-08 В.– МегаКВАНТ, 2008

10. М.Мухаметов, А.Есжанов и др. Физика. 7 класс. ЦПТИО, 2008

11. М.Мухаметов, А.Есжанов и др. Физика. 8-сынып. ЦПТИО, 2008

12. М.Мухаметов, А.Есжанов и др. Физика. 9-10-сыныптар. ЦПТИО, 2008

13. Л.Фаизова, Л.Хильченко, З.Сыздыкбаева Физика және астрономия. Виртуал модельдеу эксперименттері. 8-сынып. Атамұра, 2005

Ұйғыр, өзбек тiлді жалпы бiлiм беретiн мектептерде физиканы оқытуда ҚР ҚР БжҒМ-ң 2009 жылдың 3-сәуірдегі № 160 бұйрығына сәйкес бекітілген аударма оқулықтар пайдаланылады.

Физиканы оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және лабораториялық аспаптар, баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино-, және бейнефильмдер, кино-, және бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б. құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Физикадан зертханалық жұмыстар жүргізу үшін «Оқу жабдықтары» орталығы (Берғалиев Е.Ш.) арқылы құрал-жабдықтарға тапсырыс беруге болады (E-mail berg11_60@mail/ru).

Мектептің кітапхана қорында «Физика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.


ХИМИЯ


«Химия» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беруге арналған базистік оқу жоспарының мемлекеттік компоненттерінің бірі болып саналады. Базистік оқу жоспарындағы химия пәнiнiң мақсатын, нәтижелерді бағалау өлшемін, олардың сипаттамаларын тұрақтандыруды анықтаудың нормативтік базасы Мемлекеттік жалпыға міндетті жалпы орта бiлiм беру стандарттары (ГОСО- 2002) болып табылады.

Мектептiк химиялық бiлiмнің негізін органикалық және бейорганикалық заттар, олардың құрамы, құрылымы мен қасиеттерi, химиялық реакциялар, олардың мәнi мен өту заңдылықтары, заттарды қолдану мен химиялық айналулар, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы бiлiмдер жүйесі құрайды.

«Химия» пәні стандарт талаптарында көрсетілгендей жалпы, бейорганикалық және органикалық химия білім аймағында іргелі білім бере отырып, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, қазіргі қоғамдағы химия ғылымы мен практикасының маңызын түсіндіру, теориялық ойлау мен практикалық дағдыларын дамыту, қоршаған орта туралы ғылыми көзқарастарын, экологиялық мәдениеттерін және жеке тұлғаға тән әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру міндеттерін орындайды.

Қазіргі кезеңде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпыәлемдік тенденцияларға барынша сүйенген жөн:

  • минималдандыру, инвариантты бөлігін анықтай отырып, сызбаландыру, қызметін анықтай отырып, теория мен практиканың байланысын күшейту арқылы іргелілендіру;

  • кіріктірілген үдерістерді күшейту, жүйелілік, оқушылардың жұмыстарын шағын топтарда ұйымдастыру;

  • өз бетінше жұмыс істеуді көбейту, оқу жұмысының зерттеушілік сипатын кең тарату (білім мен ақпараттың көзі қызметін атқаратын мұғалім моделі біртіндеп артта қалып, жаңа жүйеде оның нұсқаушылық, жетекшілік, білім беру міндеттерін шешудің дидактикалық және тәрбиелік ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырушылық рөлі ашылады);

  • химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру;

  • оқыту мазмұнының практикамен, адамның күнделікті тіршілігімен, техникамен, экономикамен байланысын нығайту;

  • математикалық аппараттың, компьютерлендірудің, сандық химиялық эксперименттің (компьютерге сүйеніп енгізілген), мультимедиа және Интернеттің рөлін күшейту;

  • оқу пәндерін негізгі (міндетті) және таңдауы бойынша (міндетті және міндетті емес) деп бөле отырып, соңғысының үлесін біртіндеп арттыру арқылы саралау.

Мектепте химиялық білім беруді дамытудың болашағы химия ғылымының және өндірістің қазіргі кездегі даму бағыттарына, биохимиялық құбылыстар аймағындағы объектілерді ғылыми зерттеуді кеңейтуге, тірі дүние құбылыстары мен табиғи объектілердің қасиеттерін (биохимия, биотехнология, табиғи қосылыстар химиясы, мұнай және мұнай-газ өнеркәсібі, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы мен жаңа материалдар өндірісі, синтетикалық және пластмасса заттары) зерттеуге байланысты анықталады.

Білім беруді қазіргі кезеңге сәйкес өзгерту әрбір оқушыға белгілі бір білім жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай, сонымен бірге жеке адамның танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуды ойластыруы тиіс.

«Химия» пәні мынадай дүниетанушылық идеяларды түсінуге негіз болады:

  • әлемнің материалдық бірлігі;

  • зат қасиеттерінің оның ішкі құрылысына байланыстылығы;

  • әлемді, оның ішінде химиялық әлемді тану.

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып қалыптасу үдерісі жүріп жатыр. Білім беруді дамытудың жалпы тенденциялары оқушылардың білімі мен біліктерін елеулі түрде көтерумен шектелмейді, сонымен қатар олардың мәдениетін, қабілетін, шығармашылық мүмкіндігі мен өзіндік қасиетін максимальды дамытуды, бала денсаулығын сақтап, нығайтуды, адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыруды көздейді. Педагогикалық үдерісітің маңызды құрам бөлігі –– мұғалім мен оқушы арасындағы жеке адамға бағытталған өзара қарым-қатынас. Бұл ретте оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбiр оқушының қызығушылығы мен қабiлетiн ескеру, оқытудың іс-әрекеттiк мәнділігін арттыру, білімнің практикалық бағытталуын күшейту, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмiр тәжiрибесiне жақындату, оның өз бетiнше оқу және iзденушiлiк қызметiн кеңейтетiн жағдайлар туғызу білім сапасын арттырудың пәрменді тәсілдері болып саналады. Химия пәнiнiң ерекшелiгiне сәйкес оқушылардың практикалық және эксперименталдық қызметiне көп көңiл бөлiнгені жөн. Осыдан оқушының өзiндiк танымдық қабілеті артып, практикалық дағдылары қалыптасады, оқуға құлшынысы артады.

Химиялық бiлiм мазмұны инвариантты (жылжымайтын) және вариативтi (жылжымалы) бөлiктен құралады. Инвариантты бөлiктiң мазмұны Мемлекеттік стандартқа (ГОСО-2002) сай анықталады. Бұндағы оқу материалы химиялық бiлiм берудiң басым мiндеттерiн шешудің минималды талаптарын iске асырады. Вариативтi (жылжымалы) бөлiк мазмұны оқушылардың қызығушылығы мен қабiлетiн, сұранысын, химия ғылымының соңғы жетiстiктерiн, республиканың аймақтық ерекшелiктерiн ескередi. Жылжымалы бөлiктiң мазмұнын әзiрлеу және оны анықтау білім мекемесінің құзырлығына жатады.

2009-2010 оқу жылында химияны оқыту 8-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттары (24.09.02 ж., № 693 бұйрық) негiзiнде дайындалған Жалпы бiлiм беретiн оқу орнының негiзгi және жоғары деңгейіндегі базистiк оқу жоспарлары (24.09.02 ж., № 693 бұйрық), бағдарламалар және «ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен ОӘК-дi дайындау және баспадан шығару мақсатты бағдарламасына» (26.09.1996 ж., №1173 бұйрық) сәйкес шыққан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері арқылы жүзеге асырылады:

  1. Химия. Бағдарламалар. 8-9 сыныптар. (12.05.2004 ж., № 405 бұйрық);

  2. Химия. 8 сынып. Оқулық. Нұрахметов Н.Н., Сарманова К.А., Жексембина К.М. Алматы: Мектеп, 2004. (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептері үшін);

  3. Химия. 8 сынып. Әдiстемелiк нұсқау. Нұрахметов Н.Н., Сарманова К.А., Жексембина К.М. – Алматы: Мектеп, 2004. (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептері үшін);

  4. Химия. 8 сынып. Жұмыс дәптерi. Нұрахметов Н.Н., Заграничная Н.А., Сарманова К.А.. – Алматы: Мектеп, 2004. (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептері үшін);

5. Химия. 8 сынып. Есептер жинағы. Темiрболатова Ә.Е. – Алматы: Мектеп, 2004. (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек мектептері үшін);

6. Химия. 9 сынып. Оқулық. Нұрахметов Н.Н., Сарманова К.А., Жексембина К.М., Заграничная Н.А., Темiрболатова А.Е. – Алматы: Мектеп, 2005 (қазақ, орыс мектептері үшін).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

Базистік оқу жоспарында мектептің негізгі сатысында (8-9 сыныптар) «Химия» пәнін оқыту - аптасына 5 сағатты, жылына 170 сағатты құрайды, оның ішінде:

8 сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;

9 сынып - аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

2009-2010 оқу жылында 10-11 сыныптарда бағдарлы оқыту жалғастырылады. Оқушылар 10 сыныпта таңдаған оқу бағыттарын: қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша 11-сыныпта жалғастыратын болады. Бұл бағыттарға сәйкес химия пәнiнің бағдарламалары, оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, бөлiнетін сағаттар саны да екі түрлі болады.

Базистік оқу жоспарында «Химия» пәнін оқытуға мектептің жоғары деңгейінде (10-11 сыныптар) жаратылыстану-математикалық бағытта аптасына 6 сағат, оқу жылына 204 сағат бөлінген, оның ішінде:

10 сынып - аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;

11 сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;

Қоғамдық –гуманитарлық бағытта аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат бөлінген, оның ішінде:

10 сынып - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

Қай бағытта болмасын химияға, оның практикалық жағына жоғары қызығушылық танытқан оқушылар үшін, мектеп әкімшілігі химияны оқытуға таңдауы бойынша курстар есебінен сағат санын көбейтуге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты мектептің жоғары сатысында келесi бағдарламалар мен «ҚР жалпы бiлiм беретiн мектептерi үшiн оқулықтар мен ОӘК-дi дайындау және баспадан шығару мақсатты бағдарламасына» (26.09.1996ж., №1173 бұйрық) сәйкес шыққан жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешені қолданылатын болады:

1. Бағдарламалар:

– Химия. 10-11 сыныптар. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт. Нұрахметов Н.Н., Темірболатова Ә.Ә., Жұмаділова Р.Н. және т.б. (18.10.05ж., №672 бұйрық);

– Химия. 10-11 сыныптар. Жаратылыстану-математикалық бағыт. Нұрахметов Н.Н., Меңдалиева Д.К., Темірболатова Ә.Ә.және т.б. (18.10.05ж., №672 бұйрық).

Бағдарлап оқыту кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, одан әрі оқу үшін дұрыс бағыт таңдауына назар аударған жөн. Таңдалған бағытқа байланысты химия пәнін оқытуға БОЖ – дың вариативті бөлігінің сағат сандары есебінен (таңдау пәндері, факультативтік сабақтар) уақытты көбейтуге болады. Сондай-ақ, мектептің (сыныптардың) таңдаған бағдарына байланысты – физика-математикалық, техникалық лицейлерде, гимназияларда, химияны тереңдетіп оқытатын мектептерде жоғарыда көрсетілген оқу-әдістемелік кешендермен бірге таңдауы бойынша төмендегі оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану ұсынылады:

Химияны оқушылардың таңдау пәні, сондай-ақ, тереңдетілген факультативтік сабақ ретінде жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан бастап оқуға болады.

Мектептің жоғары деңгейінде бағдарлап оқытуды ұйымдастырған кезде, сондай-ақ, химия-биологиялық бағдарлы мектептер мен химия тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда химияның негізгі тараулары бойынша оқу жоспарына міндетті түрде таңдау курстарын енгізу қажет. Арнайы курстар үшін мұғалім өз бетінше жұмыс жоспарын, бағдарлама, т.б. құжаттар құрастырады, оны белгіленген тәртіп бойынша бекіттіреді.

Химияны тереңдетіп оқытуға арналған оқу жоспарын жасағанда «Жалпы білім беретін мекемелерде жұмыстық оқу жоспарын жасауға арналған нұсқаулар» жинағындағы (Алматы, КАО, 2004.) оқу жоспарының варианттарын басшылыққа алуы тиіс.

Химияны оқыту үдерісінде толыққанды жұмыс жасау үшін оқу-әдістемелік кешеннің барлық компоненттерін: оқушылар үшін жұмыс дәптері, есептер мен жаттығулар жинағын және мұғалімдерге арналған әдістемелікті кешенді пайдалану қажет. Сондай-ақ, оны ақпараттық, әдiстемелiк, дидактикалық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі ең басты орында болғаны жөн. Қазiр мұғалiмдерге оқу-әдістемелік кешеннің көптеген түрi ұсынылып отыр. Оларды таңдауда білім беру мекемелері басшылары мен мұғалiмдер ҚР-ның білім туралы құжаттарында көрсетілген оқушыларға химиялық білім беруді сапалы ұйымдастыруға байланысты жауапкершілікті сақтай отырып, мына мәселелерге көңіл бөлуі тиіс: бiрiншiден, тарау мен курстар арасындағы сабақтастықтың сақталуын, екiншiден, оқулықтың көпдеңгейлi саралап оқытуды ұйымдастыруға мүмкiндiк беруiн, сонымен қатар оқу материалдарын баяндаудың ғылыми деңгейiн, химияны оқытудың жаңа тәсiлдерiне бейiмделiп жазылғанын, оқушының қабылдау деңгейiне сай, түсінікті болуын және пәнге қызықтыратынын ескереді.

Жоғарыда қаралған оқулықтар мен әдістемелік құралдар мұғалімге кез-келген технологияны немесе кез-келген әдісті пайдаланып оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазiргi кезде оқу үдерісін ұтымды ұйымдастыру технологияны пайдалану арқылы ғана жүзеге асады, яғни оқу үдерісін жобалау керек. Iс-әрекеттiк-құзыреттілік әдiс арқылы оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың өзiндiк танымдық қызметiн арттыратын педагогикалық технологияларды көп қолдану қажет. Мұғалiм оларды таңдауда мына критерийлердi: оқу пәнiнiң ерекшелiгiн, оқушының даму деңгейiн және жас ерекшелiгiн, өз бетiнше оқу деңгейiн ескеруi тиіс.

Химия пәнiнiң ерекшелiгi оқушылардың практикалық және экспериментальдық қызметiне, олардың алған білімдерін кез келген ортада әр түрлі мәселелерді шешуге қолдана білуіне көп көңiл бөледi. Осыдан оқушының өзiндiк танымдық қызметi артады. Оқыту технологиялары көмегiмен оқушының бiлiмдi игеру дәрежесiнiң қаншалықты екендiгiн байқауға болады. Оқушы оқу мазмұнының элементтерiн өз бетiнше, өзiне тән қарқынмен, жылдамдықпен, тереңдiкпен меңгередi. Оқыту технологияларын қолдануда оқытудың проблемалы-iзденiмпаздық, интерактивтi, коммуникативтi, ойын әдiстерi пайдаланылады, оқушының өз бетiнше жұмыс жасауы, белсендiлiгi, қызығушылығы ескерiледi.

Ұйғыр, өзбек тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелерде химияны оқыту үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінде бекітілген (№ 6, 6 қаңтар 2006 ж, №129, 16 наурыз 2006 г) аударма оқулықтарды пайдаланады.

Химиядан оқу бағдарламасын іске асыру қосымша әдістемелік оқу құралдары, химиялық препараттар мен химиялық реактивтер, арнайы құралдар мен көрнекі және зертханалық құралдар, баспа материалдар, электрондық оқулық, диа- және видеофильмдері, диа- және видеофрагменттер, ақпараттық және техникалық оқу құралдары бар арнайы жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізілуі тиіс.

Мектептің кітапхана қоры мен ақпараттық базасы тиісті нормативтік құжаттарға сәйкес «Химия» пәні бойынша қажетті барлық оқу-әдістемелік құралдар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуі және оқушылардың пайдалануына қолайлы болуы тиіс.

«ҚОҒАМТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ


ТАРИХ

Жалпы негізгі білім беретін мектептің функционалдық қызметінің басым бағыттары оқушылардың ғылымдар жүйесінің негіздерін меңгеру, олардың бойында тұлғааралық және этикалық топаралық қатынастарын мәдениетін, жеке тұлғаның өзін- өзі айқындауы мен кәсәптік бағдарларын анықтау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Тарихты оқу жеке тұлғаның өзін қоршаған әлемдегі өз орнын анықтау мектебі болып табылады.

Тарих мектептегi оқу пәнi ретiнде жалпы негiзгi бiлiм беретiн мектептегi барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегiн құрайды. Тарих ұлттық өзiндiк сана-сезiмдi және жас ұрпақты тәрбиелеудiң адамгершiлiк-этикалық нормаларын бекiтуге назар аударады.

Тарих ғылымы пән ретiнде аса маңызды бiлiм саласына жатады. Өйткенi, ол бүкiл адамзаттың басынан өткiзген тарихын, тәжiрибесiн баяндайды. Тарихты бiлу әрбiр адамға қажет. Сонда ғана ол өзi өмiр сүрген қоғамдағы лайықты орнын, iстейтiн қызметiн, соларға байланысты туындайтын мiндеттердi, оларды орындау жолдарын дұрыс, дәл анықтайтын болады.

Тарих пәнiн оқытудың басты мақсаты: оқушылардың дүниетанымының негiзi болатын тарихи сананы, тарихи бiлiмдi құрметтеу мен сыйлау сезiмiн қалыптастыру, оқушылардың тарихи процесс желiсiн түйсiнуiне, тарихтың мәдени-идеологиялық плюралистiк идеясын, бұралаң жолын сезiнуiне негiз жасау.

Қазiргi кезеңде мектепте тарихты оқыту көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл өзгерiстердiң басты бағыттары :

− отандық тарихты әлемдiк даму контексiнде оқыту;

− ұлттық сана сезімде тәрбиелеу;

  • мектептiк тарихи бiлiмнiң нәтижеге бағдарлануын қалыптастыру;

  • үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тарих пәнiнiң бiлiмдiк, танымдық және тәрбиелiк

рөлiн күшейту болып табылады.

Мемлекеттiк тәуелсiздiктiң қалыптасуы кезеңiнде қазақ қоғамын демократияландыруды тереңдету мен iлгерілеушiлiк өзгерiстер тарихи бiлiм мазмұнын, оқу материалын iрiктеудiң негiзгi ұстанымдарын өзгертудi талап етедi.

Мектепте тарихи бiлiм берудiң негiзгi мiндеттерi:

  • оқушылардың адамзаттың ежелгi заманннан бүгiнгi күнге дейiнгi дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтiк, рухани-адамгершiлiк тәжiрибесiн айшықтайтын жүйелi бiлiм алуы;

  • оқушыларда тарихты оқып-үйренудiң көпөлшемдiлiгi және тарихи үдерістiң

дамуының баламалы екендiгi туралы түсiнiк қалыптастыру;

  • гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудiң озық дәстүрлерiн меңгерген құнды

бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

  • оқушылардың тарихи бiлiмдi шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен

жұмыс iстеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негiзiнде ой елегiнен өткiзе бiлу дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушыларда қазақстандық патриотизмдi, азаматтық сезiмдi дамыту.

2009-2010 оқу жылында 5-9 сыныптарда тарих пәнiн оқыту Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 24.09.2002 ж. № 693 бұйрығымен бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес жүргiзiледi.

Тарих. Бағдарлама. 5-7 сыныптар, Алматы, РОНД, 2003ж.

Қазақстан тарихы. Бағдарлама. 5- 6 сыныптар. Алматы, 2005 ( БжҒМ- нiң 19.09.2005. № 551 бұйрығы)

Тарих. Бағдарлама. 8-9 сыныптар. Алматы, РОНД, 2004.

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 18.10.2005ж. №672 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыты 10-11 сыныпқа арналған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.

Дүние жүзi тарихы. Тұрлығұл Т., Қожахметұлы К., Чупеков Ә., Бекiш Р., Адамбосынов К., Жусанбаева Г. Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама. Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы, 2006.

Дүние жүзi тарихы. Тұрлығұл Т., Қожахметұлы К., Чупеков Ә., Бекiш Р., Адамбосынов К., Жусанбаева Г. Жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған бағдарлама. Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы, 2006.

Қазақстан тарихы. Тұрлығұл Т., Омарбеков Т., Адамбосынов К., ЖусанбаеваГ.

Жалпы орта білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама. Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы, 2006.

Қазақстан тарихы Тұрлығұл Т., Қожахметұлы К., Чупеков Ә., Бекiш Р., Адамбосынов К., Жусанбаева Г. Жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған бағдарлама. Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы, 2006.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша), 2009 жылдың 14 мамырдағы №217 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.

«Дүние жүзi тарихы» жалпы орта бiлiм беретiн мектептiң оқушылары үшiн жетекшi пәндердiң бiрi болып табылады. Дүние жүзi тарихын зерделеу оқушылар үшiн танымдық мәнi болса, ал патриоттық тәрбие берудегi маңызды құрал болып табылады. «Қазiргi дүние жүзi тарихы» ХХ ғасырдың бас кезiнен бастап әлемнiң бүкiл бейнесiн, яғни, қазiргi қоғамның қалыптасуы мен дамуын ашып көрсетудi көздейдi. Бұл курстың мiндетi, оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, қоғам туралы жаңа ой-пiкiрлердiң негiзiн және ондағы адамның рөлiн, қоғамның негiзгi даму тенденцияларын ашып көрсету.

Курстың мақсаты: оқушыларда бүгiнгi қоғамның дамуындағы тарихи үрдiстiң бiртұтастығы мен алуан түрлiлiгiн түсiнудегi шығармашылық әдiс-тәсiлдерiн дамыту және қалыптасушы тұлға бойында адамгершiлiк позицияның белсендiлiгiн арттыру.

«Қазіргі кездегі тарих» екi нұсқада дайындалды. Бiрiншi нұсқада көлемi 68 сағатта оқытылатын қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептiң 10-11 сыныптары үшiн де, екiншiсi, көлемi 34 сағатта оқытылатын жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептiң 10-сыныбына арналған.

Жаратылыстану-математикалық бейімді мектеп үшiн «Қазіргі кездегі тарих» курсының көлемi және мазмұны мiндеттi бiлiм деңгейлерiнiң талаптарымен байланысты қысқартылып берiлдi. Талаптардан және оқушылардың дайындық деңгейiнен шыға отырып, мұғалiм бiлiмнiң және танымдық қызметтiң мүмкiн деңгейiн арттыруға ықпал жасауы тиiс.

«Қазақстан тарихы» 11 сыныптарға бейінді мектептердегі қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 68 сағатқа арналған. Қазақстан тарихы 11 сыныптарға жаратылыстану- математикалық бағыт бойынша 34 сағаттан.бөлiнген.

Курстың басты ерекшелiктерiнiң бiрi - онда 5-9 сыныптарда өткен тарихи материалдарды қайталанбауында. Мемлекеттiк бiлiм стандартының мазмұны мен көлемi ескерiле отырып, Отан тарихының аса маңызды кезеңдерi мен басты ғылыми мәселелерi iрiктелiп алынған. Олардың арасында әсiресе тарихи әдiл тұжырымдамалық бағасы кейiнгi уақытта ғана берiле бастаған «Көшпелiлер - дала өркениетi» сияқты проблемалар бар. Бұған қоса ежелгi және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқушылардың 5-7-сыныптарда өткенiн ескерсек, 11-сыныпқа жеткенше бұдан 3-5 жыл бұрын алған бiлiмдерiнiң ұмытылатыны да белгiлi. Сөйтiп, ұсынылып отырған курс, тарихқа ерекше ынта бiлдiрген оқушылардың қоғамдық-гуманитарлық бағдарлы мектептi бiтiрерде, Отан тарихының аса маңызды кезеңдерi мен басты ғылыми мәселелерi жөнiнен мектеп бағдарламасы көлемiнде терең және толық бiлiм алуына жағдай жасайды.

«Тарих» пәнi бойынша факультативтер мен қосымша курстар жүргiзуге болады. «Тарих» пәнi бойынша оқушылардың бiлiмiн дамыту мен қызығушылығын арттыру мақсатында, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат көлемiнде факультативтiк сабақтар ұйымдастырған жөн (5 сыныптан бастап, барлық сыныптарда).

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң. 3.04.09 ж. №160 бұйрығының № 2,3 қосымшасымен бекітілген қосымша әдебиеттерінің тiзiмi:

«Ежелгі Қазақстан мифтері» балалар энциклопедиясы. О.Жанайдаров. Аруна 2005

В поисках эффективного урока Методические рекомендации по истории древнего Казахстана для 6 класса В. Ткаченко Атамұра 2005.

История средневекового Казахстана 7кл. К.Байпаков Б. Кумеков,М.Дикань Мектеп 2006.

История средневекового Казахстана. 7 кл. Методическое руководство К.Байпаков,М.Дикань Мектеп 2006.

Сборник тестовых заданий по истории Казахстана для 8 кл. Т.Тельнова Келешек – 2030 2007

Сборник тестовых заданий по истории Казахстана для 9 кл Т.Тельнова Келешек – 2030 2007

Всемирная история в датах и цифрах Ф.Балсарин. Келешек – 2030 2007

Всемирная история с древнейших времен до наших дней Ф.Балсарин Келешек – 2030 2007

Карталар топтамасы «Жаңа заман кезеңіндегі Қазақстан». 8 сынып. Ф.БалсаринКелешек – 2030 2007

Карталар топтамасы «Қазіргі заман кезеңіндегі Қазақстан». 9 сынып Ф.БалсаринКелешек – 2030 2007

Карталар топтамасы «Ежелгі Қазақстан». 5-9 класс Ф.Балсарин Келешек – 2030 2007

Карталар топтамасы «Ортағасырлық Қазақстан» 5-9 класс Ф.Балсарин Келешек – 2030 2007

Комплект карт по древнему Казахстану для 5-9 кл Ф. Балсарин. Келешек

Комплект карт по средневековому Казахстану для 5-9 кл. 2030 2007 Ф.Балсарин Келешек – 2030 2007

Комплект карт по истории Казахстана «Казахстан в новейшее время» для 9 кл. Ф.Балсарин Келешек – 2030 2007

Комплект карт по истории Казахстана «Казахстан в новое время» для 8 кл. Ф.Балсарин Келешек – 2030 2007

^ Электронды оқулықтар

(03.04. 2009 г. №160 ҚР ҒБ министрлігінің 4 бұйрығына қосымша) орта жалпы білім беретін ұйымдарда рұқсат етілген.

Мультимедийный электронный учебник «Ежелгі дүние тарихы» ТулебаевТ.Қазақша. Атамұра 2005.

Мультимедийный электронный учебник «История древнего мира» Тулебаев Т. Русский. Атамұра 2005.

Мультимедийный электронный учебник «Ежелгі дуние тарихы» Тулебаев Т.,

Кусаинова Р. и др. Казахский. Атамұра 2005

Мультимедийный электронный учебник «История древнего мира» Тулебаев Т.,

Кусаинова Р. и др Русский Атамұра2005.

Мультимедийный электронный учебник «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» Жолдасбаев С., Бабаев Д. и др. Казахский. Атамұра. 2005

Мультимедийный электронный учебник «История средневекового Казахстана» Жолдасбаев С., Бабаев Д. и др. Русский. Атамұра 2005.

Мультимедийная электронная энциклопедия «Древние наскальные петроглифы» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ 2007. RGB-studio

Мультимедийная электронная энциклопедия «Тамгалы» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ. 2007. RGB-studio

Мультимедийная Энциклопедия «Антология казахского костюма» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др каз., рус.,англ 2007 RGB-studio

Мультимедийная электронная энциклопедия. О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ 2007. RGB-studio

«Старинные ювелирные изделия Казахстана» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ 2007. RGB-studio

Мультимедийная электронная энциклопедия. «Азрет Султан» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ 2007. RGB-studio

Мультимедийная электронная энциклопедия. Древнее городище. Отрар О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ 2007. RGB-studio

Мультимедийная электронная энциклопедия «Президентский центр культуры РК» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ 2007. RGB-studio

Мультимедийная электронная энциклопедия «Сокровища Берельского кургана» О.М.Гайдин, Э.Увайсов и др. каз., рус.,англ. 2007. RGB-studio


^ ҚОҒАМДЫҚ БIЛIМ НЕГIЗДЕРI


Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 24.09.2002 жылғы № 693 бұйрығымен бекiтiлген жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарты (БМЖМС) бойынша 2005-2006 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасының мектептерiнде “Қоғамдық бiлiм негiздерi” пәнi жүргiзiлiп келедi. Пән жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 9-11 сыныптарында өтiлетiн үш негiзгi курстан тұрады.

1 – кесте“Қоғамдық бiлiм негiздерi” пәнiнiң негiзгi курстары



Негiзгi курстардың аттары

Мектептiң бағдары

Сыныптар

Сағат саны

1

“Адам. Қоғам. Құқық” (кiрiктiрiлген курс)

Негiзгi мектеп

9 сынып

68

2

Қоғамдық бiлiм негiздерi

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

10-11 сыныптар

102

(34+68)

3

Адам және қоғам

Жаратылыстану-математика бағыты

11 сынып

68

Курстарға қысқаша сипаттама

1. “Адам. Қоғам. Құқық” (9-сынып)

9-сыныпқа арналған кiрiктiрiлген “Адам. Қоғам. Құқық” курсын оқытуға қолданыстағы БМЖМС белгiлеген базистiк оқу жоспары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 12.05.2004 жылғы № 403 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 68 сағат уақыт бөлiнген. Бұл уақыттың 1/3-не жуығы құқықтанудың материалдарын оқытуға бөлiнедi. Курс құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулығымен және оқу-әдiстемелiк кешенiмен (ОӘК) оқытылады.

2009-2010 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 353 бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныптарына оқу жылына 34 сағат міндетті түрде «Дінтану негіздері» факультативтік сабағы енгізіледі. «Дінтану негіздері» бағдарламасының негізгі мақсаты оқушылардың жалпы рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Оқу зайырлы сипатта жүргізіледі. Аталған факультативті қоғамтану пәндерінің мұғалімдері өткізеді.

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 10 сыныбына арналған “Қоғамдық бiлiм негiздерi”

Курсты оқытуға БМЖМС-те белгiленген базистiк оқу жоспары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.10.2005 жылғы № 672 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 34 сағат уақыт бөлiнген.

3. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 11 сыныбына арналған “Қоғамдық бiлiм негiздерi”

Курсты оқытуға қолданыстағы жалпы орта бiлiм стандартында белгiленген базистiк оқу жоспары және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 18.10.2005 жылғы № 672 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi оқу бағдарламасы бойынша 68 сағат уақыт бөлiнген.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы мектептiң 11 сыныбына арналған “Қоғамдық бiлiм негiздерi” курсы 9-сыныпта оқытылған “Адам. Қоғам. Құқық”, 10 сыныпта оқытлған “Қоғамдық бiлiм негiздерi” курстарының жалғасы және күрделiленген нұсқа болып табылады. Курс құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулығы және ОӘК оқытылады.



залишити коментар
Сторінка5/7
Дата конвертації21.09.2011
Розмір1,69 Mb.
ТипДокументы, Освітні матеріали
Додати документ в свій блог або на сайт
1   2   3   4   5   6   7
плохо
  1
не очень плохо
  1
отлично
  2
Ваша оцінка:
Додайте кнопку на своєму сайті:
uadocs.exdat.com


База даних захищена авторським правом ©exdat 2000-2014
При копировании материала укажите ссылку
звернутися до адміністрації
Документи

Рейтинг@Mail.ru
наверх